Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдісі


Жетпісбаева Айсана Қб13
№4 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдістері
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері.
Әдістемелік нұсқаулық:
1. «Әдіс» ұғымына ғылыми анықтама беріңіз
Әдіс , метод (гр., methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Әдіс - 1. (Грек. methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан - жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тә»жірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері екі үлкен топқа бөлінеді: тәжірибелік-экспериментальдық және теориялық. Екеуінің де бастауы таным теориясы. «Таным теориясы нақты пайымдаудан басталады» деп жоғарыда атап өттік. Таным теориясы - оқытудың және зерттеудің методологиялық негізі. Тәжірибелік-эксперименталдық әдістердің диапазоны (ауқымы) өте кең. Ол эмпиризмдік (тәжірибелі) фактілер жинақтаудан күрделі теориялық концепцияларды, тұжырымдамаларды іс жүзінде тексеруге дейін қарастырады. Әрбір зерттеу мәселені анықтаудан басталады. Мәселенің пайда болу сипатына қарамастан, оны талдау, нақтылануы және негізделуі зерттеудің теориялық әдістері көмегімен анықталады. Теориялық әдістерге салыстырмалы-тарихи талдау, моделдеу, әдебиеттерді талдау, мұрағат материалдары мен құжаттарды талдау, зерттеудің базалық ұғымдарының талдауы, құбылыстардың себептік-салдарлы талдау, болжамдау жатады. Салыстырмалы-тарихи талдау зерттеушінің әдебиеттермен танысуы, ғылыми монографиялар мен басылымдармен танысуы. Зерттеуші өз мәселесінің даму тарихын, мәселені қарастыру жолдарын салыстырып, талдайды, тұжырымдар мен жалпылама жасайды. Әр ғылымның өзіне сай зерттейтін әдістері болады. Бұлардың көмегімен ғылымды байыта түсетін, өмір алға тартып отыратын оның міндеттерін шешуге көмектесетін зерттеулер жүргізіледі. Біздің қазіргі педагогикалық зерттеудің методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм. Бұл әдістің талаптары бойынша материалдық болмыстың негіздеріне орайластыра отырып, педагогикалық құбылыстарды зерттеу, қандай да болмасын іс-әрекетті, құбылысты немесе тіршілік жағдайларын зерттеу қажеттігін анықтайды. Ғылымы педагогикалық іздестірудің екінші жолы, бағыты тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру, оқыту мен тәрбие берудің нақтылы үдерісін ғылыми түсініктермен сипаттау - бұған сайма-сай келетін зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтап береді.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін жеке-жеке тоқталып айтатын болсақ келесідей: 1. Ең көп тараған әдіс - байқау (бақылау) 2. Әңгіме, ерекше бір түрі сұхбат алу. 3. Жазба, графикалық жұмыстары, суреттер, сызбалар, жеке пәндер бойынша дәптерлер. 4. Мектеп құжаттары. 5. Эксперимент: табиғи, лабораториялық эксперимент, ғылыми гипотеза, жасампаз эксперимент. 6. Кибернетикалық, математикалық әдістері, педагогикалық құбылыстарды өлшеу белгілі бір көрсеткіштердің бар немесе жоқ екенін тіркеу, тәртіпке келтіру, ранжирлеу өзінің жіберген қателіктерін, қатыспаған сабақтарының санын т. б. тізімін жасау. Зерттелетін белгі шамасының оның мүмкін боларлық мәндерінің интервалдарымен орайластыру. 7. Тесттер - қазір бізде қолданыла бастады. Қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар сериясы. Статистикалық өңдеу - сандық деректерді, материалдардың нәтижелерін өңдеу.
Кейінгі кезде педагогикалық әдістерге, жаңа ғылыми идеяларды игеру барысында диагностикалық зерттеу әдісі қолданыла бастады. Ол ұстаздық шеберлікті көтеруді қарастырады. Бұл әдістемелік жұмыс құрылымын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz