Селеннің жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
0.1. Селеннің жалпы сипаттамасы
0.2. Селеннің жетіспеуінен болатын организмдегі өзгерістер
0.3. Седимин және пробиотик Сиб Мос Про комплексінің бұзауларға әсерін зерттеу
1. Қорытынды
2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кіріспе
Ұзақ жылдар бойы селен микроэлементі у деп есептелініп келді. Ол шын мәнінде у! Бірақ Тек қана белгілі бір мөлшерде: сәл-сәл артық - зиян, сәл-сәл кем - ол да жақсы емес. Бұл сәл-сәл де болмашы ғана аз. Денсаулықтың жақсы болуы үшін 0,00001 г селенді қабылдаса да жеткілікті.
1933 жылы селенге бай бидай алқаптары ірі қара малдарға улы әсері байқалған. Удан қауіптенгендей селеннен де қауіптене бастады. Кенеттен 60-шы жылдары микроэлемент жайлы таңқаларлық деректер пайда бола бастады. Селенсіз денсаулық жоқ!, Селен рактан құтқарады, - деген сияқты медицина мен ветеринарияда түрлі факторлар ашылды.
Жаңа Зеландия мен Турцияда селеннің жетіспеуінен төлдер өлімі, әсіресе еркек жыныстылардың өлімі көбейе бастады. Шотландияда, селен өте аз жерлерде, жаңа туылған төлдерге селен тұзының инъекциясын жасай бастады, болмаса азықтарына осы элементті қосты, нәтижесінде шығындар едәуір азайды.
Баяндаманың мақсаты.
Селенге сипаттама беріп өту. Ол микроэлементтің организмдегі қызметін, және жетіспегеннен болатын өзгерістерді, ауруларды айқындау. Седимин және пробиотик Сиб Мос Про комплексінің ірі қара мал төлдеріне тиімді әсерін зерттеу.

2.1. Селеннің жалпы сипаттамасы
Селен - Д.И. Менделеевтің пертодтық жүйедегі химиялық элементтердің алтыншы тобының төртінші периодының атомдық нөмірі 34 және атом массасы 78,96 элементі болып табылады. Қабылдаған белгісі - Se (латын тілінен Selenium). Халькогендерге жататын бейметал, морт сынғыш, қара түсті, күкірттің аналогы болып табылады. Ядро заряды - 34.
Селен табиғатта аз таралған. Жер қыртысының құрамының 0,00006%-ын селен құрайды. Оның күкірт, металдармен қоспалары табиғи қосылыстар ретінде кездеседі (PbS, FeS2 т . б). Сондықтан селенді күкірт қышқылын өндіру кезінде, мысты электролитті тазалау кезінде және басқа да процестерде түзілетін қалдықтарынан алады.
Көптеген тірі жаратылыстардың тіндерінде селеннің мөлшері 0,01 ден 1 мгкг болады. Селеннің тәулігіне дозасы 70-120 мкг, бірақ жынысы мен жасына байланысты өзгеріп тұрады.

2.2. Селеннің жетіспеуінен болатын организмдегі өзгерістер
Микроэлементтер ферменттер, витаминдер, гормондар құрамына кіреді немесе оларды іске қосады, организмдегі маңызды биохимиялық процестерде катализаторлар ретінде ықпал ете отырып метаболизмнің барлық түріне әсер етеді.
Селен бауырдың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, антиоксиданттық, иммуномодуляциялық және детоксикациялық күшті қасиеттері бар. Селеннің организмдегі тапшылығы зат алмасуының бұзылуы, өсудің төмендеуі, бұлшық ет, бауыр, кардиомиопатия және репродуктивті дисфункцияның дегенеративті өзгерістеріне алып келеді. Жасушалық деңгейде селеннің жетіспеушілігі жасуша мембранасының тұтастығының бұзылуына, ферменттердің белсенділігінің төмендеуіне, жасуша ішіне кальций жинақталуына және амин қышқылдарының метаболизмінің бұзылуына, энергия түзуші процестердің бұзылуына әкеледі.
Селеннің жетіспеушілігі жүрек және тыныс алу қызметінің бұзылуына, бұлшық ет дистрофиясына, экссудативтік диатезге алып келеді. Ауыр жағдайларда құлақ ұшы мен құйрықтың некрозы, және де бұлшық ет пен бауыр клеткаларының некрозы байқалады.
Бұлшық ет дистрофиясы (миопатия) - бойдың баяу өсуі, дене салмағын жоғалту, тері түсуімен және репродуктивті функцияның бұзылуымен сипатталады. Патологиялық морфологиялық өзгерістер. Қаңқа бұлшықеттерінде және миокардта деструктивтік-некробиотикалық ошақтар байқалады, зақымдалған бұлшық ет талшықтарынан миоглобин жойылады. Селен жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында жануарларға қосымша селеннің бейорганикалық немесе органикалық қосылыстарын енгізеді. Бейорганикалық қосылыстар көп қолданылады: селенит барий, селенит натрий, селенат натрий. Селеннің органикалық қосылыстар ретінде пайдаланылатын қосылыстар қатары: селено-метионин, селеноцистеин, диацетофенононилселенид, селенопиран, селекор. Соңғы жылдары жануарларды арнайы селенмен байытылған ашытқы штамдарын пайдаланып азықтандыру кең таралған.
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, селеннің органикалық қосылыстарын пайдалану ауылшаруашылық малдарда селеннің жетіспеушілігінде бейорганикалық қосылыстармен салыстырғанда тиімді. Селеннің органикалық қосылыстарының артықшылығы бейорганикалық қосылыстарға қарағанда уыттылығы айтаарлықтай төмен.

2.3. Седимин және пробиотик Сиб Мос Про комплексінің бұзауларға әсері. Ғылыми зерттеулер.
Эксперименттік зерттеу Кемерово облысы Лениск-Кузнецком ауданында 2008 жылы қара-ала тұқымның төлдеріне жүргізілді. А. И. Овсянникова (1976) әдістемесін басшылыққа ала отырып, шығу тегі, жасы мен тірі салмағы аналогтарын алдын ала топтарды іріктеуді жүргізді. Бұған дейін әрбір тәжірибені 3-кезеңге бөлді: теңестіру, өтпелі және негізгі. Басымен негізгі кезеңнің тәжірибесін (айлық), ұстау жағдайлары мен азықтандыру топтарға біркелкі жүргізілді, бірақ тәжірибе тобындағы жануарларға препарат бұлшық етке седимин + пробиотикалық Сиб-Мос-ПРО енгізілді доза 1 г-1 кг құрама жем. (1-таблица)
СЕДИМИН (SEDIMINUM) - кешенді препарат, 1 мл құрамында келесі әсер ететін заттар: 16-20 мгмл темір, 5,5-7,5 мгмл йод, 0,07-0,09 мгмл тұрақтандырылған селен (сәйкес келеді 0,16-0,20 мгмл селенита натрий).

1-кесте - Ғылыми-шаруашылық тәжірибенің сызбасы
Топ
Бас саны
Азықтандыру деңгейі
Бақылау
8
Шаруашылықты қабылданған, негізгі рацион(НР)
Тәжірибелік
8
(НР) + әр басқа препарат седимин 5 мл дозада + пробиотик Сиб-Мос-ПРО 1 г-1 кг құрама жем дозасында.

Препарат Сиб-Мос-ПРО экологиялық таза клеткалық ашытқы қабырғаларының бактериялар Bacillussubtilis бірі-біріне ұштастыра отырып, штамм 534 түзетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йодтың физикалық қасиеті
Көк – жасыл балдырлар туралы ақпарат
Микроэлементтер жəне əр түрлі жануарларды азықтандыруда олардың рөлі мен маңыздылығы
Селен топшасына жалпы сипаттама. Селен, телур және полонийдің оттекті қосылыстары
Микроэлементтерге жалпы сипаттама
Селен топшасына жалпы сипаттама
Селен топшасы элементтерінің табиғатта таралуы
Селен топшасы элементтері (селен теллур полоний)
Селен тапшылығы
Оксидтердің физикалық қасиеттері
Пәндер