Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттiк Медицина Университетi

Студенттiң өзiндiк
жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Дисциплина:Экология және тұрақты даму
Кафедрасы:Жалпы гигиена және экология
Курс:1
Тақырыбы: Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау

Орындаған: Кушмагамбетов Т.Д Группа:102
Тексерген: Кенжалина А.С

Ақтөбе 2017
Жоспар:
I Кiрiспе бөлiм
Қазақстан қорықтары
II Негiзгi бөлiм
1. Ақсу-Жабағылы қорығы
2. Наурызым қорығы
3. Алматы қорығы
4. Барсакелмес қорығы
5. Қорғалжың қорығы
6. Марқакөл қорығы
7. Үстірт қорығы
8. Батыс Алтай қорығы
9. Алакөл қорығы
10. Қаратау қорығы
IIIҚорытынды бөлiм
IV Пайдалынған әдебиеттер

I Кiрiспе бөлiм
Елімізде өсімдіктер мен жануарларды арнайы қорғайтын тұтас табиғи аймақтар - қорықтар ұйымдастырылған. Елімізде 9 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қамқорлығында.
Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.

II Негiзгi бөлiм
Ақсу-Жабағылы қорығы -- Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып
жатқан Қазақстандағытұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы Қарабастау (126 гектар) және Әулие (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу - Жабағылы қорығыЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.
Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша,рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пеналтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.
Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.
Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын сурет галлереясын табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Наурызым қорығы - Қостанай облысы Наурызым
және Әулиекөлаудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл,Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі,суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта "Табиғат мұражайы" жұмыс істейді.

* Флорасы
Қорықтың өсімдіктің әлемі жоғарғы өсімдіктің 687 көрінісін ішіне алады, не ылғи көп түздік зона үшін. Шоққарағайдың Наурзумского қарағайлы қармақбаулары реликтік болып табылады, себебі олар үштіктен малоизмененном көріністе сақталды немесе төрттік кездің түптері. араның олардың эндемиктің 5 көрінісі, және Сырт-Тобольскте флористикалық аудандарда(қайың қырғыз, Нинаның ақтаспасы, ақтаспа қостанай, жебіршөп қазақстандық, льнянка ұзынды) ара Арало-Каспийском таратып жібердім, ал да 5 көрініс реликтік: жестколистый тонконог, селеу алашабыр, чий жылтырақ, түнғиық ақ, Шобера ақтікені. Флорада элементтің қатынасуы как солтүстіктің бореальсының, олай және оңтүстіктің флорасының қаралады. Батпақ-орманның флорасының ескі элементтерінен тап-: телиптерис батпақ, қалақай , құлмақ нышанасыз, ; солтүстіктің Қазақстаны үшін сирек бореаль көріністер: қысқы, жекен двухтычинковая, түбіт пішінді, белозор батпақ, мойыл нышанасыз. Плиоцен көріністің қатары талды ішіне алады

* Фаунасы
Қорықтың айуанаттар дүниесі арада толық шарада дейін осы уақыттың өте алуан және таныспаппын. Орнитофауна ең бай. Ара құрам 282 көріністің орнитофауны, соның ішінде 158 ұялас. Аймақтық далаларда ең типті түздік және ақ бозторғай, қара бозторғай, түздік шатыржал, нышанасыз каменкалар, безгелдек, түздік ителгі, кречетка, тырна-итжидек, түздік орел. Дымқылда- телімдер үшін вблизи көлді шұқырлардың, соров және западинах шалғындық өсімдік және түздік бұтаның зарослями сары қаратамақ, қарабас чекан, бормотушка, жулан сорокопут, бөдене, сұр шіл, шалғындық ителгі, үлкен шалшықш типті. бас орманның телімдерінде тетерев, үлкен ала тоқылдақ, мысықторғай, вяхирь, нышанасыз горлица, үлкен ақсағал, лазоревка ақ, нышанасыз қызылқұйрық, орманның шатыржалының және сырттар тұр-. Өте жаядай азулының(28 көрініс) отриады ұсын-, олардан 18: орлы ұялайды - бүркіт, там және түздік; ителгілер - түздік, шалғындық және батпақ; сұңқарлар - қырғи, чеглок, дербник.

Алматы қорығы- Іле Алатауыныңорталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналас - кан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты ор - ман Тянь Шаньшыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құламашөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұзбасқан құздар алып жа - тыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

* Жануарлар
Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т.б.) бар.Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақа кездеседі."Қалқан" мен "Әнші тау" маңында аңның 43, құстың 85, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді.Онда кездесетін аңдардың негізгі түрлері: арқар, қарақұйрық, елік, қасқыр мен түлкі, шұбар күзен және сасық күзен,ал құстардан: бөдене, шіл, кекілік, жетісу қырғауылы, тұйғын, жағалтай, құладын, ақбас құмай,тазқара,бүркіт және қыранқара мекендейді. Қосмекенділерден:жасыл құрбақа, сібір көлбақасы тіршілік етсе, бауырымен жорғалаушылардан: сұр жылан(улы жылан), қара шұбар жылан (усыз) және кесірткелер кездеседі. Қорықта еліктердің саны тиянақты қорғаудың нәтижесінде 500−ден асып отыр. Мұнда елік мекендеуге қолайлы оң мыңға жуық орман алқабы бар. Олар жыл мезгілдеріне байланысты таудың әртүрлі биіктігіне ауысып отырады. Сол сияқты бұл өңірде таутеке де мекендейді. Мәселен, қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің қоры 560 - тай екендігі анықталады. Таутеке мәңгі мұзға дейін көтеріліп, жартастар мен құздардың арасында тіршілік етеді.Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Сондай - ақ мұнда марал сирек кездеседі. Бұл жерде жыл маусымдарына байланысты арқар да болады. Олар қыс айларында күндіз жайылады да, түнде тығылып жатады. Көбінесе күзгі - қысқы айларда үйір - үйірімен жүреді. Қорық территориясында ақтөс сусар, орман көркі - ақтиын кездеседі.Олар шыршалы ағаштардың жаңғағынан және саңырауқұлақтарды қорек етеді. Кей уақыттарда тау етектеріне түсіп жеміс - жидектермен де азықтанады. Ал суыр тау беткейлерінен ін қазып алып, сонда мекендейді. Әр інді қазып алып, сонда мекендейді. Әр інде 5-10 суыр болады. Күзге қарай қатты семіреді. Күн жылына бастаған кезде қысқы ұйқысынан оянады. Мұнда тау суырынан қоры мол. Қорықтың шөл және шөлейт аймақтарына таралған тұяқты аңдардың,бірі - қарақұйрық . Бұл аң көбіне ашық далалы, шөлді жерлердің ойлы - қырлы төбешіктерінде, тау етектері мен сайлардағы жер қыртысы неғүрлым қаттырақ жерде тіршілік етеді. Қазіргі кезде ол халықаралық "Қызыл кітапқа" еніп отыр. Сондықтан да олардың саны жылдан - жылға өсіп келеді. Қорық жерінде олардың тіршілік етуіне қолайлы жеті мың гектардай жер бар. Бірақ олар жыл маусымдарына қарай қорықпен көршілес жерлерге кетіп қалады да, онда табиғатқа қас адамдардың атқан оғына тап болады.

Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілержәне қос мекенділер өмір сүреді.Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

* Табиғи қоры
Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан,адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлеміненқұлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген "қазақ құланы" деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.
Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пенқарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті.
Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы "Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы" №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың "Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау" деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Енді Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы ықпал етті. Ал қорық жеріне ғылыми-техникалық сараптама жасауға Аралдың құтқару қорының президенті Алмабек Нұрышев қаржылай көмек көрсетті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік "Қызыл кітапқа" енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі - құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның "Қызыл кітабына" жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.
Қорық екі кластерден тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы Барсакелмес аралының 50 884,0 гектарлық алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр және Қасқақұланаралдарынан қалған 10 9942,0 гектарлық танап қамтиды. Бұлардың барлығы 160 826,0 га жерге жетеді. Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. Ақ түтек шаңды мол ылғалды су мен танаптағы өсімдіктер ғана тоқтата алады.
Осы орайда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының басты міндеті мұндағы сабақты иненің әзер ілініп тұрған жібін үзіп алмау болып отыр. Сол тіршілік көздерін сақтап, молайтумен бірге, оған тұрақты мониторингтік бақылау жасау, жыл сайын жануарлар мен өсімдіктер әлемін санақтан өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғат пен адам арасындағы үндестік түсіністікке дәнекер болу, күнделікті табиғат жылнамасын жазу, ғылыми семинарлар мен сабақтар ұйымдастыру осы жұмыстарды жалғастырады. Бұлардың "Барсакелмес қорығының флорасы және табиғат қорғау іс шаралары" тақырыбымен осындағы қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. З.Әлімбетова, "Барсакелмес қорығының герпетофаунасы және континенталдық байланыста өзгеруі" тақырыбымен маман Г.Сатекеев айналысуда. Сол сияқты "Арал теңізінің тартылу жағдайында Барсакелмес қорығы құландарының экологиясы" тақырыбына А.Жылқайдаров бөлінсе, "Қазіргі таңдағы экологиялық жағдайдағы Барсакелмес қорығының оринтофаунасы" мәселесімен Б.Қуандықов шұғылданып жүр. Бұл төрт тақырып бойынша белгілі ғалымдардан ғылыми жетекшілер белгіленген.
Қорықтың екінші екпін, тың тыныс алуына 2005 жылғы 27 сәуірде Арал өңіріне ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың ат басын бұруы үлкен серпін берді. Мемлекет басшысы сол жолы қала орталығында қорық жөніндегі анықтамалық стендтерді қарап тұрып, аймақтың табиғатында әлі де сақталып, өсіп-өнген эндемикалық жануарлар мен өсімдіктердүниесіне қызығушылық білдірген еді. Елбасының сол сапарынан кейін Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің терістік бөлігін сақтап қалу жөніндегі ғасырлық салмағы бар жобаға жан кірді. Көп ұзамай сол жылдың күзінде Көкарал бөгеті қалпына келтірілді. Осынау ғаламат құрылыстың сапалы да тез бітуіне Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтің көп еңбегі сіңді. Бұл нысанды әлемнің сегізінші кереметі атауға болады. Себебі, жердің жағрафиялық картасынан жоғалған Солтүстік Арал теңізінің қайта қатарға қосылуы тіршіліктің жаңадан жандануына әсер етті. Осыдан кейін бұрынғы балықшылар отбасы қайықтарымен су айдынына шығып, ата кәсібін жалғастырды, төзімділік таныта білген елге береке келді. Солтүстік Арал акваториясысодан бергі бар-жоғы екі жылдан сәл астам уақыт ішінде мамандар күткен мөлшердегіден әлдеқайда тез және мол суға толып, түстіктегі қорық аумағына да өзінің оң ықпалын тигізе бастады.
- Бүгінде қорықта құландар саны 230-дан асып отыр. Баяғы "көшкен елдің жұртында қалған" ауру-сырқау, кәрі-құртаң 50 құланнан бас-аяғы 20 жылдан сәл астам уақыттың ішінде 200-ге жуық ұрпақ өсіп-жетілді. Жануарлардың бұлай күрт өсулеріне жаңа Қасқақұлан аймағынан жайылым алаңының кеңеюі, тұрақты таза су көздерінің пайда болуы себеп болды. Бұл ретте аң-құстың қас жауы - браконьерлерге қарсы тұратын қорық инспекторларының қызметтері де ерекше. Соңғы үлгідегі техникамен жүретін солардың көбін ұстау да оңайға түспейді. Осы орайда, мемлекеттік қорықты соңғы үлгідегі жабдық-жарақтармен ұдайы жабдықтап отыру өмірлік мәні бар маңызды мәселе болып қала бермек.
Ендігі айтылатын жәйт, Аралды оңтүстік пен солтүстікке бөлмей, оның табиғатының тұтастығын толықтай сақтағанымыз абзал. Алайда оңтүстік теңіздің кепкен 4,0 млн га. астам тіршіліксіз тақыр табаны бүгінде нағыз апат ошағына айналып, жылына жүз миллиондаған тонна тұзды шаң жер бетіне таралып жатыр. Жылдар өте келе оңтүстік Арал теңізінің қалған батыс бөлігіндегі су мүлдем жойылса, экологиялық ахуал бүгінгіден әлдеқайда нашарлай түседі. Қазіргі таңда сол жердегі шаңды тозаң желмен көтерілгенде 3-5 метрдегі ағаштарды ақ түтек тұзды шаңға орайды, осы құбылыстың салдарынан адамның көзі қызарады, бет-аузы тұзды топырақтан ашиды, тыныс алуы қиындайды. Алайда, бұл құбылысты тоқтатудың өзіндік жолдары да бар. Ол, жоғарыда айтқанымыздай, теңіздің құрғаған табанын көк өскіндермен жауып, осында орман алқабын өсіру. Қызылорда облысында қоршаған ортаны қорғауға немесе орманды алқапты ұлғайтуға арналған жобада қаралған 35 млн. АҚШ долларының 8 миллионы Аралдың кепкен табанына 59 мың га. жерді алып жататын сексеуіл отырғызуға жаратылады. Алты жылға жоспарланған бұл жұмыстардың барысында теңіздің кепкен табанынан жер асты суын ұңғыма арқылы шығарған жағдайда сексеуіл де, жыңғыл да өздігінен өсу дәрежесіне жетеді. Мұнда Оңтүстік Аралды қалпына келтіруге қарастырылған қаржының 5-10 пайызы ғана бөлінсе, жер асты суларын бұрғылап шығаруға болар еді.

Қорғалжын қорығы - Ақмола облысы Қорғалжын ауданындаорналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз - Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы - 41 - 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 - 39ºС-қа жетеді. 125 - 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек,боз селеу, қызғылт, тобылғы,бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұндасүтқоректілердің 37 түрі, құстардың294, бауырымен жорғалаушылардың 3,қосмекенділердің 2, балықтардың10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен,борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 - 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз,тұрпан, қара дегелек, бірқазансияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін - қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде "Қызылқанат" деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 - 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 - 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

* Өсімдіктер әлемі
Теңіз-Қорғалжын жүйесіне ғарыштан көрініс
Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабынаенген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.

* Жануарлар әлемі
Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұндасүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері - балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.
Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия - Үндістан және Сібір - Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары Рамсар тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтыңәлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі -- 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).
Марқакөл қорығы - республикамызда құрылған алтыншы мемлекеттік қорық. Бұл қорықтың ұйымдастырылғандағы негізгі мақсат - маңайда сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғап, сонымен бірге орман мен айдын көлдерін, тау, өзендердің әсем табиғатын табиғи қалыпта сақтау. 1976 жылы құрылған. Марқакөл қорығы - Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай тауыныњ, Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 71 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Оның 3756 гектары тегіс орман, ал жайылым 21 гектардан асады. Қорық аймағындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аймағы үшін қаңтардың ең төмен орташа температурасы -26оС, -27оС, кейде аяз- 55 оС - қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы + 14 оС, + 17 оС, ең жоғарғысы + 30 оС- қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық. Марқакөл қорығы - жан-жануарларларға аса бай, көркіне көз тойғысыз Оңтүстік Алтай алќабыныњ биік таулы өңірі мен Марқакөл көлінің табиғатын комплексті қорғау үшін ұйымдастырылған. Марқакөл - Алтайдағы Күршім мен Азу жотасының аралығындағы терең ойпатта шалқып жатқан үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлатар, жылғалар құяды. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, ал солтүстігі - аласа, жазықтау болып келеді. Көлге айналасындағы тау-жоталарынан ірілі-ұсақты 28 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады.
Қорықта көптеген шипалық мәні бар жоғарғы сатыдағы өсімдіктер де баршылық. Енді солардың кейбіреуіне тоқталсақ. Самырсын немесе Сібір Қарағайы - жаңғағы жеуге жарайтын өте бағалы ағаш. Көп уақытқа дейін Сібір қарағайын жаңғақ алатын өсімдік ретінде кесуге тиым салынып келген. Өйткені оның жаңғағы 65 процентке дейін май береді. Жаңғақ тайгада нанның, еттің, жұмыртқаның орнынын ауыстырады. Жаңғақтан сібірліктер жоғары сапалы май және кілегей алған. Сібір қарағайының жаңғағы - ормандағы жан- жануарлардың тіршілік арқауы. Жаңғақ піскен кезде бұл жерге орман тышқандары, барша тышқан, самырсын торғайлары жиналып таласа- тармаса қысқы азықтарын жинайды. Самырсын көне заманнан сақталып қалған реликт өсімдіктердің қатарына жатады. Тайганың бұл бағалы ағашы көп жасайтын өсімдіктердің қатарына жатады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен алтын тамыр кездеседі. Жалпы Марқакөл қорығы мен оны мекендеген жануарлар әлемі ерекше қорғауға алынған. қорыҚта теңіз деңгейімен салыстырғанда 1400-1500 метр биіктікте бес биіктік белдеуі бар. Таулы тайга белдеуі, тау шалғыны белдеуі, таулы тундра белдеуі және Нивальдық (қарлы) белдеу (2800-3000 метр биіктікте). Қорықтың өсімдік жамылғысынан орманда, негізінен, Сібір балқарағайы, шырша, қайың, көктерек өседі. Қорықта жануарлар дүниесі мен өсімдіктер түрін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Қызыл кітап жайлы
Қазақстан Қызыл кітабы
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Түрлерді қорғау. Табиғатта кез келген түрдің өз орны бар
Қазақстан қорықтары жайлы
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кемірушілердің түрлері
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Қазақстанның табиғи қорықтары
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Пәндер