Сайлау құқығының прициптері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып есептелетін Қазақстан Республикасы сайлау құқығы және сайлау жүйесі мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтықинституттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі. Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажорлық екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе-теңдік принципіне құрылады. Тепе-тең жүенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет. Бірінші - үлкен аумақтық сайлау округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық өзгертуге болады. Екінші - тепе-тең жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін кемінде қалыптасқан екі партияның болуы қажет. осЫған орай Қазақстанда әлі де саяси партиялар әлсіз және азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан тыс тұруына байланысты, теп - тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілеттіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ ҚСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады. Тек халықтың еркінің қандай: императивтіқ немесе консультативтік сипатта ма болатыны түсініксіз еді. ҚР-ның 1995 ж. Конституциясы республика референдумға қатысты мәселелерді жаңаша шешті. Біріншіден, Президент республика референдумөткізу туралы шешім қабылдауға құқылы бірден-бір субъект болып табылады. Екіншіден, Парламент республикалық референдум тағайындау туралы тек бастама білдіре алады. Ол бастамасымен Президентке жүгіне алады. Осы бастаманы Президент қолдауына немесе қолдамауына құқығы бар. Зерттеудің нысаны ҚР Конституциялық құқық пәнінің Қазақстан Республикасы сайлау құқығы және сайлау жүйесі мәселесі болып табылады Жұмыстың мақсаты - қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып, әрқайсысын талқылылап кету. Курстық жұмыстың теориялық базасы - Констиуциялық құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері. Жұмыстың теориялық және практикалық мәні - қарастырып отырған институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді кешенді түрде шешу болып табылады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1 Сайлау құқығының прициптері

Президентті,Парламаент Сенаты мен Мәжіліс, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтағы ҚР сайлау құқығы болып табылад. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғарғы нысаны бола отырып, демократиялық маңызды бір элемент құрайды.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуы қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемле. кет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді (Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады, сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінен басталды Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы деп атауын өзгертті. (Аталған заңға ҚР-ның 1997 жылғы 19 маусымдағы No 133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы No222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы No285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы No375-1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтыруулар енгізілді).[2,52б].
Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып бөлінеді.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
"Бәсең сайлау құқығы -- Қазақстан Республикасы азаматтары - ның Қазақстан Республикасының Президенттігіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына (Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихаттар депутаттығына) және жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
Белсенді сайлау құқығын реттейтін жалпы талаптар бар. Олардың арасында азаматтың белгілі бір жасқа толуы, белгілі бір аумақта тұруы, іс-әрекетке қабілеттілігінің болуы маңызды болып табылады.
Бәсең сайлау құқығын реттейтін басқа қосымша талаптар да бар. Бұл талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға жас шамасы цензасы, отырықшылық цензасы, білім цензасы, мүліктік ценза жатады. Мысалға, жас шамасы цензасы Президенттікке, Парламент, Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленеді: Қазақстан Республикасының Президенті жасы қырықтан асқан Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат үшін жиырма бес жастық, ал Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін жиырма жастық жас шамасы цензасы белгіленген. Отырықшылық цензасы сайлау заңдылықтарымен Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленген. [2,53б].
Сайлау төте және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент Сенаты депутаттары сайланады. Төте сайлау жолымен Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады.
2. Сайлау құқығы принциптері
Сайлау құқығы принциптері Конституцияға және Республиканың сайлау заңдарына бекітілген.
Негізгі принцип жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігі болып табылады. (Конституциялық заңның 4-бабы). Сонымен бірге жалпыға бірдейлік принципі тиісті сайланбалы органға сайлану мүмкіндігін білдіреді. (Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол бермейді. Сайлау құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында азаматтарға қатысты қолданылады, олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы лауазымдарға сайлана алмайды.
Сайлау құқығының теңдігі принципі сайлаушылар на сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады дегенді білдіреді (Сайлау Конституциялық заңның 5-бабы). Тең сайлау құқығы соu. Парламент, Мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі ба органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімг енгізіледі және ол өзі дауыс беруге міндетті[2,54б].
Төте сайлау құқығы принципі Президентті, Парламент Мәжілісі Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару орган ры мүшелерін сайлаған кезде қолданылады, оларды азаматтар тікелей сайлайды (Сайлау туралы Конституциялық заңның 6-бабы).
Жанама сайлау құқығы принципі Қазақстан Республикаси Парламентінің Сенаты депутаттарын сайлаған кезде қолданылады Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жанама сайлау кукынын жолымен жүзеге асырылады. Парламент Сенатының депутаттарын таңдаушылар сайлайды. Таңдаушылар тиісті облыстың, астананын және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті басқару органының (Мәслихаттардың барлық депутаттары болып табылады[2,54б].
Жасырын дауыс беру құқығы сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау және сайлау кезінде азаматтарға қысым жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл принципті іске асыру арқылы сайлаушының еркін білдіру құпиясы сақталады.
Сайлау құқығының маңызды бір принципі сайлау бостандығы принципі болып табылады. Конституция азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына кепілдік береді. Сайлау бостандығы принципі әрбір сайлаушы сайлауға қалай қатысуды өзі шешеді дегенді білдіреді. Ешкімнің де қандай да бір жолмен сайлаушыға ықпал етуге хақысы жоқ. Сонымен қатар барлық кандидаттарға заңға сәйкес сайлау алдындағы қызмет үшін тең мүмкіндік беріледі.
Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.
Сайлаудың жариялылығы принципі - демократиялық принциптердің бірі, ол сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ашықтығы мен жариялылығын, сайлаудың барша процесін бұқаралық ақпарат құралдарының жан-жақты көрсетуімен қамтамасыз етіледі, Сайлау органдарының шешімдері баспасөзде жарияланады, радио теледидар арқылы хабарланады. Сайлаушылар депутаттыұққа кандидаттар туралы, сондай ақ сайлау процесі туралы ақпараттар алуға хақылы[2,55б].
Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Мыналар:
1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды[10].

1.2 Сайлау еркінің кепілдіктері
Заң, аталған кепілдіктерден өзге, материалдық, ұйымдық және заңдық кепілдіктерді де көздейді. Кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанша жұмыстан, әскери қызметінен және әскери жиындардан босатылып, олардың орташа жалақысы мөлшерінде ШЫҒЫНдары өтеледі. Кандидаттың сайлауға қатысқан уақыты ол тіркелген күнге дейін жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледі. Кандидаттарды осы уақыт ішінде өздерінің келсе мінсіз жұмыстан шығаруға, басқа жұмысқа ауыстыруға және басқаларына рұқсат етілмейді. Президенттіке Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанша имунитетін пайдаланады. Басқаша айтқанда оларды тұтқын алуға еріксіз әкелуге, оларға сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды, олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды сондай ақ оларды Орталық сайлау комиссиясының, тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссияларының келісімінсіз ұстауға болмайды. Егер олар қылмыс істеген және ауыр кылстеген үстінде ұсталмаса аталған органдардың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды[1,425б].
Мемлекеттік органдар ерікті сайлауды қамтамасыз етуге мылдырылады. Дауыс берілетін күн және оның алдындағы күн сот, ішкі істер және прокуратура органдарының жұмыс күні болып табылады. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сактауда және дауыс берілген кезде сайлаудың ерікті түрде жүргізілуін қамтамасыз етуде сайлау комиссияларына қол ұшын беріп, Көмектесулері керек.
Бұрын да айтылғандай, сайлаушылар, сайлауға қатысты басца да адамдар сайлау заңының бұзылғаны жөнінде сотқа жүгіне алады. Сот және прокуратура органдары сайлау заңЫНЫҢ бұзылғаны туралы азаматтардан, сайлау комиссияларының мүшелерінен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен түскен шағымдарды қабылдауға міндетті[1,425б].
Заң сайлау туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық белгілеген. Заңдық жауаптылыққа қандай адамдардың және қандай әрекеттері үшін тартылатыны көрсетілген.
1.Жауаптылыққа кез келген: а) республика азаматының өзінің сайлау құқығын, сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығын еркін жүзеге асыруға күштеу, алдау, қорқыту, сатып алу немесе өзге жолдармен кедергі келтірген; ә) кандидат туралы әдейі жалған мәліметтер таратқан, оның ар-намысы мен қадірқасиетіне нұқсан келтіретін өзге де әрекет жасаған адамдар тартылады.
2.Жауаптылыққа сайлау күні және оның алдындағы күні үгіт жүргізген, дауыс беруге кедергі келтірген, сайлау комиссиясының өз міндетін атқаруына, кандидатты тіркеуге, дауыс санын есептеп, сайлаудың қорытындысын шығаруға қатысты жұмысына араласып, кедергі келтірген, кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сайлаудағы өкілдер мен байқаушыларДЫҢ занды қызметіне кедергі келтіргендер жауаптылыққа тарТылады.
3.Сайлау құжаттарын қолдан жасаған, дауыстарды көріне қате санаған, дауыс беру құпиясын бұзған сайлау ком рының мүшелері, мемлекеттік органдардың, ұйымда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды ада, ры мен қоғамдық бірлестіктер жауаптылыққа тартылады
ауыстарды көрінеу ған сайлау комиссияларын, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың лауазымды адамдары мен қоғамдық бірлестіктер жауаптылыққа тартылады[1,425б].

2 САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Қазақстан Республикасының сайлау органдар жүйесі

Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажорлық екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе-теңдік принципіне құрылады. Тепе-тең жүйенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет. Бірінші -- үлкен аумақтық сайлау округтерін құру қажет. Әлбетте, аумақтық сайлау округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық өзгертуге болады. Екінші -- тепе-тең жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін кемінде қалыптасқан екі партияның болуы қажет. Осыған орай, Қазақстанда әлі де саяси партиялар әлсіз және азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан тыс тұруына байланысты, тепе-тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ[1,413б].
Мажорлық сайлау жүйесінің: абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да азаматтардың 50 проценттен астаМы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі; 2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.
Мажорлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санына қарамастан өткен болып есептеледі, ал егер оған сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25 проценттен астамы дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасында абсолюттік көпшіліктің мажорлық сайлау жүйесі қабылданған. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп Қазақстан Республикасы Конституциясының және Президенттің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығында көзделгендей Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де, сондай-ақ жанама да сайлайтын сайлау тәртібі түсініледі[1,425б].
Президентті, Парламент депутаттарын және жергілікті өкілді органдарды сайлаудың аталған тәртібі конституциялықҚұқықтық нормалармен белгіленеді, олар өз жиынтығында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін құрайды. Сайлау жүйесін құрайтын Конституциялық-құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының бір бөлігі болып табылады. Олар Қазақстан Республикасының Президентін. Мәжіліс депутаттары мен Сенат депутаттарының бір бөлігін, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Аталған қырдағы "сайлау құқығы" ұғымы конституциялық құқықтың аса маңызды институты ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар "сайлау құқығы" ұғымы Кәмелетке жеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының субъективтік сайлау құқығы мағынасында қолданылады.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып, азаматтар мемлекеттің жоғары өкілді органдарын қалыптастырады.
Президент пен Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:
1)егер дауыс беруге сайлаушылардың не Парламент Сенатының депутаттарын пайлаған кезде таңдаупылардың елу проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі;
2) дауыс берудің бірінші турында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу проценттен астам дауысын жинаған;
басқа кандидатпен салыстырғанда қайтадан түскен кезде сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу проценттен астамы болуға тиіс дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) көп санын алған;
бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс беру кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу проценттен астам дауысын жинаса ол кандидат сайланған болып есептеледі.
Мәслихат депутаттарын сайлаған кезде дауыстарды есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса сайлау өткен болып есептеледі;
2) егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса, ал қайтадан дауыс берген кезде - басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылардың елу проценттен астамы болуға тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі:
3) егер сайлауға бір кандидат дауысқа түссе, егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде елу проценті қатысса, ол сайланған болып есептеледі. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының көздері нормативтік ыктық актілер болып табылады, оларда Қазақстан Республикасының сайлау органдарын қалыптастыруға бағытталған актілер болады. қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық-құқықтық актілер болады[1,415б].
Бұл көздерге:
- 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 ыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заң күші бар Жарлығы".
"Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы" 2001 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
-- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық актілері жатады.
Қазақстан Республикасының сайлау құқығының бастауы болып табылатын нормативтік құқықтық актілер Президент, Парламенттің Мәжіліс пен Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті сайлау органдары мүшелерін сайлауға әзірлік және сайлау өткізу кезінде туындайтын қатынастарды реттей отырып, азаматтардың еркін ерікті түрде білдіруін қамтамасыз ететін кепілдіктерді белгілейді. [1,415б].
Атқарушы органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламенткеесеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті.
Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан халықтық республикалық партиясы, Отан республикалық саяси партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.
Алдыңғы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары
Құқықтың мемлекеттің мақсаты
Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу тарихы және өкілеттілігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі
Конституциялық құқықты интернационализациялау
ИСЛАМ ДАМУ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
Әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаттамасы
Конституциялық өндірістің мәселелері
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен мазмұны
Пәндер