Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным


Жетпісбаева Айсана ҚБ23
№18 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным және азаматтық, патриоттық тәрбие жүйесі -2 сағат
Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1. Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным
Дүниетанымның мәні, қызметі. Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады.
Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді.
Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.
Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.
Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.
Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.
Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді.
Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.
Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.
Теориялық ой - дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу.
Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады.
Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс.
Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр.
Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды.
Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды.
Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады.
Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты - баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері пайдаланылады.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады.
Табиғи - жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.
Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер пәндері - әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық сезімін тәрбиелейді.
Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
2. Қазіргі мектептегі азаматтық тәрбие жүйесі.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В. А. Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Академик В. ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
- түпнұсқаның - жүйеге ұқсас, соған сай келуі;
- мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
- субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;
- түпнұсқаның - жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.
Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі - ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В. ГАфанасьев) .
Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау - бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де - оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері,
байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:
I кезең - мектеп бейнесін жасау.
II кезең - оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.
III кезең - оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.
Бірінші кезең - мектеп бейнесін жасау. Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау - бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінің нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінің компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.
Мектеп бейнесі құрамының әрқайсысына қысқаша сипаттама береміз.
Мектеп оқушысының немесе мектеп бітірушінің бейнесі,
бұл оқу орнының біртұтас бейнесінің басқа компоненттеріне, қарағанда детерминациялық жөне интеграциялық рөл атқаратын ең маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Тәртіп бойынша, мектеп бітірушінің жинақталған портреті оқу орнының мақсатымен мазмұнының иман тұрады өзара байланыс. Ал ол кезегінде педагогикалық процестің барлық элементтері мен оның субъектілерінің қызмет үйлестіріп отырған.
Оқушының немесе мектеп бітірушінің бейнесі жеке тұлғаның психологиялық және дене құрылысы, идеялық-адамгершілік сапаларының жиынтығынан құралады. Осы сапалардың деңгейі мен жинақталуы жайлы педагогикалық процеске қатысушылардың пікірі әр турлі, мұның өзі оқушылардың тәрбиесінде оларды кіріктіруге үлкен кедергі жасайды, сондықтан да мектеп бітірушінің бейнесі жайлы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың
пікір бірлігін қолдауға және жинақтауға бағытталған арнайы әдістер мен тәсілдерді колдану керек.
Келесі құрамдас бөлік - бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Ол оқу орныңдаға іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.
Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.
Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.
Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғараалық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.
Мүғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнгс және маңызға ие бола алады.
Тәрбие жұмысы - бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Жоғарыда көрсетілгендей, мектептің тәрбие жүйесі оқушьшардың сабақ процесіндегі жөне сабақтан тыс уақыттағы тәрбиесін қамтиды. Ол сыныпта, мектепте, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдык жоне жеке-дара тәрбие пробелмаларын шешіп отырады, сонымен бірге мектептін тәрбие жұмысының отбасымен және жұртшылықпен тығыз байланыста жүргізілуіне аса зор мән беріп, оны өз іс-әрекетінде қоса атқарады.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, оларды
3. Қазіргі мектептегі патриоттық тәрбие жүйесі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен.
Біз тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының бағыттарының ішінде мынадай бағыт айқындалғанын білеміз: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы тиіс. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру белгіленген. Ондай әрекеттестікті біздің ұлы ойшылдарымыз ертеден -ақ ескеріп, өз ойларын қосқан. Осындай адамның еркін әрекеттесетін мінез-құлқын тәрбиелеуде Әл-Фараби «Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Ол адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуіне сайма-сай келеді» деген ойы арқылы қазіргі кезде тұлғаның жеке қасиетін, мінез-құлқын қалыптастыруда жақсы әрекеттер қалыптастыру керектігі туралы ой айтады. Бүгінгі күндегі Еліміздің егемендікке жетуі халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Оны Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын көрсетеді. Олай болса, біз жастарға осындай ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын силауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз.
Қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай т. б. батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен, елін, жерін сүйген батырлар. Мұндай батырларға арналған батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, Отанын сүюуінің негізі болып табылады. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ертеден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері де дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдерде: “Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас” т. б. болып кете береді. Мұндай мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, Отанын сүюуіне негізделіп, өз елін, туған жерін құрметтеуге табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келе жатқанын есімізде ұстағанымыз жөн… Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі - бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазірде Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет.
Ұлы дала ұландарының кемел болашағы, «Мәңгілік Ел» ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ойлау, бәсекелік қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшелініп тұр. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, мемлекет, атамекен (сакралді география), туған жер, туған ел, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлектік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сезімдерін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында ең басты қағидалардың бірі «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп анықталған: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодыңды сақтай білу». Ұлттық сана-сезім, ұлтқа жанашырлық - патриоттық тәрбие берудің, саналы, парасаты мол азаматты тәрбиелеудің негізгі діңгегі, өзегі. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие беру мәселесінің ерекшелігін де күн тәртібінен тыс қарастыруға болмайды. Себебі көпұлтты мемлекетіміздің халқы этносаралық қарым-қатынас орнатуда патриоттық қағидалардан тыс кемелдене алмайды. Ұлтаралық, этносаралық татулық - қазақстандық патриотизмнің бөлінбес құндылығы деп қарастырамыз. Осы құндылық арқылы бағдарламада негізгі бағыттардың бірі «Сананың ашықтығы» жүзеге асырылады. Бұл бағыт пен «қазақстандық патриотизм» мәні тығыз байланыста екенін елін, жерін көркейту ісінде қазақ жерін Отаным деп таныған ұлттар мен этностардың, әлемнің озық тәжірибесін есепке алу үрдісі айқындап береді. «Татулық», «бірлік» ұғымдары «қазақстандық патриотизмнің» құндылықтары ретінде әр қазақстандықтың бойына туғаннан сіңірелітіні белгілі.
Өскелең ұрпақ тәрбиесінде «қазақстандық патриотизм» білімге құштарлық пен әлемнің жаңашылдыққа бағытталған сандық технологияларын (цифровизация) игерусіз түпкі мақсатына жетпейтіні анық. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде өзегі өзгермейтін мәселенің бірегейі - «Білімнің салтанат құруы» бағыты. Бұл орайда өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде ес білгеннен бастап «білім» категориясының адам өміріндегі басты құндылық екенін сіңірту, дәріптеу ісі дұрыс жолға қойылуы керек. Білімі таяз адам саналы түрде патриот болуы екіталай. Сондықтан «Саналы азамат» тәрбиелеуде білім алудың, алған білімі арқылы еліне қызмет жасау қағидалары негізгі діңгек болып табылады. Көкірегі ояу, зердесі ашық, білімі кемел, біліктілігі жоғары, санасы биік тұлға ғана еліне еңбегін риясыз сіңіруге дайын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz