Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МӨЖ
Тақырыбы: Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
Тексерген: Бапаева М. Қ.
Орындаған: Қуантқанова Ф. М.
2020 жыл
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
Тұлғаның эмоционалды аймағы - бұл біздің эмоцияларды қалай бастан өткізулеріміз және өз сезімдерімізді көрсетуіміз.
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоция мен сезім жеке үрдістер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше және адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болады деп қарастырылады.
Қазақ тіліне аударғанда эмоция сөзі - ол жан-дүниенің қозғалысы, жан-дүниенің қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез құлқында ерекше рөл атқарады. Эмоциялар мынадай қызметтер атқарады:
Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі - адамның оқиғаға адамның түрлі әсерінің болу мүмкіндігін білдіреді.
Эмоцияның басқарушы рөлі - Адамды қоршаған шындықты және қандай да бір оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез құлқын басқаруда эмоция маңызды рөл атқарады.
Эмоцияның қорғаныс қызметі - адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныш тың туындауымен тығыз байланысты.
Эмоцияның сигналдық қызметі - сыртқы көрініс арқылы адамның басқа адамға жай күйін хабарлауы. Академик П.К. Анохин адаммен жануарлардың мінез-құлқын бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық әсерленулер эволюцияда тетік ретінде бекітілген, ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте ұстайды және өмірлік маңызы бар факторлардың жетіспеушілігінің немесе артықшылығының алдын алады деген көзқараста болды.
Тұлғаның эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа, адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады.
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық үрдістер ретінде емес, тұлғаның қызметінің көрінісі ретінде қарастырды. Ол эмоционалды құбылыс бейнелеуші мазмұннан және эмоционалды күйзелістен тұрады деп санады.
Л.С. Выготский эмоциялардың теориялық мәселелерін өз зерттеулері арқылы қарастырған. Оның көзқарасы бойынша эмоциялар ағзаны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын реттейді.
Э. Клапаред эмоция туралы дамыған бала мен қалыпты жағдайдан ауытқыған баланы ересек адамдармен салыстыра отырып, арнайы тәжірибе арқылы зерттеді. Ол эмоция мен сезім жеке процестер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше деген көзқараста болды. Эмоция адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болатындығын да қарастырды.
З. Фрейд бірқалыпты дамыған бала мен жүйке ауруына ұшыраған баланың эмоцияларын ересек адамдардың тіршілігімен салыстыра отырып зерттеуге мамандардың үнемі көңіл аударып отыратындарына назар аударды.
Тұлғаның эмоционалдық дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы қоршаған адамдармен қарым-қатынасының сипатына, мінез-құлық ережелерін меңгеруіне байланысты.
Көп жағдайда эмоция және сезім синоним ретінде қолданылады. Сезім - тұлға қасиеті, ал эмоция сезімнің көріну үрдісі деп қарастырылады. Сезімнің негізгі көзі адамның іс-әрекеттері. Адамның сезімдері бағыты, тереңдігі, тұрақтылығы және әсерлілігі жағынан әртүрлі болып келеді. Эмоция қалпындағы сезімдерді бастан кешіру азды-көпті байқалатын сыртқы көріністермен (бет-әлпет кейпі, ымишарат т.б.) қатар жүреді. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды.
Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі - қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т.б.). Олар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың белсенді және солғын көрініс беруіне байланысты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер стеникалық (стен - грек тілінде күшті деген мағынаны білдіреді) деп аталады, ал адамды күшінен айырып, барлық іс-әрекеттерін баяулататын сезім түрлерін астеникалық (астения - әлсіз) деп атайды.
Шамадан тыс күшті тітіргендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоцияларт уғызады. Сезімдер мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде алатын орны үлкен. Әр адам өз алдына қойған мақсатын орындау жолында өмір үшін қүресте күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу мүшелеріне өзгерістер ендіретінін бет әлпеті мен бүкіл дене қимылдарына, сөздің интонациясы мен тембіріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізеді. Көңіл күй - эмоциялардың күрделі түрінің бірі. Адамның көңіл-күйіне оны қоршаған орта үлкен әсерін тигізіп тұрады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы татулықта, отбасындағы жағдайы жақсы болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктері әсерін тигізеді. Адмның өміртіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиғалар да көңіл-күйі арқылы көрініс береді.
К. Изард бойынша эмоциялық ахуалдар және олардың психологиялық сипаттамаларымен сыртқы көріністері көрсетіледі.
Қызығушылық (эмоция ретінде) - дағдылармен біліктерді, білімдер мен түрткіні дамытуға ықпал ететін жағымды эмоциялық ахуал. Қызығушылықтың қалыптасу құрылымына:
* жағымды эмоционалды қатынастардың тууы; тереңдетілген жағымды эмоционалды қатынастардың тууы; орнықты (тұрақты) қызығушылық;
* таңдану - кенеттен пайда болған жағдайларға жағымды немесе жағымсыз эмоциялық реакция; қуаныш - қажеттілікті толық қанағаттандыру мүмкіндігіне байланысты жағымды эмоциялық
* ахуал;
Ашу - маңызды қажеттілікті қанағаттандыру жолында кенеттен пайда болған, әдетте аффект жағдайында өтетін жағымсыз эмоциялық ахуал жатады.
Жек көру - субъектінің өмірлік ұстанымдары, көзқарастары, мінез-құлқының өмірлік ұстанымдарымен, көзқарастарымен және мінезқұлқымен сәйкес келмеуінен туындайтын жағымсыз эмоциялық ахуал.
Қорқыныш - қауіптің төнгенін сезгендегі адамның немесе жануардың қорғану биологиялық реакциясын бейнелейтін жағымсыз эмоциялық ахуалы. К. Изард қорқыныш пен мазасыздануды ажырату қажеттілігін бірқатар зерттеулері арқылы көрсетеді.
З. Фрейдті толғандырып ойландырған мәселе адамның өз басынан кешіретін эмоциялык күйлік көріністері. Әсіресе ол адамның ашу үстінде өз психикасы мен санасын басқара алмай абдырауы, эмоциялық толқу үстінде адамның өзі істеген істеріне есеп бермейтіндігі не себептерге байланысты деген мәселелерге ерекше назар аударуына себепкер болды және психологияға мазасыздық түсінігін енгізді.
Қазіргі психологиялық сөздікте қорқыныш - бұл субъектінің әлеуметтік және биологиялық экзистенциясы үшін қауіп туындайтын аффекті - сезімдік эмоция деп беріледі.
Фрейд бойынша қорқыныш - бұл аффект күйі, яғни нақты бір жағдайларға байланыс- ты қанағаттану және қанағаттанбаушылықты сезіну.
Р.Ф. Овчарова қорқынышты адам санасында оның өміріне нақты бір қауіптің эффективті бейнеленуі (эмоционалды өткірлік) ретінде қарастырады.
Қорқыныш өзін-өзі сақтау инстинктіне негізделген, жоғары жүйке жүйесінің нақты физиологиялық өзгерістер мен қорғаныс рефлекстерімен сипатталады деп түсіндіріледі.
Сонымен, қорқыныш - бұл көптеген адамдарда үрей сезімін тудыратын эмоция. Сондықтан да қорқыныш адам өмірінің шынайы бөлігі болып табылады. Адам әртүрлі жағдайлардан қорқуы мүмкін, алайда бұл жағдайлардың барлығының ортақ белгілері бар. Ол адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төнген сияқты қабылданады және әсер етеді. Қорқынышты итенсивті түрде сезіну ұзақ уақыт есте қалады. Қауіпті түсіну өмірлік тәжірибеде тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырады, қорқыныштың туындауына баланы тітіркендіретін қауіпті әсерлердің біртіндеп жоғарылауы да себеп болады. Әдетте бұндай жағдайларда тәжірибеде (қорқыныш, ауру, конфликт) көрінуі байқалады.
Қорқыныш термині сияқты үрей термині де кеңінен қолданылады. Қорқыныш пен үрейдің ортақ белгісі мазасыздану және алаңдау сезімі түріндегі эмоционалды компонент болып табылады. Үрей мен қорқыныштың ерекшелігі шамадан тыс қорқу болып табылады. Үрей - бұл қауіпті алдын ала сезіну, алаңдау күйі. Үрей, негізінен, жауапкершілік, борыш, адамгершілік сезімі бар адамдарға тән. Сонымен қатар үрей өзінің және жақын адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті сезіну, солар үшін алаңдаумен сипатталады. Егер үрей сезімі ұзақ уақыт созылса және қауіпті алдын ала сезсе, онда үрейдің объективті формасы қорқыныш ретінде қарастырылады. Кейбір жағдайларда қорқыныш үрейдің шығу қақпағы ретінде де көрінеді. Педагогика мен психологияда қорқыныштың әртүрлі классификациясы бар.
* Шынайы.
* Невротикалық.
* Еркін қорқыныш.
Шынайы қорқыныш - сыртқы қауіпті қабылдауға қалыпты реакция ретінде өзін-өзі сақтау инстинктің рационалды көрінуі.
Невротикалық қорқыныш - невротиктердің мақсатсыз қорқыныштардың әртүрлі формасы психикалық инстанциялардың жұмыс істемеуінен туындайды.
Еркін қорқыныш - жалпы белгісіз үрейленушілік, қорқыныш тудыратын объектілермен байланысты емес жөнсіз қорқыныш.
Невротикалық қорқыныштар - жоғары эмоционалды интенсивтілікпен, ұзақ уақыт және тұлғалық мінез-құлқына жағымсыз әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылушылықтардың әрекеттестігімен, қорқыныш объектілерінен қашумен сипатталады. Невротикалық қорқыныштар ұзақ және шешілмейтін қобалжулардың нәтижесі болуы мүмкін. Көбінесе сезімтал, ата-аналармен қарым-қатынаста эмоционалды қиындықтарды сезінетін балаларда қорқыныш сезімі басым болады және оларда отбасындағы конфликттерден, қобалжулардан эмоционалды әлсіреу болады. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздіктің, махаббаттың, беделдің көзі ретінде қарайды.
Қорқыныш - бұл интенсивті түрде көрінетін эмоция, оны қарапайым, шынайы және жасерекшелік сипаты бойынша және ауытқушылық деңгейіне байланысты ажыратуға болады. Әдетте қорқыныш қысқа мерзімді, қайтымды болады, адамдардың құндылық бағдарына тимейді, оның мінезіне, тәртібіне және қоршаған ортадағы адамдармен әрекеттестігіне әсер етпейді. Қорқыныш объектілерінен жанасудан қашатындықтан қорқыныштың кейбір формалары қорғаныс реакциясы қызметін атқарады.
Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу; сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары; сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл балаларда болмайды; ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану; үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа психологиялық бой алдыру.
Адамдардың әлеуметтік әрекетін және тұлғааралық қарым-қатынасқа, мінезіне жағымсыз әсер ететін, санасыздықтан еріксіз, қиын, созылмалы шиеленсікен жағдайда (эмоционалды шок, қатты қорқу) паталогиялық қорқынышты білдіреді.
Қорқыныш - бала өміріне және сәттіліктеріне төніп тұрған қауіптің мидағы бейнесі. Мазасыздық - қорқынышты эмоционалды түрде сезіну. Мазасыздану сезіміне алып келетін қорқу мынадай себептерге байланысты болады: өз қатарларымен дұрыс қатынаста болмау, ата-анасының өзара жанжалды болуы психикалық жарақат алуы, ата-ана тарапынан қатал тәртіп, т.б.
Мазасыздық - күй ретінде қолайсыздықты сезу. Осы арқылы мінез құлықтың кері формаларында мыналар жатыр деген пікір айтуға болады: мазасызданудың көрінуі ретінде қарастырылуы, эмоционалдық күйзелу, тынышсыздық, қолайсыздық және өзіне сенімсіздік.
А.Н. Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйесінде қарастырады. Ол: Эмоциялар өзіне іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың механизмі және нәтижесі болып табылады. Эмоция ішкі сигналдар қызметін орындайды. Эмоция ерекшелігі, олар мотивтер арасындағы қатынасты бейнелейді. А.Н. Леонтьев: мотивтер сезілмеген уақытта да, олар өздерінің психикалық бейнеленуін ерекше формада - әрекеттің эмоционалды бояуы формасында табады деген пікір айтады.
Аффект пен эмоциялар өзінің ситуативтілігімен ерекшеленеді. Аффектілер А.Н. Леонтьев бойынша, әрекет соңында пайда болып әрі жағдайдың жалпы бағасын береді де, ал эмоциялар болған немесе мүмкін болатын жағдайға бағалау және жеке қатынасты бейнелейді. Сезімдер айқын сипаттағы заттық сипаттағы тұрақты эмоционалды бастан кешулер болып табылады және іс-әрекетке қатысады, бірақ жағдайға тәуелді болмайды.
В.А. Петровский жеке адамның эмоционалды дамуының екі аспектісін бөліп көрсетеді:
1. эмоционалды күрделілікке адамның тартылуы;
2. өзге адамдармен эмоционалды бірлікті орнатуы.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз - қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустрациясын бастан кешіру. Мазасыздануды бас миының қызмет етуімен байланыстыру негізінде мазасыздануды анықтауда психофизиологиялық бағалау әдісін қолдануға болатындығы айтылады. Жекелген мазасыздануды анықтауға арналған Спилбергер тестісін де атауға да болады. Мазасыздану басынан-ақ жеке адамның жағымсыз сипаты болып саналмайды. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі бола- ды. Бұл - жеке адамның белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Ол мазасыздану өзін-өзі қайта құруға, өзін немесе ситуацияны өзгертуге дайындық сигналы ретіндегі мазасыздану болып табылады.
Мазасыздық адамда қозуды бәсеңдетуге мүмкіндік бермейтін, аяқталмаған ситуациялардың, шектелген белсенділіктің болуы салдарынан пайда болады. Осыған байланысты, мазасыздық индивидтің санасында сәтсіздікті, қауіпті болжаумен немесе белгісіздік жағдайында адам үшін маңызды, ауқымды нәрсені күтумен байланысты өте күшті ішкі азапқа салатын мазмұнсыз мазасыздану деп түсінілетін эмоциялық ахуал.
Мазасыздық қауіптену эмоциясының жақын болғанмен, дегенмен де оның қорқыныштан айырмасы жоқ. Қауіптенудің нақты әсерден көзі бар, шындағында да қауіпті болып бағаланған нақты бір нысанмен байланысты. Ал мазасыздықтың пайда болуына, нақты және анық себеп жоқ.
Мазасыздану термині нақты жағдайға тәуелсіз пайда болған әсерленулердің кең шеңберін анықтау үшін де жиі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz