Педагогикалық кәсіп пен оның қазіргі қоғамдағы рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жетпісбаева Айсана ҚБ23

№11 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен оның қазіргі қоғамдағы рөлі-

Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:

1. Кәсіп және мамандық туралы түсінік. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.

Кәсіп - кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Қолданылаты еңбек құралдарына қарай, еңбек заттарына қарай, еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай немесе өндіріс процесінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай бөлінеді. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады: аспапшы-слесарь, инженер-механик, тағы басқа.

Мамандық - қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Оллауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін - тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.

Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.

Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.

Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.

Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер - адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.

Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.

Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің -нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т. б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.

Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.

Дескриптивтік əдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама -зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.

Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э. Г. Юдин) : философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді.

Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық -əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық əдіснама -зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

2. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері. Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі - білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.

Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері - азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

  • білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;
  • нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;
  • білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;
  • жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;
  • білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;
  • оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету;
  • мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу; ;
  • тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету.

Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған:
Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін қайталап оқу көзделеді.

Педогогикалық этика нормалары Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілерімен (ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Білім туралы», «ҚР Тілдер туралы», «ҚР бала құқығы туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдары және білім беруді дамыту бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер) және соларға сәйкес қабылданған заңнамалық және жергілікті актілермен, халықаралық құқық нормаларымен, барлық деңгейдегі білім беруді басқару органының оқушыларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша мемлекеттік нормативтік актілерімен және бала құқығы туралы Конвенциямен белгіленген нормалармен анықталады.

Педогогтың кәсіби қызметі оқушылар, ата-аналар және қоғам алдындағы ерекше жауапкершілікпен сипатталады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында педагог келесі қағидаларды басшылыққа алады:

  • ізгілік;
  • төзімділік;
  • кәсіби шеберлік;
  • заңдылық;
  • әділеттілік;
  • жауапкершілік;
  • демократияшылдық;
  • бірін-бірі құрметтеу.

2 бөім

  • ҚР Конституциясы, ҚР заңдарын, ҚР Үкіметінің және басқару органының білім беру мәселелері бойынша шешімдерін; бала құқығы туралы Конвенцияны;
  • педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-басқару міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндердің негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелігі физиологиясын, мектеп гигиенасын;
  • пәнді оқыту және тәрбие жұмысының әдістемесін, бағдарламалар және оқулықтарды;
  • оқу кабинеттері мен қосалқы жайларды жабдықтау және жарақтандыру талаптарын;
  • оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
  • білім беруді және педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін;
  • құқық және еңбекті ғылыми дамыту негіздерін;
  • еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын білуге міндетті.

3. Кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны

Педагогикалық іс-әрекет - мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық іс-әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет. Берілген контекстте педагогикалық іс-әрекет оқытушы, тәрбиеленушінің оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В. В. Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды. Өзінің дамуы барысында қоғам «бір бірімен тығыз байланысты үйренуден», яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы - тиімді педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды. Мамандандырылған педагогикалық іс-әрекет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері. Педагогикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А. Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады. Осылайша, педагогикалық іс-әрекет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсінуге ыңғайлы болу үшін жүйелік ыңғайды қолданып, мұғалімнің іс-әрекетін педагогикалық жүйенің бір түрі ретінде елестетейік. Мақсатқұрышылық оқытушы іс-әрекетіне оның кәсіби еңбегінің ажырамас бөлігі ретінде кіреді. Мақсатқұрушылық:

- өз өмірін құрып, қазіргі заман мәдениеті мен өмір сүре алатын қазіргі адам тұлғасын дамытудың қандай да бір дәрежесіне жету объективті, әлеуметтік-психологиялық және мәдени қажеттілігін кәсіби тұрғыда ойластыру жүйесі;

- мұндай адамның идеал бейнесін максималды дұрыс анықтамасын іздеу - бұл балалық шақтың тұлға дамуының мәні мен жекелік табиғатының тәрбиелеу мақсатын қабылдауды рұқсат ететін шаралар ретінде аналитикалық бағасы;

- нақты бала бар болған нақты жағдайларды талдау жүйесі және қойылған тәрбие мақсаты мен мазмұнымен сәйкестендіру.

Оқытушылық іс-әрекеттің мазмұны дамудың негізі мен шарты болатын пәндік әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруге бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі мен өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі болып келеді.

Оқытушы іс-әрекетінің құралдары:

- негізі мен көмегімен оқушылар тезаурусы құрылатын ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім;

- білімдерді тасымалдаушылар ретінде оқулықтар мәтіндері немесе оқытушы ұйымдастырған оқушының бақылауы кезінде (лабораториялық, тәжірибелік сабақтар, алаң тәжірибесінде) алынатын, меңгерілетін пәндік шындықтың фактілері, заңдылықтары, қасиеттері бола алады;

- қосымша құралдар ретінде техникалық, компьютерлік, графикалық және т. б. келтіріледі.

Оқытушының іс-әрекетте әлеуметтік тәжірибені беру әдістері болып түсіндіру, көрсету, бірігіп жұмыс істеу, оқушының тікелей тәжірибесі (зертханалық, алаңдық), тренингтер табылады. Оқытушылық іс-әрекеттің өкілі болып оқушыда пайда болатын аксиологиялық, этикалық, эмоционалды мағынасының, пәндік, бағалық құрамдас бөліктері жиынтығының жеке тәжірибесі. Оқытушылық іс-әрекеттің өнімі емтихан, зачет, есептердің шешу критерийлері, оқу бақылау әрекеттерінің орындалуы бойынша бағаланады. Оқытушылық іс-әрекеттің оның негізгі мақсатының орындалуы нәтижесі болып оқушының дамуы, оның жекелік, парасаттылық, жетілдірілуі, оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамуы. Нәтиже оқытудың басында, оның адам дамуының барлық жақтарында оқушы қасиеттерін сәйкестендіруде диагностикаланады. Педагогикалық іс-әрекеттің барлық қасиеттері шығатын негізгі функциялық бірлігі болып мақсат пен мазмұнның бірігуі ретінде түсінетін педагогикалық әрекет болып табылады. Берілген контекстте, бір жағынан, педагогикалық әрекет педагогикалық іс-әрекеттің барлық түрлері мен формаларында бар болатын мейлі ол тәрбие немесе оқыту, сабақ немесе экскурсия болсын, жалпы нәрсенің өрнегі болып келеді. Басқа жағынан педагогикалық әрекет жалпының бірегейлігі, бөлек нәрсенің әмбебаптылығы, қайталанбастығы көрінетін ерекше нәрсе болып келеді. Қандай да бір педагогикалық әрекеттің жүзеге асырылуының талдауы педагогикалық іс-әрекеттің логикасын айқындауға мүмкіндік береді. Шынында да, оқытушының педагогикалық әрекеті қандайда бір есепті анықтаудан, құралдар, мазмұны, оны шешудің әдістері және өзінің іс-әрекетінің жобаланатын нәтижесін анықтаудан басталады. Теориялық тұрғыдан шешілген бола тура, есеп оқытушы әрекетінің жобаланған және нақты жеткен нәтижесі арасында сәйкессіздік анықталатын тәжірибелік турлендіру акті фазасына өтеді. Жағдайды талдау мен қойылған есептің тиімді шешімін анықтау қажеттілігі туады, сонда әрекет тәжірибе актісі формасынан шарттары толық танымдық есеп формасына өтеді. Осылайша, педагог іс-әрекеті әртүрлі типті, кластыжәне деңгейлі есептер жиынын шешудің үздіксіз үрдісі болып келеді. Педагогикалық іс-әрекет тиімді болуы үшін оқытушыға білу керектігі :

¾ іс-әрекеттің психологиялық құрылымы, оның даму заңдылықтарын;

¾ адам қажеттіліктері мен іс-әрекет мотивтерінің табиғаты;

¾ әртүрлі жас шамасында адамның іс-әрекетінің алдыңғы түрлерін;

Сондай-ақ оқытушы мынаны істей алуы керек:

¾ адам іс-әрекетінің сайлау сипатын ескере отырып, іс-әрекетті жоспарлау, оның объектісі мен субъектісіне балалар мен жасөспірімдер жас, жеке ерекшеліктерін ескере отырып анықтау;

¾ мотивацияны құрып, іс-әрекетті ынталандыру;

¾ балалармен іс-әрекеттің негізгі құрылымдық компоненттерін меңгеру, ең бастысы, мақсатшылдық, жоспарлау, өздік бақылау, өзбағалылық, әрекеттер мен операцияларды орындау машықтарын меңгеруді қамтамасыздандыру.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін ашатын ақпараттың соңғы блогы ретінде оқытушы іс-әрекетін әлі де екі аспектіде қарастырып өтейік. Біріншіден, педагогикалық әрекеттің ұжымдық сипатын ескере кетейік. Оқытушы, әдетте, өз іс-әрекетін бірегей жоспар бойынша жұмыс істейтін, бірегей көзқарастары бар, ерекше өзіне тән психологиялық климат құрып, оқытушы тұлғасына әсер ететін мектеп ұжымының мүшесі болып жүзеге асырады. Екіншіден, баланың мектепте дамуына кең мағынада мектептің барлық педагогикалық ұжымы, ал тар мағынада - нақты бір сыныппен тікелей жұмыс істейтін оқытушылар тобы сияқты педагогикалық іс-әрекеттің субъект жиынтығы болып түсіндіріледі. Соңғы кезде, білімді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық принципті жүзеге асыру нақты көрініс таба бастаған кезде, педагогикалық іс-әрекеттің жиынтығының субъектісі түсінігі білім үрдісінің барлық қатысушылары (оқушылар және олардың ата-аналары, оқытушылар, қосымша білім беру педагогтары, сондай-ақ, әлеуметтік оқытушылар мен өндірістік, мәдениет, ағартушылығы қоғамының өкілдері) қосылатын кең мағынаға ие бола бастады.

Әдістемелік нұсқаулық:

  1. «Кәсіп», «Мамандық», «Педагогикалық мамандық» ұғымдарына анықтама бере отырып, оның пайда болуы мен қалыптасуына сипаттама жасаңыз

Кәсіп - кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Құндылық жүйе
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz