Болашақ мұғалімнің үздіксіз білім беру жүйесінде кәсіби өзін - өзі тәрбиелеуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жетпісбаева Айсана ҚБ23

№8 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Болашақ мұғалімнің үздіксіз білім беру жүйесінде кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі

Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:

1. Педагогикалық қарым-қатынас -педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым-қатынас қандай функцияларды жүзеге асырады? Қарым-қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын информация беруге, қарым-қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басьш тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.

Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:

  • мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;
  • мұғалімпің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;
  • оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;
  • коллективтік танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың «психологиялық жағдайының пайда болуы;
  • жеке адамның тұтастай танымдық бағытталушылығын қалыптастыру;
  • оқу әрекеті процесінде (танымдык, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық т. б. ) психологиялық кедергілерді жеңу;
  • оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудыд мүмкіндігі;
  • окушылар коллективіндегі өзара қарым-қатынасты ойдағыдай қальштастыру.

Қарым-қатынасты оқытудың дамуы функциясының жүзеге асырылуы:

  • оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік психологиялық негізін орнату;
  • жеке адамның дамуының қозғаушы күш ретінде көрінетін қарама-қайшылыктық диалектикалық жүйесін орнату;
  • жеке адамнын, өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;

Сабаққа әзірленген кезде және оның нақты міндеттерін, жұмыс түрлерін тұжырымдағанда, сабақ конспектісін жасағанда ойластырылып, онда эмоциялық нұсқа да, жалпы психологиялық жағдай да т. б. көрсетілуі тиіс. Бірте-бірте бұл күрделі процесс өздігінен жүзеге асырылатын болады.

Қарым-қатынас инициативасында табысқа жетуде тұрақты және тексерілген әдістер:

  • класпен бастапқы байланысты жедел ұйымдастыру;
  • ұйымдық шаралардан (амандасу, отырғызу т. б. ) нақ-ты іс пен жекелей қарым-қатынасқа дереу ауысу;
  • бастапқы өзара қатынастағы ұйымдық және мазмұнды аспектілердің арасында ешқандай іркілістің болмауы;
  • кластағы әлеуметтік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, «біз» деген ортақ сезімді қальштастыру;
  • балалармен бірлескен әрекеттегі жеке аспектілерді енгізу;
  • жекелеген оқушылардағы жаттанды және келеңсіз құбылыстарды жою;
  • класпен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;
  • өзара қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде коллективті жұмылдыруға ықпал ететін міндеттер мен мәселелерді қою;
  • педагогикалық талаптарға қолайлы келетін жайттар-ды болдырмау және жөн-жоба беретін педагогикалық талаптарды ұлғайту;
  • сыртқы коммуникативтік түрлерді: ұқыптылықты, жинақылықты, белсенділікті тілектестікті жарқын жүзділікті т. б. қамтамасыз ету;
  • өзара әрекеттін, сөздік және жазбаша құралдарын жүзеге асыру, мимиканы, микромимиканы, көзқарас байланысын т. б. барынша енгізу;
  • балаларға деген оң көзқарасыңды, тілектестІгіңді көрсете білу;
  • айқын, тартымды іс-әрекет мақсаттарын қою және оған жету жолдарын көрсету;
  • оқушылармен шат көңілді, қуанышты жағдайда өзара түсінісе білу;
  • оқушыларда өзара түсінісушілікті, мұғаліммен жалпылама пікір алысуды қалыптастыру.

Оқушылармен қарым-қатынас процесі неғұрлым тиімді болуы және балалардық психикалық күйінде ұдайы болып тұратын өзгерістерге сәйкес келуі үшін, мынадай жайттар үсынылады:

  • қарым-катынас жасайтын балаларға ілтипатты бол;
  • коммуникативтік есті дамыт;
  • балалармен қарым-қатынас жасағанда өз бақылауыңды дамыт;
  • әңгімелесушінің жауабын! әрқашан алдын ала біліп отыруға тырыс;
  • оқушылардьщ сырт мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, қимыл әрекетін, мимикасын, сөйлеу мәнерін талдай біл;
  • балалардың, «психикалық сигналдарын» мінез-құлқының сырт керіністері бойынша қабылдауды және дұрыс түсіндіріп беруді үйрен;
  • қарым-қатынас процесінде кіммен қарым-қатынас жасап отырғаныңды үнемі ойлағаның жөн;

Адамдармен қарым-қатынас жасаудың екі әдісі немесе ұйымдастыру типі болады: өзіңнен және өзгеден. Біз көбінесе қарым-қатынасты өзіміз ұйымдастыруға тыры-самыз - мұның өзі ыңғайлы, әрі бізге жеңіл сияқты болып көрінеді. Ал шындығына келгенде қарым-қатынастың мұндай тіпті көпшіліктен қолдау таба қоймайды.

Белгілі совет психотерапевті В. Леви адамдармен байланыс жасауды бастаған кезде білуге тиісті мынадай есепттерді тұжырымдайды:

  • аз уақытқа болса да өзіқ туралы, өз мұқтажың туралы ойлағанды қоя тұрып басқалар туралы, соның мұқтажы жайлы ойлағаның жөн;
  • сенің басқалар туралы нақты ойың, сенің олармен қарым-қатынасың қате болуы мүмкін екендігі есіңде болсын, басқалар туралы білмейтініңді білуге тырыс;
  • әрбір ойластырған нәрсең ұнамды, тартымды немесе жұрт таңырқайтындай болсын, бақылағыштықты және жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыруға тырыс.

Педагогикалық қарым-қатынасты Іс жүзінде ұйымдастыру үшін тікелей әрекеттің жалпы логикасы мен «технологиясы» қандай екендігін білудің ерекше маңызы бар. Бұл туралы неғұрлым толығырақ айтқан жөн, өйткені коммуникация «технологиясын» жете түсінуді қажет ететін толып жатқан компоненттерден тұрады. Міне, сон-дықтанда педагогикалық қарым-қатынастық жалпы творчестволық кезеңдерінде керсетілген секілді, бірлескен әрекеттің - қарым-қатынастың біртұтас процесін бірнеше сатыға бөлген қолайлы.

2. Кәсіби өзін- өзі тәрбиелеу қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы ретінде, оның ерекшеліктері .

педагог өзінің жалпы педа-гогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық құра-лының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін-өзі жетілдіруі мен өзін-өзі тәр-биелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін-өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс-әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін-өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп-салдарларын те-рең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio - өткенге сүйену) - тол-ғану, өз-өзін байқау, өзін-өзі тану. Кәсіби сана-сезім өзін-өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.

Ғалым Е. Н. Волкова педагог субъек-тілігінің құрылымының негізгі компонент-терін атап көрсетеді. Олар:

1) Белсенділік;

2) Рефлексияға кабілеттілік;

3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған жауапкершілік;

4) Субъектінің бірегейлігі (уникаль-ность) ;

5) Басқаны түсініп қабылдау;

6) Өздік даму.

Осы аталған компоненттерінің бар-лығы да педагогтың өзін-өзі білімдендіру үрдісінде ерекше орынға ие.

Өзін-өзі білімдендіру кәсіби өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеудің жетек-ші компоненті болып табылады. Өзін-өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педаго-гикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпыадамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін-өзі білімдендіру - оқытушының мА-ман ретінде өсуінің негізі.

Өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс пен тәжірибе өзін-өзі тәрбиелеуге қажетті өзінің тұлғалық кәсіби маңызды сапаларын үш бағытта дамытуда саналы жұмыс жасау алғышартын құрайды. Олар:

- өзінің жекелікқайталанбас ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына бейімдеу;

- кәсіби құзыреттілігін әрдайым жо-ғарылатып отыру;

- әлеуметтік-адамгершілік және тұл-ғалық басқа да қасиеттерін үздіксіз дамыту.

Осы орайда Р. П. Скульскийдің «мұ-ғалімді мұғалім болуға үйрету керек» деген ой-пікірі тілге оралады. Яғни:

1. Жүйелі түрде әдістемелік біліммен қарулану, философия классиктерінің еңбектерін, өсіп келе жатқан ұрпақты білім-дендіру мен тәрбиелеу туралы мемлекеттік құжаттарды оқу.

2. Өз іс-әрекетінде психологияның және педагогиканың жетістіктерін, озық тәжірибені қолданып және өзінің ғылыми-педагогикалық зерттеуін жасай отырып, күш-жігерін мұғалімнің кәсіби педаго-гикалық функциялары жетік жүзеге асатын оқыту үрдісін жетілдіруге бағыттау.

3. Жүзеге асырылып отырған білім беру үрдісінің жағдайын, оның оқыту үрді-сінің жалпы даму тенденциясымен сәйкес-тендіре отырып, әрдайым талдау, бағалау критерийі ретінде өзінің мұғалімдік еңбе-гінің педагогикалық тиімділігінің аралық және соңғы көрсеткіштерін алу.

4. Өзінің педагогикалық әрекетін сол жүйеде оқу-тәрбие міндеттерінің мазмұнына қарай шығармашылықпен әртүрлі шешу үрдісі ретінде терең ұғыну.

5. Өзін-өзі білімдендіру арқылы өзінің кәсіби педагогикалық квалифика-циясын үздік жетілдіру, ғылымның жетіс-тіктерін оқу және оны тәжірибеде қолдану, сонымен қатар өзінің педагогикалық ізде-ністерінің нәтижелерін енгізу.

6. Барлық дидактикалық қағидаларды жетекшілікке ала отырып, өзін-өзі тәр-биелеу және өзін-өзі дамыту арқылы шы-ғармашылық әрекетке жетелейтін өзінде кәсіби-педагогикалық сапаларды қалып-тастыру, біртіндеп педагогикалық міндеттерді шығармашылық сипатта шешудің зерттеу біліктері мен тәсілдерін меңгеру. Тұлғаның дамуының өзін-өзі бағдар-ламалау үрдісі өзінің болжамын материали-зациялау деген сөз. Оған «өмірлік ере-желер» жатады. Мысалы, ешқашан еш-қайда кешікпеу, «иә» немесе «жоқ» деп салқын жауап берудің орнына басқа фор-мадағы жауаптар іздеу, ешқашан біреуге қол ұшын беруден бас тартпау т. с. с.

К. Д. Ушинский өзін-өзі тәрбиелеуде мына «ережелер» көмектесті дейді:

1) Салмақты болу;

2) Сөзде де, істе те тура болу;

3) Ойланып әрекет ету;

4) Тәуекелдік;

5) Өзі туралы қажет болмаса айтпау;

6) Санасыз бос уақыт өткізбеу;

7) Тек қажетті және жағымды істі жасау;

8) Әр кеш өз іс-әрекетің туралы есеп беру;

9) Ешқашан өткен іспен, болғанға, болар іспен мақтанбау.

Өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі тәрбиелеудің тағы бір жолы - жұмысты жоспарлау. Ұзақ уақыт бойына және қысқа уақытқа іс-әрекетті бөліп жоспарлау керек.

Педагогтың кәсіби жоспарына мына-лар кіреді:

- мәселелер мен қарама-қайшы-лықтарды айқындау;

- мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, оны жүзеге асырудың жолдары мен құрал-дарын анықтау;

- әдістемелік және диагностикалық инструментарияны өңдеуді жоспарлау;

- күтілетін нәтижені болжау.

Педагог өзін-өзі тәрбиелеуде алдына мақсат қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын білуі керек. Ол үшін, жоғарыда айтып өткендей, өзін-өзі танудың маңызды әдісі - өз тәжірибесінің жағымды және жағымсыз жақтарын талдау қажет. Енді бір жолы - басқалармен салыстыру.

Шеберлігін жетілдіру және құзырет-тілігін дамытуда педагогтың алдында көп-теген тұлғалық, сол сияқты кәсіби даму міндеттері тұр. Педагогтың тұлғалық, мо-ралдық және ақыл-ой даму деңгейлері кә-сіби-педагогикалық әрекет жетістігін қам-тамасыз етеді.

Өзін-өзі білімдендіруді реттеу мақса-тында қазіргі таңда педагогтар арасында портфолио дайындау кең таралып жүр. Портфолионың негізгі мақсаты - педа-гогтың өзін-өзі білімдендіруі бойынша жұмысын, оның іс-әрекет сипатын бағалау, педагогтың шығармашылық және кәсіби өсуін қадағалау, рефлексия дағдысының қалыптасуына жағдай жасау болып та-былады. Портфолионың жобасын құру әр педагогтың жекелік ерекшеліктеріне байла-нысты. Маңыздысы, педагог өз жұмысын, өзінің нәтижелерін талдай отырып, педаго-гикалық жетістіктерін жалпылай және жүйелей алуы қажет, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін көре білуі керек, сонымен қатар одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысқаны дұрыс.

3. Педагогикалық рефлексия - өзін- өзі тәрбиелеудің негізгі.

Педагогтің кәсіби рефлексиясы - педагогтің өзін-өзі кәсіби маман ретінде бағалап, өзінің қызметіне өз шығармашылық көзқарасын білдіру және оқушылармен қарым-қатынас орнату нысаны ретінде ой елегінен өткізуін қамтитын кәсіби тұрғыдан аса маңызды дағды. С. Ю. Степановтің берген анықтамасына сәйкес рефлексиялық қабілет - рефлексиялық үдерістерді тиімді жүзеге асыруға, өзіндік дамуына, кәсіби әрекетке шығармашылықпен қарауға мүмкіндік беретін, оның барынша тиімді және нәтижелі болуына әкелетін тұлғаның кәсіби сапасы делінген . И. Слепцова өзінің еңбектерінде педагогтің кәсіби қызметінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіби-рефлексивті қаділетті атап айтады, бұл педагогтің кәсіби дамуға ұмтылуы, оның дербестігі дамуының жоғары деңгейі, педагогикалық міндеттерді, проблемаларды шешуді негіздей алу қабілеттері, өзінің және оқушылардың іс-әрекеттерін шынайы бағалай алуға мүмкіндік беретін дамыған рефлексивті дағдылары деп түсіндіреді .

А. А. Бизяева педагогикалық рефлексияны мұғалімнің өз қызметіне және өзіне оның субъектісі ретінде сыни талдау, мәнін ұғыну және оқушы тұлғасын дамытудағы оқыту тиімділігін бағалау мақсатында белсенді зерттеушілік көзқарас ұстану қабілетін байқататын күрделі психологиялық феномен деп түсіндіреді .

Кәсіби қызметтегі рефлексияның рөліне айрықша мән беретін бірнеше мәселеге назар аудару қажет: біріншіден, рефлексия кәсіби қызметті меңгеруде аса қажет; екіншіден, рефлексияның негізінде игеру үдерісін бақылау және басқару жүзеге асырылады; үшіншіден, рефлексия кәсіби білім беру қызметінің шарттары өзгерген жағдайда қажет; төртіншіден рефлексия қызметтің өзін дамытудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Автор педагогикалық рефлексияның екі жоспарлы тұжырымдамалық моделін бөледі:

1 Операциялық деңгей (сындарлы-орындаушылық, мотивациялық, рефлексиялық санада көрінетін болжау аспектілері)

2 Өзіндік тұлғалық деңгей (мұғалімнің өз қызметіндегі кәсіби-тұлғалық субъектілік бағыттаушылық және рефлексиялық жағдаятқа тұлғалық, субъектілік кірісу)

Осылайша, рефлексиялаушы мұғалім дегеніміз - ойлана алатын, өз тәжірибесін талдай алатын, зерттей алатын педагог. Бұл, Д. Дьюидің айтуы бойынша, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіруге жалықпайтын қажеттілікке ие «өз мамандығының мәңгі оқушысы».

Педагогикалық рефлексияны дамыту үшін педагогикалық шарттарды анықтау маңызды болып табылады. Педагогтің арнайы ұйымдастырылған рефлексиялық қызметі педагогикалық рефлексияны дамытудың алғашқы шарты саналады. Екінші шарты - рефлексивті ортаның болуы; үшінші шарт - рефлексивті қызметке қатысушылардың арасындағы белсенді қарым-қатынас; төртінші - педагогтің рефлексиялауын актуализациялау .

Рефлексиялық қабілеттері дамыған маманда оған деген тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне-өзі сұрақ беруден бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл кәсіп иесінің шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі-одан өзіне қатысты белсенді позицияны таңдауды талап ететін рефлексиялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді. Педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесінде рефлексивті құзыреттілікті қалыптастыру маңызды. Педагогтің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе білуі, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білуі сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады.

Педагог рефлексияға өзінің қабілеттілігін дамыту үшін келесілер қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытушының тұлғалық өсуі
БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ
Мұғалім - мектептің жүрегі
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
Қоғам және ұстаз
Педaгогикaлық шығaрмaшылықтың ерекшеліктері Педaгогикaлық бедел мен имидж
Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары
Педагог психологтың өзін - өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастырудың құралы ретінде
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz