Ауа ластануын экологиялық бағалау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Негізгі сұрақтар:

1. Атмосфераның ластануы, ластаушы заттар, олардың түрлері және табиғи сипатына байланысты жіктелуі.

2. Ауа ластануын экологиялық бағалау.

Өндірістің қарқындап дамуына және отын ресурстарын кең көлемде пайдалануға байланысты атмосфера ауасындағы оттегінің қоры азайып, керісінше, көмір қышқыл газының мөлшері артуда. Академик А. П. Виноградовтың зерттеулері бойынша, СО 2 -ның концентрациясы жыл сайын 0, 2%-ға артып отырғанын дәлелденді. Адамзат тарихында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап бүгінгі күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 90%-ын соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртегі айналымының бұзылуы мен атмосферада көмір қышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі химиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді.

Ластану деп белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе осы заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын атаймыз. Атмосфераның ластануының екі жолы бар:

1) табиғи ластану;

2) антрапогенді ластану.

Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаулардың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, өлекселердің шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру тудыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космостан келетін шаң-тозаңдар жатады.

Космостық шаң-тозаңдар атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан зор жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады екен. Олар 60-70 км биіктікте көп жағдайда жанып үлгереді.

Ғалымдардың есептеулері бойынша тәулігіне жер бетіне 10 18 кішігірім метеориттер түседі. Соның салдарынан жыл сайын жерге 2-5 млн тонна космостық шаң-тозаңдар түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін диаметрі 10 -16 -10 -5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластаушылар арасында шөлді дала мен басқа да сусыз аймақтарды айрықша атап өтуге болады. Атмосферадағы шаң-тозаңдардың маңызы зор. Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн сәулесін тікелей сіңіріп, жердегі тірі организмдерді күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектердің, азот тотықтары және т. б. заттардың түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне жағдай жасайды.

Атмосфераны ластаушы заттардың басым бөлігі (82%) антропогендік жолмен түсетіндігі төмендегі кестелерде келтірілген (1-кесте) .

1-кесте. Атмосфераға түсетін ластаушы заттардың мөлшері

Заттар

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына

Заттар:

табиғи

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

антропогендік

Заттар:

СО

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

-

Заттар:

SO 2

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

1, 4х10 8

Заттар:

NO x

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

1, 4х10 9

Заттар:

Аэрозольдер

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

(7, 7-22, 0) х10 10

Заттар:

Полихлорвинилді заттар, фреондар

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

-

Заттар:

Озон (О 3 )

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

2, 0х10 9

Заттар:

Көмірсутектер

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

1, 0х10 9

Заттар:

Қорғасын (Pb)

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

-

Заттар:

Сынап (Hg)

Ластаушы заттардың мөлшері, тонна/жылына:

-

Атмосфераның табиғи жолмен ластануына табиғаттың алапат, апатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай. Мысалы, жанартаулардың атқылауы нәтижесінде орта есеппен жылына атмосфераға 30-150 млн. тонна газ және 30-300 млн. тонна ұсақ дисперсті күл тасталып отырады. Тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997ж. ) ауаға 20 млн. тонна күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар химиялық ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын, селен және т. б. түсіп отырады. Ірі орман өрттері салдарынан да атмосфера көп мөлшерде шаңмен ластанады.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіп орындары, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп, ластауын мынадай негізгі түрлерге жіктеуге болады: шикізат, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (әдетте, су буы ластағыштар қатарына жатқызылмайды) . Техногенді тастандылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегінің, күкірттің, азоттың тотықтары мен фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Үкімет бұл бағыттың маңызды екенін мойындап, тіпті алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатыны айтылды. Алау-оттықтарда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде температураның өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін республикамызда атмосфералық ауаны қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де жатқызылады.

Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздерге - автокөліктер, көліктің басқа түрлері және өндіріс орындарын жатқызуға болады. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25, 5 млрд. тонна көміртегі тотықтары, 190 млн тонна күкірт тотығы, 65 млн тонна азот тотықтары, 1, 4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер, көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа - мұхит бетінінің ауасы. Ауылдық жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, шағын қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Ірі қалаларда ауаның ластануы 1, 5-2, 0 км биіктікке дейін жетеді. Әрбір автокөлік жылына 800кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға шығарады. Автокөліктерден бөлінетін газдардың құрамы - 200-дей заттардың қоспаларынан тұрады. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Автокөліктер кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер мөлшерін анағұрлым көп бөледі. Қалыпты жағдайда қозғалтқыштан бөлінетін газдың құрамында СО 2 - 2, 7% болса, жылдамдықты түсірген жағдайда - СО 2 3, 9%-ға, ал жай қозғалған кезде көмір қышқыл газының мөлшері - 6, 9% дейін артады.

СО 2 ауаға қарағанда салмағы ауыр, жердің беткі қабатына жақын жиналады. Сондықтан жол жиегінде, бесік-арбада отырған нәресте СО 2 газын анасынан көп жұтады.

Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі - көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да арта түседі. Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ, II валентті көміртегінің тотығы СО қандағы гемоглобинмен (Hb) қосылып, карбоксигемоглобин (HbCO) түзіп, ал ол қосылыс басқа мүшелерге оттегінің жеткізілуін қиындатады. Өйткені ол гемоглобиннің иісті газбен қосылуы нәтижесінде түзілетін, әлсіз диссоциацияланатын, оттекпен байланыспайтын берік зат. Автокөліктерден бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (акролен, формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер де кездеседі. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттары бар қара күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына тетраэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100 жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86%-ы автокөліктерден шығарылады

Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр) . Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.
Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады.
Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады.

Атмосфералық ауаны ластаушылар - механикалық , химиялық , физикалық , және биологиялық болып бөлінеді.

Механикалық ластаушылар - шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0, 005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және т. б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетеді.

Американдық ғалымдар халқының саны 1 млн-нан асатын қалалардағы тұрғындарда ауаның ластануы мен тыныс алу жолдарының қатерлі ісік (рак) ауруының жиілігі арасында тікелей байланыс бар екенін анықтады. Көз ауруы, созылмалы коньюнктивит көбіне ауаның ластануымен байланысты. Сондай- ақ атмосфералық ауадағы шаң Жер бетіне түсетін ультракүлгін сәулелердін мөлшерін де азайтады.

Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып басқа қоспалардың әсерін төмендетеді. Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан 32 тонна, қарағайлар 36, 4 т, шамшаттар - 68 т шаң жинайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Ауаның ластануын талдау әдістері
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Атмосфераның ластаушы көздері
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Павлодар қаласы ауасының ластану көздері
Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау
Қала ортасындағы өсімдіктерге әсер ететін факторлар
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Атмосферадағы ауаның ластануын туғызатын негізгі себептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz