ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мағауова Салтанат Абайқызы
Педагог-психолог
Родина жалпы орта білім беретін мектебі
Арқалық қаласы, Қостанай облысы

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Кілт сөздер: Инклюзивті білім беру, психологиялық ойындар, таным процестері, психологиялық ахуал, жаттығулар, ойындар, мүмкіндігі шектеулі, білім деңгейі.
Аңдатпа: Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар оқушыларға мектеп психологының жұмысы мағызды. Психологтар оқушыларды сүймелдеуде, қолдау көрсетуде психологиялық ойындар мен жаттығуларды үнемі пайдаланып отырады.

Неміс педагог-дефектологы П.Шуманның бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін растап отыр. Қазіргі кезде мектептерде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге көп көңіл бөлінуде. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.
1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.
2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою
3.Сабақты жүйелі жоспарлау [1]
Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог даму мүмкіндігі шектеулі балаға біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, бақылау жүргізіп отырады. Ал сынып жетекшілер баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін даму мүмкіндігі шектеулі оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады.
Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
1. Олар ойланады.
2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланыңшығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.
3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.
4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. [2]
Коллаж Менің қазіргі отбасым және Менің болашақтағы отбасым
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.
Пілдің аяғы жаттығуы.
Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне Аяқты кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.
Менің және анамның қолы жаттығуы
Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:
1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен Сәлемдесу
2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
Көліктер жатығуы
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту. Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала көлік рөлінде болады- ата-ана көлікті жуушы. Жуушының көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде көлікті ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
Ия-жоқ өзін қабылдауға арналған жаттығуы
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрді Ия-жоқ, Жоқ- ия сөздерін айтады. Жаттығудан кейін талдау жасалады: ия немесе жоқ сөздерінің қайсысын айту қиын? [3]
Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар
"Бет-әлпетті еске сақтау" Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.
"Ол қалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылғы
Инклюзивтібілім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйрету
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру
Пәндер