Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жетпісбаева Айсана
№10 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы

Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1.Жеке тұлға ғылми категория ретінде, психологиялық- педагогикалық сипаттамасы,компоненттері

Тұлға - адамзаттық таптың жеке бір өкілі, биологиялық тірліктің түрі оның психологиялық үрдісі биологиялық деңгейде өтеді, тіршілік ету әрекеті болмысты дене арқылы сезінумен қабылдау, есту және көрумен шектелген. Оның негізгі қызметі - жалғастырушы ролін орындау және дәстүрді тарату.
Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін білдіреді. Содан болар оның психо-физиологиялық қызметі өзінің адамзат популяциясына қатыстылығын, өзі туралы пікірін, табиғат құбылыстары жайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Егер философиялық категория әлеуметтік жүйеге бастапқы екеуінінің мазмұнын анықтау қиын болмаса, онда екі негізгі философиялық категориялар тұлға және субъект мазмұнын анықтау әртүрлі пайымдаулары, сан-қырлы ағымы мен бағыты бар тұтас теорияны тудырады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табу арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - индивид. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып отыр. Адам-әлеументтік қатынастармен саналы іс әрекетті жүзеге асырушы, табиғатта кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (Философия, анатомия, физиология, антропология, тарих, педагогика, психология) Әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия- дүние танымдық, көзқарасын анатомиямен физиология - денесімен жүйке жүйесінің құрылысын оның қызметін, антропология-адамның қоғамда алатын орынын, табиғаттағы өзеге құрылыстар мен байланысын тарих - қоғам өміріндегі қарым қатынасын саралау, ал педагогикалық адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып,оның қоғамның белсенді азамат етіп қарастыруын көздейді. Психология-адамның жан дүниесін,сырын, психикасын даму заңдылықтарын, оның жеке қасиеттерінің жеиілуі мен қалыптастыру жолдарын зерттейді. Қарап отырсақ әр ғылым өз бетінше белгілі бір мақсаты көздейді.

2.Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар.

Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеу-меттік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала - мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр -- қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Аманатқа қиянат жасамау-халқымның ізгі ұлылық дәстүрі.
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы және Қазақстан Республика-сындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге - рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашыл-дыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, мәдениеті жоғары адам, өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагоги-калық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылық-тарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық.Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі -- кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде жаңа типті мұғалім, мұғалім идеалы, шебер мүғалім түрінде берілсе, жаңа тұрпатты мүғалім термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз - кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

3.Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мәселесі.

Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын оқытушы студентпен, студент оқытушымен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде оқытушы үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б. рөлді атқарса, студент - білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы - сөз. Студенттермен жұмыс істейтін оқытушылар вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі - мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі ұстаз болса да, студенттермен қарым-қатынас жасау, әр студентті білу, оларды тану, әр студентті іс-әрекетке тарту, оларды сөйлеттіру педагогтарға оңай жұмыс емес. Студенттердің қалаған адамы (идеялы), үлгі беруде жағымды әсер ететін адамы болуы керек. Студенттің жеке басын тәрбиелеуде және қорғауда өзара әрекеттестік қатынасты жете ұғыну үшін, біздің психикалық өмірімізде екі маңызды құбылысты білуіміз қажет. Бұл - Рефлекция және эмпатия.Эмпатия - өзгелер қайғыға ұшырағанда солардың ауыр халінің, эмоционалды жағдайының өз басына түскендей күй кешуі. Рефлекция - бұл басқа адамдардың сізді қалай қабылдауы. Рефлекция мен эмпатияның төмен деңгейде болуы - мұғалім мен студент қарым-қатынасының болмауы себебінен туады. Қазіргі ұстаз үшін ерекше маңызды мәселе, оның кәсіби сапасы яғни еңбексүйгіштік, жұмысқа қабілеттілік, тәртіптілік, мақсат қоя білушілік, жетістіктерге жете алу жолдарын таңдау, ұйымдастырушылық, табандылық, өз еңбегінің сапасын жоғарылатып отыруға ұмтылу, әділеттілік жатады. Мұғалім талап қойғыш болуы керек. Оның талап етуі міндетті түрде түсінікті, орынды, сыпайы болуды қажет етеді. Мұғалімнің студенттерден өзі игермеген қасиеттерді, білімдерді талап етуіне болмайды. Зейін аударудың, көңіл бөлудің негізі неде? Сіз аудиторияға кірген кезде студенттер қажетті түрде өзінің барлық тұрпатымен сізге назар аударуы керек. Бұл бағыттағы сіздің бірінші қадамыңыз- топтың қызығушылығын туғызу. Бұл психологияда (самопрезентация) өзін-өзі жарнамалау деп аталады. Көбінесе осы қатынаста тамаша әдіс-тәсілдер қолданылмай қалады. Сабақтың конспектісі, көрнекі құралдарының бәрі бар және жақсы, мұғалімнің өзі материалды жоғары деңгейде меңгерген, ал сабақ қызық емес. Себебі неде? Нақты айтқанда, жеке адам мен жеке тұлғаның байланысы болмауынан. Міне, сондықтан топпен қарым-қатынас жасауда топтың және жеке студенттің психологиялық жағдайын есепке алу керек. Өз мақсатына жете алмаған сабақтың бірнеше себептері болуы мүмкін:
Мұғалім оқушылардың психикалық жағдайына бара-бар келмейтін хабарларды беруі.
Мұғалім студенттермен қарым-қатынастың қажетті деңгейін ұйымдастыра алмауы.
Мұғалім өзара әрекеттестік оқу үрдісінде студенттерге психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог - тәрбиеші
Педагогикалық іс - әрекет
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі және даму тенденциялары
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Инклюзив жағдайындағы адаптивті білім беру ортасы
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі туралы түсінік
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Пәндер