Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
«Экономика және құқық» институты
«Есеп және аудит» кафедрасы
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Пәні: Қаржылық есеп-1
Тақырыбы: Бюджетпен есеп айырысу есебі
Орындаған: ФК-10-5-С/С тобының студенті Меджанова М. Ж.
Тексерген: Нығметова Г. Ж., доцент
Сынақ кітапшасы: № 4100380
Ақтау-2012ж.
Жоспар
Кіріспе
- Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
- Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
- Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.
Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:
- Корпоративтік табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдарына салынатын салық;
- Мүліктерге салынатын салық;
- ҚҚС;
- Акциздер.
Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.
Бюджет - жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау ушін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салық - заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады;
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шот.
К-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төлегенде:
Д-т: «Әлеуметтік салық деп аталатын шоты;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлемшелер кіреді.
Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді.
Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберилген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.
Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.
Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының деклорациясын» ұсынуға тиіс.
Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Д-т: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шоты;
К-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» - шоты.
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:
Д-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шот;
К-т: «Ақщалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі
Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе ауқытша болып бөлінеді.
Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:
- Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;
- Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы)
- Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар.
Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.
Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:
- Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте - есептеу принципі, ал салық есебінде - кассалық әдіс бойынша) ;
- Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық ацырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;
- Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы басқалардан.
Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.
Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған құнға салынатын салық тауарларыөндіру, жұмысты орнату немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы
Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбеақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден тускен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.
Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететінқайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:
Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты;
К-т: «бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
«Акциздік салықтар»
Акциздік (жанама) салық дегеніміз - сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:
Д-т: «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;
К-т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:
Д-т: «Жалпы эәне әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;
К-т: «Жер салығы»;
«Көлік құралына салық»;
«Мүлікке салық» деп аталатын оттар түрінде екі жақты жазуы жазылады.
Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:
- Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.
Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен еспетелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.
Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының
- Ұлғаюына
- Азаюына
5430
3110
3110
5430
ІІІ
ІІ
632 - «Кейінге қалдырылған табыс салығы»деп аталатын шотқа түзетілер енгізуге байланысты:
-салық мөлшерін ұлғайтуға;
-салық мөлшерін азайтуға.
7710
4310
4310
7710
Пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде кездескен уақытша айырма салық сомасына:
-бюджетке төлеуге;
-зиянды жабу нәтижесінде есептелген
4310
4310
3110
7710
II
III
- Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктеріндің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңдытұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттардажүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.
Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:
Д-т: «Материалдар» шоты;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістілері.
Ал еншілес кәсіпорыннан бас кәс3іпорынның алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде:
Д-т: «Материалдық емес активтер»;
«Негізгі құралдар» және тағы да басқа шоттар;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға бас кәсіпорынның өтеген қарызына:
Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістісі;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Бас кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер арасындағы есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актілері негізінде дебиотрлық қарыз сомаларымен жабдықталуын мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:
Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері,
К-т: «Еншілес серіктестіктердің берешегі», «Тәуелді серіктестіктердің берешегі» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері. «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері.
Еншілес серіктестіктермен, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен ақшаларын, айналымнан тыс активтерді, тауарлық-материалдық қорларды кіріске алуы
- сатып алу құнына;
- қосылған құн салық сомасына
2730
2412, 2523, 2524
1310-1317
1030-1050
1010, 1030, 1420
3320-3330
3320-3330
III
III
Еншілес серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кәсіпорынның цехтарының, ғимараттарын жөндеу бойынша қызмет етуіне:
- қызмет сомасына;
- қосылған құн салық сомасына.
8044, 7440
1420
3320-3330
3320-3330
III
III
«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттарда талдамалық есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі.
- Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі.
Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.
Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:
Д-т: «Ақшалар» шоты.
К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Ал сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:
Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz