Тауар шаруашылығын зерттеудің жалпы методологиясы


Тауар шаруашылығын зерттеудің жалпы методологиясы
Тауар, құн, баға, ақша сияқты маңызды категориялардың мазмұны анықтауға арналады. Бұл ұғымдарды зерттеуге бірінші қадам жасалысымен-ақ методогиялық мәселе пайда болды. Бұл құбылыстарға функционалды талдауды, әлде себеп- салдарлы талдауды 0олдану керек пе? Мәсеелні барынша қарапайым етіп былайша түсінуге болады: функционалды талдау экономикалық құбылыстардың өзара байланысы «көлбеу сызығы бойынша» қарайды, бірінші не екінші деген сурақ қойылмайды. Мысалы, баға сұранысты анықтау ма әлде керісінше ме?
Каузалды (себеп салдарлы) талдаудың функционалды талдаудан айырмашылығы ол тауар шаруашылығы категорияларының шығу төркінін алынған табыстардың түпкіқайнар көздерін, себептерін зерттеуге басты көңіл бөледі. Мұндай талдау баға, бағаның негізі не? Құнның субстанциясы не? Пайданың, проценттің, жалақының және т. б. түпкі көздері не деген сұрақтарға әлеуметтік - экономикалық, таптық сипаттамалар мен өлшемдер тұрғысынан жауап береді.
Бұл екі талдау тауар шаруашылығы категорияларын зерттеудегі қазіргі маржиналистік (шектілік) марксистік әдістерді сипаттайды. Догматтық бағыттағы кеңестік экономикалық әдебиеттерге маржиналистік талдауды істің сыртқы көрінісімен айналысатын «дөрекі», «ғылыми емес» деп жариялады. Алайда неоклассикалық мектепті ғылыми емес деп бағалау қате пікір. Бұл бағыттың өкілдері өз алдарына әлеуметтік - таптық қатынастарды анықтаудымақсат етіп қойған жоқ. Олардың талдауы жеке фирманың, өндірушінің, не тұтынушының шаруашылық жүргізуінің неғұрлым оңтайлы әдістерін іздеуге, ең жоғары деңгейдегі әл-ауақатқа жетудің барынша тиімді тәсілін табуға арналған. Бұл көзқарас бойынша, еңбекші тап пен меншік иелерін - бір -біріне қарсы қою емес.
Өндірістің барлық факторлары еңбек те, капитал да, жер де ұдайы өндіріс процесіне өз үлестерін қосады және содан бұл факторлардың иелері тауар құнындағы өз үлестерін алады. Таптар арасындағы қарама-қайшылық емес, олардың өзара әрекеті, өзара бейімделуі экономиканың тиімділгін арттыруға әкеледі.
Қоғамдық өндірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, осыған қысқаша тоқталып өтейік, онсыз шаруашылықтың басқа нысандарының мәнін түсіну де қиынға соғады. Натуралды шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа түсетін айырбас емес, ең алдымен өндірушілердің өзқажеттерін өтеу үшін ұйымдасатын шаруашылық. (Ол алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдістері тұсында кеңінен орын алған) . Яғни еңбек өнімі өндірушінің де жеке басының қажетін қанағаттандыруға арналады да ол, тұтынушының қолына тікелей бөлу жолымен тиеді. Мұнда тұтыну өндірумен сәйкес келеді де, олардың арақатынасын реттеу қиынға соқпайды. Мұндай қатынастар, әсіресе алғашқы қауымдық құрылыстакең орын алды. Натуралды шаруашылыққа патриархалды шаруалар қожалығы және феодалдық иеліктегі шаруашылықтар жатады. Натуралды шаруашылықтыңтауарлы нысанмен алмасуы ұзақ та, күрделі процесс. Жоғарыда атап өтілгендей, натуралды шаруашылық әрі тұйық, әрі тұрақты, әрі өсуі өте баяу. Бұл қазіргі дуниеде де сақталып отыр, әсіресе экономикасы әлсіз елдерде елеулі орын алуда. Тіпті дамыған елдердің өзіне де натуралды шаруашылықтың кейбір нысаны сақталуда. Натуралды шаруашылықты ығыстырып шығарудың бірден-бір жолы-шаруашылықтарды тауар алмасуға, сатып алу, сатуға қамту. Мұнда өндірістің мамандауынын тұрақтандыру аса маңызды.
Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізгі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шартты, жекелей өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Еңбек әуел бастан қоғамнан тыс орын алған емес, яғни ол әрдайым қоғамдық сипатта болған және солай болып қалады. Ал өндіріс процесіне жеке дара адамдар қатынасады, олардың еңбегі мезгілде әрі қоғамдық, әрі жеке сипатқа ие болады. Еңбектің құрамына енгізу қажеттігін көрсетеді, яғни мәселе мында: өндірушілерді қоғамда қажетті жұмысты атқаруға ынталандырады, әрі еңбекті белгілі бір қарқындылықпен және сапалы турде атқаруды талап етеді.
Натуралды өндурустің күйреуі, тауар өндірістің пайда болуы және орнығуы экономикадағы маңызды алға басушылық болды. Тауар өндірісі жұмыс уақытын үнемдеу мен еңбек өнімділігін арттырудың тиімді механизмін жасады. Сондықтан да ол өзіне адамзат тарихының барлық кезеңдерінде өмір сүру құқығын қамтамасыз етті. Тауар өндірісі құл иеленушілік құрылыста да, феодализмде де, капитализмде де орын алады. Тауар өндірісін жай және капиталистік тауар өндірісі деп екі түрде бөлу қалыптасты.
Реттелген рыноктың тауарлы өндіріс экономикада ммелекеттік және жеке сектордың болуымен болуымен сипатталынады.
Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлістері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктық экономикаға араласқанмен, рыноктың реттеуші ролі- «көрінбейтін қолды» жоққа шығармайды. Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.
Реттелетін рыноктық тауарлы шаруашылықтың бірнеше моделдері бар:
А) әлуметтік рыноктық шаруашылық;
Б) аралас экономика;
В) кооперативтік экономика.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz