Желтоқсан көтерілісі, хронологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңына қазақ жастары жиналып, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына Қазақстанда бір күн де жұмыс істемеген және есімі де елге белгісіз Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсылық танытты. Қазақ жастарының бұл наразылығы бүкіл әкімшіл-әміршіл жүйеге наразылыққа ұласты. Кремль саясатына қайшы келетін шеру қатыгездікпен жаншылды. Жастарды таратқаннан кейін қуғын-сүргін басталды.
Бұл уақиға жайлы советтік баспасөз тіс жармағанын, жазса да жастарды аяусыз сынағанын Казахстанская правда мен Ленинская смена газеттерінде 1986 жылдың соңында жарық көрген бірқатар материалдардан байқауға болады.

АЛҒАШҚЫ ХАБАР
Қазақ жастарының Алматыдағы жиыны туралы 1986 жылы 18 желтоқсанда ТАСС ақпарат агенттігі қысқаша хабар берді. Бұл ақпарат келесі күні Казахстанская правда газетінде, ал тағы бір күннен соң Ленинская смена газеінде жарияланды.
Кеше кешке және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтердің азғыруына бой алдырған бір топ студенттер Қазақстан Компартиясы
Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақтың бойжеткенін милиция мен әскерилер ұстап әкетіп барады. Желтоқсан, 1986 жыл. (Болатбек Төлепбергеннің Біз білмейтін желтоқсан кітабындағы сурет).
Орталық комитетінің соңғы пленумының шешімін қолдамайтындарын білдіріп көшеге шықты. Қалыптасқан жағдайды бұзақылар, арамтамақтар мен өзге де жат пиғылды адамдар пайдаланып, тәртіп сақтау органдарының өкілдеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасады, азық-түлік дүкендері мен көліктерді өртеп, қала тұрғындарының ар-ожданын қорлайтын іс-қимылдарға барды, - дейді Алматыдан хабар деп аталатын ТАСС-тың шағын ақпараты.
Бұл хабарға дейін республикалық екі ірі газет - Казахстанская правда мен Ленинская смена17-18 желтоқсандағы қазақ жастарының шеруі туралы ләм-мим деген жоқ. Алайда көп ұзамай-ақ қарсылық акциясына қатысқандарды барынша қатаң жазалауға шақырған ұрдажық мақалалар жарық көре бастады. Жастардың бұл шеруін советтік баспасөз зиянды, теріс әрекет, ұлтшылдықтың көрінісі және жаппай тәртіпсіздік ретінде баса көрсетті.

ЛАЙ СУДА

Казахстанская правда да, Ленинская смена да біршама уақыт өткен соң шеруге шыққандардың ісін қараған коммунистер мен комсомолдардың партиялық жиындары туралы жалынды есеп бере бастады. Советтік саясатқа қарсы митингіге қатысқаны үшін оқудан да, комсомол қатарынан да шығарылған жастарды мақала авторлары жерден алып, жерге салды.
Сондай мақалалардың бірі Ленинская смена газетінің жас тілшісі Евгения Доцуктың атынан жарық көрді. Ол 1986 жылы 22 желтоқсанда жарияланған На мутной волне деп аталатын мақаласында Желтоқсан оқиғасына қатысқан кейбір студенттерді комсомол қатарынан шығарған Алматы энергетика институты комсомол комитетінің отырысы туралы
Брежнев алаңындағы қазақ жастары. Алматы, 17-18 желтоқсан, 1986 жыл.
баяндайды. Тілшінің сөзіне қарағанда, институттағы екі жарым мың комсомолдың 25-і 1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматы алаңында болған.

Солдан оңға қарай: Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайджумаев, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.

Электротехника факультетінің комсомол комитеті хатшысының орынбасары Болат Шәкіровтің олар жайында айтқаны зығырданды қайнады. Ол бірнеше сағат бойы кезекшілікте тұрған еді. Сондай кезде жаныңда коммунистік идеалдарға шын берілген өзің сияқты адамдардың болғаны қандай жақсы екенін жан-жүрегімен сезінді. Мұндай жолдастардың арасында Константин Някшев, Гүлнәр Биғозина, Олег Васильевтер бар болатын. Желіккен жастарға қарсы жалғыз өзі шыққан электротехникалық факультеттің комсомол хатшысы Нұрлыбек Шопановқа да оңай болған жоқ. Оларды қисынсыз, жөнсіз әрекеттен қайтарататын сөзді де таба білу керек еді, - деп жазады Евгения Доцук.

Ол сондай-ақ комсомол комитетінің хатшысы Ерлан Әбдірахмановты та айта кетеді. Автордың жазуына қарағанда, Ерлан Әбдірахманов сол күндері жедел штабты басқарып, кейіннен Сырлыбаева мен Шаймерденова деген студенттердің жеке істерін қарауға қатысқан.

Олар қорыққанынан әртүрлі желеулерді ойлап таба бастады. Олардың әр сөзін тексеруге бірнеше сағат кетті. Әңгімелесу барысында ой-өрістері таяз, білімдерінің өте төмен екендігі аңғарылды. Осы тұрғыдан келгенде, мұндай білімсіз студенттер институтқа қалай түскен деген сауал туды. Энергетика институтында баяғыдан бар деп жүрген парақорлықтың бұл да бір салдары емес пе екен? - деп жазады Евгения Доцук.

Айта кетерлік жайт, қазақстандық жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау процесі 1987 жылы 24 қаңтарда Известия газетінде жарық көрген Өрмекшінің торы (Паутина) деп аталатын аты-шулы талқандағыш мақалада да қатты сыналды. Мақала авторы Щепоткин оқу орындарын жайлап алған жемқорлықты, жершілдік пен тамыр-таныстықты өрмекшінің торына теңеді.
Евгения Доцук Сырлыбаева мен Шаймерденованың комсомол қатарынан шығарылғанын жазады. Мен оларды бірнеше күн бұрын қала көшелерінде көрген едім. Сөйтсек ұлтшылдықты ұрандатып жүрген бұл адамдар өздерінің не істеп жүргенін де толық білмейтін болып шықты.
Желтоқсан оқиғасы белсенділері E.Көпесбаев, T.Тәшенов, Қ.Рысқұлбеков, Қ.Күзембаев сот залында. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккердің суреті)
Енді абыржып, бейшара болып тұрғандары мынау. Көпшілігі өкініп жатыр, - деп жазады мақала авторы Евгения Доцук.
Мақала авторы сонымен қатар, бір топтың комсоргы Сұлтанмұратовтың оқудан шығарылғалы жатқан студенттерді қолдап сөйлегенін түйрей кетеді. Бұл комсоргтың студенттерді саяси-идеялық тұрғыдан тәрбиелеу мәселелерінен мақұрым екендігіне таңқалмасқа шара жоқ. Осындай адамды қандай еңбегі үшін комомол жетекшісі етіп сайлаған? - дейді Евгения Доцук.

СОТ ЗАЛЫНАН
ҚазТАГ агенттігінің репортерлері де 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға шығарылған сот үкімдерін осындай сарында баяндайды. Қоғамға қарсы әрекеттер жасаған, азаматтық жауапсыздық пен саяси тайыздық көрсеткен жастар жауапқа тартылып жатыр деген хабарларды бүкіл елге құшырлана таратты.
1987 жылы 8 қаңтарда Ленинская смена газеті көшіріп басқан Әділ жазасын алды (Наказана по справедливости) деп аталатын ақпаратта Қазақ ССР Жоғарғы сотының мүшесі Р.Оспанованың басқаруымен өткен Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
16 Желтоқсан «Тәуелсіздіктің бағасы»
Жапон отарлау саясатына қарсы корей халқының ұлт-азаттық көтерілісі
1850-70 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс
Тарихи маңыздылығы
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
Украинадағы 1990 жылдардан кейінгі саяси –қоғамдық жүйесінің дамуы
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Пәндер