Климаттың өзгеруі, шөлейттену мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Климаттың өзгерулері[[1]] - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.
Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80 -- 90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800 -- 1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:
* Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
* Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін,
* Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері [[]]Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
* Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
* Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
* Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.
* Азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлайды.[[2]]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Климаттың антропогендік өзгеруі[өңдеу]
Климаттың антропогендік өзгеруі -- табиғи ортаға антропогендік өсердің (негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т.б.) ұзақ уақыт (10 жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатын, геофизикалық процестердің (Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы,1977-1981 жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет болатын жағдай деп есептеледі

2. Климаттың өзгеруі, шөлейттену мәселелері
Айналадағы ортаның (биосфераның) табиғи ерекшеліктері жөнінен Республика аумағының жартысынан астамы шөл және шөлейт аймақтарға жатады, ал табиғи-тарихи жағдайлары және табиғатты пайдаланудың қалыптасып отырған негізінен алғанда ресурстық-шикізаттық жүйесі жөнінен өндіруші және ұқсатушы кәсіпорындардың, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіп аймақтарының, әскери обьектілердің экологиялық тұрғыдан шетін табиғат жүйелеріне (биогеоценоздар) және оларда тұратын халыққа түсіретін техногендік салмағы төтенше ауыр болып отыр. Соның салдарынан елімізде қолайсыз, ал бірқатар аймақтарда дағдарысты экологиялық ахуал қалыптасып отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылып, ластануы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, биологиялық әр алуандықтың тоқтаусыз азайып, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, қауіпті әрі улы қалдықтардың қордалануы.
Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлығы соншалық, тоқтатуға ырық бермейтін, тежеуге, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді және тұрақты табиғат пайдалануды басқару мен сақтап қалуды болжамдау мүмкіндігі де күрт кеміп барады (Арал өңірі, Семей полигоны, Каспий өңірі, Байқоңыр және т.б.).
Қолайсыз экологиялық ахуалды еліміз қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарыс одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп отыр, ал енді экологиялық және халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуді ахуалға сай келетін шаралар қолданбау халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал.
Сондықтан да экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің страгеиялық іргелі бөліктерінің бірі және халықаралық интеграциялық процестердегі елдің мүдделері мен басымдықтарын қорғаудың аса маңызды аспекті болып табылады.
Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі ретінде өзі қол қойған, атап айтқанда, айналадағы ортасы мейлінше шетін елдердің санаты бөліп көрсетілген (6 принцип) БҰҰ-ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі Бүкіл дүниежүзілік Рио-92 конференциясы принциптерінің, БҰҰ-ның 21 ғасырға арналған Күн Тәртібі басымдықтарының, сондай-ақ шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі, биологиялық әр алуандылығы туралы, климаттың өзгеруі туралы халықаралық конвенциялардың еліміз үшін аса өзектілігін ескереді және оларды әлемдік қауымдастық мүшелерінің сақтауының кең ауқымдық, аймақтық және ұлттық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы заманғы өркениет пен әсіресе, нарықтық экономикаға көшу сатысын басынан өткеріп отырған елдердің тұрақты дамуы үшін айрықша маңызы бар деп санайды.
Мұның өзі еліміздің аймақтық және ауқымдық жағынан алғандағы экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған құрылымдық өзгерістер мен өндіріс ұтымдылығының стратегиялық басымдықтарында табиғат пайдаланудың қалыптасқан үрдісінің табиғи, тарихи және географиялық шарттары мен ерекшеліктерін тиісінше ескеру қажеттігін негіздейді.
Экологиялық қауіпсіздіктің осы тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының, зандарының және Республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде, Айналадағы орта мен даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясы принциптеріне, БҰҰ-ның 21 ғасырға арналған күн тәртібінің, осы саладағы халықаралық конвенциялар мен келісімдердің басымдықтарына сүйене отырып әзірленді және онда:
өтпелі кезеңдік экономикасы бар экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін елдің табиғат пайдаланудағы қалыптасқан табиғи-тарихи ерекшеліктері мен шарттары;
елдің ауқымдық және аймақтық интеграциялық процестердегі экологиялық қауіпсіздігі мүдделерін қорғау мен басымдылықтарын сақтауға арналған өтпелі кезеңдегі саяси, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік реформалардың ерекшеліктері;
халықаралық қатынастар мен ішкі реформаларда экологиялық қауіпсіздікті және табиғат пайдалану салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
экологиялық тұрғыдан мейлінше шегін әрі дағдарысты аудандардың халқы мен айналадағы ортасын сауықтыру қажеттігі;
халықтың экологиялық хабардарлығы, әлеуметтік әріптестік және азаматтардың осы салада басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы;
халықаралық заңдық және құқықтық нормаларды тану әрі Қазақстанның интеграциялық процестердегі ұлттық мүдделері мен экологиялық қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз ететін әрі басқа елдердің экологиялық мүдделеріне қысым жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын құрылымдарды дамыту;
елдің экологиялық қауіпсіздігінің оның тұрақты дамуы мен жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іргелі ролі мен орнын тану ескеріледі.
Тұжырымдамада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ірге қалаушы принциптері, стратегиялық мақсаты, міндеттері мен басым бағыттары қамтылды. Табиғат қорғау құрылымдарының елдің жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, егеменді мүдделерін қорғаудағы тиісті роліне, функциялары мен мәртебесіне, стратегиялық мақсаттарға жетуге, Қазақстанның ауқымдық және аймақтық интреграциялық процестердегі басым міндеттерін шешуге баса назар аударылды.
3. Судың ластануының антропогендік ошақ-көздері
Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (гл) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 гл тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км[2][ ]суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мгл мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мгл болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
4. Атмосфералық ауаның құрамы мен функциясы
Атмосфера - әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.
Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады.
Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді.
Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б.
Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері.
Антропогендік ластану барлық ластану көздерінің 5% құрайды. Антропогендік ластағыш заттардың химиялық құрамы күрделі, улы, әрі қауіпті.
Атмосферадағы ластаушы көздердің әчері 3 км қашықтыққа жетеді. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы ластағыш бөлшектер 1 км, желсіз ауа-райында күмбез құрап 300-500 м дейін көтеріліп, осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260 т, Нью-Йоркке - 300 т, Лондонға - 390 т, Алматыға - 125 т шаң қонады.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Ауадағы шаң концентрациясының жоғары болуы да - өкпе ауруларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе
Антропогендік әсерлердің табиғат пен адамға зиянды ықпалы
Жаһандық қауіптер.Атмосфералық ауа бассейнінің ластану мәселелері
Қазіргі уақыттағы глобальды экологиялық проблемалары
Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы. Жалпы ережелер
Экологиялық мәселелер
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Пәндер