Ағзаның жарақатқа жалпы және жергілікті реакциясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 1.

Ағзаның жарақатқа жалпы және жергілікті реакциясы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабыну дегеніміз не?

Қабыну (талаурау) .

Ағзалар мен ұлпаларда болған зақымға ұлпа-қан тамырларының қорғанысын көрсететін реакциясы. Негізгі белгілері: ісіну, қызу, қызару, ауыру және т. б. Қабыну деп ағзаның эволюция барысынада толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға және зақымдалған ағзалардың, тіндердің, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және жасушалардың пролиферациясымен (көбею) сипатталатын жергелікті реакциясын айтады.

  1. Қабынудың жіктелуі?

Қабынудың жіктелуі:

Клиникалық ағымы бойынша қабынуды жедел және созылмалы деп бөлу қабылданған. Олар экссудативті (экссудация үрдісінің басымдығымен) немесе пролиферативті (жасушалар көбеюінің басымдығымен) қабыну түрінде өтуі мүмкін.

Экссудативті қабынуда қабынудың үш компонентінің ішінде эксудация үрдісі басым болады. Тіндердің арасында, ағзалардың қуыстарында экссудат (жалқық) жиналады. Экссудаттың қүрамы ауру тудырушы микробтардың түріне, ферменттік қасиеттеріне, бөліп шығаратын токсиндеріне, организмнің реактивтігіне, қан тамырларының өткізгіштік мүмкіндігіне байланысты. Кейінгі кездері ірінді қабынудың негізгі қоздырушылары болып стрептококтар, стафилококтар, Гр~ - таяқшалар (көк-ірің таяқшасы, про­тей, ішек таяқшалары) есептелді.

Сарысулы (серозды) қабыну белоктарға бай (2%-тен көп) экссудат бөлініп шығуымен сипатталады, оның қүрамында аз мөлшерде полиморфтыядролы лейкоциттер, көшіп түскен жасушалар да бо­лады. Сарысулы қабыну, әрдайым жедел ағымда өтіп, сірі және шырышты қабықтарда, буындарда (сарысулы плеврит, перикардит, перитонит, артрит), кейбір ішкі ағзаларда байқалады.

Сарысулы экссудат қабынудың бастапқы кезеңінде ғана жиі кездеседі, кейін қабынудың басқа түрлеріне өтеді. Мысалы: сары-сулы-фибринді, сарысулы-ірінді қабыну.

Фибринозды қабыну . Фибринозды қабыну фибриногенге бай экссудаттьщ жиналуымен сипатталады Фибриноген белогі жергілікті тромбопластин факторларының әсерінен фибринге айналады. Фибрин жіпшелері сірі қабьщтардьщ үсіінде түк сияқтаньш, қабыр-шақтанып, үйып қалады. Мүндай жүректі "түкті" жүрек дейді. Фибринозды қабынудың крупоздық және дифтериттік түрлерін ажыратады.

  1. Қабынудың даму кезеңдері?

Қабыну процесінің дамуының екі фазасы бар: бірінші фаза - гидратация және екінші фаза - дегидратация.

Гидратация фазасында асептикалық қабыну процесі дамығанда келесі кезеңдер бөлінеді:

  • қабыну ісіну сатысы;
  • жасушалық инфильтрация және фагоцитоз сатысы.

Дегидратацияның екінші фазасында кезеңдері бар:

  • биологиялық тазарту немесе өздігінен тазарту;
  • регенерация және шабу.

Гидратация фазасында инфекциялық қабыну дамығанда келесі сатылар ажыратылады:

  • қабыну ісіну сатысы;
  • жасушалық инфильтрация және фагоцитоз сатысы;
  • бөгеу және абсцедирлеу сатысы.

Дегидратация кезеңінде:

  • "жетілген" абсцесс кезеңі;
  • биологиялық тазарту немесе өздігінен тазарту;
  • регенерация және шабу.
  1. Коллапс дегеніміз не?

Коллапс . Бұл жүректің уақытша, кенеттен әлсіздігі және қан қысымының және барлық тіршілік әрекетінің күрт төмендеуімен қатар жүретін тамыр тонусының төмендеуі. Оның себептері - көп мөлшерде қан кету және қатты ауырсыну тітіркенуі бар жарақаттар. Кейде бұл тіндердің ыдырау өнімдерімен жедел мас болу немесе қорқыныш пен бұлшықет шаршауының нәтижесінде пайда болады.

  1. Шок дегеніміз не?

Шок - экстремалды тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде дамитын және жүйке жүйесінің, қан айналымының, тыныс алудың, метаболизмнің және басқа да кейбір қызметтердің тіршілік әрекетінің прогрессивті бұзылуымен қатар жүретін патологиялық процесс. Негізінде, бұл ағзаның жарақатқа компенсаторлық реакцияларының бұзылуы.

Тапсырма 1.

Жарақат дегеніміз не және оның жіктелуі.

Жара дегеніміз - терідегі кілекей қабықтың, терінің астындағы ұлпалар мен ішкі органдар бетінің механикалық және басқа факторлардың әсерінен бұзылуы, зақымдалуы.

Жаралар ауыр және жеңіл деп бөлінеді

Жеңіл жара - тері жамылғының кілегейлі қабықтың зақымдануымен сипатталады.

Ауыр жара - ірі қан тамырлар, нерв, сүйек, сіңір, ішкі органдар зақымдалады.

Жаралардың бәрі (операция кезіндегі стерилденген, аспаптармен жарақат алудың өзгелері) инфекциямен зақымдалған болып саналады. Ұлпалардың механикалық және биологиялық зақымдануынан болған жаралар (улы заттар, радиация) асқынған деп аталады.

Жараға зақымдалған заттардан микрорганизмдер, инфекция қоздырғаштары түсуі мүмкін. Инфекция тудыратын ерекше қауіпті аурулар сіреспе және гангрена болып табылады. Кейде жаралану кезінде іріңдеу процесінің нәтижесінде инфекция барлық органдар мен ұлпарарға тарайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарақаттар туралы түсініктер
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі
Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
Еңбек қауіпсіздігінің психологиясы
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жарақаттар туралы
Есінен танған адамға, жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz