Мұғалімдердің өздігінен білім алу жұмыстары - олардың педагогикалық құзіреттілігін жетілдірудің негізі


Жетпісбаева Айсана ҚБ23
№9 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Мұғалімдердің өздігінен білім алу жұмыстары-олардың педагогикалық құзіреттілігін жетілдірудің негізі
Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1. Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудің қазіргі заманғы формалары
Педагогтардың сапасы мен біліктілігін көтеру -білім сапасын арттырудың басты негізі екені белгілі. Осыған сәйкес, оқыту процесіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу халықаралық тәжірибенің және білім жүйесінде үлгі болып отырған Назарбаев Университеті мен интеллектуалдық мектептерінің негізінде жүзеге асырылатын болады.
Біліктілікті арттырудың бұрын болмаған инновациялық жүйесі - педагогикалық шеберлік орталықтарында 5 жыл ішінде мұғалімдердің жартысын қайта даярлау жоспарлануда.
Сонымен қатар, мектеп деңгейінде де педагогтерді өзіндік мотивациялары негізінде дамыту, біліктілігін көтеруге назар аударып, оған кәсіби шеберлігін көтеруге қолдау көрсету қажет. Жүргізіліп жатқан мониторинг барысында педагогикалық ұжымдарда қалыптасқан әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі айқындалып отыр.
Білім сапасын арттыру міндетін іс жүзінде жүзеге асыратын мұғалім болғандықтан, педагог кадрларды қолдау мына бағыттарда жүргізілуі тиіс:
бүгінгі қоғам талаптарына сай интеллектуалдық ұлтты қалыптастырудағы жаңа әдістермен оқытудың алатын орнын түсіндіру;
осыған сай білім беруде нені өзгерту қажеттігін талдау;
педагог кадрлардың инновациялық деңгейін, жаңа құзіреттілік сапаларын дамыту;
олардың жаңа біліктілік сапасын белгілеу, соған сай кәсіби өсіп отыруына жағдайлар туғызу.
Әлемдік «Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, Ұлыбританиядағы білім сапасының сарапшысы М. Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтік қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Өйткені, кез-келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет - ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден-бір факторы педагогтерді дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» деп тұжырым жасаған.
Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді, бұл жағдайда мұғалім өзінің ұстаздық позициясын жоғалтпайды, керісінше, білім алушыны мотивациялау, оған кеңес беру мұғалімдіктің жоғары деңгейін талап етеді. Себебі, оқушыға білімді, ақпаратты алудың жолдары мен амалдарын беруде, оны түсіну мен тиімді пайдалануға үйретуде, өзін бағалау, өз біліміндегі олқылықтар мен жетістіктерді білуде және олармен жұмыс істеуде, оқу материалдарын сұрыптау мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда мұғалімнің жетекшілігі қажет екені белгілі.
Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтер қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы - бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз.
2. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық
Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызды жағы болып табылады, себебі ол арқылы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы іске асып, өз мүмкіншіліктерінің толығымен жұмсалуы қамтамасыз етіледі. Тұлғаның ішкі позициясының дамуы көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен анықталады деуге болады. Адамның ішкі позициясы өзінің объективті бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрінеді.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу шарттары оның механизмі болып табылады. Қарастырылған шарттардың негізгі мазмұны мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің белгілі бір түрінің қалыптасуын қамтамасыз етеді:
- ең алдымен, оқу әрдайым белсенді болады, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы барысында мұғалім жеке тұлғасының қажеттілік-уәждемелік өрісі үнемі белсендіріледі. Студент алған білімі мен біліктерін тәжірибелік іс-әрекетте қолдана білуі керек. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатты қалыптасу процесінің өзі қажеттіліктерден іс-әрекетке көшу қажеттілігінен басталу керек;
- жеке тұлға іс-әрекеті арқылы көрінеді, ал жеке тұлғаның даярлығы іс-әрекеттің сәттілігін қамтамасыз етеді. Мұғалім іс-әрекетінің сәттілігі іс-әрекет мазмұнын түсінуіне тәуелді. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасу процесінің нысаналы сипаты, біздің ойымызша, студенттердің іс-әрекеттің мазмұны мен құрылысы туралы білімді меңгеруі арқылы көрінеді, яғни студенттердің оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың педагогикалық іс-әрекеті туралы метабілімдерді игеру мәселесін шешу арқылы;
- студенттер педагогикалық іс-әрекет мазмұнын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы игереді. Бұл әдіс-тәсілдерді таңдауда біз педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы мен мұғалім жеке тұлғасының өзін өзі жетілдіруі сәйкес болу керек деген ойға сүйендік. Болашақ мұғалім іс- әрекетінің бағыт-бағдар негізін (ӘБН) қатып қалған емес, керісінше әрекетті түсіну мен оны шығармашылықпен пайдалану арқылы үнемі дамып отруына мүмкіндік берді.
Н. В. Кузьмина кәсіби педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді:
- құрылымдық,
- ұйымдастырушы,
- коммуникативті.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда
іскерліктер мен қабілет қажет.
Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:
- құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),
- құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),
- құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау) .
Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.
А. И. Щербаков құрылымдық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік компоненттерді жалпы еңбек функцияларына жатқызады, яғни олар кез келген әрекетте көрініс береді.
Бірақ ол педагогикалық процесті жүзеге асыру кезеңінде мұғалімнің функциясын нақтылап, педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушы компоненттеріне ақпараттық, дамытушы, бағдарлы, мобилизациялық компоненттерін біріктіреді. Бұл жерде зерттеушілік функцияға аса көңіл бөлу қажет. Зерттеушілік функцияны жүзеге асыру мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденуді, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін игеруді, өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибесін талдауды талап етеді.
Педагогикалық әрекеттің құрылымдың компоненті өз ішінде аналитикалық, болжамдық және жобалау болып бөлінеді.
Іс-әрекеттің барлық компоненттері, функциялары кез келген педагог маманның жұмысында көрінеді. Оларды жүзеге асыру педагогтан арнайы іскерлігін талап етеді.
Сондықтан, педагогикалық әрекетті сипаттауда, оның құрылысы мен мазмұнын анықтау кезінде, біздің пайымымыз бойынша, психологиялық (әрекеттер мен операциялар) және педагогикалық-технологиялық (іс-әрекетті орындау механизмі) құрылымдарды бөліп қарастыру қажет. Психологиялық құрылымды айқындауда кейбір авторлар іс-әрекеттің ең жақын элементтерін әрекет деп атайды. А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, К. К. Платонов осылайша ойлайды. Басқалар болса, іс-әрекет дегенді процесс деп түсініп, оның кезеңдерін ең жақын элементтер деп қарастырады (Л. М. Фридман, Г. А. Балл, Д. Пойа, В. М. Глушков және т. б. ) .
Жүйе ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің дамуының табиғатқа ұқсас бағыттылығын іске асыра отырып, біз дамудағы дифференциация идеясына сүйенеміз. Сондықтан, оның іске асыруын біз алдымен қызметтік тұрғысынан қарастырамыз, мұнда біз іс-әрекеттің негізгі қызметтерінің бірізділігін көрсету арқылы мақсаттар жүйесін жасауға мүмкіндік беретін әрекеттерді айқындаймыз.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті сипаттауда оны дамитын жүйе екенін ескеру қажет. Сондықтан, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің (жеке әрекеттердің) қызметтері іс-әрекет нысанын түрлендіру және осы процесті басқару болып табылады, яғни оның екіжақты сипаты бар: нысанды түрлендіру және оны басқару.
Әдістемелік нұсқаулық:
1. «Форма», «Кадр», «Біліктілік» ұғымдарына анықтама беру
Форма - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасы басқару жүйелеріңде - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Кадр (франц. cadre - рама, лат. quadrum - төртбұрыш), кинокадр - киноға түсірілген нысан қозғалысының бір сәтін немесе орнықты қалпын бейнелейтін кинопленкадағы жеке сурет.
Біліктілік , квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.
2. Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудің қазіргі заманғы формаларына түсінік беріп, талдау жасаңыз
Біз осы жерде функционалдық сауаттылық ұғымына және оның бүгінгі өзектілігіне тоқтала кетейік. Қазіргі таңда посткеңестік кеңістікте ғана емес, батыстың алдынғы қатарлы дамыған елдерінде де білім беру сапасын жаңғырту өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Экономикалық дамудың жаңа факторы ретінде инновациялық үдеріспен бірге өрлеп келе жатқан білімділікке сұраныс қалыптасуда, бұл экономика әлемде білімділік экономикасы деп аталуда.
Европалық Экономикалық бірлесу және даму ұйымының (ОЭСР) дамыған елдерде жүргізген зерттеулеріне үңілсек, олардың тұжырымдарында білімділікпен қатар, алған білімді өз бетімен пайдалана алатын, оны қажетіне қарай одан әрі дамыта білетін функционалдық сауаттылықтың қажеттігі алға қойылған. Сонымен қатар, бұл оқушы бойында құзыреттілік сапаларын қалыптастыру нәтижесі деп те түсіндіріледі.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзыреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның «білім алу заманына» айналып келе жатқанын көрсетеді. «Білім беруден - білім алуға», «оқытудан - оқуға» көшу парадигмасы білім беру ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Соған орай, функционалдық сауаттылықты дамыту төмендегі іс-әркеттерді тиімді ұйымдастыруды қажет етеді, олар: білім стандарттарын жаңарту және оны әр оқушыға тиісті дәрежеде меңгерту; оқыту процесіне жаңа әдістер мен технологиялар енгізу, білім беру ұйымдарын коммуникативтік - ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету.
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру міндеттері функционалдық сауаттылықты дамытуға негізделетіні белгілі. Ол, біріншіден, интеллектуалдық еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгертуді; екіншіден - ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол тұлға қалыптастыруды; үшіншіден - білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету міндеттерін іске асыруы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz