Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жетпісбаева Айсана ҚБ23

№16 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны-2сағат

Әдістемелік нұсқаулық:

1. «Мазмұн», «тәрбие мазмұны» ұғымдарына анықтама беріңіз

Мазмұн- басылып жатқан басылымдағы (жинақтағы, шығармалар жинағындағы, журналдағы т. б. ) шығармалардың бас тақырып тізбесі немесе авторлардың аты-жөні мен жарияланатын шығармалардың бас тақырыптары, сондай-ақ, шығарма немесе тармақ басталатын беттері керсетіліп, топтастырылған шығармалардың тармақ бас тақырыптары болып келетін басылым аппаратының элементі.

Тәрбие мазмұны- Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды жэне көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық жэне құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

2. Төмендегі кестені толтырыңыз

Тәрбие түрлеріне анықтама мен олардың мақсат-міндеттері
Тәрбие түрлеріне негізделінген іс-шаралардың тақырыптары
Тәрбие түрлеріне анықтама мен олардың мақсат-міндеттері:

А) Жас ұрпақтың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми дүние танымды қалыптастыру үшін жеке тұлғаның қоршаған табиғат, әлеумаеттік орта, өзі және өзінің іс-әрекеті туралы көз қарастар мен сенімдердің жүйесін қалыптастыру керек. Адамның дүниеге көз қарасы - оның барлық өмірінің идеялық бағытын, іс-әрекетін, тәртібін айқындайтын ең маңызды буын. Дүние танымды қалыптастыруды негізі мектепте әрбір пәнді оқыту және тәрбиелік шараларды өткізу арқылы қаланады.

ә) Ақыл-ойын дамыту және жалпы мәдени деңгейін көтеру, қазіргі тәрбиеге байланысты қойылып отырған маңызды талаптардың бірі-оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, ақыл ой мәдени еңбегінің деңгейін көтеру. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнына табиғат, қоғам және адам, қазіргі өндіріс туралы білімдер енеді. Немістің прогресшіл педагогы А. Дистербег “ақиқат емес білім білімсіздіктенде жаман -деген.

Ақыл -ой тәрбиесін беру мазмұнына психикалық процестерді, ес, қиял, ойлау, сөз, зейінді дамыту енеді. Пікір сайыстар, кітаппен жұмыс, зерттеу жұмыстары баланың ақыл-ойын дамытады.

Мектептердегі тәрбие процесінің алдында тұрған басты міндеттер оқушылардың танымдық, шығармашылығын дамытатын ойындар, шралар, іс-әрекеттерді кеңінен ұйымдастыру болып табылады. Мектепте алынған білімдердің кейбірі уақыт өте ұмытыла бастайды, сондықтан оқушыларды өз беттері мен логикалық ойлауға, кез-келген құбылысты талдай және түсіне білуге үйретуіміз қажет.

Б) Оқушылардың бойында адамгершілік, сапалық қасиеттерді қалыптастыру. Жалпы адам бойында 1842 сапслық қасиеттер болса, оның 187-сі бастауыш сыныпта қалыптасуы тиіс.

Оқушылардың бойында төмендегідей ел жандылық, ұжымшылдық, шыншылдық, тәртіптілік, өз борыщына адалдық, ұйымшылдық т. б. Сапалық қасиеттер қалыптастыру адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына жатады. Көптенген мектептерде мінез-құлық мәдениетіне арналған арнайы сабақтар, мысалы “әдеп сабағы жүргізіледі .

Адамның жоғарысапалық қасиеттерінің бірі -елжандылық. Елжандылық бала күнінен, туған туысқандарға, туған өлкеге, табиғатқа, дәстүрлерге сүйіспеншіліктен басталады. Адамның бәріне ортақ осы сезімдер арқалы Отанға сүйіспеншілік қалыптасады. Отанымыздың еңбек және жауынгерлік тарихына балалардың оң көз қарасын тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады.

В) Еңбек тәрбиесі мен оқушыларға кәсіби бағдар беруде тәрбие саласындағы негізгі міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында еңбек ерікті делінген. Баланың жас кезінен бастап, “еңбек ету менің ең бірінші қажеттілігім ‘’деп сезінуіне үйретуіміз қажет. Адам тек еңбек арқылы ғана жарқын болашаққа, жақсы өмірге ие болады.

Г) Дене тәрбиесінің міндеті-жеке тұлғаны дамыту, салауатты өмір сүре білуге баулу. Ел басшысы Н. Назарбаевтың басшылығымен қабылданған 2030 стратегиялық бағдарламасы жас ұрпаққа салауатты өмір сүруді үйрату міндетін қойды. Дене тәрбиесі ерік-жігерді, тәртіпті, батылдықты, белсенділікті, өз Отанын қорғауға әзір тұратын адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.

Дене тәрбиесі оқушыларды қоғамдық және жеке гигиеналық дағдыларға үйретеді. Жеке тұлғаның қалыптасу, дамуының негізгі факторлары : қоғамның материалдық-техникалық базасы, тұрмыстық жағдайы, табиғи орта, тұқым қуалаушылық негіздері, жастар, балалар ұйымдары, жанұя, қоғам, ақпарат құралдары, мектептен тыс мекемелер.

Д) Жеке тұлғаның дамуына қоғамның материалдық -техникалық базасының әсері. Біздің қоғамымыздың материалдық-тұлғалық базасы демократиялық қоғамдағы нарықтық кәсіпке даярлау мектебінен басталуы тиіс.

Е) Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әр халықтың әдет-ғұрпы, дәстүрі оның тұрмысындағы ерекшеліктерінің әсері. Қазақстан Республикасының демократиялық қоғам құруы, өз алдына мемлекет болып тәуелсіздік алуы Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тұрмысына үлкен өзгерістер енгізді. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы, салт- дәстүр, әдет -ғұрпы өмірге қайта келуі де тұрмысымызға сән бере бастады.

Ж) Табиғи ортаның адамның дамуына, қалыптасуына әсері. Мысалы, солтүстікте тұратын халықтардың жай, байсалды, орнықты, ал оңтүстік халықтары қызу қанды болатыны белгілі.

Халқымыздың ұлы ойшыл ақыны Абай мен Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдеріне зер салсақ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Педагогиканың дәрістері
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын ашу
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz