ҚР салық және басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі


«Қаржы құқығы» пәнін оқып үйренудің әдістемелік нұсқаулары
Пәнді оқытудың мақсаты. Экономикада орныққан нарықтық қатынастар жағдайында, оның дамуының негізгі факторларының бірі - қаржы тетігін белсенді түрде пайдалану болып табылады. Қаржылық тұтқалар арқылы мемлекет елдің экономикалық өркендеуіне едәуір ықпал етеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы үшін қаржылық қатынастарды реттеудің зор маңызы бар. Қаржылық құқық нормаларын терең оқып-үйрену, оның тетіктері әрекетін түсіну қазіргі уақыттың талабы екендігі даусыз. Кейінгі жылдары қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық негіз белсенді түрде қалыптасу үстінде. Қаржылық құқыққа деген мүдделік пен қызығушылық басқару құрылымдары тарапынан ұдайы өсіп, бұл ғылыммен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және азаматтар, әсіресе кәсіпкерлер тығыз айналысу қажеттігін түсініп отыр.
Қаржылық құқықты оқыту мақсаты - студенттерді қаржылық құқықтың өзекті мәселелерімен таныстыру, оларды көптеген нормативтік-құқықтық материалдарды ажырата білуге, сондай-ақ қаржылық - құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құжаттарды дұрыс қолдануға үйрету
Пәннің міндеттері
Қаржылық құықты оқып-үйрену процесінде студент қаржылық заңнамамен жұмыс істеуге дағдылануы қажет, оны қолдануды үйренуге және нақты қаржылық-құқықтық дауды шеше білуі тиіс.
Пререквизиттері:, “Мемлекет және құқық теориясы”, “Конституциялық құқық”, “Әкімшілік құқық”
Постреквизиттері: “Салық құқығы”, “Банк құқығы”, “Кәсіпкерлік құқық”, ”Сақтандыру құқығы”
Қорытынды нәтижелер: Нормативті актілерге сүйене отырып қаржылық-құқықтың институттарына сипаттама (мінездеме) беру.
“Қаржылық құқық” пәнін оқып - үйренудегі негізгі әдістер ретінде мыналар қолданылады: синтез, индукция, талдау, дедукция, гипотеза.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР Конституциясы.
2. ҚР Бюджет кодексі.
3. ҚР салық және басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі.
4. «ҚР-да банк және банктік қызмет туралы» ҚР-ның Заңы.
5. «Ұлттық банк туралы» ҚР-ның Заңы.
6. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР-ның Заңы.
Қаржы жүйесі белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.
Орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарамағындағы ақшалай құралдарының қорлары болып табылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында болады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру) .
Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.
Демеу қаржы меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.
Субвенция жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.
Сибсидия мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.
Қаржылық құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтың актілері болып табылады.
Бюджеттік құқық бұл бюджеттік құрылымды ұйымдастыру кезеңінде пайда болған, сонымен қатар орталандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды қалыптасуда, бөлу және ұйымдастыруда пайда болған қатынастарды реттейтін қаржылық құқығының ерекше бөлігінің бөлімі.
Императивтік әдіс Мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде әдіс ең айқын көрінеді.
Диспозитивтік әдіс Экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың құқықтың реттеулері үшін қолданылады (мемлекеттік қарыздандырулар қатынастары мен бюджеттік несиелеу қатынастар) .
Бюджеттік құқықтық қатынастар бұл бюджетті құқық мөлшерімен реттелген және мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыруға тағайындалған. Солардың арқасында мемлекет үкіметінің орталық органдары: ҚР Президенті және оның аппараты, Парламент, Үкімет, Министерствалар және басқа орталық ведомстволар, сот жүйесі, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысы қаржыланады, республика деңгейіндегі өндіріс және объектілер құрылысы саласындағы арнайы құрылыс бағдарламалары және тағы басқалар іске асырылады, яғни үсталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz