Тұлғаны дамыту, қалыптастыру
№12 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Тұлғаны дамыту,қалыптастыру,тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері
Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1)Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларының өзара байланысы.
Тұлға дамуы, процесс ретінде, индивидтің психофизиологиялық ерекшеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен және сыртқы әлеуметтік жағдайлармен шартталады. Оны Л.И. Божович ішкі даму процестері мен сыртқы жағдайлардың өзінше үйлесімі деп атап көрсетеді.
Б.Г. Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген факторлардың өзара әрекетімен шартталады: тұқымқуалаушылық, қоршаған орта (әлеуметтік, табиғи), тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті.
Тұқымқуалаушылық, қоршаған орта және тәрбиенің өзара қатынасын Й.Шванцараның схемасынан көруге болады. Бұл схемада аталған үш факторлардың өзара әрекеті көрсетілген. АВС үшбұрышы (теңқабырғалы үшбұрыш) дамудың оптимальді екендігін көрсетеді. Егер бір фактордың ролі асыра бағаланып кетсе үйлесімсіз дамуды көреміз. Осы схемадан бірде-бір фактор жеке ықпал етпейтіндігін, даму олардың келісілген ықпалдарынан тәуелді екендігін көреміз.
Тұқым қуалайды: орталық нерв жүйесі қасиеттері (күш, жылдамды және т.б.), бет әлпеті, түсі, ауру түрлері және т.б. кейбір мінез сипаттарының (экстраверсия, интроверсия, агрессивтілігі т.с.с.) тұқым қуалауы туралы бір жақты пікір жоқ.
Тұлға дамуын зерттеудегі педагогика үшін ең маңызды мәселелер - интеллектуалдық, арнайы қабілеттердің және моралдік қасиеттердің тұқым қуалауы.
Интеллектуалдық
қабілеттердің тұқымқуалауы немесе тұқымқуаламауы өте маңызды сұрақ. Балалар ата-анасынан дайын қабілеттерді алады ма, әлде тек қана нышан тұқым қуалайды ма?
Қабілетті тұлғаның жеке-психологиялық ерекшелігі, белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі орындау шарты десек, нышанды қабілетті дамытуға қажетті потенциалдық мүмкіндіктер деуге болады. Эксперименталдық зерттеу нәтижелері қабілет емес, тек нышандар тұқым қуалайды деген тұжырымды дәлелдейді.
Интеллектуалдық
қабілеттердің тұқымқуалауы туралы мәселе көп сұрақтар туғызады. Көптеген ғалымдар адамның интеллект деңгейі оның шыққан тегінен тәуелді емес дейді. Дегенмен тұқымқуалаушылықтың адамның интеллектуалдық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін мойындау қажет. Мысалы, нашақорлардың, маскүнемдердің миларындағы өзгерістер, тұқым қуалайтын кейбір психикалық аурулар баланың интеллектуалдық дамуына кері әсерлерін тигізеді.
Арнайы нышандардың тұқым қуалайтыны бүгінгі күні күмән келтірмейтін мәселе. Арнайы нышандарға жататындар: математикалық, музыкалық, спорттық және т.б.
Тұлғаның әлеуметтік қасиеттері (моральдік) тұқым қуаламайды.
Тұлға және қоршаған орта.
Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті әлеуметтену түсінігі арқылы ашылады. Әлеуметтену ғылымаралық түсінік және педагогикада кең қолданылады. Америка әлеуметтанушылары Т.Парсонс, Р.Мертон әлеуметтенуді тұлғаның әлеуметтік жүйемен толық интеграциялану процесі барысындағы бейімделуі деп түсіндіреді. Олар әлеуметтенуді адаптация түсінігі арқылы ашады.
Адаптация түсінігі биологиядағы негізгі түсініктердің бірі ретінде тірі организмнің қоршаған табиғи орта жағдайына бейімделуін білдіреді.
Адаптация түсінігі арқылы әлеуметтену адамның әлеуметтік ортаға ену процесі және оның мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға бейімделуі деп қарастырылады.
Гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс, Г. Олпорт және т.б. әлеуметтену мәнін басқаша түсіндіреді. Олардың пікірінше, әлеуметтену адамдардың Мен-Концепциясын өздері жаңғырту, потенциалдары мен шығармашылық қабілеттерін өздері іске асыру процесі, оның өзіндік дамуына кедергі жасайтын ортаның негативті ықпалдарынан өту процесі.
Бұл көзқарастар әлеуметтенудің екі жақтылық сипатын көрсете отырып бір-біріне қарама-қарсы келмейді.
Сонымен, әлеуметтенуді индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесімен нәтижесі және оны белсенді түрде қайта өндіруі, өңдеуі деп айтуға болады. Бұл тәжірибені меңгеру әрқашан субъективті сипатта болады. Әртүрлі адамдар бірдей жағдайдан әртүрлі тәжірибе алуы мүмкін. Бұдан біз екі қарама-қарсы процестердің - әлеуметтенудің және дараланудың (индивидуализация) бірлігін көреміз.
Әлеуметтену - үздіксіз өмір бойы жүретін процесс.
Әлеуметтену факторлары: (А.В. Мудрик бойынша)
- макрофактор: мемлекет, ел, қоғам, мәдениет;
- мезофактор: этнос, тұратын аймағы, тұратын жерінің түрі (тип поселения), бұқаралық қарым-қатынас құралдары;
- микрофактор: отбасы, микросоциуам (жақын қоршаған орта), тәрбие институттары, діни ұйымдар.
Тәрбие және тұлғаның дамуы.
Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тәрбиенің ешқандай нәтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді. Шын мәнінде тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады, бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.
Тәрбиені мақсатты бағытталған және саналы бақыланатын әлеуметтену процесі деп айтуға болады. Тәрбие әлеуметтену процесін басқару механизмі болып табылады. Осыған байланысты тәрбиенің екі негізгі функцияларын атауға болады:
1) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz