Педагогикалық жобалаудың пайда болуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
1.Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды.
Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым - қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға мүмкіндік жасалуын қолдайды.
Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл - ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп,оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада жобалау әдіс түсінігінде қоладнылса В.Килпатрик жоба түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:
Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;
Мақсатқа бағытталған әрекет;
Оқытуды - өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс - әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты - оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс - зерттеулердің әдіс - тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

өндірістік, немесе жасампаздық;
тұтынушылық;
интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;
жоба - жаттығулар.
Білім беруді басқарудағы жобалауға туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. Педагогикалық жобалау түсінігі В.Безруковтың анықтамасы бойынша гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу.
И.А.Колесникова: жобалау - тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет;
А.П.Тряпыцина: жобалау - білім берудің дамыту саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы;
Е.С.Заир-Бек: жобалау - қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт;
Н.А.Масюкова; жобалау - педагогикалық және ғылыми - зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы;
Осылайша, қазіргі заманғы әдіснамалық, мәдениеттанымдық, ғылымтанымдық және психологиялық - педагогикалық - әлеуметтік ғылымдар қағидаларына сүйене отырып, жобалау - педагогикалық феномен дей аламыз және оның негізгі сипаттамаларын төмендегідей көрсетуге болады:
жобалаудың мақсаты мен соған сай педагогикалық іс - әрекеттер қайта жаңартуларды көздейді;
жобалау педагогикалық рефлексия арқылы қамтамасыз етілетін болашақтың нақты бейнесін жүзеге асырады;
педагогикалық жобалау жобалау нысанын ғана емес, оған қатысушы жобалау субъектілерін дамытуға бағытталады.

Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық - комуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, сөйтіп, білім беру үрдісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.
2. Жобалаудың универсалдық қызметіне мысалдар:
Реттелетін үстел мен орындықты оң қолмен де, сол қолмен де пайдалана алады, олар адамның бойының мәселесін шешеді. Ал теңшеу дәрежесі - бұл жеке қалау және пайдаланушы таңдауы.
Икемділіктің тағы бір мысалы - қайшылар (бірдей жақтары бар).
Алдыңғы күйге орлу үшін компьютердегі БАС ТАРТУ түймесін басыңыз.
Кенеттен тепе-теңдікті жоғалтсаңыз, қосымша қолдау көрсету үшін үйіңіздің баспалдақтарындағы қоршаулардан ұстасаңыз болады.
3. Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы. Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай-ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес өзгеріске түсті. Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары өзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі өзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе - олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект өзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады. Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни, жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі өркениет тудырып отырған құбылыс. Өндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі өндіріс барысында өнім өндіру мен қатар оны ойлап шығару, өзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін көрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, өйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі бөлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін көре аламыз. Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде: - құрастыру әрекетінен - дәстүрлі классикалық жобалауға, - классикалық дәстүрлі жобалаудан - қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады. Жобалау әрекетінің толық мәні О.И. Генисаретский еңбектерінде берілген, оның түсіндіруінде жобалау әмбебаптық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен, әлеуметтік-мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтікмәдени механизм кез келген мәдени маңызы бар әрекеттер мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы технологиялық үдерістер мен құрылымдарға айналдыра алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын үнемі өзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, жобалау әрекеті оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, әлеуметтік институт деуге болады.
4.
Жобалау кезінде мынадай сұрақтарға жауап беру керек:
Қандай мәліметтеріміз бар?
Қандай кесте құру керек?
Кесте өрістерінің типі қандай болуы тиіс?
Алынған кестелер бір-бірімен қалай байланысады?
Формалар мен басылымдардан қандай информация алу керек?
Формалар мен басылымдар жасау үшін қандай сұраныстар (запросы) қажет?
Сұраныстар құру кезінде есептелетін өрістер бола ма?
МБ жұмысын автоматтандыру үшін қандай 16 макростар жасау керек?

MS Access екі режимде жұмыс істейді:
1) Жедел (оперативті) режим - бірден МБ (мәліметтер базасы) терезесінде жұмыс істеу, яғни оларды қарау, өзгерту, керектісін таңдау жұмысын жүргізу;
2) Конструктор режимі - алдын ала объект макетін-жобасын, құрылымын жасау және оны толықтырып өзгерту.
Бұдан басқа МБ файлына жеке терезесі бар тағы бір құжат кіреді ол: Мәліметтер схемасы. Мұнда кесте араларында байланыстар орнатып, оларды көріп, өзгертіп, керек емесін алып тастауға болады. Байланыстар мәліметтерді бақылап, сұраныстар мен басылымдар жасауға көмектеседі.

Мәліметтер типтері:
мәтіндік (текстовый);
сандық (числовой);
ақшалық (денежный);
санауыш (счетчик);
датауақыт (датавремя);
логикалық (TRUE немесе FALSE);
MEMO өрісі;
OLE объектісі өрісі (бұл өрістің мәні - МБ-ға енгізілген OLE
объектісі; мұндай өріс мультимедиялық мәлімет сақтай алады)
:: Гиперсілтеме (Гиперссылка)
:: Алмастыру шеберлері (Мастер подстановок)

Мәтіндік өрістер
Өріс аты енгізілгенде, келісім бойынша (по умолчанию) MS Access мәліметке бірден мәтіндік тип
тағайындап, өріс енін 50 символ сиятын етіп алады.
Өріс енін өзгерту үшін, Өріс қасиеттері бөліміндегі Өріс мөлшері жолына оның жаңа еніне сәйкес бүтін сан (1-ден 255-ке дейін) енгізу керек. Мыс., егер өріс ені 25 болса, онда бұл өріске ұзындығы 25 символдан аспайтын сөз тіркесін енгізуге болады.
Төменде мәтіндік типі бар өрістерге енгізілетін сөз тіркестерінен мысалдар келтірліген:
Музыкальный центр ЦКБ "ЦИКЛОН" 123-34-78 (үй) Дәулетұлы Серік

Сандық өрістер
Сандық мәндер енгізілетін өріс типтерін пайдалану ережелері мынадай:
1. Сандық типтегі мәлімет енгізілісімен автоматты түрде ол тексеріледі. Егер мәлімет ішінде мәтіндік немесе арнайы символдар болса, MS Access қате болғанын хабарлайды және мәлімет енгізілмейді.
2. Тек сандық өрістер мәліметтерімен математикалық операциялар орындалады. Өріс мөлшері жолының қасиеттерін пайдаланып, сандық типтегі өрістер үшін мынадай типтер орнатуға болады:

Сипаттамасы
Мәні
Үтірден кейінгі бөлшегі
Мөлшері
Байт
0-ден 255-ке дейінгі сандар (бөлшексіз)
Болмайды
1 байт
Бүтін
-32768-ден 32767-ге дейінгі сандар (бөлшексіз)
Болмайды
2 байт
Ұзын бүтін
(Келісім бойынша алынған мән).
2147483648 бен 2147483647 -ге дейінгі сандар (бөлшексіз)
Болмайды
4 байт
Жылжымалы нүктелі (4 байт)
-3.402823*1038 ден 3.402823*1038 ге дейінгі сандар
4 байт
Жылжымалы нүктелі (8 байт)
-1.79769313486232+10308 - ден 1.79769313486232*10308 -ге дейінгі
8 байт сандар
Репликация коды
Уникальды глобальдыидентификатор
(GUID)
Анықталмаған
16 байт

Өріс мөлшерін тағайындаудан бұрын, онда қандай мәліметтер сақталатынын ойлау қажет. Ең тиімді мәнін таңдап алсақ, оларды сақтайтын орындарды да үнемдеуге болады. Үтірден кейінгі ондық таңбалар санын көрсету үшін Число десятичных знаков өрісінің қасиеттерін пайдалану керек. Ол 0-ден 15-ке дейінгі мәндерді қабылдай алады. Осы өрістің Авто атрибуты үтірден кейінгі бөлшек таңбаларын автоматты түрде таңдап ала алады.

Ақшалық типтегі өрістер
Ақшалық өріс сандық өріске ұқсайды. Одан айырмасы - ақшалық өріс үшін Формат поля өрісі автоматты түрде Денежный мәнін қабылдайды. Ал Число десятичных знаков жолы үтірден кейін екі таңба қабылдайды, бірақ оны өзгертуге де болады. Ақшалық типтегі сандармен - бүтін сандар үшін 15 таңбамен, бөлшек үшін 4 таңбамен арифметикалық операциялар орындай беруге болады. Бұл өріс ені 8 байт болып тағайындалған.

Санауыш (счетчик) типіндегі өрістер
Санауыш типіндегі өрістер мәні автоматты түрде жаңа жазба енгізілген сайын бірге өзгеріп отыратын реттік нөмір болып табылады. Олар қайталанбайды және өзгертілмейді, көбінесе кестелерді бір-бірімен байланыстыру үшін қажетті өріс болып табылады.

Датауақыт өрістері
Дата немесе уақыт, әйтпесе осы екеуі қатар енгізілетін өріс. Оның арнайы форматын алдын ала таңдап алу керек. Бұл өрістің ерекшеліктері:
1. MS Access датаны енгізіп көрсетуді бірнеше форматта орындай алады. Оның нақты нұсқасы Кесте конструкторының Формат поля қасиеттерінде көрсетіледі. Мәліметтерді сақтау кезінде бұлар автоматты түрде ішкі бейнелеу форматтарына айналып кетеді.
2. Датаны енгізу кезінде MS Access оның форматын тексеріп, тек дұрыс форматтағы даталарды енгізеді. Бұл өрісте кез келген дата мен уақыт 1 қаңтар 100 ж. бастап 31 желтоқсан 9999 ж. дейін енгізіле береді Бұлар сақталу кезінде 8 байт орын алады.
Логикалық өрістер
Логикалық өрістер (Yes No) - мүмкін екі мәннің бірін қабылдайды (ақиқатжалған;
иәжоқ;
қосылғанқосылмаған, ұлқыз). Формат поля жолы арқылы логикалық өріс арнайы форматты немесе ішкі үш мәндердің бірін қабылдайды:
ИстинаЛожь, ДаНет немесе ВклВыкл. Мұндағы Истина, Да және Вкл логикалық True мәніне, ал Ложь, Нет және Выкл мәндері логикалық False мәніне сәйкес келеді.

Егер ішкі формат таңдалып, сонан соң логикалық мәннің бірін енгізсек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалаудың теориялық негіздері
Жоба тақырыбын таңдау
Зоонимдердің тіл білімінде зерттелу жайы
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Педагогикалық жобалаудың пайда болуы туралы
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Баланы ойлауға үйрету
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Пәндер