АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА ӘДЕБИЕТТАНУШЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Айбергенова Мөлдір Мұратқызы

Айгүл Кемелбаева шығармаларын оқытудың тиімді әдістәсілдері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Қазақ тілі мен әдебиеті 6В01701

Орал 2023ж

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қорғауға жіберілді Каф. меңгерушісі

(қолы) (ТАӘ)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Тақырыбы :

«Айгүл Кемелбаева шығармаларын оқытудың тиімді әдістәсілдері»

«Қазақ тілі мен әдебиеті» - 6В01701

Орындаған: Айбергенова М. М.

Ғылыми жетекшісі: Турганалиева Г. Г.

Орал 2023ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 4

І тарау. АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ ……6

1. 1 Айгүл Кемелбаеваның өмір баяны . . . . 6

1. 2 Айгүл Кемелбаеваның қоғамдық саяси қызметі ………. 7

Бірінші бөлім бойынша қорытынды. …. . . . 13

ІІ тарау. АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА ӘДЕБИЕТТАНУШЫ. ……… . . . 14

2. 1 Айгүл Кемелбаеваның шығармаларыеың ерекшеліктері. . 14

2. 2 “Қоңыр қаз” шығармасы . . . 24

Екінші бөлім бойынша қорытынды. ………26

ІІІ тарау. ОҚУШЫЛАРДЫ ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ…. . . 28

3. 1 Оқушыларды оқыту әдістері ……. ………. . 28

3. 2 Айгүл Кемелбаева шығармаларын тиімді оқыту әдісі………. ………. 47

Үшінші бөлім бойынша қорытынды . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . ………. . . 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………. . …. 51

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл жұмыстың өзектілігі қазіргі мектеп оқушыларының әдебиет шығармаларын оқыту әдістері арқылы қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Айгүл Кемелбаеваның шығармаларына сәйкес келетін оқуты әдістерін қолдана отырып кітап оқитын жастар саның көбейту.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл жұмысты жазар алдында осы тақырыпқа қатысты оқыту-әдістемелік құралдарды, әдіс-тәсілдердің зерттелуін, ғалымдардың пікірлерін талқылай отырып, талдау жасадым.

Зерттеу мақсаты: Оқушыларды оқыту әдісінің сабақ жүйесінде тиімділігін анықтап, қарапайым хат жанрынан айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтау

Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы хат жүйесінде жазылған шығармаларды анықтап, талдау

Зерттеу нысаны: Оқушыларға Айгүл Кемелбаева шығармаларын қазақ әдебиеті сабағында оқыту процесі

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Әдеби көркем шығармалардағы хат жүйесі бойынша жазылған туындылар анықталып, талданды.

І тарау. АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

  1. Айгүл Кемелбаеваның өмір баяны

Айгүл Кемелбаева 1965 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. 1984-1987 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. 1989-1994 жж. Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтының негізгі (проза) бөлімін бітірді.

Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. «Жетінші құрлыққа саяхат» атты балаларға арналған повесть және «Тобылғысай», «Мұнара» атты әңгімелер жинағының авторы. Республикалық баспасөзде 100 шақты әдеби-зерттеу мақалалары, эсселері, аудармалары жарияланған.

1983 жылы «Жалын» баспасының республикалық жабық конкурсында балалар әдебиетіне арналған ІІ жүлдені, 1997 жылы М. Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы құрметіне жарияланған шығармашылық конкурста ІІІ орынды иеленді. Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1998) . Сорос-Қазақстан -Дебют конкурсының лауреаты. Сорос Қазақстан қорының «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» атты конкурсының жеңімпазы (2000) . Бірнеше дүркін республикалық, халықаралық бәйгелердің жеңімпазы болған.

Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі қоғамда «қазақ әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлер тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап, уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр - поэзияны былай қойғанда, шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың сюжеттерді алып келді. «Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел болуы - біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрыңғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып, бүгінгі егемендікке келуіміздің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды керек етеді». Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі жазылмақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін, ткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді, салт-дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды. Қаншама жылдар бойына қазақы болмысымызды кеңес адамының көлеңкесі көлегейлеп келген әдебиетте енді қазағым, елім, жерім деп еңіреген ерлердің бейнесі келді. Сонымен қатар еліміздің әлеуметтік өмірінде қоғамдық-саяси шешуші рөл атқарған қазақ тарихының ақтаңдақ беттері - 1986 жылғы «Желтоқсан», «Семей-полигон», «Ауған» тақырыптарына қазақ жазушыларының еркін шабыттана жазуының арқасында біраз сүбелі еңбектер дүниеге келді. «Дін-апиын» деген желеумен кеңес үкіметі жылдарындағы атеистік идеологияның кесірінен мүлде тиым салынған дін мәселесінде прозамызға исламдық сарынмен жазылған алғашқы прозалық шығармалар легі келді.

  1. Айгүл Кемелбаеваның қоғамдық саяси қызметі

Кемелбаева Айгүл (1965 ж. ) - жазушы, прозаик, әдебиеттанушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

1965 ж. 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ (1987, қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін, М. Горький атындағы Мәскеу әдеби институтының проза бөлімін аяқтайды (1989-1994) . Ғылыми қызметкер, кейін «Абай» журналы бөлімінің меңгерушісі болған.

«Жетінші құрлыққа саяхат» (1986, «Путешествие на седьмой материк») повесі, «Тобылғы сай» және «Мұнара» (2003) әңгімелер жинағының авторы. Республикалық мерзімді басылымдарда әдеби зерттеу мақалалары жарияланады. 2013 жылы әңгімелер антологиясы үштомдығының екінші томына А. Кемелбаеваның «Қоңырқаз» (Мәскеу, «Художественная литература» баспасы) әңгімесі енді. 2005 ж. режиссер Б. Шәріпов М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі бойынша түсірген «Күнә» көркем фильмі сценарийінің авторы.

«Жалын» баспасы ұйымдастырған (1983) балалар әдебиетіне арналған жабық республикалық конкурстың жеңімпазы, М. О. Әуезовтың жүзжылдығына арналған шығармашылық конкурста үшінші орын алған (1997) . Жастар Одағының Б. Бұлқышев атындағы және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1998), «Сорос-Қазақстан-Дебют» конкурсының лауреаты, «Сорос-Қазақстан» қорының «Қазіргі қазақ романы» конкурсының жеңімпазы (2000), «Арзу» әңгімесі үшін М. Қашғари атындағы әдеби конкурсының екі мәрте жеңімпазы (2012), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

А. Кемелбаеваның шығармалары

Кітаптар - Книги

Кемелбаева, А. Мұнара [Мәтін] : роман / А. Кемелбаева. - Алматы, 2003. - 149 б.

Кемелбаева, А. Мәжнүн жүрек [Мәтін] : эссе, сұхбат / А. Кемелбаева. - Алматы : Алаш, 2013. - 384 б.

Кемелбаева, А. Сөз хикмет [Мәтін] : эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. - Алматы : Дәстүр, 2016. - 384 б.

А. Кемелбаеваның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации А. Кемелбаевой в периодических изданиях и сборниках

Кемелбаева, А. Әуезов әңгімелеріндегі әйел мәртебесі [Мәтін] : [М. Әуезовтың туғанына 100 жыл] / А. Кемелбаева// Заман Қазақстан. - 1997. - 11 шілде. - Б. 13.

Кемелбаева, А. Көксерек әңгімесінің көркемдік тағылымы [Мәтін] / А. Кемелбаева // Заман Қазақстан. - 1997. - 18 шілде. - Б. 12.

Кемелбаева, А. Мұхтар Әуезов және ұлт [Мәтін] : [М. Әуезовтың туғанына 100 жыл] / А. Кемелбаева // Заман Қазақстан. - 1997. - 8 тамыз. - Б. 13.

Кемелбаева, А. Жан иесі [Мәтін] : әңгімеден үзінді / А. Кемелбаева // Семей таңы. - 1998. - 19 наурыз. - Б. 4.

Кемелбаева, А. "Мұнар болған күнді ашқан . . . " [Мәтін] : (Әуезхан Қодардың творчестволық портреті хақында) / А. Кемелбаева // Егемен Қазақстан. - 1998. - 1 қазан. - Б. 8.

Кемелбаева, А. "Қыздарымның қайда кеткен бұрымы ? . . . " [Мәтін] : [шаш мәдениеті төңірегіндегі ой] / А. Кемелбаева // Абай. - 1998. - №2. - Б. 46-50.

Кемелбаева, А. Сенім көп пе, түңілу көп пе? [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 1998. - № 3. - Б. 33-34.

Кемелбаева, А. Алдыңғы толқын ағалар [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 1999. - №3. - Б. 76-80.

Кемелбаева, А. Тобылғы сай [Мәтін] : [әңгіме] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 18 ақпан. - Б. 4.

Кемелбаева, А. Тристан мен Изольда туралы аңыз [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2000. - № 2. - Б. 86-90.

Кемелбаева, А. Даналардан дарыған өнер [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2000. - № 3.

Кемелбаева, А. Ілиястың "Құлагері" [Мәтін] : эссе / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 3 тамыз. - Б. 4-5.

Кемелбаева, А. Мұхтар Әуезов әңгіме жанрында [Мәтін] : [эссе] / А. Кемелбаева // Абай. - 2001. - № 1. - Б. 38-40.

Кемелбаева, А. Мағжанның прозасы [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2002. - № 1. - Б. 59-61.

Кемелбаева, А. Ақ тісің кір шалмас . . . [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2002. - № 2. - Б. 5-10.

Кемелбаева, А. Жұртына құрбан болсам деп . . . [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2002. - № 3. - Б. 8-11.

Кемелбаева, А. Оралхан Бөкеев әңгіме жанрында [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2002. - № 4. - Б. 70-72.

Кемелбаева, А. Мағжанның прозасы [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 10 қаңтар. - Б. 8-9.

Кемелбаева, А. Мағжанның поэзиясы [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 9 мамыр. - Б. 12-13.

Кемелбаева, А. Рабиндранат Тагор [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 26 желтоқсан. - Б. 14.

Кемелбаева, А. Ақ тісің кір шалмасын . . . [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2003. - № 2. - Б. 5.

Кемелбаева, А. Ардақ [Мәтін] : Оралхан Бөкей прозасындағы мифологиялық сарындар / А. Кемелбаева // Ертіс өңірі. - 2004. - 29 ақпан. - Б. 27.

Кемелбаева, А. "Ағаш жерді қимайды, жер ағашты" [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ертіс өңірі. - 2004. - 4 қараша. - Б. 31.

Кемелбаева, А. Оралхан Бөкеев прозасындағы мифологиялық сарындар [Мәтін] : эссе / А. Кемелбаева // Дидар. - 2005. - 11 қаңтар. - Б. 6.

Кемелбаева, А. Әуезов және Фолкнер [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 4 ақпан. - Б. 4.

Кемелбаева, А. Елі сүйген Ебіней [Мәтін] : [ғалым Е. Бөкетов 80 жаста] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 8 сәуір. - Б. 5.

Кемелбаева, А. Кімді іздеп жүріп оқыса, сол - жазушы [Мәтін] / А. Кемелбаева // Егемен Қазақстан. - 2005. - 13 мамыр. - Б. 10.

Кемелбаева, А. Баян [Мәтін] : [Абай елінің әнші қызы Баян Сағымбаева туралы] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 29 шілде. - Б. 14.

Кемелбаева, А. Қазақтың халық әндеріндегі Баянаула тауы [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 18 тамыз. - Б. 8.

Кемелбаева, А. Абай және Омар ибн Аби Рабиа [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 19 тамыз. - Б. 6-7.

Кемелбаева, А. Сәкенің шағын әңгімелері [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2005. - № 1.

Кемелбаева, А. Күмбір күйдің құдіреті [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ертіс өңірі. - 2006. - 18 қазан. - Б. 8.

Кемелбаева, А. Шәкәрім "Шаранамен туып едің . . . " [Мәтін] / А. Кемелбаева // Шәкәрім әлемі. - 2006. - №2. - Б. 34-37.

Кемелбаева, А. Тұманбай ақын поэмасындағы қаз бейнесінің мәні [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2006. - № 4. - Б. 90-94.

Кемелбаева, А. "Ең бастысы шығармаңның оқылғаны" [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ертіс өңірі. - 2007. - 10 қаңтар. - Б. 8.

Кемелбаева, А. "Шежіредей тілі сайраған" [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 12 қаңтар. - Б. 10-11.

Кемелбаева, А. "Түп иесін көксемей бола ма екен?" [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2008. - № 1. - Б. 26-31.

Кемелбаева, А. Шәкір Әбеновтың "Қозы Көрпеш -Баян сұлу" дастаны [Мәтін] / А. Кемелбаева // Жұлдыз. - 2008. - №11. - Б. 159-172.

Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті [Мәтін] / редактор А. Социалқызы ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті, М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы : Арда, 2009. - 391 б. - Кемелбаева А.

Кемелбаева, А. Шәкәрімнің үш поэмасын аударған ақын [Мәтін] : [Мұрат Сұлтанбеков туралы] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 22 мамыр. - Б. 6.

Кемелбаева, А. Тың өнердің тарланы [Мәтін] : [тележурналист С. Оразалин туралы] / А. Кемелбаева // Ертіс өңірі. - 2011. - 4 мамыр. - Б. 13; Түркістан . - 2011. - 5 мамыр. - Б. 9 .

Кемелбаева, А. Көкенай мен Қалқаман [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2011 - 18 қараша. - Б. 12, 16.

Кемелбаева, А. Абай айтпаған жеті сөз [Мәтін] / А. Кемелбаев // Абай. - 2011. - № 1. - Б. 70-79.

Кемелбаева, А. Рух патшалығындағы қауышу [Мәтін] / А. Кемелбаева // Жұлдыз. - 2011. - № 2 . - Б. 163-170.

Кемелбаева, А. Гете мен Абай [Мәтін] / А. Кемелбаева // Жұлдыз. - 2011. - № 1. - Б. 195-198.

Кемелбаева, А. "Атасы ақындардың - ақын Қорқыт . . . " [Мәтін] / А. Кемелбаева // Аңыз адам. - 2011. - № 6. - Б. 39.

Кемелбаева, А. Ілиястың "Құлагері" [Мәтін] / А. Кемелбаева // Даланың дархан дүлдүлі Астана. - Астана, 2012.

Кемелбаева, А. Көмейден төккен көркем үн [Мәтін] : ақын Бауыржан Жақып шығармашылығы хақында / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 10.

Кемелбаева, А. "Жазушы ізгіліктің иесі болуы тиіс" [Текст] / А. Кемелбаева // Егемен Қазақстан. - 2012. - 25 сәуір. - Б. 12.

Кемелбаева, А. Көкенай мен Қалқаман [Мәтін] / А. Кемелбаева // Абай. - 2012. - № 1-4. - Б. 188-195.

Кемелбаева, А. Гете мен Абай [Текст] / А. Кемелбаева // Әлем әдебиеті. - 2012. - №1. - Б. 209 - 223.

Кемелбаева, А. Фильмді мешел баладай елден жасырып отырған тәрізді [Мәтін] / А. Кемелбаева // Аңыз адам. - 2012. - № 1. - Б. 48.

Кемелбаева, А. Сплин. "Ішінде кеткен құсасы . . . " [Мәтін] : эссе : [ақын Н. Мәукенұлы туралы] / А. Кемелбаева // Жұлдыз . - 2012. - № 4. - Б. 156-169.

Кемелбаева, А. Ереймен мен ақынай [Мәтін] / А. Кемелбаева // Тұмар. - 2012. - № 4. - Б. 68-75.

Кемелбаева, А. Ақтамберді жырау толғауындағы қазанаттың кісінеуі [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ақтамберді. Күлдір-күлдір кісінетіп : жыр-толғаулар және ғылыми мақалалар, зерттеулер. - Астана : Фолиант, 2013. - Б. 214-223. - (Алтай-Ертіс кітапханасы) .

Сәрсеке, М. Шығармалары [Мәтін] . Т. 1 : Нашар пъеса 500 рет қойылмайды : 7 драма, солар төңірегіндегі қитұрқы оқиғалар. - Астана : Фолиант, 2013. - 512 б. - Кемелбаева А.

Кемелбаева, А. "Ұлпан" [Мәтін] / А. Кемелбаева // Егемен Қазақстан. - 2013. - 1 қазан. - Б. 5.

Кемелбаева, А. Қадыр Мырза Әлидің жұмбақтар әлемі [Мәтін] / А. Кемелбаева // Әлем әдебиеті. - 2013. - № 1. - Б. 203-221.

Кемелбаева, А. Тұлпарбасқан [Мәтін] / А. Кемелбаева // Тұмар. - 2013. - № 2. - Б. 66-77.

Кемелбаева, А. Жазушы. Геолог. Дәуріш. [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ақиқат. - 2013. - №4. - Б. 93-97.

Кемелбаева, А. Думан Рамазанның әңгімелері туралы [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ақиқат. - 2013. - №5. - Б. 89-92.

Кемелбаева, А. Сплин (құса, мұң, сарыуайым) . "Ішінде кеткен құсасы . . . " [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ақиқат. - 2013. - №9. -Б. 86-88.

Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде [Мәтін] : халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы = Наследие Абая в мировом духовном пространстве : сборник материалов международной научно-практической конференции. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2015. - Кемелбаева А. : б. 274-285.

Кемелбаева, А. Қазаққа дұшпан қазақ па? [Мәтін] / А. Кемелбаева // Ақиқат. - 2015. - №8. -Б. 57-59.

Кемелбаева, А. Снайпер [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысында белгісіз солдат болып қалған Төлеуғали Әбдібеков туралы] / А. Кемелбаева // Ертіс өңірі. - 2016. - 27 сәуір. - Б. 14.

Кемелбаева Айгул Ақиқаттың ақ семсері [Текст] / Кемелбаева Айгул // Айқын . - 2017. - 22 шілде (№ 108) . - 21

Кемелбаева, А. Глас вопиющего в пустыне [Текст] / А. Кемелбаева // Абай. -1998. - № 4. - Б. 10-12.

Кемелбаева, А. В поисках утраченного духовного наследия [Текст] : древние сакральные мотивы в сказке "Ер Тостик" / А. Кемелбаева // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2015. - № 6. - С. 130-135.

Бірінші бөлім бойынша қорытынды

Бірінші бөлімді қорытындылай келе Айгүл Кемелбаеваның шығармасын оқып талқылаған кісінің сөзімен қорытындыласақ.

[18:14, 04. 01. 2023] Ахат Укасов: Бірінші бөлімде Москва ша­һарымен таныстым. Дұры­сы, сол шаһарда әдебиет инс­титутында оқитын Айжан есімді студент қызбен. Бала бағу­шылық өмірі арқылы «аласы ішіндегі» адамдардың екі­жүз­ді, аяр, жымысқы, аумалы-төкпелі мінездерін жеріне жет­кізе суреттеген авторға ри­за болдым. Айжанның оқу біті­рер мерзімі Кеңес Одағы­ның ыдырауына тұспа-тұс келіп, Ресей мен Қазақстан ара­сында, пошта арқылы қара­жат жолдау тоқтап қалады да, елдегі анасы жіберген ақша қолына тимеген студент қыз­дың мардымсыз сти­пендиясы күн көруге де жет­пей тығырық­қа тіреледі. Мәскеудей алып мегаполисте көк тиын қаражат­сыз қайтіп күн көруге болады?! Көп жағ­дай­да нанға май жағып ашқұр­сақ жүруіне тура келеді. Бала жасынан Тәңірді қапысыз мо­йын­даған, тағдыр талайына иланған Айжан өзінің далада қалмасына сенеді. Ақиқатында Алла деген жанның нәпақасыз, түксіз, аш-жалаңаш қалуы мүмкін емес. Әлбетте әрекет жа­саған жағдайда. «…Соңғы күн­дері астан өзге ештеңе ой­лауға қабілетім жоқ болып кет­ті, дұрыстап құнарлы ас же­мей, еттен қағылған соң, (қазақ баласы!) аш қарын өзге дүниеге мұқтаж емес…» дейді студент қыз. Аштық сезімін бұрын-соңды бастан кешпеген, бей­мәлім жалғызкөз дү­лей­дің өзі­не айналды. Тіпті, кей кез­дері миын қалжырау мен дағ­дарыстың шарпуы меңдейді, оқып отырған кітабы қолынан сусып түсіп кете береді. Сондай шақта өзі оқыған жазушылары: Кнут Гамсунның «Аш­тық» атты романы, Генри Мил­­лердің романы, Эдгар По­ның қаламынан туған «Мальстам ағысы» әңгімесі, Гогольдің «Өлі жандар» поэмасындағы Чичиковтың дастархан үстін­де­гі сәті, қаймаққа былғанып кеп ауызға сүңгіп кететін галушкалар көз алдына елес­тейді.

Не істемек керек? «Өлме­ген­ге өлі балық». Курстас құр­бысы Лиля себепші болып бала күтуші болып жұмысқа тұрады. Бағатын баласы тоғыз жастағы Ританың әкесі - орыс, шешесі - қазақ, ныспысы - Жамал. Бас­тапқыда Лиля екеуі бір күн­­нен кезектесіп істейді де, ке­йін келе Айжан жалғыз өзі қалады. Еңбекақысын қо­жайын­дар күнде кешке төлеп тұрады. Күні бойғы тамақ ішу үй иелерінің есебінен.

Әсілі бала күтуші жұмысы деп аталғанымен, Айжанның күнделікті міндеті - пәтердің тазалығы, түскі және кешкі ас қамдау, Ританы мектептен ертіп әкелу, сабағын қарату сияқ­ты іш пыстырар күйбең жұмыстар. Яғни бұл жұмыстың рухани жағы өте ауыр, бейне байлаулы ит тәрізді күйкі тір­ші­ліктің дәл өзі. «Демек, бұл фәниде неге болса да шыдап, көніп бағудың арты жаман болмайды, - дейді Айжан ойланып. - Бәлкім, бұл алдамшы дүниеде не көрсең де Құдайдың басқа салғанына ризашылық қылудан артығы жоқ болар. Өйткені, кішірейтетін де бір Өзі, зорайтатын да бір Өзі. Адал­дықтың ала жібін аттап кетпеген адам ештеңе жоғалт­пайтынына қылаусыз сенемін, бұл сенім маған қанмен беріл­ген, оның туған даламның күм­безіндей шексіз болмағын немен өтеймін…».

Бала бағушылық мерзімі бітіп, жатақханаға қайтып бара жатқан сәттегі Ританың анасы Жамалға қарата айтылған мо­нологқа айызым қанды. Әсілі есеп-қисап мамандық иелері: экономист, сатушы, бухгалтер, т. б. адамдардың көпшілігінің мінезі тақ-тұқ, сараңдау, қаты­гездеу келетіні белгілі. Бауыр­мал­дықтары кемшін. Ал Жа­малдың тасбауырлау бо­луы­ның бір себебі, діні басқа ұлт өкіліне тиюінде жатса керек. Жамал мен Айжанның жұл­дыздары қарсы. Ақи­қа­тын­да Алла қо­жайын әйел мен бала күтуші студент Айжанның бірімен-бірінің тіл табысуын, жақсы көруін қаламайды. Капитал билеген қоғамдағы екі­жүзді, қатыгез, негізінен дү­ние-тір­шілікті ғана ойлайтын, өмірдің мақсат-мұраты баю, ақша деп түсінген адамдар жиынтығы осы Жамал сияқ­тылар. Жамал­дың мінезі жуас, жібі бос, көп нәрсемен шаруасы жоқ Максим Андреевичке тұрмысқа шығуында есеп те жатуы әбден мүмкін. Әсілі Жамал аса жаман әйел емес. Бірақ оның аяқасты хамелеон сияқты өз­гере қалуында адамнан шық­қан сайтанның ролі жатыр. Қасиетті Құранда: «…адамдардан шыққан белгісіз сайтанның азғыруынан сақта деп, Тәңірім, сенен пана тілей­мін», - деген («Нас», 114) сүре бар. Кішкентай Ританың да тоғыз жасар балаға ұқсамайтын тосын, тәкап­пар­лық мінездері толғандырмай қоймайды.

Жазушы бірінші бөлімдегі санаулы кейіпкерлер арқылы адам жанының бұлтарыс-қалтарыстарын суреткерлік шабытпен терең суреттеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
Көркем шығармалардағы психологизм
Тәуeлcіздік жылдaрындaғы қaзaқ әдeбиeті
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
Қазақ сурет өнеріндегі фотореализм және гиперреализм бағытын ұстанатын суретшілер
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасын талдау
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz