Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысу формалары
Топ: 401
Мамандығы: Бастауыш білім беру
Тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі.
Мақсаты:Синтаксис туралы білімдерін толықтыру.Сөз тіркесіне қатысты тапсырмалар мен жазбаша жаттығуларды орындау.
11.1. Сөйлем мен сөйлеу
Адам баласы айналадағы өзін қоршаған заттардан, жаратылыс құбылыстарынан, өмір әрекеттерінен, қоғамдық болмыстардан әр түрлі әсер алады. Соның нәтижесінде жеке адамдардың санасында белгілі ой, пікір пайда болады. Ол ой, пікірді бірімен-бірі грамматикалық байланысқа енген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау арқылы екінші адамға жеткізе алады.
Сөйлеуші адамның өз тыңдаушысына жеткізбек болған ойы белгілі бір нәрсе жөніндегі сараланған жеке құбылыс болуы да, бір-бірімен мезгіл, мекен, әрекет, мақсат, себеп-салдар жағынан байланысты бірнеше жеке пікірлердің тіркесі түріндегі біртұтас оқиға болуы да мүмкін.
1)Аттылар жүріп кетті (М. Ә.).2)Биыл көктем белгісі ерте білінді (Ғ. Сл).3)Облыс әкімі осы жұмысты қолға қатты алып жатыр (Ә. Ә.).
Біршама тиянақты ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөздердің тіркесін сөйлем дейді.
Сөйлеуші, жазушы адамдар өзінің тыңдаушылары мен оқушыларына дара ойларды ғана жеткізбей, кейде бір-бірімен әр түрлі мағыналық байланыстағы біртұтас оқиғаны жеткізуді мақсат етеді. Мысалы: 1)Бөгетке бүгін түнеп шығармыз. 2)Саламат болсақ, ертең түс қайта ауылда боламыз ғой.
Бұл үзіндіде малға жауапты адамның малды аман сақтау жөніндегітапсырмаларыайтылған. Бұл - біртұтастүйдекой бірнеше дараойларданқұралған. Олардыңәрқайсысыжеке сөйлемдерден тұр.
Сөйтіп, бірнеше сөйлемдерден құралған, белгілі оқиғаны баяндайтын ой шумағын сөйлеу дейді.
Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде әрбір сөйлем айрықша дауыс ырғағымен (интонаниямен) бөлініп айтылады. Жазуда әр сөйлемнің соңынан, сөйлемнің мағынасына және дауыс ырғағына қарай, нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады.
Сөз тіркесі
Сөйлемге енген сөздерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, синтаксистік талдау жасаудабелгілі қызмет атқаратын шешуші мәселенің бірі сөз тіркесі категориясы болып табылады.Өйкені сөйлемдегі сөздер қалай болса, солай орналаса бермейді. Ең алдымен жеке сөздер өзара мағыналық, грамматика-лық жағынан белгілі синтаксистік топ құрайдыда, сөйлем мүшесінің қызметіне енеді.Астық артқан он машина дымқыл боздың соны жолымен баяу қозғалып келеді (Қ.Ә. ) деген сөйлемді алсақ, бұл сөйлемде он бір сөз бар. Ол сөздер мағыналық және грамматикалық жағынан өзара байланысып, төмендегі сияқты тіркестерге енген:1) машина келеді, 2) қозғалып келеді, 3) баяу қозғалып, 4) он машина, 5) астық артқан, 6) соны жолымен, 7) дымқыл боздың, 8) боздың жолымен, 9) жолымен келеді.
Еңкемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы болып сабақтаса байланысқан сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі дейді.
Кез келген екі сөзді тіркестіріп айтып, сөз тіркесін құрауға бола бермейді. Бір-бірімен мағыналық байланысы бар сөздер ғана тіркесіп, сөз тіркесі деп аталатын синтаксистік топ құрай алады.
Сөз тіркесі басыңқы сөз бен бағыныңқы сөздің байланысу тәсіліне қарай екі түрлі ыңғайда құрылады.
Тіркескен сөздер бір-бірімен сатылана байланысады. Мысалы, Біздің ескі мектебіміздің жайын өздерің білесіңдер (Ғ. Сл.) деген сөйлемде біздің ескі мектебіміздің жайын білесіңдер деген сөздер сатылана байланысқан.
Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысу формалары
Сабақтаса байланысқан тіркестің құрамындағы сөздер әр түрлі синтаксистік тәсілдер мен морфологиялық тұлғалар арқылы біріне-бірі бағынып тұрып, әрқайсысы сөйлемнің бір-бір мүшесінің қызметін атқарады.
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде біріне-бірінің бағыныңқылық қатынасын білдіретін синтаксистік тұлғаларды сөздердің байланысу формалары дейді.
Қазақ тіліндегі сабақтаса байланысқан тіркестің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысы бес түрлі болып келеді: 1)қиысу, 2)меңгеру, 3)матасу, 4)қабысу, 5)жанасу.
1. Қиысу. Қазақ тілінде қиысу сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің арасында - бастауыш пен баяндауыштың арасында - болып келеді. Қиысу бастауыш пен баяндауыштың жақтық және жекелік, көптік мағына мен тұлға жағынан бірдейлесуі болып табылады. Қиыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқысы - бастауыш, бағыныңқысы - баяндауыш болады. Сондықтан бастауыш қандай тұлғада қолданылса, баяндауыш та сол тұлғада тұрады. Мысалы: Мен оқыдым.Біз(дер)оқыдық.
Сен оқыдың.Сендер оқыдыңдар.
Сіз оқыдыңыз. Сіздер оқыдыңыздар
Ол оқыды.Олароқыды.
Бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан немесе жекелік, көптік жағынан біркелкі болып байланысуын қиысу дейді.
Негізінде, киысу екі түрлі болады: 1) жақтық қиысу, 2) сандық (көптік) қиысу.
Бастауыш пен баяндауыштың белгілі бір жақта тұрып байланысуы жақтық қиысу депаталады.
Бастауыш пен баяндауыштың көптік жалғау тұлғасында бірлесіп айтылуын сандық (көптік)қиысу дейді.
2. Меңгеру. Бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы болып сабақтаса байланысатын сөз тіркестерінің ең жиі ұшырайтын түрі -- меңгеру. Меңгеруде де сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, киысудағы сияқты, басыңқы мүшенің ыңғайына еріп белгілі жалғауда тұрады. Бірақ меңгеру мен қиысудың арасында үлкен айырмашылық бар. Егер қиысуда бағыныңқы сөз (баяндауыш) басыңқы сөздің (бастауыщтың) грамматикалық мағынасы мен морфологиялық тұлғасына қарай ыңғайлас болып (бір жақта және жекеше не көпше) тұлғаланса, меңгеруде бағыныңқы сөз бен басыңкы сөздің арасында тұлғалық ыңғайластық болмайды, тек меңгеретін сөз меңгерілетін сөздің белгілі септік жалғауында тұруын талап етеді.
Бағыныңқы мүшенің белгілі септік жалғауда тұруы арқылы басыңқы мүшемен байланысуын меңгеру дейді.
Меңгеруші басыңқы сөздер, негізінде, етістік баяндауыштар немесе етістіктен болған өзге мүшелер болып келеді. Етістіктер өздерінің лексика-семантикалық мағыналарына сай өзімен байланысты есім сөздерінің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғауларының бірінде тұруын керек етеді.Мысалы: оқы (Нені?) кітапты, журналды; жаз (Нені?) хатты; жет (Неге? Қайда?) табысқа, мақсатқа, қалаға; шық (Қайдан?) үйден, сыныптан; жүз (қайда?) суда, теңізде; сөйлес (Кіммен? Немен?) Қайдармен, Бейсенмен, қаламен, үймен, телефонмен.
3. Матасу. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысының бір түрі - матасу. Ол ілік жалғаулы анықтауыш пен тәуелдік жалғауының бір жағында (көбінесе III жағында) айтылған анықталатын сөз тіркестерінің арасында келеді.Сөздердің қиысу, меңгеру сияқты байланыс тәсілдерінде сөз тіркестерінің өзара қарым-қатынастары бір жақты болып, басыңқы мүше бағыныңқы мүшенің морфологиялық тұлғасын өзіне бағындырып отырады. Ал матаса байланысқан сөз тіркестерінің ара қатынасы бір жақты болмай, бірінсіз-бірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz