Патогенетикалық терапия


Кіріспе
Патогенетикалық терапия - органдардың бұзылған функцияларын түзетуге, зат алмасуды реттеуге, ағзаның спецификалық емес резисттентілігі мен иммундық реактивтіліне бағытталған терапия.
Малды емдеу кезінде екі мақсат қойылады: малдың өмірі мен өнімділігін сақтап қалу және төл көтеру қабілетін қалпына келтіру. Бұл мақсаттарға малдың ағзасындағы зат алмасуды тұрақтандыруды, зақымданған мүшенің жағдайын жақсартуды, миометрияның жүйке-бұлшық ет тонусын жоғарлатуды, жатырдың жиырылуының қалпына келтіруді және нығайтуды, жатырдың қуысын сұйықтықтан тазалауды, ағзаның қорғаныс күшін жоғарылатуды, микрофлораның тіршілік қабілетін басуды, жатырдың құрылымы мен қызметін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, емдеудің кешенді жүйелерін пайдалану арқылы жетуге болады. Ол үшін патогенетикалық терапияның дәрілерін, аналық миотроптық және микробтарға қарсы дәрілік препараттарды қолданады.
Жатырының қызметі өзгеріске ұшыраған және қабыну аурулары бар сиырларды емдеу
Сиырлар мен қашарлардың жатырларында патологиялық үрдістер анықталғанда, оларды қажетті құрал-жабдықтармен, саймандармен, дәрі дәрмектермен және тағыда басқа заттармен қамтылған, арнайы емдеу бекеттерінде емдейді.
Патогенетикалық терапияның құралдарынан новокаин мен тремикаиннің ерітінділерін қолданады. Бұл ерітінділерді қалқа, қарын, бөксе ішіне егеді немесе қабынған мүшемен байланысқан жүйке талшықтарына әр түрлі блокадалар жасайды.
Қалқа және қарын ішіне 1% және 10%-дық концентрациядағы новокаин ерітіндісін, ал емдік мақсатта блокада жасауға 0, 25 - 0, 5%-дық ерітінділерді пайдаланады.
Новокаинмен емдеу кезінде микробтарға қарсы сульфаниламидтік препараттарды қолдануға болмайды, себебі ағзада новокаин гидролизге ұшырап, парааминобензойлық қышқыл түзіліп, сульфаниламидтердің бактерияға қарсы әсерін бейтараптандырады. Бұндай жағдайда новокаиннің орнына бұндай ерекшелігі жоқ тримекаинді пайдаланған жөн.
Жатырында аурулары бар сиырларға новокаиндік блокадалардың төмендегідей түрлерін қолданады:
- В. В. Мосин әдісі бойынша құрсақтың нервтері мен жүйке жүйесі бөлімі шекараласқан өзегіне жарғақшаның үстіне новокаиндық блокада қою (новокаинның 0, 5%-дық ерітіндісін 0, 5 мл/кг дозада, тепе-тең мөлшерде оң және сол жағынан соңғы қабырға аралығына, мықын-қабырға бұлшық еті мен арқаның ең ұзын бұлшық етінің соңғы қабырғамен қиылысқан нүктесіне егеді) ;
- И. Г. Морозов әдісі бойынша белге бүйрек маңына (паранефралды) блокада қою (новокаинның 0, 25%-дық ерітіндісін 300-350 мл дозада, оң жағынан, бел омыртқаларының екінші және үшінші көлденең-қабырғалық өсіндісінің арасына, бойлық сызықтан 8-9 см-ге шегініп егеді) немесе М. М. Сенькин әдісі бойынша (новокаинның 0, 25%-дық ерітіндісін 1 мл/кг дозада, оң жағынан, соңғы қабырға мен 1-ші бел омыртқасының көлденең өсіңдісі арасындағы аралыққа немесе 1-ші және 2-ші бел омыртқаларының көлденең өсінділері арасына, денесінің ортадағы сызығына өсіңділердің бос ұшынан 1-1, 5 см-ге шегініп егеді) ;
- А. Д. Ноздрачев әдісі бойынша жамбастың тұтасып біріккен жеріне новокаиндық блокада қою (новокаинның 0, 5%-дық ерітіндісін 1 мл/кг дозада, тепе-тең мөлшерде, жамбас байламының ең кең жеріне егеді немесе А. И. Варганов әдісі бойынша блокада қою (новокаинның 1%-дық ерітіндісін 100 мл дозада, дененің ортаңғы сызығынан 10-12 см қашықтықта, 4-ші құйымшақ омыртқасының деңгейінде егеді) ;
- Г. С. Фатеев әдісі бойынша новокаиндық блокада қою (новокаин ерітіндісінің 0, 5%-дық ерітіндісін 0, 4-0, 6 мл дозада, нерв пен жамбастың тұтасып біріккен жеріне, шонданай сүйегі мен тік ішектің батыңқы жағынан егеді) ;
- С. Г. Исаев әдісі бойынша құйымшаққа дейін блокада қою (новокаинның 0, 5%-дық ерітіндісін 0, 5-3, 0 мл/кг дозада, құйрықтын түбі мен артқы тесіктің ортасындағы тік ішектің маңайындағы клетчаткаға егеді) ;
- 1%-дық 100 мл новокаинды қолқа тамырының ішіне егу (қолқа тамырды оң жақтан, бел омыртқаларының 4-ші және 5-ші көлденең-қабырғалық өсінділерінің аралығынан егеді) немесе Д. Д. Логвин әдісі бойынша новокаинның 10%-дық ерітіндісін 10 мл дозада, аш бүйірдің маңайына, құрсақтың ішіне егеді.
Патологиялық үрдістін барысының сипаттамасы бойынша новокаин ерітіндісімен егуді арасына 48-96 сағат салып, 2-3 рет қайталайды.
Ағзаның биологиялық тонусы мен иммунологиялық реакция туғызу қасиетін жақсарту және зат алмасуды тұрақтандыру үшін жалпы қуаттандырып әсер ететін дәрілердің ішінен ұлпалы дәрі-дәрмектерді, пометинді, денатурацияланған эмульденген қағанақты (ПДЭ-ДЭҚ), ихтиолды, лимон қышқылымен өңделген қанды, дәрумендік препараттарды, кальцидің хлоридін, глюкозаны, микроэлементтерді және т. б. қолданады.
Гемотерапия кезінде аутоқанды (аутогемотерапия) немесе бұрын эндометрит ауруымен ауырып кеткен, клиникалық дені сау сиырлардың қанын қолданады, оны арасына 48-72 сағат сала отырып 75, 100, 125, 150 мл дозамен, малдың терісінің астына егеді. Қанның кері әсерін төмендету мақсатымен, бірінші дозасына 25 мл новокаиннің 4%-дық ерітіндісін қосады.
Жалпы қуаттандырғыш дәрі ретінде натрий хлоридтің 0, 85 %-дық ерітіндісінде дайындалып, алдын ала сүзіліп, зарарсыздандырылған 7%-дық ихтиол ерітіндісін қолданады. Ихтиол ерітіндісін сиырларға 37-40 Со-қа дейін жылытып, тері астына, арасына 48 сағат сала отырып, жоғарлайтын-төмендейтін дозаларда егеді: 20, 25, 30, 35, 30, 25 мл.
Осы мақсатта малдарға Дороговтың антисептик-қуаттандырғышын (ДАҚ-АСД) екінші фракциясын 25 мл-ден, уыздың тазартылған гамма-глобулинін арасына 3-5 күн салып ішкізеді (параэнтерально) .
Глюкозаның 40%-дық ерітіндісінің 150-200 мл-ін және кальций хлоридінің 10%-дық ерітіндісінін 100-120 мл-ін 2-3 күн бойы күре тамырына егеді. Септикалық үрдіс басталғанда күре тамырға тәулігіне екі рет 200-300 мл-ден И. И. Кадыков ерітіндісін (камфор - 4 г, глюкоза - 60 г, этил спирті - 300 мл, 0, 85%-дық натрий хлорид ерітіндісі - 700 мл) еккен тиімді.
Дәруменді дәрі-дәрмектерді (А - 0, 7-1, 0 млн. ХБ, Д -70-100 мың. ХБ, Е - 500-700 мг, С - 2-3 г) екі рет, арасына 7-10 күн салып құнарлы жемге қосып береді.
Жатырдың бұлшық етті қабығының (миометрий) тонусын жоғарлатуға, жатырдың жиырылу қызметін күшейтуге және оның ішіндегі сұйықтықты шығаруға бағытталған симптоматикалық терапияның дәрі-дәрмектері ретінде төмендегідей миотропты және нейротропты препараттар қолданылады: окситоцин, питуитрин, ацеклидин, сферофизин, метилэргометрин, азықтық қалампырдың көмір қышқылдық сіріңдісі, утеротоник немесе утеротон және т. б.
Окситоцин мен питуитринді 40-50 ЕД дозасында, 0, 2 %-дық ацеклидин ерітіндісін 3-5 мл дозасында, 1%-дық сферофизин бензоат ерітіндісін - 4-10 мл-ін, утеротоник немесе утеротонді 10 мл дозасында, 0, 02 %-дық метилэргометрин ерітіндісінін - 5-6 мл-ін тері астына егеді, азықтық қалампырдың көмір қышқылдық сіріңдісін ішетін сумен араластырып ішкізеді. Препараттарды 3-5 тәулік бойы, күнде беру қажет, жатырдың тонусы мен моторикасы толығымен қалпына келгенше.
Егер жатырдағы қабыну үрдісі оның миотропты препараттарға сезімталдығын төмендетсе, онда оларды жатырдағы энергетикалық және пластикалық үрдістерді жандандырып, окситоциннің утеротоникалық әсер етуіне тиімді шарттар туғызатын эстрогендермен бірге қолдану ұсынылады. Сонымен қоса эстрогендер жатырдағы эпителий жасушалардың митозын және олардың секрециялық белсенділігін күшейте отырып, зақымданған ұлпалардың патогендік факторлардың әсеріне төзімділігінің жоғарлауына себепші болады.
Эстрогендік препараттар ретінде, әр бір 100 кг тірідей салмағына 1-2 %-дық синестролдың майлы ерітіндісін 4-5 мл және 2-2, 5 мл дозада немесе 0, 1 %-дық ерітіндісін 1, 5 мл дозада қолданады. Препараттарды арасына 24 сағат сала отырып, 1-2 рет бұлшық етіне егеді.
Миотропты және нейротропты препараттарды түнде еккен жөн, себебі түнгі тынығу уақытында жатыр бұл препараттарды белсенді сезінеді, ал малдардың ұзақ уақыт бойы жатып демалуы, жатырдың ішіндегі сұйықтықтардың толығымен шығуына мүмкіндік туғызады.
Патогендік микрофлораның бетін қайтаруға бағытталған этиотроптық терапия ретінде әр түрлі үйлесімдегі және әр түрлі дәрі-дәрмектік формалардағы ниртофуранды, сульфаниламидті және антибиотикті препараттарды қолданады. Дайын дәрілердің ішінен ұзақ мерзімдік антибиотиктер, дезоксифур, неофур, лефуран, гистерофарм, фурапен, гистеротон, дифур, энроцид, йодгликоль, йодоксид, эндасульфамида, ИВСТ-Ф, левотетрасульфин, левоэритроциклин, спумосан, мастисан А, Б, дифурол, этонополициллин, кешенді әсер ететін ФЛЭКС дәрісі және тағыда басқа дәрілер қолданылады. Олар болмаған жағдайда көлемдік дозасына 1, 0 г неомицин немесе мономицин және 1, 0 г окситетрациклин, май негізінде дайындалған трициллиннің 10%-дық суспензиясы қосылған, көлемдік дозасының құрамына 1, 0 г фурациллин, 0, 5 г фурозалидон, 1, 5 г неомицин, 1, 0 г пенициллин, 5, 0 г норсульфазол немесе 5, 0 г сульфазол, фурозалидонның 5%-дық суспензиясы немесе фурагиннің 2, 5%-дық суспензиясы кіретін метилцеллюлозаның 2%-дық сулы ерітіндісінде дайындалған стрептоцидтік немесе синтомициндік линиментті қолданады.
Балауыз дәрі, түйме дәрі және таяқша дәрі түріндегі микробқа қарсы дәрі-дәрмектерді жатырдың қуысына 3-5 данадан еңгізеді, ал сұйық дәрілерді - зарарсыздандырылған Жанэ пісегінің, полистиролды ұрықтандырушы тамызғыштын, резеңке шлангтың немесе алдын ала катетердің шетіндегі қалың жері кесіліп алынып тасталған мегежіндерді қолдан ұрықтандыруға арналған құралдың (ПОС-5, ВИЖ) көмегімен береді. 37-400С-қа дейін жылытылған препараттарды, 75-150 мл дозаларында егеді. Ұзартылған негіздегі фармакопрепараттарды (левоэритроциклин, левотетрасульфин, спумосан) арасына 4-5 тәулік салып егетіндей етіп, ал басқа препараттарды арасына 24-48 сағат салып егетіндей етіп тағайындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz