Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі
Жетпісбаева Айсан ҚБ23
№6 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі
1. Педагогикалық құзыреттілігін жетілдірудің жолдарын анықтаңыз
Құзыреттілік -- бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде практикалық тәжірибе негізінде табысты жұмыс жасау. Құзыреттілік адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде. Кейбір сөздіктерде құзыреттілік құзырлылық делініп былай анықтама берілген. Құзырлылық - адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзіреттілік = Білім - Тәжірибе - Іскерлік.
Поляк ғалымы Иоанна Подгурскаяның пікірінше Білім мен құзыреттілік туралы пікірталасқа тоқталсақ, іскерлікті қалыптастыру бұл да тәрбие, Эрудицияны құзыреттілікке қарсы қоюға болмайды. Оларды үйлесімді түрде қолдану керек. ХХІ ғасырда мектеп бағдарламасына енгізу керек білімдер көбеюде, бірақ бұл жолмен жүрсе, мектеп ақпараттарға тойған, бірақ өмірде қорғансыз адамдарды шығарады. Ал мектеп тек қана өмірге дайындауға бет алса, онда құзыретті, бірақ бірақ болмыс туралы терең рефлексия жасай алмайтын адамдарды дайындап шығарады. Құзыреттілікке үйрету сабақтың құрамына еніп, сабақтан тыс оқу жұмыстарында жалғасу керек.
Ұғымды нақтыландырамыз:
Құзыреттілік тұрғы білім нәтижесіне назар аударып, нәтиже ретінде адамның меңгерген ақпараттарының жиынтығын емес, түрлі жағдаяттарда іс- қимылдар жасау қабілетін басшылыққа алады. Белгілі бір салада табысты әрекет жасау үшін білім, іскерлік, және жеке тұлғалық сапаларын қолдану қабілеті.
Білім нәтижелері
Студенттің білімдік процесті аяқтаған соң (лекциялар, пән, модуль) нені білетіндігі, түсінетіндігін анықтау. (Қызметі: оқытуды студенттің көқарасы тұрғысынан қарап, оның жинақтайтын оқу тәжірибесінің сапасын көтеру).
Ақпараттық құзіреттілік
* ақпараттық ізденісті жоспарлау:
* ақпараттың белгілісі мен белгісізін бөліп анықтамаларды, энциклопедияларды қолдануы; мазмұн бойынша кітаптарға және сілтемелер бойынша сайтқа бағдар жасауы;
* ақпаратты адамға сұрақ қоя отырып алуы
* ақпаратты көркем образды мазмұнды қайнаркөздерден бөліп алуы; ақпараттарды жүйелеуі ;
* қарапайым ақпараттарды графикалық түрінен мәтінге немесе керісінше ауыстыруы;
* ақпараттың жеткіліксіздігінің немесе түсініксіздігін көрсетуі;
* ұсынылған қайнаркөздегі ақпараттан дәйектер мен қорытынды табуы;
* ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды орындау:
* дәйектемені бағалауы.
Проблемалар мен өзіндік менеджментін шешу құзыреттілігі ол - оқушылардың:
* - әр түрлі жағдайларда проблемаларды анықтау, жауапты шешім қабылдау, шешімнің салдарын бағалау;
* - өзінің іс-әрекетінің мақсатын қою, оны жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды анықтау, оған қол жеткізу процесін ұйымдастыру (яғни міндетке сәйкес технологияларды әзірлейді);
* - рефлексия мен өзін-өзі бағалауды, өз қызметін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
* - өз үшін жағдайларға сәйкес іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдау;
* - қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдау, технологияларды айқын қолдану даярлығы.
Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар
Тапсырма түрлері:
* 1-ші жақтан сөйлеу
* Мұғалімдердің пікірлері,үйреткен әдіс-тәсілдері туралы өз ойларын айту
* Пән атынан сөйлеу
* Жаңашыл мұғалімдерге марапат сөздер айту
* Жазалау
2. Болашақ мұғалімнің үздіксіз білім беру жүйесіндегі кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тақырыбы аясында, белгілі бір мақалаға талдау жасаңыз
Қазіргі Қазақстандағы болып жатқан жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай-лар білім беру жүйесінде міндеттерді ше-шудің тиімді тәсілдерін іздестіру қажетті-лігін тудырып отыр. Білім беру сапасын арттыру Қазақстанның ғана емес дүние-жүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шешуі білім беру мазмұнын модернизациялауды, білім беру үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой - елегінен өткізуді талап етеді. Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім - тәрбиесіне, сана - сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болаша-ғын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың енші-сінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылы-мының көптеген ғалымдары талмай ізде-ніп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагоги-калық іс-әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс - тә-сілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Білім беру субъектілерінің кәсіби құ-зыреттілігіне қол жеткізу концепцияны жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кәсібилік - ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік - өзбетінше және жау-апты әрекет жасауға мүмкіндік беретін бел-гілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудиция-ның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте мін-деттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кә-сіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалім-нің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәти-жесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондық-тан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технология-ларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Ал білім беру мекемесінің жетекшісі білім беру үрдісінде игерілген тәжірибенің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг технологиясын жақсы меңге-руі керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұ-ғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Оған білімді механикалық түрде беруші, білім трансляторы ретінде қарамайды. Осы айтылып отырған заңдылықтар мұғалімнен педагогикалық өзара әрекет етудің ерекше кәсіби технологиясын меңгеруді, кәсіби және тұлғалық өсуге тұрақты қажеттіліктің болуын талап етеді. Кез - келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы - кәсіби өзін - өзі білімдендіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қа-лыптасуға аса қажет. Біздің осы мәселені көтеріп отырған себебіміз, қазіргі таңдағы көптеген педагогтардың өзінің кәсіби жеті-луіне көп мән бермейтіндігінде. Оны әр-түрлі жағдайлармен байланыстырып жата-ды. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Егер педагог өзінің жалпы педа-гогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық құра-лының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін - өзі жетілдіруі мен өзін - өзі тәр-биелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін - өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс - әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін - өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп - салдарларын те-рең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio - өткенге сүйену) - тол-ғану, өз - өзін байқау, өзін - өзі тану. Кәсіби сана - сезім өзін - өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.
Ғалым Е.Н. Волкова педагог субъек-тілігінің құрылымының негізгі компонент-терін атап көрсетеді. Олар:
1) Белсенділік;
2) Рефлексияға кабілеттілік;
3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған жауапкершілік;
4) Субъектінің бірегейлігі (уникаль-ность);
5) Басқаны түсініп қабылдау;
6) Өздік даму.
Осы аталған компоненттерінің бар-лығы да педагогтың өзін - өзі білімдендіру үрдісінде ерекше орынға ие.
Өзін - өзі білімдендіру кәсіби өзін - өзі жетілдіру мен өзін - өзі тәрбиелеудің жетек-ші компоненті болып табылады. Өзін - өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педаго-гикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпыадамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін - өзі білімдендіру - оқытушының мА-ман ретінде өсуінің негізі.
19 ғасырдың ұлы неміс ғалымы, пе-дагог Адольф Дистервег (1790- 1866) педа-гогтардың білімі мен тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: педагог өз тәрбиесі мен білімін жетілдіру бойынша жұмыс жасап жүрген кезде ғана басқа-ларды шынайы тәрбиелейді және білім-дендіреді деп салмақты ой тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетіс-тіктерді күнделікті біліп отырмайтын педа-гог артта қалады деу аз болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қиындатады, педаго-гикалық ұжымның жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан - жақты зерттегендердің бірі. Ол былай деген еді: мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді. Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана - сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына де-ген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Ал К.Д. Ушинскийді орыс мұға-лімдерінің мұғалімі деп текке атамаған болар. Олай болса, оның ой астары тереңде жатыр деп айтуымызға әбден болады. Осындай ой тастаған ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев. Ол: Оқып, үйрену әрқашан керек. Барлық ұлы ғалымдар өмірлерінің соңына дейін оқытып ғана қойған жоқ, өздері де оқыды. Оқуды тоқтатсаң - басқа-ларды оқыта алмайсың. Білім күннен күнге өседі және қиындай береді деген еді.
Дегенмен, шынайы тәжірибелік өмірде, педагог көп уақытын күйбің тірші-лік міндеттерін атқарумен өткізеді. Осы-лайша, оның кәсіпке деген қарым - қаты-насы - оның кейбір қырларына деген қаты-насымен өлшенеді. Яғни, кәсібін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz