Балабақшадағы балаларды табиғатпен таныстыру маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

219к тобы студентті Сураубай Самал

Тақырып: Балабақшадағы балаларды табиғатпен таныстыру маңызы

Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, мектеп алды даярлықтердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек.

Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстырады: аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен) ; аспандағы құбылыстармен (күннің шығуы мен айдың батуы, ай фазасының ауысуы, күннің ертеңгіліктегі тұратын орны) ; сумен - оның қалпының өзгеруімен (қатумен, қар мен мұздың еруімен, бұлттардың түрімен, жауынмен, қара бұлтпен, шықпен, қыраумен) ; қатты денелермен (құммен, сазбен, таспен), олардың қасиеттерімен; а у а м е н, оның қозғалысымен, желдің бағытымен және күшімен; э л е к т р және жарық құбылыстарымен (найзағаймен - күннің күркіреуімен, кемпірқосақпен, түсті жолақтардын, формасы және орналасуымен) ; өздерінің жер учаскесіндегі, жақын ормандағы, парктегі, көгалдағы, егістік жерлердегі өсімдіктермен (ағаштармен, бұталармен, шөп тұқымдас өсімдіктермен және саңырауқұлақтармен) - өсімдіктердің бөліктерімен, олардың формаларымен, түсімен, өсу процесіндегі және жыл маусымындағы өзгерістерімен, өсімдіктерді қорғаумен; жергілікті жерге ең көбірек таралған ү й жануарларымен (сыртқы түрімен жекелеген мүшелерінідегі құрылысымен және олардың қозғалу, қоректену, жауларынан қорғану ерекшеліктерінің байланысымен, жануарлардың мекендейтін орынымен, жылдың әр түрлі маусымындағы олардың өміріндегі өзгерістерімен жануарлар және оларды қорғау жөніндегі қамқорлықпен) ; өсімдіктерді өсіру және жануарларды бағып-кү ту жөніндегі еңбекпен. Баланың қоршаған шындықты тануы - табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі - көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И. П. Павлов атап көрсетті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардын, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын т. б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлар әлемімен таныстыру
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz