ҚР шағын комплектілі мектеп мәселесі-талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жетпісбаева Айсана Қб13

№2 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шағын кешенді мектеп мәселесі

1. ҚР шағын комплектілі мектеп мәселесі-талдау

Әдетте шағын жинақты мектеп жайында әңгіме болғанда білмейтін адам мұндай білім беру мекемесі турасында ондағы оқу-тәрбие үрдісінің қазіргі заманға сай сапалы білім беру мәселесін шешуі мүмкін емес, сондықтан да толыққанды білім алу ойдағыдай шешілмегендігі оның атынан-ақ білініп тұр деп ойлауы ғажап емес. Егер бұл шындыққа сай болатын болса, онда Қазақстанның әрбір екі мектебінің бірі шағын жинақты -демек, біз үшін әлемдік білім беру кеңістігіне кіру туралы ойлаудың өзі де артық болар еді. Дегенмен, іс жүзінде республикамыздағы білім беру жүйесі мемлекетіміздің интенсивті де, демократиялық жолмен дамуын қамтамасыз етіп, әлемдік қауымдастықтағы ролінің артуына және еліміздің лайықты дамуына жағдай тудырып отыр. Облыстағы шағын жинақты мектептер жалпы білім беру мекемелерінің 87, 4 процентін құрайды, бірақ бұл республика бойынша өз құрбылары арасында облыс мектеп бітірушілерінің ҰБТ бойынша - төртінші, ал ауылдық түлектер арасындағы көрсеткіші бойынша - ең үздік көрсеткішке қол жеткізуіне кедергі бола алмады. Дәл біздегідей жағдайда жұмыс істей отырып Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қостанай және басқа облыстардың кейіндеп қалғаны шамалы, тіпті кейбір көрсеткіштер бойынша озып та кеткен жайы бар. Қоғамдық санада қайткенде де ауылдық жердегі шағын жинақты мектеп турасында қиғаш қалыптасқан түсінік бары ақиқат. Шағын жинақты мектептің толыққанды жұмыс істеу құқығы ҚР «Білім туралы» заңымен бекітілген және онда: сынып-жинақтары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, білім алушылар контингенті шағын жалпы білім беретін мектеп, толыққанды білім алуға құқығы барлардың бәріне бірдей және қолжетімді оқу ұйымдастыруды қамтамасыз ететіндігі атап көрсетілген. Біздің айтайын деген ойымызды дұрыс түсінсе екен дейміз: ешкім де шағын жинақты мектептің көп болуы жақсы деп дәлелдегісі келіп отырған жоқ. Әрине олай емес. Ал екінші бір қырынан алып қарағанда, біз бұл жағдайдың жай-күйін қоюландырудан аулақпыз және жұмыс істеп жатқан жайымыздың ерекшелігіне де баса назар аударғымыз келмейді. Сөз жоқ, аталған мәселені ел Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдамасымен байланыстыра қарайтын уақыт жетті. Шағын жинақты мектептер толық жинақты мектептерге қарағанда әлдеқайда қиын жағдайда жұмыс істейді. Мектептерді, сынып-жинақтарын толтырудағы оқушылардың аздығы (бір сыныпта жастары әр түрлі топтардың болуы), бірнеше мекемеде жұмыс істейтін мұғалімдер (бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ береді) ондағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзіндік формаларын қалыптастырды (негізінен әр түрлі жастағы топтармен жұмыс істеу) . Осыған ондағы педагог кадрлардың тұрақтамауын қосуға болады (ең басты себебі оқу жүктемесінің аздығынан) . Ергежейлі мектептер ең алдымен қаржыландырудың жетітмсіздігінен зардап шегіп келеді. Бұл түсінікті де: бүгін болмаса да ертеңгі күні оқушылар контингентінің қысқаруы салдарынан жабылып қалуы мүмкін немесе бастауыш болмаса да міндетті түрде негізгі мектеп болып қайта құрылатын мектепке ешкім де қаржы құйғысы келмейді. Біздің облысымызда ағымдағы оқу жылында 99 шағын жинақты мектеп жұмыс істеп келді, олардағы оқушы контингенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256 қаулысымен бекітілген мемлекеттік нормативте айқындалған көрсеткіштен төмен. Қандайда бір мәселені ойдағыдай шешу үшін, оның туындау себептерін біліп алуымыз керек. Шағын жинақты мектептер қайдан, қалай пайда болады деген заңды сұрақ туады. Жалпы білім беретін мектептер жүйесінің ретсіздігінен деп жауап бере аламыз. Жалпы білім беретін мектептер жүйесі қоғамда орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, миграциялық фактор өзгерістеріне аса сезімтал келеді. Бүгінгі күні біз жалпы білім беретін мектептер саны бойынша (634) үшінші орында, ал оқушылар контингенті бойынша 90, 2 мың баламен 114 мектебінде 86, 7 мың оқушысы бар Маңғыстау облысынан озып республика бойынша ең соңғы орынның алдында тұрғандығымыз жалпы білім беретін мектептер жүйесінің тиімсіз орналасуы салдарынан болып отыр. Аталған жүйе, бізге қоғам мүлдем басқаша: саяси, экономикалық және идеологиялық тапсырысты басшылыққа ұстанатын кеңестер уақытынан мұра болып қалған болатын. Қазіргі кезде ауылдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мектептер жүйесіне өзіндік түзетулер енгізуде: облысымыздағы оқушылар санының тұрақты түрде азайымен байланысты жыл сайын мектептер саны да азайып келеді. 2002-ден 2008 жыл арасында мектептер саны 737 ден 634 дейін азайған болса, оқушылар саны 123, 5-тен 90, 2 мыңға дейін азайған. Сөз жоқ, шағын жинақты мектеп мәселесін шешу қалыптағыдан тыс шара қолдануды, ерекше назар аударуды қажет етеді. Онда оқитын бала саны жалпы оқушы санының 52, 6 процентін құрайды. Оның 41, 5 проценті орта мектеп оқушылары. Біздің пайымдауымызша, ең алдымен, шағын жинақты мектептер жүйесі санының көбеюіне әсер ететін себептерді жою қажет. Мәселенің байыбына бармау, асығыстық жасау аталған жұмыста орынсыз. Қазіргі кездегі ауылдық жердегі үрдісті терең түсіну, мәселені облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланыстыра отырып жан-жақты талдау қажет. Осы мақсатта облыста мектептер жүйесін қайта құрудың, мектеп жанындағы интернаттар мен жалпы типтегі мектеп-интернаттар жүйесін дамытудың және осы құрылымды тиімді ету бойынша жүйелі де, жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы ғана бала жетіспеушілігінен немесе жоқ болуы себепті 20 бастауыш мектеп жабылып қалды. 18 негізгі білім беретін мектеп бастауыш мектеп болып, 5 орта мектеп - негізгі мектеп болып қайта құрылды. Жоғарыда айтылғандармен қатар мектеп жанындағы интернаттар жүйесі дамуда. Соңғы үш жылда олардың саны екі есеге дейін артып 40-тан 76-ға дейін өскен. Республикамызда білім берудің 12-жылдық жүйесіне көшу жоспарланып отырғандығын ескере отырып облысымызда жалпы типтегі мектеп-интернаттар жүйесін дамытуға бағыт алып отырмыз. Қазіргі кезде Ақжар, Темирязев, Шал ақын аудандарында аталған білім беру ұйымдарының жұмысы жолға қойылған. Таяу жылдарда Мамлют, Тайыншы, Есіл, Ғ. Мүсрепов аудандарында мектеп-интернаттар ашу жоспарланып отыр. Мектеп контингентінің сақталуына балалардың мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары жүйесінің дамуы оң ықпал етеді. Өткен жылы ғана 21 мектепке дейінгі тәрбие ұйымы пайдаланылуға берілді. Ағымдағы жылдың үш айында мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары саны 18 артты. Осындай ұйымдардың дамуы халықтың қандайда бір елді мекеннен көшіп кетуін тоқтатуға, ауылдық жердегі тұрғындардың жұмыспен қамтылуына, олардың білім алудағы мұқтаждықтарын толығырақ қанағаттандыруға жағдай тудырады. 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуде жоғары сынып оқушыларының бағдарлы білім алуы ұйғарылған. Осыған байланысты ауылдық жердегі кәсіптік білім беру ұйымдарының жүйесін дамытуға ерекше мән беріліп отыр. 2010 - 2011 жылдарда Мамлют және М. Жұмабаев аудандарында кәсіптік білім беретін лицейлер ашу қарастырылған. Облысымыз бойынша 0-ден 18-жасқа дейінгі балалардың құрамына талдау жасау негізінде шағын жинақты 288 мектептің 199-ы кадрлар әлеуетінің жеткіліктілігі мен материалдық-техникалық базасының мығымдығы, оқушылар контингенті тұрақтылығы бойынша іріктеліп алынды. Қалған 89 орта мектеп оқушылар контингентінің азаюына байланысты біртіндеп негізгі мектепке ауыстырылады. Бүгінгі күні 40 мектептегі оқушылар контингенті кепілді нормативтен төмен болып отыр. Шағын жинақты мектептерді жабу науқанға айналған ба деген түсінік қалыптаспас үшін біз өз жұмысымызда ҚР Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысын қатаң басшылықта ұстаймыз. Бұл құжат өзінің адамгершілігімен ерекшеленеді. Мектептердің толтырылуы барынша төмендетілген: бастауыш мектепте - 5 және одан көп, негізгі мектепте - 41 және одан көп, жалпы білім беретін мектепте - 81және одан көп бала болуы керек. Бұл нормативтер мемлекеттің білім беру мақсатына қол жеткізуі үшін бюжджеттен қомақты қаржы жұмсап отырғандығына көз жеткізеді. Мысалы, шағын жинақты мектептегі бір баланы оқыту үшін жұмсалатын шығын толық жинақты мектептегі бір баланы оқытуға кеткен шығыннан 3 - 5 есе артық. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жағдайында біз осындай мектептерді қаржыландыруды ойланып, толғанып барып шешуіміз керек. Әрине, болашағы бар шағын жинақты мектептерге материалдық ресурстар мен бюджет қаражатының шоғырландырылуы қисынды болып табылады.

2. ШКМ білім беру мен тәрбие процесін жүргізудің ерекшеліктері

Шағын комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері

Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Соның ішінде ауыл мектебінің мәселелесі - қазақтың елдігінің мәселесі. Ауыл мектебінде - қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, ата-ана мен халық арманын арқалаған жас жеткіншек - ұрпағы оқып, тәрбиеленуде.

Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек” деген.

Бүгінгі таңда республикадағы ауыл мектебіне тән ерекшелік оның шағын комплектілі болуы. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді.

Шағын комплектілі мектеп - қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.

Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін, мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін де естен шығармауымыз керек. Олар:

• ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй жағдайы, ата-анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді;

• Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туады;

• Оқу материалын толық меңгеру оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктерін нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді пайдалануға болады;

• Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте ұстау керек. Үй тапсырмасын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін ескере отырып даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн;

• Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу материалын, білім сапасын дағды біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті;

• Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады;

Шағын комплектілі мектепке тән ерекшеліктер:

• мектепте және сыныптағы бала санының аздығы;

• Шағын кешенді мектеп мұғалімне арнап, жазылып баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы.

• бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде екі сынып оқушыларымен бір мезгілде сабақ өтуі;

• педагогикалық ұжым мүшелерінің аздығы;

• негізгі және орта мектептегі білім берудегі көппәнділік.

Шағын комплектілі мектепке тән қиындықтар әр жастағы оқушылар ұжымын бір сынып комплектіде оқытуда ұйымдастыру, бір пәндік немесе әртүрлі пәндік сабақтарды өткізу, кадр, әдістемелік және материалдық-техникалық базаның қамтамасыз етілмеуі.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауға тиіс. ЖАс баланың яғни, бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе, бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып, өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал. Сондықтан да, оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жолы олардың өздігінен орындайтын жұмыстарының мазмұнына мұқият қарастырып, өзгертіп отыруды талап етеді.

Шағын комплектілі мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары:

сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы,

бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;

көрнекі, дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы;

сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі керек.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру, негізгі бастауыш мектеппен салыстырғанда қиынға түседі. Мұғалім бір сыныппен жұмыс жасағанда, екінші сыныпқа өздігінен орындайтын тапсырмалар береді (жазу, оқу, сурет салу т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын комплектті мектептерде математиканы оқыту әдістері
Орта шағын жинақты мектеп
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Қазақстанда дидактика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz