Өсімдіктер мен жануарлардың онтогенезі: даму сатылары, оргогенез және реттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

СОӨЖ

Тақырып: Онтогенез барысындағы тұқым қуалайтын ақпараттың іс жүзіне асырылуы.

Дайындаған: Бақтыбайқызы А.

Қабылдаған: Тұңғышбаева З. Б.

Тобы: БК-1

Онтогенез

Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен қурап өлгенге дейінгі аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі (проэмбрио-нальды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэм-бриональды) .

Тұқымды өсімдіктерде онтогенез әдетте тұқымның өсе бастаған кезінен бастап, өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта байқалады.
Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің әртүрлі систематикалық топтарыңда бірдей болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа, ал баобабалар мен секвойяларда мыңдаған жылдарға созылады.
Онтогенезде вегетативті органдардың өсуі мен дән байлауьшың ара қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бірақ рет дән байлайтын монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән байлайтын - поликарпты өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің екінші жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сәбіз, қызылша) және тіптен вегетативтік органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер) . Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл сайын гүлдеп дән байлайтын, көп жылдық өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің бұл тобының вегетативтік органдары жыл сайын өсіп отырады.
Онтогенездің барысыңда өсімдіктер жүйелі түрде белгілі бір фазалардан өтеді. Өсімдіктердің әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі болуы мүмкін, сол топқа ғана тән болуы мүмкін. Мысалы, бір жылдық қос жарнақтыларда мынадай фазаларды белгілейді: дәннің өсуі, өскіннің пайда болуы, нағыз жапырақтың алғашқы жұбының түзілуі, өркеннің пайда болуы, бітеу гүлдің (бутон) түзілуі, гүлдеуі, дән байлауы, ал бір жылдық астық тұқымдастарында -тұқымның өсуі, өскіннің пайда болуы, түптенуі, түтіктің түзілуі, бас байлауы, гүлдеуі, дөннің толысуы және дәннің пісуі. Жыныссыз көбейгенде онтогенез аналық организмнің бөлінуінен немесе маманданған клетканың пайда болуынан немесе клеткалардың тобының түзілуінен (мысалы, өнім бүршіктері) басталады. Олардан жаңа организмнің бастамасы (зачаток) пайда болады.
Себілетін өсімдіктер үшін, онтогенезде олардың жеклеген органдарының пайда болуының заңдылықтары мен қалыптасуының мезгілін білудің маңызы үлкен. Ф. М. Куперман мен оның ғылыми қызметкерлері өсімдіктердің жекелеген органдарының пайда болуы мен қалыптасуының жүйелілігін және қарқындылығын, басқаша айтқанда оргоногенездің кезеңдерін фундаменталдық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оларды бақылаудың тәсілдерін жолға қойған. Осы тәсілді пайдалана отырып, агроном астықтың түсімінің қалыптасуы туралы мәліметтер алады және оргоногенездің қарқыңдылығын жеделдетуге немесе тежеуге қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

IMG_256

Гаструляция(1 - бластула, 2 - гаструла) .

Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады) ; эмбрионалдық кезең - жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең - жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.

Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік жасушаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді.

2020-10-21 14:34:55.102000 2020-10-21 14:34:55.178000

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлардың гаметогенезінің салыстырмалы сипаттамасы
Онтогенездің генетикалық негіздері мен даму сатылары
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары: Раункиер мен Кашкаров классификациялары
Өсімдіктер мен жануарлардың өзара ықпалы: экологиялық рөлдері мен әсерлері
Өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделу механизмдері
Онтогенез пен филогенез: даму сатылары мен заңдылықтары
Тірі ағзаларды классификациялау: микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктері және қажеттілігі
Микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлардың классификациясы: әдістері, таксономиялық қағидалары мен ерекшеліктері
Өсімдіктер онтогенезі: фазалар, органогенез және клеткалық бөліну мен созылып өсу механизмдері
Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлардың эволюциялық тарихы: шығу тегі, кезеңдері және әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz