Бейіндік оқыту - саралай оқыту мен даралай оқытудың құралы


Бейіндік оқыту - саралай оқыту мен даралай оқытудың құралы, ілім беру үдерісінің құрылымындағы, мазмұнындағы және ұйымдастыруындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары, икемділіктері мен қабілеттері неғұрлым толыққанды қамтылып, жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби қызығушылықтары мен білім алуды жалғастыру ниеттеріне сәйкес білім алуына керекті жағдайлар жасалады.
Бейіндік оқыту - жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл ретте оқушының меншікті, индивидуалды білім алуының жылжу жолы мәнді түрде кеңейеді. Бейіндік оқытуға көшу, өстіп, бірнеше басты мақсатқа жетуді көздейді:
толық жалпы білімнің жекелеген пән бағдарламаларын тереңдете
оқытуды қамтамасыз ету; оқушыларға жеке оқу бағдарламаларын құруға кең және икемді мүмкіндіктер бере отырып, жоғарғы сынып оқушыларының оқыту мазмұнын біршама саралауға жағдайлар жасау; жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне орайластырып, оқушылардың түрлі категорияларының толыққанды білім алуына тең жағдай орнату, оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту; жалпы және кәсіби білім берудің арасында сабақтастық орнату, оның ішінде мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламасын игеруге тиімді дайындау
Қазіргі кезеңде дидактика жалпы білім берудің инвариантты негізін және сол негізді құрайтын оқу пәндерінің тізімін анықтауға мүмкіндік беретін тұжырымдамалық негізге ие.
Мектептің жоғарғы сатысында бейіндік оқытудың типтік оқу жоспарын жүзеге асыру үшін маңызды болып табылатын екі.
Біріншіден, ТОЖ жобасының негізіне жалпы орта білім беру стандартының жобалары енгізілген. Бұл мәселе, көп жағдайда, ТОЖ-ның жалпы мазмұнын және базалық және бейіндік деңгейлердегі жекелеген пәндерді оқуға бөлінетін уақытты анықтауға негіз болды.
Екіншіден, ТОЖ-ның қарастырылып отырған жобасы мен мектепте қолданылып жүрген оқу жоспарының сабақтастықтығы сақталынып, мектеп біліміне қойылатын жаңа талаптарды енгізеді. Бұл ретте мектеп білім мазмұнының құрылымы мен мазмұнын эволюциялық жолмен өзгерту ұстанымы басшылыққа алынып, оған педагогикалық тұрғыдан негізделген және тәжірибеде өзін ақтаған инновациялар енгізілді.
Мектептің жоғары сыныптарының ТОЖ-ы түрлі оқу курстарының комбинациясын құруға мүмкіндіктер беретінбейіндік оқытудың икемді жүйесін қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жүйе мынадай типтегі курстарды қамтиды: базалық жалпы білім беру курстары, бейіндік жалпы білім беру курстары, элективтік курстар.
Базалық жалпы білім беру курстары - оқушылардың оқытудың барлық бейіндерінде міндетті болып табылатын курстар. Жоғары сынып оқшыларының әрқайсысының минималды жалпы білім алу деңгейін қамтамасыз ететін базалық жалпы білім курстардың құрамы - жалпы білім берудің мақсатын, міндеттерін, функцияларын жарқын көрсете алуы тиіс.
Бейіндік жалпы білім беруші курстар - оқытудың нақты бейінін анықтайтын жоғары деңгейдегі курстар (нақтырақ айтсақ, мектептің жоғары басқышы үшін тереңдетілген курстар.
Физика, химия, биология пәндерінің - жаратылыстану бейіні үшін; тіл мен әдебиет - филология бейіні үшін; құқық, экономика - бейін үшін бейіндік курстар болып табылатыны белгілі.
Базалық және бейіндік жалпы білім беру курстарының құрамы ТОЖ компоненттерінің құрамын анықтайды. Мектептің жоғары басқышының ТОЖ-ғы басқа компоненттер (мектеп және оқушы) онда тек оқылатын саны ғана көрсетіліп, «шектеліп» берілген.
Бейіндік оқытуды іске асыру барысындағы оқу жоспарының мүмкіншіліктерін қарастырайық. Жалпы тұрпатта алғанда, оларды былайшы бөліп қарастыруға болады:
Типтік оқу жоспары тікелей қамтамасыз ететіндер;
Типтік оқу жоспары жанама қамтамасыз ететіндер, яғни құрылымы мен мазмұнына ТОЖ-дың арнайы жағдай жасауы арқасында жүзеге асырылатындар.
ТОЖ-дың жанама мүмкіндіктеріне жатқызылатындар:
жоғары сатыда ТОЖ-дың копкөмпонентті құрылымына, білім беруді саралауға қарай өту:
білім беру үдерісінде түрліше қызмет атқаратын үш типтегі курстарды анықтау (базалық, бейіндік, элекивтік), анқытай айтқанда, осылай мектептің оқу жоспары құрылымының ЖОО оқу жоспарына жақындату
Бейіндік оқытуды іске асыру тек бейіндік емес пәндердіңоқу материалын қысқартқанда ғана, кей ретте кіріктірілгенде ғана (артық жүктеме болмауы үшін) мүмкін болады.
Элективтік курстар бейіндікпен бірге, біріншіден, жалпы жән кәсіби ілім беру арасындағы сабақтастықты сақтау тиіс; екіншіден, кәсіби білім мен болашақ кәсібін уәжділікпен таңдауын қамтамасыз етуі тиіс.
Бірқатар пәндер бойынша - базалық курстар бойынша - базалық білім беу аяқталады.
Бірқатар пәндер бойынша - бейіндік курстар бойынша - дайындық кеңейеді әрі тереңдетіледі.
Элективтік курстарда - оқушылардың таңдауы бойынша дайындық бағыты мамандандыылады, кеңейеді не толықтырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz