Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары) .

Орындаған:Темірғалиева А. А

ХБ-13 тобының студенті

Тексерген:Гарифуллина А. Б.

Орал-2020 ж

Мазмұны:

1. Кіріспе 3-5

2. Негізгі бөлім 6-13

2. 1 Ту. 6

2. 2 Елтаңба. 9

2. 3 Әнұран. 11

3. Қорытынды 14

4. Пайдаланылған әдебиеттер 15

Кіріспе

Мемлекеттік Рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б. з. б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы, Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған. Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді; Мемлекеттік нышандардың табиғи болмысы бөлек құбылыс ретіндегі тарихы бағзыдан бастау алады. Олардың пайда болуы, қалыптасуы мен өміршендігі қоғам тіршілігінде атқаратын маңызды әлеуметтікі^ ақпараттық және мәдени қызметіне тікелей байланысты!Ал мазмұндық қүрылымы уақыт, кеңістік, қарым-қатынастың эр түрлі әдістері мен түрлері тәрізді олшемдерге орай айқындалады.

Мемлекеттік рәміздерді әр қилы этникалық мәдени орта өкілдерінің бәріне немесе басым көпшілігіне таныс әрі түсінікті ерекше діл (код) десе де болады. Олар акпарат көзі ретінде коммуникативтік мақсатқа қызмет етумен қатар, белгілі бір субъектілердің өз ерекшеліктерін, қайталанбас дараланьш, өз "менің" ("мен - мемлекет") терең сезінулеріне және басқаларға паш етуіне мүмкіндік береді-1! Мемлекеттік рәміздердің қарапайым нышандардан бастап, ресми саяси белгілерге дейінгі эволюциялық даму жолы олардың ұғымдық және мазмұндық құрылымындағы, қоғамдық-саяси өмірде атқаратын қызметіндегі өзгерістерге тығыз байланысты

3

Ең ежелгі нышандар - тотемдік (кие) белгілер. Олар біздің дәуірімізден көп бұрын, адамзат дамуының шағында дүниеге келді. Әлем халықтары арасында кең тараған. Ғалымдар бүл құбылысты архаикалық дүниетаным ерекшеліктері арқылы түсіндіреді. Адам баласының өмірі әдетте екі өлшемде: жеке (профаникалық) және ұжымдық (сакральдық) деңгейде өтеді деп есептеледі. ұжым (тайпа, ру) мүшесі ретінде ол өзінің жеке түйсік-түсінігімен қатар ұжымдық ұғымдарға да, сол сияқты бірлесе өмір сүру тәртібі мен нормаларына да мойын сұнбауға тиіс. Ал олар сакральдық зерде және социумды қолдау мүраттарына негізделеді, соған орай, ең алдымен, дін мен дәстүрде көрініс табады.

Киелердің (тотемдердің) материалдық (заттай) көрінісі әдетте әр түрлі жануарлар мен аң-құстардың суреттері немесе заттай бейнелері болып келеді. Олар ор қилы әдет-ғұрыптарда пайдаланылып, рулық қауымдастықтың, тайпаның іштей топтасуына қызмет еткен.

Қоғамда ақсақалдар, ру басылары мен діни лидерлер пайда болуына байланысты айырым белгілер дүниеге келді. Алғашқы билік нышандарына жататын бүл эмблемалардың қызметін бір уыс шоп, жапырақ немесе қауырсын қанат, ерекше бас киімдер, бейне-белгілер бедерленген найзалар мен бақандар, әшекейлі асатаяқтар пайдаланылды.

Ел билеушілердің және басқа да беделді адамдардың жеке айырым белгілері (кейіндері "штандарт” - "байрақ" деп аталған) қазіргі тулардың бір түрі ретінде дамыды. Көне замандардан жеткен ежелгі тарихи жазбаларда Шығыс билеушілерінің жеке рәміздері туралы деректер кездеседі. Рим диктатор л арының, консулдарының және басқа жоғары лауазым иелерінің фасцийлері - кәдімгі будаланған шыбық шилері болатын. Олардың мағыналық ишарасы "Күш - бірлікте" дегенге саяды. асалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі корініс табатын болса, елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, со л сияқты архитектуралық композиция мен формаға қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады. Рәміздердің мән-магынасын талдап, түсіндірумен арнайы дайындығы бар мамандар айналысады. Оларды елтаңбатанушылар (геральдистер), тұтанушылар (вексилологтар) деп атайды. Рәміздерге түсінік беру негізі француз тіліңде жасалған блазирование (рәмізбаян) деген терминмен айқындалады.

Елтаңба (герб) термині әуелде корольдердің, билік иелерінің атадан балаға мирас етіп қалдырған жерінің, басқа да меншік түрлерінің айырым белгісі ретінде қолданылған. Қазақтың "таңба" сөзінің мәні де соған ұқсас. М. Қашғари сөздігінде (XI ғ. ) : "Хақан не басқа билеушілердің таңбасы” деген анықтама бар7 ^, ‘Таңба” сөзін орыс князьдері де "герб” деген мағынада қолданғаны белгілі.

4

Бірінші Петр патшаның әкесі Алексей Михайлович қол қойған грамоталарда "герб салығы” деген ұғымды білдіретін "тамговый сбор” тіркесі кездеседі. Ғалымдардың пікірінше, орыс тілінде осы уақытқа шейін кең қолданылатын "таможня” сөзі "таңба бажы" дегеннен шыққан.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән береді.

Жалпы ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекттік рәміздерінен бөліп қарамайды. Жас мемлекеттік жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятып, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.

Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін үлкен мақтаныш, зор жігер тудырады. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы орны да ерекше екені даусыз. Сондықтан, егемен еліміздің салт-дәстүрін сақтап, оның мемлекеттік рәміздерін қастерлеу әр Қазақстан Республикасының азаматының міндеті, борышы. Елімізді дүние жүзіне танытқан мемлекеттік рәміздер туралы танымдарын жетілдіру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру, балаларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату, дамыту мақсатында біздің «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасында жүйелі жұмыстар атқарылады. Мысалы, таяуда Рәміздер күні мерекесіне орай «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты тақырыптық кеш өткізілді. Әнұран шырқалып, қызықты шаралар, концерт ұйымдастырылды. Кеш соңы бүлдіршіндердің «Көк тудың желбірегені» әнін шырқауымен қорытындыланды.

5

2. 1 Ту.

Оның бес мың жылдық тарихы бар. Бұл Туда құстардың, аңдардың, құдайлардың бейнелері салынған. Зерттеушілердің айтуынша, байырғы көне ту Иран жерінен табылған. Қазақтың Көк Байрағының тарихы Түрік қағанаты, Хазар қағанаты, Селжұқ қағанаты, Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандықтарының тарихымен сабақтас. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық" деген ұғымға сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Туындағы күн бейнесі - ежелден белгілі ғарыштық нышан, тіршіліктің негізін, жарық сәулесін білдереді. Қазақтың тарихи тамыры сақ, үйсін, ғұн және т. б. тайпалармен байланысты. Тәңіршілдікті ұстанған ежелгі түріктер Көк аспанға, Күнге, Ауаға, Жерге табынған. Сондықтан тудың көк түсі халықтардың өзара тарихи сабақтастығын, аңғартады. Тудағы бүркіт бейнесі билік пен күштің белгісі ретінде белгілі, сондықтан бұл геральдикалық нышан әлемдегі мемлекеттердің көптеген таңбалары мен мемлекеттік эмблемаларында көрініс тапқан. Отарлық кезеңдегі елтаңбалар тарихына келсек, 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалардың нәтижесінде Қазақстанның қалалары мен облыстарының елтаңбалары жасалған. Ресей империясының құрамына кірген қазақ облыстары мен қалаларында біртұтас елтаңба үлгісі қолданылған. Мысалы, XVIII-XIX ғасырлардағы Орал, Гурьев (қазіргі Атырау), Павлодар, Семей, Өскемен, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе және т. б. қалалардың таңбалары болғаны белгілі. 1917 жылдың аяғында құрылған Алашорда үкіметі мен оның комитеттерінің мөр, штампель бланкілерін жасату туралы мәселелер көтерілген кезде, Орданың мемлекеттік гербі қандай болуы керектігі сөз болған, бірақ шешілмей қалған болатын. Соған орай 1918 жылы «Қазақ" газеті «Орда гербі (таңбасы) » мақаласын жариялау арқылы барша халықты Алашорда гербінің жобасын жасауға шақырған. Тарихи деректерде Алашорданың ақ және жасыл түсті тулары болғаны жөнінде мәліметтер кездеседі. Кеңестік дәуірдегі (1920-1991) елтаңбаларға келсек, салыстырмалы түрде бір жүйеге түсірілгені айқын. Өзге одақтас республикалар сияқты Қазақ КСР-нің елтаңбасы да КСРО-ның елтаңбасына негізделіп, көшірме ретінде жасалған. Оның кескіндемесінде қызыл түсті сәуледе орақ пен балға, айнала түскен жолақта қазақ және орыс тілдерінде «Барлық елдердің пролетариаттары бірігіңдер!» деген жазудан тұрды. Елтаңбаның жоғарғы жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында - «КССР» және «ҚССР» жазуы болған. Сондай-ақ, Қазақ КСР-нің мемлекеттік жалауы шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышаны ретінде пайдаланылғаны айтылады. 1990 жылдары Қызыл империяның дағдарысқа ұшырауы, КСРО-дағы түбегейлі саяси оқиғалар - отарлық бұғауды бұзып, азаттыққа жол ашты. 1991 жылы егемендігімізді жарияладық. Тәуелсіздікке қол жеткіздік. «Өшкеніміз жанып, өлгеніміз қайта тірілгендей» күй кештік. Сол бір тарихи кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын әзірлеу жұмыстарын қолға алдық, батыл қадамдар жасадық.

6

1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік нышандарын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы шықты.

Соған сәйкес арнайы комиссия құрылып, оның құрамында С. Әбділдин, С. Зиманов, С. Әбдірахманов, Е. Шәймерденов және т. б. лауазым иелері болды. Сондай-ақ, Елтаңба, Ту, Әнұран жобаларына конкурс жарияланады. Оған көптеген шығармашылық өкілдері, талантты қыл қалам шеберлері, сазгерлер мен, ақындар қатысқан. Мысалы, Мемлекеттік Тудың конкурсына 600 адам қатысып, 1200 жоба ұсынылса, Мемлекеттік Елтаңба бойынша 245 жоба жасалған, ал Мемлекеттік Әнұранның іріктеу конкурсына 750 жоба жіберілген. Мемлекеттік рәміздердің тағы бір маңызды нышаны - еліміздің рухани тұтастығын білдіретін Әнұранымыз. Төл тарихымызда Әнұран екі рет қабылданды (1992; 2006) . Алғашқы әнұранның сөзін Т. Молдағалиев, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ж. Дәрібаева жазғаны белгілі. Ал, оның әуені бұрынғыша қалған болатын. Сегіз жылдан кейін 2000 жылы 9 мамырда Елбасы Н. Ә. Назарбаев Әнұранымызды өзгерту қажеттігін қадап айтты және үкіметке нақты тапсырмалар берді. Нәтижесінде 2006 жылы қаңтарда «Менің Қазақстаным» Әнұран ретінде ресми бекітілді. Оның әуенін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов болды. Бұл әннің тарихы 1956 жылдан басталады. Тың игеру жылдарында марш сарынында дүниеге келген, қазақтың рухын көтеру, намысын ояту мақсатында жазылған. «Менің Қазақстаным» 1986 жылдың желтоқсанында да жаңғырды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi.

7

Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы - алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды. . Қыран (бүркіт) бейнесі - көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер - оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері - дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

8

2. 2 Елтаңба.

Елтаңба - мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл - Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі - көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу - алтын түстес. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ - киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі - елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты. Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар - шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.

9

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Ата заңның аясында
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік нышандар – Ту, Ел таңба, Әнұран
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1991 жыл
Мемлекеттік символдардың жасалуы:тарихы, мазмұны, мәні
Қазақстан Республикасының дипломатиялық протоколы
Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz