Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

I ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА КАПИТАЛИСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕНУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ АУЫЛЫНЫН ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ . . . 28

1. 1Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы . . . 28

1. 2Қазақ ауылының әлеуметтік жіктеліске ұшырауы . . . 55

1. 3Қазақ ауылына капиталистік қатынастардың енуіне байланысты қазақ байларының әлеуметтік бейнесінің өзгеруі . . . 96

II ҚАЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ . . . 109

2. 1Қазақ аулылның мал шаруашылығындағы өсімқор - сауда

капиталы . . . 127

2. 2Қалалардың қазақ ауылының әлеуметтік - экономикалық өмірінің өзгеруіне тигізген әсері . . . 139

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 150

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 155

КІРІСПЕ

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Уақыт өткен сайын Қазақстанның революцияға дейінгі тарихының әлі де болса толық зерттелмеген, ғалымдардың назарынан тыс қалып келе жатқан көкейтесті мәселелері мен кезеңдерін зерттеуге тарихшылар мен басқа да қоғамдық ғылым зерттеушілерінің көп көңіл қойғандығы байқалуда. Қазақ халқының революцияға дейінгі тарихына байланысты ғылыми кітаптар жарық көріп, мерзімдік баспа-сөз беттерінде құнды-құнды мақалалар жарияланып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы жөнінде дұрыс ой-пікірлер айтылуда.

Дегенмен де, XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басында қазақ ауылының әлеуметтік құрылымында болған өзгерістер осы күнге дейін ғалымдардың арнаулы зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Сол себепті, қазақ ауылының әлеуметтік өмірінің терең жіктеліске түсуіне әсерін тигізген әлеуметтік-экономикалық факторлар ашылмай келеді. Қазақ даласында қалыптасқан рулық, патриархалдық-феодалдық экономикалық жүйенің ыдырауына капиталистік өндірістік қатынастардың бірте-бірте тигізген әсері туралы мәселе толығымен шешілген жоқ.

Россия экономикасына тартылған қазақ ауылдарындағы әлеуметтік жіктелістің тереңдеуін, әлеуметтік топтардың арасындағы экономикалық және саяси байланыстарды, товар-ақша қатынасының қазақ даласында дамуына сәйкес, товарлы мал шаруашылығымен айналысқан қазақ байларының пайда болуын ғылыми тұрғыда тереңдеп зерттемей біз қазақ шаруаларының әлеуметтік-таптық көзқарастарын, «шет кәсіпке кетушілік» процесінің қазақ даласында да болуы себептерін және жалдамалы жұмысшылардың пайда болуының экономикалық негізін анықтай алмаймыз. Осы тұрғыдан алғанда қазақ ауылының әлеуметтік өмірінде болған өзгерістерді жан-жақты зерттеудің аса зор ғылыми-практикалық және тарихи-танымдық маңызы болып отыр.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы көптеген материалдар жарық көрді.

Алғашқыда Қазақстан XIX ғасырдың ортасына дейін, көбінесе географиялық және этнографиялық жағынан терең зерттеліп келсе, енді, Ұлы Жүз қазақтарының Россия қол астына кіруімен қазақ халқының патша империясына қосылу процесінің түгелдей аяқталуына байланысты, отаршылдықты көздеген патша әкімшілігі қазақ даласының экономикасын, әлеуметтік өмірі мен мәдениетін тереңдеп зерттеуге кірісті. Бұл жұмыс, әсіресе, 1867-1868 жылдардағы реформаны дайындау барысында кең жүргізілді. Қазақ даласын уысынан шығармай басқаруда мақсат еткен патша үкіметі реформаның жобасын дайындау үшін өлкемізде зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған “Далалық комиссия” дегенді құрды. 1865 жылы құрылған бұл комиссияның құрамына ішкі істер министірлігінің, әскери министірліктің және Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының өкілдері кіреді.

Осы комиссияға мүше болған кейбір патша ченовниктерінің жинақталған материалдар негізінде жазған еңбектерінің қазақ елінің экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы көп мағлұмат алуға болады. Әсіресе, осы комиссия құрылымында әскери министірліктің өкілі болған А. К. Гейнс XIX ғ. соңына қарай қазақтардың шаруашылық өмірі туралы құнды еңбектер жазды. I Қазақ өмірімен жете танысуды мақсат еткен ол қазақ ауылдарын жиі-жиі аралап, Семейде, Көкпектіде, Аякөзде, Лепсіде және Қарағанды көмір кендері мен Спасск заводында болды. Ол өз еңбектерінде қазақ ауылының әлеуметтік құрылымына көп көңіл бөлді. Петропавловск маңында еңбек еткен жатақтардың тұрмыс-тіршілігін мұқият қадағалаған ол жатақтардың көшпелі өмірден қол үзуін “цивилизацияға бастаған маңызды қадам” деп бағалады. I Алайда, оның кез келген қайыршыланған кедейді жатаққа жатқызуымен келісуге болмайды. 2

1867-1868 ж. ж. реформадан кейінгі қазақ даласында болған әкімшілік-территориялық өзгерістер, Россияда дамып келе жатқан капиталистік қатынастардың қазақ ауылының экономикалық өміріне әсер етуі, көшпелі қазақ малшыларының әлеуметтік құрылымында болған өзгерістер А. И. Добросмысловтың, Л. Чермаковтың, П. П. Румянцевтің, Т. Седельниковтің, П. Головачевтің және т. б. еңбектерінде терең бейнеленді. 3

Бұл зерттеулердің ішінен біз қарастырып отырған мәселеге байланысты. П. П. Румянцевтің еңбектерін ерекше атауға болады. Халықшылық бағыт ұстанған ол қазақ халқының тарихын XY ғасырдың орта тұсынан бастап өзі өмір сүріп отырған тұсқа дейін, яғни ХХ ғ. басына дейін, зерттеп, қазақ қоғамының әлеуметтік өміріне көп көңіл бөлді. Зерттеушінің қазақ тарихы жөніндегі жасаған барлық қорытындыларымен келісуге болмайды. Ол қазақ қоғамында XIX ғасырдың аяғына қарай «жаңа» әлеуметтік бейнедегі байлардың пайда болғанын, олардың капиталистік өндірістік қатынастардың алғашқы көрінісімен тығыз байланысты екенін айтып көрсеткенімен, қазақ шаруаларында көрінген әлеуметтік жіктелісті талдау жасауға талпыныс жасаған жоқ. Бірақ та, оның қазақ аулының әлеуметтік-экономикалық өмірінің өзгеріске түсуі біздің өлкеге еніп келе жатқан товар-ақша қатынасының дамуымен байланыстырып қарауы дұрыс.

Семей облысындағы қазақтардың шаруашылығы мен тұрмыс жағдайы туралы құнды пікірлерді Н. Я. Коншиннің жариялаған еңбектерінен көре алдық. I Бұл зерттеуші де, Гейнс А. К. сияқты, өте кедейленген қазақтардың бәрін жатаққа жатқызуға тырысты. Мұндай пікір, XIX ғасырдың аяғында жатақтардың өзі ішінде әлеуметтік жіктеліс тереңдей түсіп, олардың қатарынан орташа және ауқатты шаруалар шыға бастаған шағында дұрыс емес еді. Соған қарамастан Н. Я. Коншин қазақтың патриархалдық-феодалдық қоғамында болып жатқан өзгерістерді дәл түсініп, көре берген.

Қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы, әсіресе, Сібірдегі алтын іздейтін өндірістердегі қазақтардың жағдайы жөнінде құнды деректерді тағы бір халықшылдық көзқараста болған В. И. Семевскийдің I еңбектерінен кездестірдік. Бұл зерттеуші өз еңбектерінде шаруа мен пролетариатты бір әлеуметтік топқа жатқызған. Жұмысшы мен шаруаның арасындағы айырмашылықты ажыратып айтпағанымен, оның Сібірдегі алтын кеңдеріңде жұмыс істеген қазақ жатақтарының саны мен күнделікті өмірінің ауыр жағдайлары туралы жазғандары біз үшін пайдалы дерек болды.

Революцияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени тарихын арналған, революцияға дейінгі жарық көрген шығармалардың ішінен бір Н. Огановскийдің, 2 В. П. Кранихфельдтің, 3 И. Хохловтың, 4 В. А. Владимирскийдің, 5 Ф. К. Зобниннің, 6

Л. Мейердің, 2 П. И. Тихоновтың 3 және Ф. А. Шербинаның 4 еңбектерін мұқият қарап, қазақ ауылының әлеуметтік-шаруашылық өмірінде XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басында терең жіктелістігі туралы, қазақ қоғамда болған өзгеріске Россия капитализмінің, патша үкіметінің аграрлық-отарлау саясатының, қоныс аудару салтының, және сауданың дамуына байланысты қазақ даласында орныға бастаған товар-ақша қатынасының әсері туралы көп мағлұмат алып, фактілік материалдарын диссертацияда қаралатын мәселелерді ашу барысында пайданландық.

Революцияға дейінгі авторлардың біразы XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамының әлеуметтік өмірінде өз ролін жоғалта бастаған сұлтандар тобы туралы, олардың төлеңгіттері жөнінде өз еңбектерінде айтып, олардың қоғамды орнын анықтауға тырысқан.

Қазақтардың көшпелі өмір салтынан бірте - бірте отырықшылыққа ауысуын, ол прцесске қоныс аудару саясатының тигізіп отырған әсері туралы В. Тресвятскийдің, 1 М. Н. Ядринцевтің, 2 Б. О. Юзефовичтің, 3 Ә. Бөкейхановтың 4 жазғандарын таба алдық.

Бұл авторлардың бәрінің де еңбектері қазақ ауылының революцияға дейінгі тарихы үшін құнды болып табылады. Әйтсе де, Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылы жарық көрген «Қырғыздар /Қазақтар -Н. Т. /» деп аталатын тарихи еңбегін ерекше атап келіп отыр. Қазақ халқының өкілі болған автордың бұл еңбекті жазу барысында өте бай фактілік материалдарды пайдаланумен қоса қазақ ауылының тыныс тіршілігін терең білетіндігі пайдасын тигізетіндігі көрініп тұр. Диссиртациялық жұмысты жазу барысында біз автордың өзіміз зерттеу жүргізіп отырған далалық облыстардағы жақтардың үлес салмағын анықтауға тырысқан жазбаларына білтемелер жасадық. Революцияға дейінгі авторлардың ішінен қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дәл етіп, шындыққа сай көрсеткен қазақ халқының ұлы ойшылдары - Ш. Уәлихановтың, 5 Ы. Алтынсариннің, 6 А. Құнанбайевтың 7 шығармалары біз үшін бағалы деректер болды.

Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде қазақ қоғамының XIX ғасырдың ортасында - ақ әлеуметтік жағынан терең жіктеліске түскенін дәлелдей

қазақ қоғамындағы байларға, билерге, төре-сұлтандарға, олардың төлеңгіттеріне сипаттама беріп, олардың қазақтың патриархалдық-феодалдық қоғамдағы орнын анықтайды.

Ұлы ақын Абай өзінің өлеңдерінде XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ шаруаларының ауыр жағдайын, әлеуметтік теңсіздікті, қазақ кедейлерін сүліктей сорып жатқан қазақ байлары мен патша үкіметінің итаршыларын қатты сынап, орыс халқының озық ойлы азаматтарымен жақын араласып, озық мәдениеттен үлгі алуға шақырады.

Қазақ ауылының әлеуметтік және шаруашылық өмірінің терең жіктеліске түсуі туралы көп деректер қазақ даласында XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жұмыс істеген экспедицияның материалдарынан 2 табуға мүмкіндік болды. Халықшыл, земство статистигі Ф. А. Шербина басқарған экспедиция қазақ даласында 1896-1901 жылдардың аралығында жұмыс істеп, соның нәтижесінде Ақмола мен Семей облыстарының 10 уезін, Торғай облысының солтүстігінде екі-Ақтөбе және Қостанай уездерінде терең зерттеу жұмыстарын жүргізді. В. И. Ленин өзінің «Россияда капитализмнің дамуы» деген классикалық еңбегінде Шербинаны статистикалық мәліметтерді өңдеуіндегі шындықты бұрмалайтын теріс әдістерін қатаң сынға алғанына 3 қарамастан, Шербина экспедициясының көп томдық материалдары Қазақстан тарихының екі ғасыр межесіндегі кезеңін зерттеу үшін бай мағлұмат берді. Мысалы, Өскемен уезінің материалдарынан алтын кендерінде жұмыс істеген қазақтардың ауыр жағдайлары, кен басшыларының жұмысшыларды азапта ұстауы, жалақының өте төмен екендігін байқасақ, қазақ даласына товар-ақша қатынасының таралуын дұрыс түсіндірмейді. Товар-ақша қатынасы қазақ қауымына тән құбылыс емес /«является чуждым началом»/ 1 , оның дамуын қазақ ауылына жақын орналасқан, жұмыс күнін қажет еткен кен өндіретін кәсіпшіліктер мен орыс селоларының жақын маңда болуы сияқты сыртқы ортаның әсерінен /внешние причины/ болды деп түсіндіреді.

Қазақтардың көшпелі шаруашылығының экстенсивтік сипатын, тұрақсыздығын ашып көрсете отырып, көшпелілердің мал санын көбейтуді ойлағандарымен, ол үшін ешқандай жағдай жасалмайтындығын айтады. Сондықтан қатты қыстан кейін болатын жұт кезінде малдың қырылып қалатындығы көп қайталайтындығын анық көрсетеді.

Бірақ, Шербина экспедициясының материалдарында қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымына анализ жасалмаған. Қазақ қоғамдағы ескі өндірістік қатынасты сақтап қалғысы келген, қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алуды мақсат еткен патша үкіметінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатының салдарларын Шербина байқай алмады. Экспедиция материалдары бойынша қазақ шаруашылықтары мал санына, егістік жерінің көлеміне, кәсіпшіліктің түрлеріне қарай тоғыз топқа бөлінді. Осының өзі қазақ ауылында мүлік теңсіздігінің тереңдеп кеткенін көрсетіп тұрса да, экспедиция басшысы Ф. А. Шербина, қазақ ауылында «өте кедей немесе өте бай» 2 шаруашылықтың көзге байқалмайтындығы туралы жазады. Экспедиция материалдарында қазақтардың жерді пайдалану нормасын анықтауда да көп қателіктер жіберіледі. Қазақ даласынан «басы артық» жерді көп шығару үшін жанталасқан Шербина бастаған экспедиция мүшелерін сынға алған «Статистик» деген бүркеншік атпен мақала жазған біреу «Шербиндік норманың теориалық жағынан ақылға сыйматынын, бұратана қалықтарға қауіпті экономикалық күйреу екенін» 1 бұраталардың аяқ-қолына салынған кісенге» теңейді.

Экспедиция мүшелерінің басып шығырған еңбектерінде материалдарды анализ жасауда жіберілген қателіктеріне қарамастан, бұл жинақтардағы фактілік материалдырды Қазақстан тарихын зерттеген барлық зерттеушілер пайдаланып келеді. Революцияға дейінгі экономикалық әдебиеттерде де жинақ томдарына сілтемелер жасалған. Біз де тарихи шындыққа келетін фактірлерді, сын көзбен қарай отырып, өз жұмысымызда пайдаландық.

Қазақ даласында әлеуметтік - экономикалық өзгерістер туралы деректер әр облыстың жыл сайын шығарылып тұрған «Шолуларында» жинақталған. Қазақтардың мал шаруашылығы жөнінде, қазақ даласында сауда қатынасының дамуы, әсіресе жәрмеңке саудасының өрістеуі жайында, қазақ шаруаларының әлеуметтік жағдайлары туралы, қазақ шаруаларының шет кәсіпке кетумен айналысқандығы және олардың қай жерлерде, қандай жағдайда жұмыс істегендіктері туралы деректер бар.

Ал облыстық «Естелік кітапшаларында» /Памятная книжка - Н. Т. /

Қазақ өмірінің әр қырына байланысты жазылған зерттеушілердің ғылыми еңбектері жарияланып тұрды.

Жұмысты орындау барысында халқымыздың әдеби және тарихи мұраларының ішінде ерекше орын алатын «Дала уалаятының газетінің» беттерінде жарияланған мақалаларды пайдаландық. 1 Бұл газет өзінің программасы бойынша патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, заңдарын, әкімшілік басқару істерін жариялайтын оның ресми тілі ретінде шықты. Сол кездегі басқа газеттер сияқты «Дала уалаятының газеті» де ресми және ресми емес бөлімнен тұрады. Соңғы ресми емес бөлімде көбінесе көпшілікке пайдалы, ғылыми-көпшілік материалдар, білімге қатынасы бар мақалалар басылып тұрды. Бұл үкімет тарапынан ресми газет болса да, көп уақыт Сібірге айдалып келген, бостандықты көздеген адамдардың ықпалында болып, олар мұны халық газеті етуге тырысты. Бұл ретте газетке дұрыс бағыт беруде Н. М. Ядринцевтің, Л. К. Чермактың ролі өте зор болды. «Дала уалаятының газеті» жергілікті басқа газеттерден гөрі қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылық жағдайларын, мәдени тіршілігін біршама толық жазып тұрған газет болды.

Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихының әр түрлі мәселелері 1917 жылғы Октябрь революциясынан кейін жаңаша, таптық көзқарас тұрғысында қайта қаралып, зерттеле де бастады. Қазақ ауылының тарихын зерттеу 20-шы жылдардын аяғы мен 30-шы жылдардың ішінде біршама жүзеге асырылды. Алғашқы зерттеушілердің қатарында Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, С. Асфендияров, сынды мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар болды.

Аса ірі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өз еңбектерінде 2 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ауылындағы таптық күрестің барысына сақталып, қазақ шаруаларының әлеуметтік-таптық көзқарасына анықтала берді.

П. Г. Галузо өзінің шығармаларында 1 аса бай құжаттық материалдар негізінде Қазақстанның оңтүстігінде патша үкіметі жүргізген отарлау саясатының барысында қалыптасқан аграрлық қатынастардың дамуын әңгімелейді. Зерттеушінің қазақ ауылының таптық жіктеліске талдау жасағанда ұстанған әдісін, Қазақстанның оңтүстік аудандарының ауыл шаруашылығындағы капитализм дамуының екі жолын көрсете білуін біз далалық өлкеде товар-ақша қатынасының орнауының нәтижесінде әлеуметтік өмірдің өзгеруін зерттеу барысында басшылыққа алдық.

Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген тарихшы-ғалым, профессор Санжар Жапарұлы Асфендияров өз еңбектерінде 2 XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы қазақ даласындағы тау-кен өндірісіндегі, балық өнеркәсібіндегі және фабрика - заводтарда жұмыс істеген жұмысшы қазақтардың саны мен олардың ауыр жағдайлары туралы деректер келтіреді. Біздің жұмысымыз үшін ғалымның басшылығымен шыққан жинақтың 3 екінші кітабындағы материалдардың көп көмегі тиді.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауылдарының патша үкіметі тарапынан отарлануы Ғ. Тоқжановтың еңбегінде де қаралады. 4

Қазақстанның революцияға дейінгі тарихының әр түрлі мәселелеріне кеңес дәуірінің 50-80-ші жылдарында жырық көрген тарихи әдебиеттердің көпшілігі арналды. Бұл жылдары тарихи - ғалымдар Бекмаханов Е. Б.

баевтың, 1 Ж. Қ. Қасымбаевтың, 2 Н. Е. Бекмахановтың, 3 Т. Ж. Шойыншаевтың, 4 С. А. Сүндетовтың, 5 Л. М. Әуезованың, 6 В. Н. Алексеенконың, 7 Х. Арғынбаевтың, 2 П. Пахмурныйдың, 3 Д. И. Дулатованың, 4 және т. б. зерттушілердің еңбектерінде Қазақстанның революцияға дейінгі тарихының әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени дамуы жөнінде жан-жақты зерттеу жургізілген. Бұл еңбектердің барлығы да біз зерттеп отырған мәселеге қатысы бар. Солай бола тұрса да жоғарыда аталған авторлардың ішінен Е. Б. Бекмахановтың, Б. Сулейменовтың, Ж. Х. Қасымбаевтың, С. А. Сундетовтың еңбектерін айтуға болады.

Бар саналы өмірін Қазақстанның тарих ғылымына арнаған қайсар талант иесі, көрнекті ғылым Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов, сталиндік алапат құғын - сүргінге қарамастан, артына өте бай ғылыми мұра қалдырды. Қазақстанның Россияға қосылуы сияқты аса күрделі проблеманы терең зерттей отырып, сол процестің салдарынан болған қазақ даласындағы үлкен өзгерістердің себептерін ашып берді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік өмірдің өзгеруінің экономикалық факторларын көрсетеді.

Қазақстанның XIX ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы тарихын зерттеуге көп үлес қосқан ғалым Бек Сулейменовтың шығармаларында Қазақстанда аграрлық қатынастардың барысы, 1867-1868 ж. ж. реформадан кейінгі әкімшілік - территориялық өзгерістер, қазақ ауылының отырықшылана бастауы, 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстарға қазақ шаруаларының, сондай-ақ, қазақ ауылындағы таптық жіктелістің күшейе түсуі мен таптық күрестің барысы, бұл мәселелер жөнінде автор тұжырымды ойлар айтқан.

Кейінгі кезде Қазақстанның революцияға дейінгі тарихының әр түрлі мәселелерін терең зерттеп, өндіртіп еңбек жазып жүрген белгілі ғалым Ж. Қасымбаевтың еңбектері қалалардың тарихына, олардың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы мәселесіне, қазақ даласы мен Россия арасындағы сауданың дамуына, әсіресе, жәрмеңке саудасына, сондай-ақ қазақ шаруаларының шетке кәсіп іздеп кетушілік процесіне арналды. Автордың қазақ ауылының әлеметтік өмірінің XIX ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. бас кезінде терең жіктеліске түскендігі туралы тұжырымды ойларын жұмысты жазу барысында басшылыққа алдық.

Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының материалдары негізінде еңбек жазған зерттеуші С. А. Сүндетов революцияға дейінгі қазақ ауыл шаруашылығындағы жаңадан көріне бастаған капиталистік өндірістік қатынастардың барысы туралы сөз қозғап, қазақ ауылдарында болған әлеуметтік өзгерістердің экономикалық факторларына тоқталады.

Біздің зерттеп отырған мәселеге байланысты осы күндері жарық көрген біраз коллективтік еңбектер бар. Олардың ішінде Қазақстан далаларының тарихына, 1 XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың шаруашылық дамуына, 2 революцияға дейінгі Қазақстан тарихының тарихнамасына 1 арналған зерттеу жинақтарынан қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық жіктеліске түсуі туралы көп мағлұматтар алдық.

Қазақстанның революцияға дейінгі тарихына арналып жазылған зерттеулердің, әсіресе, біз қарастырып отырған Ақмола, Семей, Торғай және Орал, яғни, бұрынғы далалық облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ондағы болған өзгерістер туралы ғылыми еңбектердің молдығы кеңес дәуіріндегі тарихшылардың көп еңбектенгендігін көрсетеді. Кейінгі күндерде Қазақстанның тарихына деген ықпалын артып, оған қызығушылық жас ғалымдарды да қазақ халқының XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтік-экономикалық дамуын тереңдеп зерттеуге итермелеуде. 2

Тарихнаманың осынша молдығына қарамастан қазақ ауылының әлеуметтік құрылымында болған терең жіктеліс, осы процестің болу себептері, септігін тигізген экономикалық-әлеуметтік факторлар толық ашылмай келеді. Қазақ даласында дами бастаған товар-ақша қатынастарының қазақтың патриархалдық-феодалдық қоғамының ыдырай бастауына тигізген әсері, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында біртіндеп ене бастаған капиталистік қатынастардың қазақ ауылының әлеуметтік жіктеліске түсуіне тигізген әсері толық зерттелмей келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономиялық дамуы
Нағыз тұрмыстық қалдықтар
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Қазақстандағы қала мен ауылдың өзекті мәселелері
Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы
Елді мекен шекарасын өзгерту жобасы
Көкжыра ауылының климаты
Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz