Оңтүстік Славян халықтары мен мемлекеттері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3-6

  1. Оңтүстік Славян халықтары мен мемлекеттері 7-24Болгария VII-XII ғ 7-19Сербия VII-XII ғ 19-21Хорватия VII-XII ғ 21-23Словения VII-XII ғ 23-24

II. Батыс Славян халықтары мен мемлекеттері 25-38

2. 1 Ұлы Моравия державасы 25-29

2. 2 Чехия мен Словакия X-XII ғ 29-33

2. 3 Польша VIII-XII ғ 33-38

Қорытынды 39-40

Әдебиеттер тізімі 41

Қосымша 42-49


Кіріспе.

Өзектілігі: VII ғ. Құрылы бастаған Славян мемлекеттері үш үлкен географиялық топқа бөлінді:

  1. Оңтүстік Славяндар
  2. Батыс Славяндар
  3. Шығыс Славяндар

Бүгінгі біз жазып отырған «Оңтүстік және Батыс Славян халықтары мен мемлекеттерінің құрылу және даму тарихы» бүгінгі таңда өте бір қызықты әрі өзекті тақырыптардың бірі. Көп жағдайда, дамушы әрі мықты мемлекеттер Англия, Франция, Германия сияқты елдерге байланысты көптеген еңбектер жалылуда, ал біз таңдап отырған елдер мен халықтардың тарихы жайлы көп жазылмайды.

Ертефеодалдық мемлекеттер Болгария, Хорватья, Сербия, Ұлы Моривия және т. б, сол кезде феодалдық қатынастар мен өндіргіш күштердің дамуы, бұл мемлекеттердің даму дәрежесін өзгертті. Шаруалардыйң жағдайы, әлеуметтік-экономикалық шиеленіс, Христиандықтың қабылдануы мен оның қоғам мен мемлекет өміріне әсері. Христиандықтың қабылдануы әлді орталықтандыру мен шаруалардың жағдайын қиындатқанмен мәдениетте, оның дамуына зор үлес қосты. Христиандықтың византиялық немесе грек ғұрыптарымен қабылдануы сол елдердің мәдениетіне айқара есік ашылды. Алып империялардың ел территориясына басып кіретін сылтауын жойды. Бірақ, христиандықты жшет елжік ғұрыппен қабылдау, Славян елдерінің өзіндік мәдениетінің дамуына кедергі жасады.

Осылайша, материалдық және рухани жағдай, ертефеодалдық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуында өзіндік алғышарт болды. Бүгінгі таңдағы Славян халықтары сол кезде қалыптасты.

Жұмыстың мақсаты:

  • Ертефеодалдық мемлекеттердің құрылу алғышарттарын айқындау.
  • Этнострадың қалыптастыруы мен территориялық таралу аймағын көрсету.
  • Сол кездегі шаруалар жағдайы мен топтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарды көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

VII-XIIғ ертефеодалдық мемлекеттерді, оның тарихын тереңдете оқу. Осы тақырыптағы бірнеше еңбектерді пайдалана отырып, қортып, өз еңбегімізді түсінікті әрі құнды етіп жазып шығу.

Дерекнамасы: Антик деректері (Тацит б. з. I ғ, Птоламей б. з. II ғ. ) Славяндар жайлы айтып оларды ортақ венед есімімен бекіттіреді. Кейіннен бұл атау Батыста берік сақталып қалды, ал сол уақытта Шығыс Рим кейін Византия империясында басқа атау - Славяндар деген атау тарады.

Бұған дәлел: Прокопи Кесарийскидің, Иорданның, Иоан Эфесскидің, Феофилакт Симокаттың және т. б. дәлелдерін алуға болады. Ескеретін жайт ол сол кезде Еуропаның оңтүстік шығысында кейбір үлкен этникалық топтардың кіші этникалық топтарды біріктіріп алу туралы кейінгі антикалық және ертеортағасырлық византиялық дәстүр осыған сүйеніш бола алады. Бұл бағытта құнды болып Византияда тұрған готтық тарихшы Иорданның еңбектері бодлып табылады. Венедтердің қоныстарын анықтай отырып, оларды Висладан шығысқа қарай орналастырады. Иордан айтады «Енді олар (венед) әртүрлі жағдайлар, көшіп-қонның ауысуына байланысты өзгерсе де, олар көп жағдайда славяндар мен анаттар деп атала берді». Тарихшы өз еңбегінің басқа бір жерінде венедтерге қайта оралып, олардың қалыптасуының біртектілігін айтады: «олар (венедтер) . . . бір тамырдан тараған, ал енді үш атау бойынша белгілі; венедтер, анаттар, склавеновтар».

Иорданнан кейін Кесардиден шыққан жазушы Прокопи былай деп жазды. Олардың көпшілігі ғұндар, славяндар, анттар. Олар өз мекендерін Дунайдың арғы жағы, өзеннің жағасында делінген. Мұнда сөз Дунайдың сол жағы жайлы. Тағы бір жерінде: «Бұл тайпалар, славяндар мен анттар, бір адаммен басқарылмайды, олар бұрыннан халық билігімен (демократия) өмір сүріп жатыр, сол себепті өмірдің барлық жақсылығы мен жамандығы ортақ болы саналады. Бұл екі варврлық тайпалардың өмірлері мен заңы ұқсас. Олар санайды, жалғыз құдай, найзағай, жаратушы ғана, ол барлығының билеушісі, - дейді».

Бірінші поляк хроникасының авторы Галл Аконим Славяндардың таралу аймақтарын сипаттайды. «Славяндардың жерлері . . . Сарматтардың Дания мен Саксонияға дейін, Фракиядан Венгрия арқылы, Боварияға дейін созылып жатыр, Оңтүстікте Жерорта теңізімен шектесіп, Эпирден Далмация арқылы, Хорватия мен Истрия, Адриат теңізімен шектесіп, Италиядан Венеция мен Аквилия орналасқан жерде бөлінеді».

Славян қоғамы жайлы мұндай аналогиялық түсінік Батысқа да қалыптасады, Франция территориясында, кейін Гремания империясында. Онда ақырындап VII-XI ғ. аралығында «славяндар» атауы тарай бастады, ол ескі атау «венедтерді» ақырындап ығыстырып шығарды. Бұған ең жақсы дәлел болып Ұлы Карлдың биографы Эйнгард деректерін алуға болады. Ол славяндар деген ұғымның астарында көптеген халықтар бар екенін, олардың өмір салты мен әдетінде айырмашылықтарымен ерекшеленетінін білген. [6]

Тарихнамасы: славян халықтарын зерттеу жұмыстары Англия, Франция және тағы да басқа дамыған елдер сияқты көп емес, бірақ бірталай бар.

Державин Н. С «История Болгарии» деген еңбегінде болгарлардың құрылуы мен қалыптасуы жайлы толыққанды жазылған. Болгария мемлекетіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи баяндалады. [1]

«История Южных и Западных славян» еңбегі екі кітаптан тұрады. Онда славян мемлекеттері мен халықтарының қалыптасуына ХІХ ғ 50-ж дейін тарихы қамтылған. Біз пайдаланып отырған бұл еңбектің бірінші кітабында ертефеодалдық мемлекеттер мен оның саяси тарихы жазылады. [11]

«История Европы» еңбегінің екінші томында славяндар жайлы жаңа көзқараста жазыды. Онда протоболгарлар мен жергілікті славян халықтарының біртіндеп сіңісіп, жаңа этностың қалыптасуы жайлы олардың өзара қатынасы жайында жазылады. [10]

«Очерки по историй Южных и Западных славян» еңбегінде осы елдердің мәдениеті мен діні жайлы ертефеодалдық мемлекеттердің христиандықты қабылдауы оның қоғамға әсері жайында көп ақпарат береді. [12]

«Раннефеодальная государство на Балканах VII-XIIв» еңбегінде Балқан түбегін осы кезеңде мекен еткен славян халықтары мен мемлекеттері: Болгария, Хорватия, Сербия жайлы мәліметтер бар. Онда олардың түбекте таралцы қосымша карталары мен таблицалары жақсы жазылған. [13]

Зерттеу объектісі: VII - XIIғ славян халықтары мен мемлекеттері оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша библиография құрастырып, керекті әдебиеттерді алу. Мерзімді басылымдар мен ғаламтор ақпараттарын пайдалана отырып, анализдеу, талдау, қортындылау әдістерін пайдаландық

Хронологиялық шебі: VII - XIIғ. Ертефеодалдық кезең.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауда 4 тармақтан, ал екіншісі 3 тараудан тұрады. Онда Оңтүстік және Батыс славяндар жайлы мәліметтер келтірдік.

І. Оңтүстік славян халықтары мен мемлекеттері

І. І Болгария VII-XII ғ

VIIғ. II жартысында Балқан түбегінің шығысында Славян мемлекеттілігінің дамуына Солтүстік Қара теңіз жағалауларынан келген түрік тайпалары кедергі болды. Тарихи әдебиеттерде оларды қазіргі болгардан айырмашылығы протоболгарлар деп атайды. Славяндардағыдай оларды да алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты, тайпалық аристократия ерекшеленді және тайпа одақтары құрыла бастады.

Славяндар мен протоболгарлар арасындағы өзара қатынас мәселесі әлі күнге дейін талқыланып келеді. VIIғ. II жар. төменгі Дунай жағалауындағы жағдайды византиялық хронист Феофан жазбаларынан (VIIғ) тарихшылар әр түрлі талдайды: біреулер, Протоболгарлардың Славяндарды күшпен басып алуы жайлы жазса, енді біреулері, олардың арасында одақ болды дейді. Анығы бірақ нәрсе, Славяндарда да, протоболгарларда да Византиямен күрес үшін бірігуді қажет етті.

681 жылы Империя үкіметі Аспарухпен келісімге келді, Жаңа Славяндық негіздері мемлекеттің өздігінен өмір сүруін мойындайды. Тарихи әдебиеттерде ол Бірінші Болгар патшалағы деген атаумен белгілі. VIIғ пайда болған Славяндық мемлекеттердің ішіндегі ең өміршеңі болды. Оның территориясы алғашында: оңтүстік Ескі Планиныға дейін, батыста - Тимок өзеніне дейін, шығыста - Қара теңізге дейінгі аралықты қамтыды. Солтүстік шекарасы Дунайдың арғы жағындағы жерлермен өтті. Ел астанасы алғашында Плиска, ал кейін Преслав болды.

Мемлекетті протоболгарлық және Славяндық қауымның атынан хан басқарып отырды.

Халықтың этникалық құрамы аралас болып қала берді. Оның негізгі құрамы Славяндар болды. Олардың ықпалымен протоболгарлар жерге орнықты, Славяндардың жер өңдеу техникасын, тілі мен ғұрыптарын меңгереді. Ақырындап протоболгарлар Славяндар ортасына сіңсіп кетеді. Екі жүз жылға созылған протоболгарлар мен славяндардың және жергілікті халықтың бірігуі нәтижесі болгарлық халықтың пайда болуына әкелді.

Сонымен, протоболгарлар Болгар мемлекетінің құрылуына және болгарлық халықтың пайда болуына зор үлес қосты және оған өз атауын беріп кетті. [8; 20, 21]

VII - Х ғ. Болгария тарихы жайлы, славяндар құдық ықпалымен құрастырылған: «Крум ханның заңдары» негізге алынған византиялық «жер шаруашылық заңы» (VIIІғ) көп мәлімет берді. Х. Византиялық хронист Свид; «Закон судный людям» славян тіліндегі алғашқы заңнамалық ескерткіш болды. Бұл деректер Болгариядағы фоедалдық қатынастардың қалыптасу үрдісінің дәрежесін көрсетті, басқа елдердегідей, ол ірі жер иеленудің артуынан және қауымның кедейлеп, басыбайлыққа түсуінен көрінеді. VII - Хғ. Өндіргіш күштердің дамуы жайлы Приск, Преслав және басқада сол заманның ауылды жерлерінен табылған археологиялық деректер көп мәлімет береді.

Халықтың негізгі шаруашылығы жер өңдеу болды. Барлық жерде екі алаңдық егін егу жүйесі қолданылды. Техникалық дақылдардың маңызы артты; сонымен бірге жүзім өсіру мен бау-бақшалық та дамыды. Мал шаруашылығы да дамыды. Негізінен жылқылар бағаланды. Үйір-үйір жылқы негізінен хан мен билеуші топқа тиесілі болды.

ІХ - Хғ. Болгарияда Еуропаның басқа жерлеріндегідей қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну үрдісі басталды. Көптеген мамандықтардағы қөлөнершілер пайда болды. (құрылысшылар, зергерлер, ұсталар және т. б. ) олар ескі (римдік) қалалар: Месемврия (несбер), Филип-попол (плавдив) қалаларында тұрды. Жаңа (Славяндық) қалалар пайда болды: Плиска, преслав, Червен және т. б.

Қолөнердің орталығынан айналған қалалардың пайда болуы, тауар айырбасының артуына әкелді. Болгария арқылы шығысқа баратын ірі транзиттік жолдар өтіп жатты. Византиямен алғашқы келісімдер олардың арасындағы сауда қатынастарының реттелуіне әкелді. Константинопольде болгарлық көпестерге арналған орындар ашылды. Сонымен бірге сауда Ұлы Карл империясы, Чехия, Русьпен де жақсы жүргізілді. Елдің ішінде натуралды айырбас кең көлемде дамыды. Натуралды шаруашылықтың шырлауында қалған шаруалар үшін нарықпен байланыс өте әлсіз болды. VIIғ басына дейін Болгарияда өзінің ақшасы болмады, сол себепті сауда опирациялары византиялық ақшамен жүргізілді.

VIII - IXғ. басқарушы тап славян және протоболгар билеуші тобынан тұрды. Алғашында олардың байлық көзі ретінде қол астындағы халықтың салығы болды. Кейінірек славяндық сосын протоболгарлық билеуші тап олардың негізінде мекен еткен шаруаларды қинауға көшеді. Ханның жерлерді қауымдарға үлестіруі және оны тікелей басып алу феодалдар тобы болярлардың қалыптасуына әкелді. Христиандықты қабылдағанынан кейін шіркеу ірі жер иеленушіге айналды. Олар феодалдық шаруаларды қолдады және өздері де шаруаларды одан бетер қанай түсті. Халықтың басым көпшілігі VIIIғ. Қауымдар құрады және олардың өздерінің жеке үлестік жерлері болды. ол жерлерді сатуға немесе сатып алуға болмайды, бірақ, жалға беруге болды. Бұл қауым арасындағы таптық бөлініске әкелді: аз жер иеленушілер мен жерді мүлде иеленбеген қауым мүшелері жерді түсімнің 1/10 бөлігіне немесе мал бағуға жалданып жалға алды.

ІХғ. деректерінде көптеген кедейлер, жер үлестерінен айрылған қауым мүшелері жайында көптеп айтылады «Крума ханның заңдарында» бай адамдар кедейлерге қайыр-садақа емес, тіршілік етуге жететін қаражат беруін талап етті, негізінен әсер берілді. Бұл шара кедейлерді жер иелерінің қолына беріп, осымен феодалдану үрдісін тездетті.

Ерікті және тәуелді шаруашармен қатар құлдар да болды. «Закон судный людям» заңдарында мырзаның құлдарының іс-әрекеттері үшін жауап беруі жөніндегі бөлімдері бар. Бірақта, құл еңбегін пайдалану үй шаруашылығымен ғана шектелді. Әскери тұтқындарды ақшаға босатуға болды, егер оның ақшасы болмаса оны Византияға құлдыққа сатты.

Феодалдану үрдісі Хғ. Басында әлі толық аяқталып бітпеді. Ірі жер иелік меншіктерінің қалыптасуы одан әрі жалғасты. Шаруалардың көп бөлігі, негізінен елдің солтүсігінде ерікті болып қала берді. [1; 40; 42]

VII - VIIIғ. Алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары Болгарияның счаяси өмірі үшін өз әсерін қалдырды. Мемлекетті басқару үшін әкімшілік дуализм сақталды. Орталықта жоғары заңнамалық, атқарушы, соттық және діни құқықтық билікке ие болған хан ел басқарды. Оның қол астында жоғарғы әскери және азаматтық шендегі кеңес болды. жергілікті жерлерде билік тайпа билеушілерінің қолында болды. олар ханның одақтастары ретінде болды, оған салық жинады және әскери көмек беріп отырды. Кейбір жеке протоболгарлық әулеттер өздері хан тағына үміткер болды. өте шектеулі функциялары болсада халық жиналыстары шақырылып тұрды.

Жағдай протоболгарлық және Славяндық билеуші топтарының арасындағы қайшылықтардан кейін қиындап кетті. Славяндық билеуші тап хан тағына өздерінің үміткерлерін ұсынды. Сол себепті орталық биліктің күшеюі үшін күрес күрделі және ұзақ мерзімді сипатқа ие болды. VIIIғ. ІІ жар. Билеуші тап бірінен соң бірі алмасады, ал кейінгі елу жылда көптеген хандар тақта тек бір-екі жыл ғана отырды.

Бірінші Болгар тапшалығының сыртқы саясаты негізінен Византиямен соғыс жағдайында болды. Олар өз шекараларында тәуелсіз мемлекеттік болуын қаламады және империя билігін Дунау бойындағы жерлерде таратуды көздейді. Болгар билеушілері өз мемлекетін нығайтып, территориясын византияның славяндар мекендейтін провинциалдары арқылы кеңейтуді мақсат етті. Аспарухтың ізбасарлары тұсында елдің оңтүстік шекаралары Балқан түбегінің арғы жағына дейін кеңейді. 716 жылғы шарт бойынша, Византия ханға сый-сыйапат беріп тұруға міндетті болды. империя VIIIғ. ІІ жар. Болгарияда болған ішкі жағдайларды пайдаланып, оларға қарсы шыға бастады. Жиырма жыл ішінде (757ж. бастап) мұнда тоғыз жорық ұйымдастырылды, сондықтан Болгар мемлекетінің өмір сүруі қауып-қатерге толы болды.

Сыртқы қауіп протоболгарлар мен славян билеушілерінің Крим ханды (803-814ж) қолдануына мәжбірледі. Араб қағанатының франктардан жеңілуін пайдаланып, ол Дунай мен Карпаттық аралығындағы территорияны басып алды. Осыдан кейін Сердиканы (София) қосып алды. Император Никифор І Болгарияны басып алу үшін іс-әрекеттер жасады. Бірақ, бұл ойы жүзеге аспай, шайқаста император қаза табады. Болгарлардың жеңісі толық болды. олар қарсылықсыз Фракия жерін өтіп, Констаптинополдің қабырғаларына дейін жетеді. Тұрғындардың көз алдында хан пұттық құрбандық шалады. Бірақ, Крум хан ел астанасы ала алмайды. Ол қаланы қоршауға алған кезде кенеттен өліп қалады.

Бұл жетістіктер Болгариядағы орталық биліктің күшеюі арқылы болды. Қалыптасқан феодалдар тобы бұл биліктің күшеюін қажет етті, себебі өздерінің жерге деген құқықтарын заңды рәсімдеу керектігі туды. Хан, елді орталықтандыру саясатын жүргізу барысында, осы топқа сүйенді. «Крума ханның заңдары» жеке меншік құқықтың бұзылуын қатаң жазалады. Әділдікті талап еткен әр адам, өзінің айыптауын дәлелдеу керек болды, өйтпесе өлім жазасына кесілді. Бұл шаруалар үшін күшті ескерту болды, себебі олар өздерінің жерлеріне феодалдардың көз салуынан сот арқылы ғана қорғана алды. Елді орталықтандыруда «Крума ханның заңдары» елеулі орын алды. Ол барлық территорияларда жүзеге асырылып, әкімшілік дуализмге қарсы қатты соққы болды.

ІХғ. Басында Константинополге Крумның шабуылының жиіленуі, олардың, Балқан түбегінде өздерінің толық билейміз деген ойын білдірді. ІХғ орт. олардың құрамына: төменгі Посавь және Орталық Македонияның жартысы енді, Борис хан (852-889ж) Сербия мен Хорватияны басып алуға әрекет жасады. Бірақ, сербтерге қарсы әскери қақтығыс сәтсіздікке ұшырады. Оларға ханның ұлы мен он екі вельможы тұтқынға түседі, сондықтан Хан бейбіт келісімге келуі керек болды.

Ұлы Моравиямен бастапқыда одақтық қарым-қатынас болды. бірақ батыс славяндық державаның қуатының өсуінен қорыққаннан, Борис олардың басты қарсыласы Людовик Немецкимен ауыз жаласады және онымен христиандықтың өз мемлекетінің ресми діні ретінде қабылдау туралы келіссөздер жүргізді [11; 15, 17]

Болгария территориясына ертеркте енген христиандық енді феодалдық қатынастардың дамуына орай билеуші таптың да назарына ілікті. Пұтқа табыну қауымдық жағдайларға лайықты болғанмен феодалданушы жоғарғы таптың талаптарын қанағантандырмайды. Олар дін арқылы өз қанау саясатын тереңдете түсті. Сонымен қатар, Болгарияның христиандықты қабылдауы тиісті болды, себебі пұтқа табынушы мемлекеттер қандай мықты болмасын, сол кездегі халықаралық қарым - қатынастар тұғысының тең құқылы болмады.

Бористің Людовик Немецкимен келіссөздері византиялық император Михаил ІІІ алаңдатты, өйткені Балқанда неміс ықпалының артуынан қорықты. Михайл ІІІ Болгарияда болып жатқан құрғақшылық және оның территориясының солтүстік-батыс шекарасында моривкиязі Ростислва тұрды, осы қиындықтарды пайдаланып, өз әскерімен елге басып кірді. Келіссөздердің нәтижесінде 865 жылы болгарлар християн дінін гректік ғұрыптар бойынша қабыл алады. Борис шоқынып, Михаил есімін алды, сөйтіп князь болды. Христиандықты қабылдау ел тарихындағы маңызды оқиға болды. ол феодалдануды тездетті және ру-тайпалық билеуші таптың қалдықтарына қатты соққы берді. Ол Болгаряның халықаралық жағдайын нығайтты, славяндар мен протоболгарлардың бір халық болып бірігуіне түрткі болды және болгар мәдениетінің дамуына көп ықпал жасады.

Борис Михаил 889ж тақты үлкен ұлы Владимирге беріп, өзі шіркеуге кетіп қалды. Бірақ, Владимер пұтқа табынушылықты қайта қалпына келтіргісі келгенде, ескі князь ұлына қарсы соғысқа шығып, оны тұтқынға алып, шіркеуге қамады. Таққа Бористің кіші ұлы Симеон отырады.

Симеонның ел билеу жылдары (893-927ж) бірінші Болгар патшалығы өзінің шарықтау шегіне жетті. Феодалдандыру жетістіктері және батыраңқылық элементтерін жоюы билеуші таптың князь жанына жоғарлануына мүмкіндік берді. Феодалдық билеуші тап одан жаңа жерлерді жаулап алады және шаруаларды бағындыруда көмек береді деп үміттенді.

Симеонның балалық шағы Константинопольде өтті, онда ол сол заман талабы бойынша керемет білім алды, византиялық дипломатияның қыр-сырын, әскери ұйымдастыру және мемлекеттік басқару жүйесін меңгерді. Мықты қолбасшы әрі дипломат Симеон балқан түбегінде өз мемлекетінің ықпалын нығайтуға тырысты. Сол себепті оның Византиямен қақтығысы міндетті болды.

Симоен 894-896 ж византия мен венгрлердің одақтастығына қарамастан екеуін кезек-кезегімен талқандап, империяның оларға салық төлеп тұруына мәжбүр етті. Византия жерлерінде өмір сүрген Славян халықтарының көмегімен он жылдан кейін Болгария шекарасын Солуниге (Фессалоник) дейін кеңейтеді. Византия 912ж. өз жағына печенегтер мен сербтерді шығарып, өз әскерін шығыс Болгарияға аттандырды. Негізгі шайқас 917ж. Ахелой өзенінде болды. симеон басқарған болгария керемет жеңіске ие болды, жетпіс жылдан кейін византиялық жазушы Лев Диакон тілімделген римдік әскердің тағдыры жайлы қайғыруға толық құқылы болды.

Симеон өзін 919ж «Болгарлар мен ромейлердің билеушісі» деп жариалап, болгарлық архиепископты сан патриарх қылып қояды. Болгария шекарасы енді Қара теңізден Адриат теңізіне дейін болды, оның құрамына Албания мен Македония кейін Сербия кірді.

ІХғ соң. - Хғ басы елді орталықтандыру жетістіктерімен сипатталды. Әкімшілік дуализмді түпкілікті жойған жаңа территориялық бөлініс енгізілді. Әскери-әкімшілік аймақтарда орталық биліктің өкілдері-комиттер басқарды. Билеуші таптың этникалық белгілер арқылы бөлінуі тоқтады. Деректерде, сарай кеңесіне қатысуға құқы бар, бай ауқтты феодалдар-ұлы болярлар болғандығы және олар ішкі және сыртқы болярлар болып бөлінеді. Біріншілері ел астанасында қызмет етсе, екіншілері шекаралық аймақтарда қызмет етті делінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«шығыс мәселесі»
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолы
Шетел Азиясының халықтары
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
Осман империясының құрылуы
Орта ғасырлардағы Tүркия
Ресей империясы мен КСРО құрамындағы түркі халықтарының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz