1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәсе­лесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Ресей мем­лекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін» - деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет құла­тылды.

Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешек­тегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясы­нан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының ас­тынан кетпеуге шақырды.

Петроградтағы Қазан төңкерісі

1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В. И. Ульянов (Ленин) болды.

Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық ха­лықтардың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.

1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.

Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ұлттық үкіметтер

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнады. Бұл үкіметтің Кеңесі құрамында мұсылмандар болған жоқ. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін бас­шы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.

Съезде Алаш автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алашлорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.

Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды. Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды . «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:

-басқару түрі;

-автономия;

-азаматтық негізгі құқықтары;

-дін ұстану туралы мәселе;

-соттар туралы;

-қорғаныс;

-салық;

-жұмысшы мәселесі;

-халық ағарту;

-жер мәселесі.

Кеңестер билігі Сырдарияда

1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы 7 қарашада Түркістанда орнады.

Кеңестер билігі Торғай облысында . Торғай облысында атаман Дутов бастаған қазақтар мен Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшы­рады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде кеңестер билігі орнады. (басшысы В. М. Чекшаров) .

1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В. Ф. Зинченко) .

1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.

1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады.

Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда

Бұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады.

1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И. Д. Дубинин) .

1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.

1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.

1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.

1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.

1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына көшті.

1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді.

Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда

1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады. Бірақ осы жылдың наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап, Кеңестерді биліктен тайдырды. Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана орнады.

1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады.

Кеңестер билігі Жетісуда

1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс нәтижесінде орнады.

1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі орнады. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, Т. Боткин, Т. Өтепов т. б. революционерлер аянбай күресті.

Социалистік экономика және мәдениет. Кеңестер билігінің орнауына байланысты Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Барлық кеңестер іске кірісті. Кеңестер жанынан қаржы, өнеркәсіп, жер, ағарту, әділет, денсаулық сақтау басқармалары жұмыс істеді. 1918 жылы 21 наурызда Орынборда кеңестердің I Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабыл­данды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.

1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съездің құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік социалистік рес­публикасы құрылды. 1918 жылы Кеңес өкіметі көптеген өнеркәсіп орындары мен банкілерді мемлекет қарамағына алды.

Халықты азақ-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданылды.

1918 жылы Ақмола мен Семейде сауда ісін жүргізу азық-түлік комитетіне жүктелді.

Кеңес өкіметі ағарту мәселесі бойынша нақты шараларды жүзеге асыра бастады.

С. Сейфуллин Ақмола облысындағы, С. Меңдешев Бөкей ордасындағы білім беру бөлімдерін басқарды. Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақсатында қазақ бөлімін құрды. Бұл істер азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды. Қазақстанда кеңестік мемлекеттік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер

Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру басқар­масы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуына Қазақстан қала­ларында құрылған революциялық комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы тап­тардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты.

Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе кеңесі қалалық басқарманы кеңес басқару орны етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытшы үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік басқармаларына тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі Кеңестің қарамағына алынды.

Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы 10 қара­шадағы Жарлығымен адамдардың сословиеге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиелік мекемелер, ұйымдар жалпы сосло­вие атауы жойылды.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ. Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір жер­лерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы алақұлалық жойылып, Кеңес атқару ко­митеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.

РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы «Сот туралы» жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен қылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.

1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстарының орталығы Омбы қаласы болған, ол Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясының қарамағына кірді.

1918 жылғы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден тұрды.

Кеңес өкіметінің декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, орта кәсіпорындары мемлекет меншігіне көшті.

Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастрлердің, помещиктердің, бай казак-орыстардың, патша шенеуніктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды.

1917 жылғы қарашадан - 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды.

1918 жылдың жазынан - 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыста­ры жүргізілді.

1921-1922 жылдары жер-су реформасы іске асырылды.

1924-1927 жылдары жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Кеңес өкіметі алға қойған маңызды міндеттерді іске асыруда тәжірибенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т. б. себептер негізінде бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғаны, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жағдайлар болды. Халықтың өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф. И. Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде - Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 жылы желтоқсанында өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «Ауылды кеңестендіру туралы» шешім қабылданды. Республикада «Кіші қазан» революциясын өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол қазақ халқын қайғы қасіретке ұшыратты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАУЫ ТАРИХЫ КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА
Ақпан революциясы жайлы
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
Қазан төңкерісі
Азамат соғысы
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі
1917 жылғы қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz