Ұлы және Орта жүздің Ресейге бағынуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.
Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.
Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан қармау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы -- 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады.
XVIII ғасырдың cоңы мен XIX ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды. Орта Азия хандықтары ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенді. Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылғы ақпанда 10 мың əскерімен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған
қазақ шаруаларының азаттық қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып кетті. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістері Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулиеата, Пішпек аудандарын қамтыды.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары Ресей сыртқы Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.
Бұл оқиғалар Лепсі мен Іле аралығындағы қазақтардың және 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдетті. Орыс әскерінің Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы іске асырылды.
Патша үкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыратқан орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазакстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форцостына дейін көшірілді. Сөйтіп, Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты XVII ғасырдың 60-жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды.

Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңадан көптеген әскери күштер әкелінді. Бұдан басқа патша өкіметінің өкімшілігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанға орталық губерниялардан орыс шаруаларын қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды ығыстырып шығару жөнінде шаралар қолданылды. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне тиым салынды. Патша өкіметінің отарлау ежелден тұрып жатқан қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты, Сібір әкімшілігі мен қазақ сұлтандары арасында шиеленіс тудырды. Шығыс аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, Цин империясы әскерлерінің Қазақстан жеріне басып кіру қауіпі, 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмамбет өлгеннен кейін хан болып сайланған Абылайдың Ресей бодандығын сақтай отырып, Қытай империясы өкімет билігін де қабылдауға мажбүр етті. Абылай ұстанған екі жақты бодандық саясат Қазақстанның өмірлік мүдделеріне сай келді. Екі ірі мемлекеттің Абылайды Орта жүз ханы деп мойындауы, оның позициясын едәуір нығайта түсті. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы күресте үш жүздің жасақтарын біріктіріп, қазақ халқының азаттық Күресін ұйымдастырған айбынды әскери қолбасшы болды. Абылай аса ірі шайқастарда ерен ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ол қазақтардың бір орталыққа бірігіп, сыртқы жаулармен күресте олардың еркіндігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірді.
1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланды. Ол бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да бодан болатыны жөнінде ант беріп, өз әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетті. Дегенмен, оның тұсында хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы өсіп, мұның өзі қазақ хандығының әлсіреуіне әсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасады. ХҮІІІ ғасырдың аяғы -- XIX ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастады. Мұнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей империясының екі жүзді саясаты
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
Орта жүздің Ресей империясының құрамына кіруі
Кенесары Қасымұлы — ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Кіші жүздің ханы Ресейге қосылуы жөнінде елшілік жіберуі
ХVІІІ ғ. 50-70 ж.ж. Қазақтардың шығысындағы ахуал,«Шаңды жорық»
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУ БАРЫСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙ
Қазақ шаруалары
Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. (ХҮІІІ ғ. 30-40 жж. )
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Пәндер