Моңғолдардың билігі кезеңіндегі Қазақстан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина унверситеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стомотология
Дисциплина: Қазақстан тарихы
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен психология
және педагогика
СӨЖ орындау түрі: Эссе
Тақырыбы: Моңғолдардың билігі кезеңіндегі Қазақстан

Орындаған: Жамолдин Д.Қ.
Курс:І

Группа: 103

Тексерген: Купабаева Н.М.

Бағасы:____________________________ ______

Қолы:______________________________ _____

Ақтөбе 2016жыл

Моңғолдардың билігі кезеңіндегі Қазақстан

XIII г. бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия,
Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына
орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы евразия аймағын мекен еткен
халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара байланысын
бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының жүрісін
өзгертіп жіберді.
XII ғ. орта шенінде Моңгол тайпалары Монгол Алтайы мен Ертістің жоғарғы
жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түріктілді топтарға сіңісіп,
түріктерден материалдық мәдениеттің көптеген элементтерін, шаруашылық пен
тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктін әдет-ғуұрпын ала отырып, Орхон мен
Керулен бойларынан батысқа қарай жылжиды. Сол уақыттан бастап, түріктер мен
моңғолдардың кейінгі уакытқа дейін сақтанған, қоныстарының шекарасы
анықталып қалыптасады. Моңғолдар жайлаған территория солтүстікте Байкалдан
Ертіс пен Енисейдін жоғарғы жағынан оңтүстікке Гоби шөліне дейін кең
қосылып жатады.
1218—1219' жж. монғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын бағындырады.
Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлерін тартып алады, таңғұттар
мемлекеті құлатылады, ұйғырдың Түрфан бектігі моңғол бодандығын өз еркімен
қабылдайды. Цинь империясының әскерін талқандағаннан кейін, Моңғолдар
Солтүстік Қытайды басып алады. Шыңғыс ханның келесі міндеті батыс елдерін —
Орта Азия мен Ираңды, Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс Еуропаны
жаулап алу болады. Ертістен, Арал теңізі мен Амудариядан әрі, батыс жақтағы
әлі алынбаған жерлерді Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарына
ұлыс етіп береді.
Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210—1211 жж.
қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғысханның қоластына көшеді. 1217 ж.
Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі
жылы Баласағүн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар
басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінен кейін, оның хорезмшах Мұхамметпен
және қарлық билеушілерімен жүргізген соғыстарынан кейін, Жетісу халқы
ақырында қатты жұтап, қайыршының күйіне түскен еді. Күшліктің мұсылмандарды
қудалауы, оның ішінде көпшіліктің бас қосып намаз оқуына тыйым салғаны
жұрттың зығырданын қайнатады, сол себепті де дінге төзімділік жасаған
моңғолдарды халық өздерін құтқарушылар есебінде қарсы алады. Жетісу халқын
өз жағына тарту үшін Шыңғысхан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым
салады. Ал, Күшлік бұлардан Орта Азияға қашады, бірақ кейінірек манғолдар
оны Бадахшанда қуып жетіп, көзін құртады. Шығыс Түркістан мен Жетісуды
басып алуы моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашты.
Мауараннахрдағы хал-жағдайды анықтау үшін, Шыңғысхан әуелі хорезмшах
Мұхамметке өзінің Солтүстік Қытайдағы жеңістері және түріктер елін
бағыңдырғаны жөнінде және онымен бітім шартын жасасуды ұсынып, хат
жібереді. Бұл болашақ әскери жорықтың елшілік жолымен жасалған әзірлігі
еді. Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің 1218 ж. Отырарда құртылып
жіберілуі олардың хорезмшах иелігіндегі жерге басып кіруіне желеу болады.
Көпестер Хорезмшахтың
Отырардағы уәлиі, олар түгелдей тыңшылар деп күдіктенген Қайырхан
Иналшықтың бұйрығы бойынша өлтіріледі. Шыңғысхан әскерінің жорығы 1219 ж.
қыркүйекте басталады. Моңғол әскері Ертіс жағасынан шығып, Жетісу арқылы
жүреді. Олардың саны 150 мың адам еді, оның 111 мыңы моңғол болатын,
армияның қалған бөлігі — Шыңғысханның вассалдары — қарлықтар мен ұйғырлар
тұғын.
Манғол армиясының 1219 ж. Мауараннахрға жүретін жолы Қазақстанның халқы
тығыз тұратын және шаруашылық жағынан жақсы игерілген аудандары — Жетісу
үстімен Орта және Төменгі Сырдарияның қалалы аудандарына қарай өтетін.
Монғол әскері батысқа қарай жеделдетіп келе жатып, жолай тұңғыш рет
Оңтүстік Қазақстан жеріне тап болады және жергілікті халық оларға қатты
тойтарыс береді, ал басқыншылар болса, жұртты жаппай қыру және зорлық-
зомбылық жасау әдістерін қолданып, тұтас облыстарды құлазытып, қалаларды
қиратады. Араб және парсы деректерінде моңғолдар бүкіл халқын жусатып
кеткен, әртүрлі елдердегі отызға тарта қаланың аты келтіріледі. Олардың
ішінде Қазақстанның үш қаласы: Отырар, Сығанақ, Ашнас бар. Отырардың
билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек қала
гарнизонындағы әскербасыларының бірі Қараджахаджиб опасыздықпен Суфихан
қақпасын ашып, моңғолдарға берілгеннен кейін ғана, татар аламандары қалаға
кіреді. Қайырхан ішкі қамалда бекініп алып, тағы да бір ай бойы, соңғы
жауынгері қалғанша соғысады. Ол тұтқынға алынып, азаппен өлтіріледі, ал
күллі халық отар-отар қой секілді етіліп, қаладан қуып шығарылады да,
моңғолдар мал мен мүліктің бәрін талап кетеді...
Монғолдарға берілгісі келмеген Сығанақ тұрғындары да өз қаласын жеті күн
бойы қорғайды. Қаланы алғаннан кейін мұның да халқының көзі жойылады. Ашнас
тұрғындары да тап осындай зауалға кезікті. Жент, Баршынлығкент, Өзгент
тоналады. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан жері арқылы сапар шеккен
Пла-но Карпини осынау жерден яғни Сырдарияның төменгі жағынан қиратылған
сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап қалған
қыстақтарды көреді. Қалалармен қатар суару жұйелері бұзылып, егістіктер
тапталады және сол маңайдағы егіншілік аймақтары құртылады. Сырдария
бойындағы егінді-мекендердің көптеген халқы қырылады, екіншілері тұтқынға
алынады, үшіншілері басы ауған жаққа бытырап қашады. Тұтас бір аудандар —
оның ішінде көшпелілері де бар — қүлазып бос қалады. 1221 жылдың көктемінде
монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтайды. Соғыс әрекеті енді Иранның,
Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанның территориясына көшеді. Монғол
қолбасшылары Жебе мен Сүбедейдің корпусы Калка өзенінің бойында аландар мен
қыпшақтарды, орыстарды талқандап, орыс жерінің оңтүстік аймағын жұтатқан
соң, Қазақстан жерін көктей өтіп, 1224 ж. Ертістегі Шыңңысхан ордасына
қайтып келеді. Сөйтіп 1219—1224 жж. монғол басқыншылығы салдарынан Қазақсан
Шыңғысхан империясының құрамына енеді. Қазақстан көшпелі тайпалары моңғол
ұлыстарының құрамына қарсылықсыз ете салған жоқ. Туши (Жошы) мен Шағатай,
— деп хабарлайды Джузджани Насыр дәрежелерінде, — Хорезмнің шаруасын
бітіргеннен кейін, Қыпшақ пен Түркістанға аттанды, қыпшақтардың әскерлері
мен тайпаларды бірінен соң бірін мойынсындырып тұтқындады, сөйтіп сол
тайпаларын қоластына қаратты. Жергілікті көшпелілердің текті байлары
(қыпшақ пен оғыздың) моңғолдар қызметіне.кірісті, қатардағы көшпелілер
жүздік, мыңдық, түмендік (он мындық) әскер қатарын толтырып, Шыңғыс
әулетінің қарауына берілді. 1237 ж. Шығыс Европаны бұғалықтауға аттанған,
Бату бастаған монғол армиясының едәуір бөлегін қыпшақтар мен басқа да түрік
тайпалары құрады.
Казақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енді: оның дені (далалық жағы)
— Жошы үлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Казақстан — Шағатай ұлысына,
Солтүстік-Шығыс бөлегі — Үгедей ұлысына енді. Жошының еншілігі Ертістің
батысынан Жетісудың теріскейін қамтып, Дешті-Қыпшақтың бүкіл шығысын
Төменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда айтылған
жерлер үстіне Шығыс Түркістан мен Мауараннахрды қосып алды, Үгедей — Батыс
Мооғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Шыңғыс әулеті өз
ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғысхан дүние
салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя бірнеше тәуелсіз
мемлекетке белініп кетеді.
Сол жылы қайтыс болған Жошының орнын оның ұлы Бату-Баты басады. Ол Дешті-
Қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жеріне, одан көрі Батыс елдеріне жаулау
жорығын жасайды. Орыстың аса ірі кінәздіктері талқаңдалып, Польша, Венгрия,
Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нетижесінде
(1236—1242 жж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың Төменгі
жағына дейінгі жерлер қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтүстік Кавказ
бен Батыс қыпшақ (половцылар) даласы да кіреді. Еділдің төменгі бойына
қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек
Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы — Шығыс Дешті-
Қыпщақ яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен
Амударияның теменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір
белегі, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді Орыстың Бату
аламандары қүйреткен кінәздіктері Алтын Орданың тәуелді вассалына айналады.
Орыс кінәздары Алтын Ордаға кіріптар екенін мойындайды, оның хандарының
қолынан кінәздік құруға жарлық алады, алым-салық телейді, бірақ толық
болмаса да дербестігін сақтап қалады. I
Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы, сол сияқты
Жошы ұрпағы хандарының атымен (Бату ұлысы, Берке ұлысы т. б.) деп
аталадыОрыс шежірелерінде Орда немесе татарға, татардан деген сөздер
қолданылған.Ұлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде), кейінірек
— Сарай-Берке қалалары болған. Алтын Орда кепұлтты мемлекеттік құрылым еді.
Ол қоғамдық-экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірінен айырмашылығы
үлкен, өзінддк мәдениеті мен әдет-ғұрыптары бар, әрі алуан халықтар мен
тайпалардан құралатын. Дешті-Қыпшақ даласында көшпелілердің басым кепшілігі
ең әуелі қыпшақтар, сосын барып қаңлылар, қарлықтар, наймаңдар т.б.
болатын. Алтын Орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар мен мордва, орыстар
мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер т. б. тұратын. Монғолдардың ездері
тіпті аз еді. XIII—XIV ғғ. шамасында, әсіресе XIV ғ. монғолдар іс жүзінде
түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы татарлар деп атала
бастады.*
Алтын Орданың мемлекет қурылымы тұтас алғанда Шыңғысхан енгізген үлгінің
ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі саналды. Аса
маңызды мемлекеттік мәселерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері бастаған
ақсүйектердің жалпы жиналысы-құрылтай шақырылатын болған. Армияны, басқа
мемлекеттермен арадағы елшшік қарым-қатынасты беклербегі басқарған атқарушы
екіметтің орталық орыны — диуан басында уәзірі тұрған. Қалалар мен
бағынышты ұлыстарға даруғалар мен басқақтар тағайындалған, олардың міндеті
— алым-салық жинау болған. Ең маңызды қызметтерді хан отбасыныңмүшелері
атқарған. Ірі-ірі нояндар, бектер, әмірлер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер
Хан жоғарғы билік иесі
Юань империясының әлеуметтік жағдайы
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
Шыңғыс хан дәуірі
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
Астанасы Алмалық қаласы
Пәндер