ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
№21 дәріс
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АНЕМИЯ
Инфекциялық энцефаломиелит немесе делбе (Encephalomyelitis infectiosa equorum, инфекционный энцефаломиелит лошадей) - орталык жүйке жүйесі мен ішек-карьнның закымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру.
Вирус қоздыратын жылкы энцефаломиелитіне бір топ аурулар жатады. Олар: америкалыК. энцефаломиелит шығыс, батыс, венесуелалык, жапон энцефаломиелиті, австралия эндефаломиелиті, Батыс Еуропадағы Борн ауруы, Бүрынғы Кеңес Одағындағы энцефаломиелит. Казакстанда 1932 жылы делбемен ауырған жылқыдан С.Н. Вышелесский мен К.Н. Бучнев коздырушы вирусты бөліп алып, онын биологиялык қасиеттерін аныктады. Біздін елде бүл ауру 1930-40 жылдары етек алды.
Делбенің коздырушысы тоговирустар түкымдастығының альфа және флавивирустар туыстастыктарына жататын арбовирустар.
Делбе, баска да вирустык энцефаломиелиттер сиякты нағыз табиғи ошакты трансмиссивтік аурулар катарына жатады. Бұл аурулардың вирусы көптеген сүтқоректі және салкын канды жануарларда, сонымен катар жәндіктерде өсіп-өнеді. Көптеген жануарларда инфекция симптомсыз жасырын өтеді де, олардан жәндікгерге беріліп, соңғылары аркылы жылкыға жүғады. Сондыктан жылкынын арасында ауру қан сорушы вирус таратушы жәндіктердін тіршілігіне байланысты. Індет жазғытүрым басталып, жаздың соңына шегіне жетіп, салкын түсе бәсендейді.
Вирус жылкының денесіне кан сорғыш жәндіктер аркылы енеді, кан мен сөл арқылы әртүрлі ағзаларға түседі. Миға өткен вирус мидьщ кыртысы мен кыртыс астында кабыну лроцестерін тудырады. Симпатикалык және парасимпатиалық жүйелердін кызметі бүзылыа, рефлекторлык козу кушейіп, нәтижесіңде жануар шектен тыс мазасызданыл, тер басып, организм сусызданады.
Жасырын кезеңі табиғи жағдайда 15-40 күн. Ауру әбден білінгенде жылқы жүргенде тенселіп, шатқаяқтайды. Басын шайқап, тістерін шыкырлатады. Ішектін перистальтикасы баяулап, немесе мүлдем токтайды. Жылкы денесінін сусыздануы және зат алмасуының бұзылуынан күрт арыктайды. Жануар бастапкыда мазасызданып, тынши алмайды, кейінірек ішектің козғалысы тежеліп, салданады.
Делбеден өлген жылқының теріасты шелі, ішкі куыстардын. сірі кілегейлі кабыктары сарғайып, үлпершек ағзаларда ұсақ және жолакты канталаулар болады. Жүректе, кеңсірікте, қуық пен ішектің кілегейлі кабыктарында қанталау кездеседі.
Біздін аймақта, бүрынғы Кеңес Одағында көздесетін делбені зертханалык балау жолға койылған жок, ол үшін арнайы диагностикумдар шығарылмайды. Жалпы балау індеттанулык, клиникалык, гематологиялык және патологиялык-анатомиялық деректерге және гистологиялык зерттеудің нәтижесіне негізделеді.
Емі. Ауру жылкыны оқшаулап, караңғы, кең корада, Жануардың тік ішегін тазалап, куығына катетер жіберіп, босатып, массаж жасайды. Зонд аркылы карнына тәулігіне 2 рет 100-150 г натрий сульфатын суға езіп енгізеді, тері астына 4-6 сағат сайын 20 мл камфора майын, тамырына 25 г уротропин, 20 г кальций гидрохлоридін, 400 мл физиологиялык ертіндіге ерітіп жібереді.
Ауырып жазылған жылкыда күшті иммунитет калыптасады. Энцефалитгін әр түріне карсы вакциналар қолданылады.
Дауалау және күресу шаралары. Аурудың ошағын ескеріп, делбенің алдын алу үшін кешенді шаралар жүргізіледі. Жылкыны маса-сонасы көп, сулы-сазды жерге, әсіресе ауру кауіпі бар аймақтарда жаймау керек. Ауру шыға қалса сау малды жәндікгерден корғау үшін инсекгицитгер колданылады.
Ауру шыккан пунктке карантин койылады. Барлык жылкыны клникалык. тексеруден өткізіп, ауырған және күдікті жануарларды оқшаулап, емдейді. Карантинді ең соңғы ауырған мал жазылғаннан немесе өлгеннен кейін 40 күн өткенде кортыңды дезинфекция жасаған соң алады.

Инфекциялық анемия (Anemia infectiosa equorum) - қызбамен, қан аздықпен және қан айналу жүйесі қызметінің бұзылуымен ерекшеленетін тақ тұяқты малдардың ауруы.
Ауруды алғаш рет Францияда Линье 1841 ж сипаттап жазды. Қоздырушысының вирус екенін дәлелдеген Карре мен Валле 1904 ж. болды.
Қоздырушысы- ауру малдардың қанында, барлық ағзалары мен ұлпаларында кездесетін РНҚ-лы вирус.
Табиғи жағдайда барлық жастағы жылқылар, тұқымына қарамай ауырады. Ауырған құлындар көбінесе өліп қалады. Сонымен қатар есек, кашыр және пони ауырады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру малдар. Олар вирусты сыртқы ортаға барлық секреттері мен экскременттері арқылы шығарады.
Ауруға бейімді малдың қанына енгеннен кейін вирус өніп-өседі де барлық ағзалар мен ұлпаларға таралады. Соның нәтижесінде қызба пайда болады, ретикулоэндотелиалды жүйенің жұмысы белсенеді. Эритропоэздің төмендеуі мен эритроциттердіц лизиске ұшырауы салдарынан қан аздық -- аурудың симптомы пайда болады.
Жасырын кезеңі - 10-30 күн, кейде - 3 айға дейін. Аурудың негізгі белгілері: қызба, әлсіздік, арықтау, жүрек қызметінің бұзылуы, гастроэнтерит пен тынысының тарылуы. Клиникалық белгілерінің біліну ерекшеліктеріне байланысты ауру аса жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және симптомсыз түрде өтеді.
Құрсақтың төменгі жағы, үрпісі және аяқтары ісінеді. Ауру басталғаннан кейін біраздан соң кілегейлі қабықтар ісініп, бозарыңқы болып және ұсақ-ұсақ қанталаулар байқалады, әсіресе көздің үшінші қабағы мен тілдің астының қанталауы жиі болады.
Жіті немесе жітілеу өткен инфекциядан өлген малдардың өлексесін жарып көргенде тері асты шелі бозғылт түсті кейде сарғыш болады. Кілегейлі және сірі қабықтарында, үлпершек органдарда көптеген қан талаулар болады. Сөл түйіндері үлкейген және қан кернеген. Талақ 2-3 есе ұлғайып, босаң, қоңырқай - шие түстес болады. Бауыр да үлкейген және босаң. Жүректің әдетте оң қарыншасы ұлғайған болады.
Балау клиникалық, індеттік, гематологиялық, патоморфологиялық және лабораториялық зерттеулердің нәтижесінің негізінде қояды. Түсініксіз, қиын жағдайда биосынама қояды. Серологиялық реакциялардан негізінен сенімді реакция ретінде - ДПР (РДП) реакциясын қояды.
Емдік шаралар жүргізілмейді, ауру малдарды жояды.
Иммунитет қалыптасады, бірақ вирустың антигендік варианттары өзгеріп отыруына байланысты иммунитет басқа вариантты қорғамайды. Осыған байланысты ауруға қарсы сенімді вакцина да жоқ.
Ауру байқалған жағдайда ДПР-де оң нәтиже көрсеткен болса шектеу қойылады. Ондай шаруашылықтан малды не әкетуге не шығаруға тыйым салынады. Сауықтыру үшін 30-40 күн сайын 2 рет ДПР-да тексеріп, оң нәтиже берген малдарды сояды. Егер 2 рет тексергенде теріс нәтиже алынса, онда ондай малдарды 3 айға бақылауға қояды және 3 айдан кейін қайтадан тексергенде теріс нәтиже берсе, онда тиісті вет-сан шараларды жүргізген соң дезинфекция, дезинсекция шектеуді алады.
Бақылау сұрақтары: 1. Делбе тіркелгенде атқарылатын сауықтыру шаралары. 2 Инфекциялық анемияны балау әдістері. 3 Инфекциялық анемия кезіндегі өлекседегі өзгерістер.
№22 дәріс
ІНДЕТТІК ЛИМФАНГИТ, РИНОПНЕВМОНИЯ, ТҰМАУ

Індеттік лимфангит немесе мандам (Lіmphangіtіs epіzootіca, эпизотический лимфангит, блостомикоз, африканский сап) - созылмалы өтетін, терінің сөл тамырлары мен тері асты шелінің қабынып, ірінді жараға айналуымен ерекшеленетін жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.
Індетті лимфангит 4 ғ. бері белгілі. Бірақ ұзақ уақыт оны маңқамен шатастырып келді. Ауру қоздырушысын 1873ж. итальян ғалымы С. Ривольта жылқының іріңінен бөліп алды. Қазіргі уақытта ауру Азия мен Африка континенттерінде, анда - санда Қазақстанда ұшырасады.
Қоздырушысы - бір торшалы санырауқұлақ Hіstoslasma farcіmіnosum (Crіptoroccum farcіmіnosus) - іріңдеген тері тері мен сөл тамырларында сопақша келген денешіктерінің екі ұшы үшкілденіп бітеді де, сыртында қосарланған қабығы болады.
Індетті лимфангитке жұмыр тұяқты жануарлар: жылқы, қашыр, есек, пони шалдығады, кейде онымен түйе де ауырады. Жылқының жас мөлшері ауруға ешқандай әсер етпейді, сөйтсе де 6 айға дейінгі құлындар ауруға осал болады.
Ауру қоздырушысының бастауы болып ауру малдар саналады. Олардың абсцесса жараларынан аққаніріңмен бірге қоздырушы бөлініп, қоршаған ортаны ластайды. Сау малдың денесіне микроб көбінесе жарақаттанған тері арқылы ауамен алиментарылқ жолмен, ал кейде жыныс мүшелері арқылы берілуі де мүмкін.
Шаруашылықтарда індетті лимфангит шыға қалса, ол салыстырмалы түрде баяу тарайды. Ауруға көбінесе бір-екі мал немесе біраз мал бірден шалдығады. Мандам жыл мерзімінің кез келген уақытында байқалады, ал аса өршіп қозатын мерзімі күз және қыс айлары. Бұл аурудан малдың өлім көрсеткіші 10-50 пайызға жетеді.
Алғашқыда дерт процесі терінің сырт қабатында дамып, бұршақ дәніндей ірінді түйіндер пайда болады. Егер дененің төзімділігі жоғары болса, инфекциялық процесс одан әрі дамымайды. Мандам түйіндері қауашақтанып, онда тұз жиналады да, қоршалады, біразы солып, тартылып қалады, ал кейбірі жарылып,іріңі аққан соң ұзамай жазылып кетеді. Қоршалған түйіндегі криптококтар 14-45 тәулік арасында өледі.
Жасырын кезеңі тым ұзақ 1-3 айға дейін созылады. Аурудың өрбуі баяу 2-8 айға дейін, кейде тіпті бір жылдан астам. Жалпы дерттің дамуы зілсіз және зілді деп бөлінеді.
Зілсіз дамығанда терінің әр жерінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау жайлы мәлімет
Эмбриондарды, мал шәуеттерін тасымалдау талаптары және оларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық сараптау
Иммунды тапшылықтар
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Жылқылардың жұқпалы энцефаломиелиті мидың қабынуы және сарыаурудың пайда болуымен өтетін, жылқылардың жіті жұқпалы ауруы
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Мысықтың несеп жүйесі аурулары
Карантин орнату және оны алу тәртібі
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Мал шикізат өнімдері
Пәндер