Модернизм эстетикасы


1. Модернизм эстетикасы
Модернизм(итал. Modernismo лат. modernus - жаңа, қазіргі) - ХХ ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық - эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы. Модернизм негізінен философиялық ой толғамдардан қуат алады. Сол себепті еуропалықтар үшін бар өнердің өзегі һәм ұйытқысы философия болды. Модернизм - өнер қайраткерлерінің әлемдік қақтығыстарға, адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. Ең алдымен, «modern» сөзі «қазіргі жаңа кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мәндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай », екіншісі модернге, яғни модернизмге.
«Постмодерн» термині пайда болмас бұрын тарихи сахнада ең көп талқыланатын өзекті мәселе модерн еді. Бірақ ол «постмодернизмнен» мүлде басқа арнада қарастырылды. Өкілдері- Бэкон, Декарт, Ньютон, Гегель, Маркс және т. б.
Белгілі әдебиет теоретигі М. Н. Эйнштейн «модерн» түбірінен тамырланатын екі үлкен айырмашылығы бар ұғымды ажыратып берді:
«1) модернділік - орта ғасырдан бастау алып немесе («modernity» немесе орыс терминологиясымен сәйкес «жаңа уақыт») қайта өрлеу (ренессанс) дәуірінен басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасқан, жарты мыңжылдықты қамтыған бүкіл әлем тарихындағы үлкен дәуір;
2) модернизм-модерн дәуірін аяқтайтын жарты ғасыр өмір сүрген ХІХ ғасырдың аяғына дейін жалғасқан немесе бірінші дүниежүзілік соғыстан 1950-1960 жылдарға дейін созылған, белгілі бір мәдени кезең;
Модернизм мен постмодернизмнің қазақ әдебиетіндегі көріністері жөнінде ой сабақтап келе жатқан ғалым Б. Майтанов бұл эстетикалық құбылыстың ұлттық сөз өнеріміздегі белгілерін ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастайды. Ол :«Сәл ертерек дәуірге көз салсақ, модернизм мен постмодернизмге хас мәтін құрамының байлығы мен әркелкілігі М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Бүркіт аңшылығының суреті», Ж. Аймауытовтың «Елес», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсы», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», С. Сейфулиннің «Біздің тұрмыс» шығармаларынан мол аңғарылады. Аталған туындылардағы интертекст, реминисценция, аллюзия көріністері өмір шындығын қалыптағы реалистік баяндаудан гөрі оны қабылдаушы субъектімен арақатынаста, жан-жақты танытуда зор нарративтік роль атқарды. Модернистік прозада шарықтап дамыған сана ағымын суреттеу өнері М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мәтіндерінде ұлттық дәстүр сілемдерін қалыптастырды, -дей отырып, -Поэзиядасимволизм мен импрессионизм көріністері, прозада экзистенциализм мен экспрессионизм эстетикасына тән белгілер күрделі дүниетанымдық, көркемдік ізденістерге мұрындық болғанын жоққа шығару қате», - деген маңызды тұжырым жасайды.
Модернизмнің басты мақсаты-мәдениетті «модернизациялау», яғни «жетілдіру». ХХ ғасырдың басындағы авангардистік ағымдардың манифестерін оқып қарасаңыз, барлығының да мәдениетті жетілдіру проблемасын көтергенін байқар едіңіз. Алайда модернизм де біркелкі емес, ала-құла, көптеген мүдде, көзқарас, эстетикалық теориялардың қақтығысынан тұрады.
1. 1Символизм
Символизм-Еуропада ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында, одан кейін Ресейде әдебиет пен өнерде өріс алған ағым. Символизмнің шығуына буржуазиялық мәдениеттің дағдарысқа ұшырап, тарихи-әлеуметтік жағдайдың өзгеруі себеп болды. Символизм ағымында жазылған шығармалар шындықтан аулақтап мистикаға, декаденттік сарындарға бой алдырды. Адамның болмысының, қаһарманның даралығын жақтады.
Символизмнің негізі ХХ ғасырдың 60-70жылдары Францияда қаланды. Поль Верлен (1844-1896), Артур Рембо (1854-1891), Стефан Малларме (1842-1898) Франциядағы символизмнің негізгі ядросы болып табылады. Нақтырақ айтсақ, символизмнің алғашқы іргетасы 1871-1873 жж. Париж Коммунасынан кейін қаланды. Кешірек, оны әдеби ағым ретінде теоретик Стефан Малларме өз деңгейінде қалыптастырды. 1886 жылы
«Фигаро»газетінде «Символизм манифесті» басылып шықты. Верлен 80-жылдардың басында «Қарғыс атқан ақындар» очерктерін жарыққа шығарады. Символистер өздерін «қарғыс атқандар»деп атаған.
Символизм бағытын ұстанушылар теориялық түп қазығын немістің идеалистік философтары А. Шопенгауэр, Э. Гартман, Ф. Ницще еңбектерінен алды.
Символизмнің қазақ әдебиетіндегі өкілдері деп Мағжан Жұмабаев пен Бернияз Күлеевті атауға болады. Әдебиет зерттеушісі А. Шәріптің «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея» атты монографиясында қазақ символизміне арналған тарау бар. Қазақ поэзиясындағы символизмнің орны жайлы А. Шәріп: «Бір қызығы, Еуропа символизмі жарты ғасырға жуық қом жинаса, оның Ресейдегі жаңғырығы жүзжылдықтың ширегіндей уақытқа созылыпты; ал қазақ поэзиясындағы өткінші жаңбырдай бұл құбылыс қас-қағым сәтте маңайын көкке малшындырып, тынысты тазалап, қат-қабат құнарын қалдырып кетті. Қазақ символизмі аяғынан тік тұра бастаған заматта, Еуропа мен орыс символизмі толысу, тіпті тоқырау сатыларын өзегінен түгел өткеріп, «жасарын жасап» үлгерген еді. Сондықтан Мағжан мен Бернияз өз шулы әдеби ағымның кемелі мен кемшінін, өміршеңі мен өтпелісін саралап-сұрыптап пайдалану мүмкіндігін иеленді. Ең бастысы, қазақтың мәдениет бақшасына символизмнің туын тіккенде, оны бйланыстыру міндетін мойынға артты » - деген пікірін білдірді.
Жалпы, Мағжанның символизм ағымына еліктеп жазған жиырмаға жуық өлеңі бар деп есептеледі. Атап айтқанда, «Толқын», «Жазғы жолда», «Сең», «Шолпы», «Қайың», «Қысқы жолда», «Мені де, өлім, әлдиле», «Жан сөзі» т. б. Қаламгердің символға құрылатын шығармаларының негізі табиғат лирикасының үлесінде.
1. 2. Натурализм
Натурализм (француздың naturalism; латынның naturalis - табиғи, natura-табиғат) -өмір құбылыстарын табиғи қалпында айтып баяндауды мақсат ететін бейнелеу тәсілі. Жалпы ХІХ ғасырдың аяғында Еуропа және ағылшын әдебиеті мен өнерінде пайда болған бағыт. Натурализм өмірді тексеріске, зерттеуге салмай, бар көрген-білгенді тек сол қалпында айтып беруді талап етеді. Бір затты не адамды суреттегенде оның жалпы бейнесін не қимылын жеріне жеткізе, майда-шүйде, елеусіз тастауға болатын бөлшектеріне дейін жеткізуді мақсат тұтады.
Француз әдебиетінде бұл тәсілді енгізіп, дұрыс қолдана білген Анатоль Франс, Эмиль Золя болды. Ал неміс әдебиетіндегі натурализмнің туын ең алғаш байқаған- Теодор Фонтоне. Ол неміс әдебиетіндегі ХІХ ғасырдағы белгілі сыншыларының бірі болатын. 1886 жылы туып келе жатқан жаңа мектепті көріп, өздерін театр, газет пен журналдарда кеңінен танытып жатқан жас жазушыларды құшағын жая қарсы алды. Ал Ресейдегі натурализмнің жағдайы қандай екен?Орыс жазушылары Ф. Достоевский, И. Тургенев, Л. Толстой шығармаларында натурализм көрініс тапты. Орыс әдебиетінде «натуралдық мектептің» негізін қалаушы Н. Гоголь, идеялық дем беруші В. Белинский болған. Натуралдық мектептің орыс әдебиетінде алар орны зор.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «натурализмнің» зерттелу тарихына көз жіберсек, оларда белгілі бір жүйелілік жоқ. Бірде ағым, бірде бағыт болып қолданылады. Белгілі әдебиет зерттеушісі З. Қабдолов натурализмде бағыттық белгілерден гөрі ағымдық ерекшеліктердің басым екенін айтады.
Қазақ әдебиетіндегі натурализм туралы елеулі пікір айтқан ғалымдарымыздың қатарына Е. Ысмайылов, М. Қаратаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиды, тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеуші ғалым Ж. Жарылғаповты т. б. жатқызамыз. С. Жұмағұлов «Сын сардары» еңбегінде осы сыншы ғалымдарымыздың натуализм тралы пікірлерін бір арнаға жинап, сол кезде жазылған мақалалар, қоғам қайраткерлерінің жаңа ағымға деген көзқарастары хақында қысқаша мәлімет береді. Сол кезең тұрғысынан қарастырсақ, ғалым ағаларымыздың ой-пікір, көзқарастары кеңестік идеологияның құрсауынан шыға алмағанын байқаймыз. Оны белгілі әдебиетші ғалым академик М. Қаратаевтың мына ой-толғамынан көреміз: «Сәтсіздіктердің үлкен себебінің бірі - адам образын түюдегі жалаңдық, біржақтылық. Мұның арғы атасы натурализм-схема, штамп. Бұл тек сол кезеңнің ғана емес, соңғы онжылдықтың да әдеби даму процесінің дамуына, әдебиет саласының көтерілуіне кедергі жасап келе жатқан шырмау, шикілік» десе, қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қалыптасуына үлкен үлес қосқан сыншы-ғалым Е. С. Ысмайылов «Әдебиеттегі формализм мен натурализмге қарсы» мақаласында І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, А. Тоқмағанбетов, Б. Майлин шығармаларында көрініс берген натурализм элементтерін мысалға келтіре отырып, кемшіліктерін батыл сынға алады. Сыншы көркем әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізетін бұндай кемшіліктермен, сәтсіздіктермен бітімсіз күресу керек деп өз ойын білдіреді.
1. 3. Футуризм
Футуризм - латын тілінен аударғанда «болашақ» деген мағынаны білдіреді. Футуризм - ХХ ғасырдың басында Ресейдің авангардист суретшілердің шығармаларында көрініс тауып, онан соң көркем әдебиетте әдеби ағым ретінде атала бастады. Футурист суретшілер қанды көтерілісті бейнелеуде қызыл күрең және қызыл түстерді таңдап алды. Белгілі суретші Гюден Теодор (1802-1880) «Мұхиттағы дауыл» деп аталатын суретін, Уолтер Краинның 1892 жылы Мюнхенге қойылған «Нептунның тұлпарлары» деп аталатын т. б. суреттерін атауға болады. Сонымен қатар ХХ ғасырдың басындағы Италия мен орыс футуристері өз мемлекеттерінің ішкі саяси жағдайларымен байланыстырып көрсетті. Оған атақты орыс суретшісі И. К. Айвазовскийдің «Теңіз» деп аталатын суретін мысалға алуға болады.
Ақын Томмазо Маринеттимен суретші Дж. Баламен бірігіп 1909жылы 22 ақпанда Францияның «Фигаро» газетінде футуризмның манифесін жариялайды.
1911 жылы Игорь Северянин футуризм сөзіне «эго» деген терминді қосып «Рядовые люди из цикла эго-футуризм» деген поэма жазады. Сөйтіп эго-футуризмнің негізін салады. 1912 жылы И. Северянин мен К. Олмипов бірігіп «Скрижали Академии эго поэзии» деген атпен эгофутуристердің алғашқы манифесін жариялайды. Кейін ол «ғарыштық футуризм» деп аталады. 1913-1914 жылдардың аралығында Д. Д. Бурлюк бастаған кубофутуристер мен И. Северянин басшылық еткен эгофутуристер бірігеді.
1914 жылы Италия футуризмнің негізін қалаушы ақын Т. Маринетти футуризм жайлы баяндама жасау үшін Петербург пен Москваға келеді. Бұл кезде орыс футуристері француздардың кубофутуристерімен ортақ тіл табысып, саяси пікір жағынан тығыз байланысып үлгереді. Сондықтан да кейбір зерттеушілер: «Футуризм - жаңа Ресейдің басты өнері болды», -деп атап көрсетеді. Футуризм - солшыл коммунизмнің көркем өнерінің түрі болып, 1917 жылы барлық авангардистерді ингилистердің ұрандарының аясында біріктіріп, «солшылдар» атанды. Бірақ олар өздерінің көзқарастары мен идеялық бағыттары жағынан большевиктерден гөрі, анархистерге жақын келгендіктен, коммунистерге қатерлі болып саналады да, 1930 жылдан бастап аралары бөлінеді. Бұдан кейін олардың орнын жұмысшы-шаруа әдебиеті ауыстырады. Түрлі сатылардан өтіп орыс әдебиетінде пайда болған футуризмді, кеңес үкіметінің әдебиет зерттеушілері мойындамағаны туралы футуризмді зерттеуші В. Марков: «Футуризм- буржуазиялық қатерлі бағыт ретінде, ұзақ жылдар бойы кеңестік саясаттың бағанасының басындағы масқараға айналып келді де, 1930 жылдан кейін оны мүлдем естерінен шығарады».
Футуризмде шапшаңдық пен ұраншылдық, жылдамдық күш алады. Бұл қазақ әдебиетінде де көрініс берді. Оған Сәкен Сейфулиннің «Кел, жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Қызыл ерлер», «Біздің тұрмыс экспресс», «Советстан» поэмаларын жатқызамыз. С. Сейфулиннің футуризмі авангардистік стильден шыққан деуге де болады. Кезінде ақынның бұл шығармалары сынға ұшырады.
1. 4. Акмеизм
Акмеизм - (acme-ре. жоғары деңгей, шың, гүлдену, гүлденген мезгіл) -ХХ ғасыр басында Ресейде символизмге қарсы туындаған әдеби ағым. Аталмыш ағымның негізін орыс поэзиясындағы «Цех поэтов» үйірмесінің мүшелері:Николай Гумилов (1886-1921), С. М. Городецкий (1884-1967), О. Мандельштам (1891-1938), М. Зенкович (1891-1973), А. Ахматова (1889-1966) т. б. қалады. 1910 жылы символистердің «Весы» журналы жабылған соң, ақын Н. Гумилев «Бұл символизмнің мүлде құрып жоғалуы емес. Адамзат философиялық ойлауын доғармайынша символизм тоқырамайды. Ендеше символизм жоғалып кетпейді, керісінше өзінің түрін өзгертіп, қолданылу аясын түрлендіреді»-деген пікірін білдірді. Осылайша «акмеизм» символистер мен футуристердің шығармашылықтарына қарсылық ретінде пайда болады.
«Акмеизм» көне гректің «акмэ» деген сөзінен шыққан. Ер азаматтың күш-қуаты мен қайратының толысқандығын бейнелейді. Сондықтан да өнер иелерінің орта жасқа келіп ақылдарының кемелденіп толуымен, қайрат-күштерінің қуаттылығымен байланыстырған. Сонымен бірге антика суретшілерінің туылған және өлген жылы айтылмай, шығармашылығының толысып, даналық ойлары мен пікірлерінің қалыптасатын кезеңі «акмэ» деп аталатын символдық образды терминмен бейнелеген. Акмеизмнің негізін салушылар оны «адамизм» деп те атаған. «Адамизм - жер бетіндегі алғашқы адамның пайда болуымен, дәлірек айтқанда «Адамның» есімімен байланыстырыла аталады». «Адамизм» терминін алғаш С. Городецкий қолданған. «Адамизм- ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар, өмірге көзқарасы нық әрі табанды деген мағынаны береді. Алғаш әлемді жандандырып бойына нәр жіберген, табиғаттың сұлулығы мен тазалығын, көркемдігін көріп, оны өз қолымен жасап, оған өз аттарын беріп, бағыттарын айқындаулары тиіс» деген ойдан туындаған.
Акмеизм - (1913-1914) шамамен екі жыл өмір сүрген әдеби ағым. Акмеизмнің символизмнен басты айырмашылығы өмірді абстракциялы түсінуден аулақ, суреткердің жеке философиялық субъектизмінен тыс, өмірдің шынайы шындығымен адамның ерен еңбегі мен жігерін бірге дәріптеу болды.
Акмеизмнің негізгі қызметі символизм мен реализмді теңдікте ұстауы болды. Эмиграциядағы орыс поэзиясына акмеизм үлкен ықпал етті. Себебі Н. Гумилевтің Францияға жер ауып кеткен шәкірттері Г. Иванов, Г. Адамович, Н. Оцуп, И. Одоевцевалардың шығармаларында көрініс берді. Осылардың ішіндегі мықтылары Г. Иванов пен Г. Адамовичтер өлеңдерінде акмеизмнің негізгі ұстанымдары:жеңіл мысқыл, қарапайымдылық, интонацияға көп мән берген. Ал Кеңестік Ресейде Ник. Тихонов, И. Сельвинский, М. Светлов, Э. Багрицкийдің шығармаларында акмеизмнің ұшқындары астарлы түрде бейнеленді. Сондай-ақ акмеизм авторлық өлеңдерге де өз ықпалын тигізді.
1. 5. Имажинизм
Имажинизм (француз тілінен аударғанда image - образ, бейне) - ХХ ғасырдың басындағы әдебиет пен сурет өнеріндегі ағым. Англияда 1914-1918 жылдары пайда болды. Негізін футуристерден бөлініп шыққан Эзра Поунд пен Уиндгем Люис қалады. Ал Ресейде бұл ағым төңкерістің алғашқы жылдарында көрініс берді. Орыс имажинистері 1919 жылы өз мәлімдемелерін «Сирена» (Воронеж) және «Советская страна» (Мәскеу) журналдарында шығарды. Негізгі ұйымды В. Шершеневич, А. Мариенгоф, С. Есенин, А. Кусиков, Р. Ивнев, И. Грузинов және т. б. құрады. Ағым мүшелері «Имажинисты», «Чихи-Пихи» басылымдарының төңірегінде ұйымдасып, сол уақыттағы белгілі кітап дүкені «Стойло Пегаса» кафесінде бас қосып отырған. Имажинистер кейіннен «Гостиница для путешествующих в прекрасном» журналын шығарып, ол 1924 жылы төртінші санынан тоқтап қалды. Осыдан кейін бұл топ тарап кетті.
Имажинизм теориясы бойынша поэзияның негізгі принципі «образдың» басымдылығында деп атап көрсетілді. Имажинизм дегеніміз - бірнеше мағынасы бар сөз- символ (символизм) емес; сөз - дыбыс (кубофутуризм) емес; сөз заттардың - атауы (акмеизм) емес; ол бір ғана анықталған мағынасы бар сөз - метафора. Имажинистер - «декларациясында» өнердің негізгі заңы, қайталанбас жалғыз әдісі өмірдің көрінісі образ және образдың ырғағы арқылы көрінеді деп мәлімдеген. Бұл принциптің теориялық негіздемесі поэтикалық шығармашылықтың даму тілі метафора арқылы жүзеге асады. Потебня атап көрсеткендей, «сөздің ішкі формасы» поэтикалық образбен теңестіріледі. «Сөйлем мен тіл образдың құрсағынан туады және сол арқылы поэзия көркемдігінің бастауын мәңгілікке белгілеп береді» - дейді А. Мариенгоф.
Имажинистер біріншіден, әбден урбанистенген, екіншіден, руристенген: әртүрлі психологиялық және әлеуметтік топтардың қақтығысының тоқырауында көрініс тапқан. В. Шершеневичтер мен А. Мариенгофтардың поэзиясы - өздерінің тұғыры мен жан-жақты байланыстарын жоғалтқан қалалық интеллигенцияның оқитын шығармалары болса, бұл шығармашылық құлазу мен құлдырауды көрсетті. Сонымен қатар олардың поэзияларында құлазу, әдеттегі жеке қайғы, пессимизмге берілу сезімдері, Қазан төңкерісін қабылдамау сияқты мәселелер бейнеленді.
Футуристердің пікірінше, поэтикалық форманы жаңарту керек. Имажинистер көркем өнер формасына бағынатындарды жинақтады. 1924 жылы имажинизмде кризис басталды. С. Есенин және И. Грузинов имажинистер тобын тарайтынын хабарлады. 1928 жылы В. Шершеневич имажинизмнің қалай тоқтағанын жазды. Имажинизм поэзиясының негізгі ерекшелігі-метафорикалық образ, ұқсамайтын заттарды салыстыру, құбылыс және ұғым. Әдетте имажинистер метафорада екі затты, екі құбылысты біріктірді. «Кеңес әдебиеттануында солшыл авангардтық ағымдар ретінде сыналып келген модернистік эстетиканың символизм, сентиментализм, экзистенциализм, имаженизм, имрессионизм сынды т. б. әдеби құбылыстары қазақ әдебиетінде таза күйінде кездесіп, жетекші позицияларды иемденбесе де әр ағымның идеялық және бейнелеу ерекшеліктері әр түрлі деңгейде байқалып отырды» деген ойда шындық бар.
1. 6. Сюрреализм
Сюрреализм ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропа мен Американың поэзиясында пайда болды. «Әрбір әдеби ағым - әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі » - деп З. Қабдолов айтпақшы осы кезеңдегі қоғамдық өзгерістердің нәтижесіндегі пайда болған ағымның бірі сюрреализм . Бұл ағымда шындықты әсерлендіріп, көлемін ұлғайтып көрсетуді қажет деп тапты.
Сюрреализмнің негізін салушылардың барлығы дерлік Зигмунд Фрейдтің психологиясына сүйенеді. Көпшілігі түнде көрген түстерінің әсерінен жазылады. Сюрреализмге тән тағы бір ерекшелік, қоғамның өзгеруге бағыт алып келе жатқандығын сезгенде, оны тура айтудан жалтарып, болар жағдайы түстерінде көргендей етіп баяндайды. Мұндай шығармаларды көркем суреттеу мен көркем образдаулар болмайды, керісінше, шығарманың оқырман санасына тигізер қорқынышы неғұрлым ықпалды болса, соғұрлым әсері мықты болып шығады.
Сюрреализм ұқсастық пен ұқсамайтынды, санаға жат, түсіндіретін, ұғындыратын ұқсастықтарды емес, керісінше адамды ойға қалдыратын шифрланған дүниенң қажет етеді. «Магниттік аймақтағы» метафораның шегін анықтау мүмкін емес, ол- шындық емес, шынайылықты кезектестіретін ұғымға таныс емес зат. Нақтылық дерексіздікпен сыйыса береді және аталған аймақ лабораториядағы тәжірибе, кеңістік, табиғат, уақыты мен орны, әлеуметтік, үлттық тағы басқа әлемнің сызбасы ретінде көрінеді. Сондықтан да екіұштылықпен өмір сүреді.
ХХ ғасырдың 1910 жылдарында символист ақындар адам қолының құдіреті аспанға самолетсіз ұшуды да қамтамасыз ететіндігін бейнелеп жазса, Морина Эшера «Рука с зеркальные шаром» деп аталатын графикалық суретінде шыны шарды ұстаған адам саусақтарының таңбасы арқылы жаңа қоғамның жер жақсылық пен жамандықтың бәрін оң қолының күшімен өзіне қарсы саусақтарынан басқа дене мүшелеріне сай келмей, өзіне - өзі қарсы шығатын құбыжық әрекеттерімен бейнелеген. Тұйыққа тірелген дағдарыстан шыға алмай аласұрған қоғамның әрекетін әдебиет пен өнер иелері өз пайымдауларына ыңғайлап бейнелегендігіне С. Д. Буренина А. П. Чеховтың «Алтыншы палата» деп аталатын әңгімесін мысал етеді. А. П. Чехов Россияны есінен тандырған дағдарысты «жындыхананың» образында, экономикалық дағдарыстың халықты тығырыққа тірегендігін жүйке ауруына ұшырағандардың содан шыға алмай далбасалаған әрекеттерімен астарлай бейнелеген. А. П. Чеховтың осы ишаралы көмескі ойы кеңестік кезеңнің 70-80 жылдарының арасын қамтыған дағдарыста, прозалық шығармаларда қайтадан жанданғандығына К. Д. Гордовичтің : «Постмодернистік үлгіде жазылған шығармалардағы оқиға желісі вагондар мен жындыханалардың ішінде өтетіндігі кеңестік өмір шындығына деген өкінішті ғана білдірген жоқ, оның сандыраққа (абсуртқа) айналып, ыдырап бара жатқандығын қорқыныш ретінде бейнеледі», - деген пікірін мысал етуге болады.
Әдебиетте әртүрлі ағымдар бас көтере бастағанда, сюрреалист жазушылар өздері сезінген өмір шындығын тура айтудан жасқанып, түстерінде көргендей немесе көз алдарында пайда болып тілдескендей образды елестету арқылы жеткізген. Оны ХХ ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов «Елес» деп аталатын әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне енгізген. Жазушы «Бозжорғаның» ықпалына берілгеннен кейінгі сезімін елестік образда бейнелеп береді. Шәкәрім «Үш анық» философиялық трактатында қайсыбір адамдар бойында шынындада сприттік қасиеттер болатындықтан алда болар жағдайды алдын-ала сезетіндігін мысал етеді. «Әдеби ағым-тарихи котегория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңіндегі белгілі саяси әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады» - деп айтылғаныменде, қазақ әдебиетінің де әлем әдебиетінің үздік жақтары мен үзеңгілесіп отырғандығын аңғарамыз.
1. 7. Экзистенциализм
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz