Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жетпісбаева Айсана ҚБ23
№13 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Тұлғаны дамыту,қалыптастыру,тәрбиелеу факторларының өзара байланысы.Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:

1. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы т.б. біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
Дене, сол сияқты ақыл-ойдың дамуы жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты екенін адамдар ерте кезден-ақ білген. Жас ұлғайған сайын даналық келеді, ақыл-ой толысады, тәжірибе жинақталады, білімдер молаяды. Әр жасқа сәйкес дене, психологиялық және әлеуметтік даму деңгейі сәйкес келеді. Дегенмен жеке адамның дамуында жалпыға қарағанда өзгерістер болуы мүмкін.
Даму процестерін дұрыс басқару мақсатында педагог ғалымдар адам өмірінің кезеңдерін жіктеді (Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, т.б.).
Кезеңдерге бөлу белгілі бір жас ерекшеліктерін бөліп көрсетуге негізделеді. Жас ерекшеліктері деп белгілі бір өмір кезеңіне сәйкес анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапаларды айтамыз. Жас ерекшеліктерінің мәні адамның физикалық дамуы мысалында айқын көрінеді. Бойдың, салмақтың өсуі, тістердің пайда болуы, жыныстық жетілу, т.б. биологиялық процестер сәл ауытқушылықпен белгілі жас кезеңдерінде жүзеге асады. Сол сияқты әлеуметтік жетілу (биологиялық тәрізді қатаң тәртіпте болмаса да), тұлғаның рухани дамуының жастық динамикасы жүреді. Бұл адам дамуының кезеңдерін бөлуге негіз болады.
Педагогикалық кезеңдеудің негізін бір жағынан дене және психикалық дамудың кезеңдері, екінші жағынан тәрбие жүргізілетін шарттар құрайды.
Оқытуды және тәрбиелеуді оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізу оң нәтиже береді. Дамудың табиғи сатыларын есепке алмау немесе теріске шығару кез келген әлеуметтік тәжірибені, кез келген білімдерді, біліктер мен дағдыларды кез келген жаста беру мүмкін деген қате тұжырымға және әдістеме таңдауда қателікке алып келеді. Әлеуметтік даму үрдісінің жылдамдауы, түрлі ақпараттық көздерге кең қол жеткізу мүмкіндігі адамның мүмкіндіктерін біраз ұлғайтады, дегенмен, ол мүмкіндіктер шексіз еместігін ескерсек, жас ерекшеліктері дамуда өз шарттарын қояды.
Я.А. Коменский алғашқылардың бірі болып оқу-тәрбие үрдісінде балалардың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуды ұсынды. Ол табиғатқа сәйкестілік принципін негіздеді, яғни табиғаттағыдай тәрбие процесінде де барлығы өз орнымен және кезегімен жүріп отыруы тиіс.
Жас ерекшеліктерін есепке алу - педагогикалық принциптердің ішіндегі негізгілерінің бірі. Оған сүйене отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін белгілейді, еңбектің әр түрімен қамтуды қалыптастырады, дамуға оң мүмкіндік беретін күн тәртібін анықтайды. Жас ерекшеліктері оқу пәндерін, әр пәндегі оқу материалын таңдау және орналастыру мәселелерін дұрыс шешуді міндеттейді. Сол сияқты олар оқу-тәрбие іс-әрекетінің формалары мен әдістерін таңдауда негізгі роль атқарады.
Жас ерекшеліктерін кезеңдеудің шекаралары қатып қалған жағдай емес, өйткені әр адамның жеке дамуының ерекшеліктерімен қатар, әр толқынның да дамуында алдыңғыларымен салыстырғанда өзгешеліктер болуы мүмкін. Акселерация - балалық және жеткіншектік шақта дене және ішінара психикалық дамудың жылдамдауы. Биологтар оны организмнің физиологиялық пісіп-жетілуімен, психологтар - психикалық функциялардың жетілуімен, педагогтар - тұлғаның рухани дамуымен және әлеуметтенуімен байланыстырады.
Акселерацияның негізгі себептері: өмірдің жалпы темпінің жылдамдауы, материалдық жағдайдың жақсартуы, тамақтанудың және медициналық бақылау сапасының көтерілуі, ерте жастан балаларды күтіп-бағудың жақсаруы, т.б.
Кіші мектеп жасы (6 - 10 жас). Алты жастағы баланы өмірдегі үлкен өзгеріс күтеді. Мектеп жасына өту оның іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, басқа адамдармен қатынасындағы өзгерістермен байланысты. Жетекші іс-әрекет - оқу болады, жаңа міндеттер пайда болады, айналадағылармен қатынас- та жаңа деңгейге көтеріледі.
Биологиялық жағынан алғанда кіші мектеп жасындағылардың бой өсуінің жылдамдығы азаяды, салмақ қосу көбейеді; қаңқасы сүйектенеді, бірақ бұл процесс әлі де болса аяқталмайды. Бұлшық ет жүйесі қарқынды дамиды, білектің ұсақ бұлшық еттерінің дамуына байланысты бала жазу, сызу сияқты қимылдарды бекем орындауға мүмкіндік алады.
Осы жаста нерв жүйесі жетіле түседі, мидың үлкен жарты шарларының қызметтері қарқынды дамиды, ми қабының талдау және синтездеу қызметі күшейеді. Ми салмағы үлкен адамдікіне жақындайды, орташа алғанда 1400 г. құрайды. Баланың психикасы жылдам дамиды. Сезім мүшелері жұмысының дәлдігі артады.
Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық іс-әрекеті негізінен оқу процесінде жүреді. Қарым-қатынас сферасының кеңеюі де маңызды роль атқарады. Осы жастағы оқушыларда қалыптастыру және дамыту қажет болатын жылдам жүретін даму, жаңа сапалардың көптігі педагогтарға барлық оқу-тәрбие іс-әрекетін қатаң түрде мақсатты жүргізуді міндеттейді.
Орта мектеп жасы (10-11-ден 15 жасқа дейін) - балалықтан жастыққа өтпелі кезең. Ол мектептегі оқудың екінші сатысына дәл келеді және организмнің терең өзгерістерімен және өмірлік іс-әрекеттердің жалпы көтерілуімен сипатталады. Бұл кезең жеткіншек үшін де, айналасындағылар үшін де күрделі кезең, себебі жеткіншек балалықтан кеткен, бірақ әлі ересектікке жетпеген (Н.К. Крупская) кезі.
Бұл жаста бойдың тез өсуі жүреді (ұлдар әсіресе 15 жасында, қыздар 13 жасында), қаңқаның сүйектену процесі жалғасады, сүйектер берік, қатты бола түседі. Бұлшық ет күші жылдам өседі. Ішкі органдардың өсуі бірқалыпты жүрмейді, қан тамырларының өсуі жүрек өсуінен кейіндеп қалады, сол себептен оның жұмысы бұзылып, жүрек соғуы жылдамдайды. Дене дамуының бір қалыпты жүрмеуі жеткіншектің сыртынан білініп тұрады: ол шамадан тыс қолын сермелеп, жүргенде теңселуі мүмкін, қозғалысы қалыпсыз.
Жеткіншектік жастың өзіндік ерекшелігі - организмнің жыныстық жетілуі. Қыздарда ол 11 жастан, ұлдарда 12 - 13 жастан басталады.
Бұл жаста да нерв жүйесінің дамуы жалғасады, жеткіншектің миы салмағы мен көлемі жағынан үлкен адамдікінен айырмашылығы көп болмайды, сананың ролі артады.
Орта мектеп жасындағы жеткіншектің қабылдауы кіші мектеп жасымен салыстырғанда едәуір мақсатты, жоспарлы және ұйымдасқан кезде ол тереңдігімен таң қалдырса, кейде тым қарапайым болады. Айналадағы ортаны қабылдау мен оқу материалын байланыстыра алмау - осы жастағы балалардың ерекшелігі.
Жеткіншек назарының ерекшелігі - оның таңдамалылығы, яғни қызық сабақтар немесе қызық жұмыстар оқушыны бірден тартып әкетеді. Бірақ жылдам қозу, әсіресе қызығушылық оның назарын тез аударуға мәжбүр етеді.
Жеткіншектік кезеңде ойлау әрекетінде де даму жүреді. Ойлау жүйелі, тізбекті, жетілген бола түседі. Абстрактілі ойлауға бейімдік арта түседі, сыни тұрғыдан ойлау пайда болады. Ол мұғалім немесе оқулық беделіне нық сеніммен қарамайды, өз пікірі болады, пікірталасқа, қарсылық жасауға бейім болады. Орта мектеп жасы шығармашылық ойлауды дамытуға өте қолайлы.
Ойлаудың дамуы жеткіншектің сөйлеуінің өзгерісімен байланыста жүреді. Сөйлемдері бейнелі, мазмұнды бола түседі. Жеткіншектік жаста тұлғаның адамгершілік және әлеуметтік қалыптасуы қарқынды жүреді, бірақ оқушы басшылыққа алатын дүниеге көзқарас, адамгершілік идеалдар, бағалау жүйесі, моральдық принциптер әлі болса да берік қалыптаспаған, достарының пікірі мен өмір қайшылығынан тез бұзылады.
Орта мектеп жасындағы балалардың тәрбиесі - қазіргі кездегі ең күрделі мәселелердің бірі. Педагогтарға осы жас ерекшеліктерін терең меңгеру, өзін баланың орнына қоя білу міндеті қойылады. Жеткіншек пікір алмасуда дәлелдерге мойын ұсынады. мектеп өмірін демократияландыру, ұжымды, айналысатын істерді, оқылатын пәндерді, оқу орнын еркін таңдау - мұның бәрі жеткіншектің өзін-өзі көрсетуіне, үлкендермен және құрдастарымен тіл табысуына жетелейді, осының бәрі нәтижесінде адамгершілік және әлеуметтік қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.
Ересек мектеп жасы (15 - 18 жас). Бұл жаста жалпы деңгейде адамның дене дамуы аяқталады: бой өсуі мен қаңқаның сүйектенуі аяқталады, бұлшық ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Жас спортшыны оқыту және тәрбиелеу
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Оқыту принциптері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Математика пәнін оқыту арқылы бастауыш мектеп оқушыларын уақытты орынды пайдалануға үйрету жолдарын көрсету
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Пәндер