Футбол. Негізгі ойын ережесі. Қауіпсіздік ережелері
Құрманғазы атындағы саз колледжі
Реферат
Тақырыбы:Футбол.Негізгі ойын ережесі.Қауіпсіздік ережелері
Орындаған:Нұрмұханбетова.Г.Н
Тексерген:Жұмағали К.Ж
2020 оқу жылы
Футбол - әлемдегі ең танымал топтық ойындардың бірі, оның тарихы бірнеше ғасыр уақытты қамтиды. Доптың қатысуымен футболға ұқсас ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), антика әлемінде (Греция, Рим), Франция елінде (па супь), Италия (кальчио) мен Англияда ойнаған. Қазіргі еуропалық футболдың арғы тегі римдік гарпастум ойыны болса керек. Допты екі тіреудің ортасынан өткізуге негізделген бұл ойын кезінде әскери легионерлерді жаттықтыруға арналған спорттың бір түрі болған көрінеді. Футболға ұқсас ойын туралы б.з.б 1900 жылы Ежелгі Мысырда белгілі болған. Ежелгі Грецияда халық арасында доп ойыны б.з.б. 4 ғ. дейін белгілі болған. Бұған Афины мұражайында қазіргі уақытқа дейін сақталып тұрған доп ойнаған баланың суреті дәлел бола алады. Спарта сарбаздарының арасында эпискирос атты доп ойыны өте жиі кездесетін. Қолмен де, аяқпен де ойнайтын ойынды римдіктер гарпастум (қол добы) деп атап, олар ойын ережесін бірнеше рет өзгерткен. Ойын қатыгездікпен ерекшеленетін. Римдік шабуылшылардың арқасында б.з.д. I ғасырда доп ойыны Британ аралдарына тарап, жергілікті тұрғындар: бриттер мен кельттер арасында үлкен қызығушылыққа ие болған. Бриттер б.з. 217 жылы Дерби қаласында алғаш рет римдік легионерлерді тізе бүктіріп, ойынның дамуына өз үлестерін қосқан болатын.
Б.з. V ғасырда бұл ойын Рим империясымен бірге жоғалып кеткенімен, ойынның ережелері еуропалықтардың, әсіресе, итальяндықтардың естерінде қалған. Тіпті, эмоцияларын сыртқа шығармаған, тұйық мінезді Леонардо да Винчидің өзі де сол ойынға қызығатын. XVII ғасырда дарға асып өлтірілген I Карлдың жақтастары Италияға қашып, сол жерде осы ойынмен тасысқан. Кейін 1660 жылы таққа II Карл отырғанда олар бұл ойынды Англия еліне әкеліп, сарай маңындағыларға үйреткен. Англиядағы ортағасырлық футбол құмарлық пен дөрекілікпен сипатталып, ойын көшелерде толық хаус пен төбелес негізінде ұйымдастырылатын. Билік басындағылар да бұл қантөгісті тоқтатуға бар күштерін салып, арнайы корольдік бұйрықтар да жарық көрген. 1314 жылдың 13 сәуірінде Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салатын II Эдуардтың жарлығы оқылып, шарт бұзылған жағдайда, қамауға алу жазасын қолдану туралы заңға қол қойылған. Уақыт өте келе, сарбаздар бұл ойынға садақ тарту өнерін қосып, ойын ережелерін одан сайын ушықтырып жібергендіктен, 1365 жылы III Эдуард тағы бір жарлыққа қол қойған. 1389 жылы жарыққа шыққан II Ричардтың жарлығында футбол, сүйек пен теннис ойындарына тыйым салу тармақтары қарастырылған. Футбол ойыны Генрих IV-тен бастап Яков П дейінгі ағылшын монархтарына да ұнамайтын еді.
Барлық тыйым салатын жарлықтарға қарамастан, футболға деген қызығушылық күн санап өскендіктен, бұл ойын Англияда бейресми түрде мақұлданып, алғаш рет футбол деген атқа ие болған. XIX ғ. басында топтық футбол бірітіндеп ұйымдасып, қазіргі ойынға ұқсай бастаған. Осы ойынның алғашқы ережелері 1846 жылы Регби-скулда құрастырылып, екі жылдан кейін Кембридж қабырғаларында нақтыланса, 1857 жылы Шеффилдте алғашқы футбол клубы ұйымдастырылған. Алты жылдан кейін бірыңғай ережелерді мақұлдау мен мемлекеттік футбол ассоциациясын құру мақсатымен Лондонда жеті клуб бас қосқан болатын. 1863 жылы Лондонда мемлекеттік футбол ассоциациясының негізі қаланып, әлемде футболдың алғашқы ресми ережелері жарық көріп, бұл ойын халық көңілінен шыққан. XIX ғасырдың аяқ жағында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды түрде дамыған. Ал 1904 жылы Бельгия, Дания, Швейцария елдерінің бастамасымен Халықаралық футбол федерацияларының ассоциациясы (FIFA) құрылған.
Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды.
Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы оқу білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек.
Футбол - ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек.
Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру.
Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру.
Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру.
Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.
Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.
Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді.
Қарсыластар қақпасына доп жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол - пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол - доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту - алдау деп аталады.
Футболдың қарапайым тактикасы соққы және жүгір деген бұрығы допты өз бетімен теуіп, ешкімге арналмаған пас беру келмеске кеткен футбол басынан өткерген дәуір.
Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруде, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысы, доп ала жүру және алдауына құрылған. Комбинацияда қолданылған шаблон нәтижеге жеткізбейді. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек.
Футбол - ойын, ал ойында өнер. Тактикалық комбинация ол жеке ойыншыдан да ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Комбинациялар ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Осы ойын барысын бағдарламай комбинацияларды алдын ала ойлап алу мүмкін емес. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды.
Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білу керек. Ойын өз бетінше творчестволық үрдіс болғандықтан ондағы комбинацияларда шек жок. Футболдағы ойын басымдылығы қай команда доппен қалай өнер көрсетуіне байланысты. Қандай да болмасын шабуыл комбинациясының тактикалық қимылы ол доп алып жүру, пас, алдау, ұрымтал орын таңдай білу, қарсыласпен доп үшін күрес, қақпаға доп бағыттауға байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да әріптестерімен тіл табысуына керек қасиет.
Тәжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттері қаралады:
а) допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі;
ә) әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау;
б) доппен алдаса және алып жүре білу;
в) өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу;
Осылардың барлығын командастарымен тығыз қарым-қатынаспен жүріп орындау керек. Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін ол өзінің командастарын қай жерде орналасқанын, қарсыластарын доптың қай бағытқа пас берілетінін, жалпы бүкіл ойынды бақылауы керек. Осыған орай ол өзінің байқай алмайтын алаң бөлшектерін жобалап ұға білу керек.
Ойын барысын ұға білу өте қажетті комбинацияларды орындауға қажет. Ойын алаңын байқай алу туғанна болатын қасиет емес, ол біртіндеп оқу-жаттығу кезінде қалыптасады.
Футбол ол әдістер күресі, ойыншылар творчествосы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған.
Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды. Ойыншыларға әр түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Алайда осы айтылған қимылдардың барлығын ойыншылар тыныш ойын барысында емес, қиын спорттық күресте орындайды. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштер түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды шешуде зор әсер береді. Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің ір әрекеті, жанкүйертер, қолайсыз ауа райы жатады. Осылар ойыншының ойын кезіндегі көңілдің қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан жаттықтырушы әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйрету керек. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек.
Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді және келесе допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет.
Ойын барысында творчестволық, жылдам және тез кездескен қиындықты шешу керек. Футболшылар әр түрлі тактикалық қимылдар жасағанда, өзінің көз қарсыластары күтпеген және осы уақытта ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет.
Тактикалық дамыған ойыншы өзін алаңда, қарсыластарға қарсы жақсы көрсетеді. Оны ойын жылдамдығы, ауыртпашылығы өзгерте алмайды. Ондай ойыншының творчествосында ұжымдасып ойнау және жеке комбинация жасау жоғары дамыған.
Футболдағы комбинациялар өте әр түрлі. Олардың көбісі тәжірибеде дайындалып жалпы тактикалық жаттығуға кірген. Алайда ойындағы қайталанбас жағдайлар ойыншылардың жеке творчествалық инициативасы жаңа-жаңа тактикалық әдістер тудыруда.
Футбол ойынында допты тоқтау тәртіп бойынша қалыпты қозғалыстардың бірі болып саналады. Допты тоқтату толық болып саналады, егер доп тоқтап, қимылсыз жатса, толық емес болады, егер тоқтамай, тек жылдамдығын ғана азайтса. Ойында көбінесе толық емес тоқталулар қолданылады. Допты тоқтатуда табанның ішкі жағы қолданылады.
Домаланған допты ішкі табанмен тоқтату ойында көбірек қолданылады. Бұл әдіс ыңғай және оңды болып табылады. Допты өзіне қабылдаған футболшы сол мезетте-ақ допты бағыттауға дайын болып тұрады.
Оқыту барысында:
1.Соққы бер және тоқтат. Қабырғадан 5м қашықтықта тұрып, қабырғаға соғылып кері қайтатындай етіп лақтыру керек. Допты тоқтатып, қайтадан қабырғаға лақтыру т.с.с.
2.Қабылдау және беру. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Олар бір-біріне қарама қарсы 6м қашықтыққа орналасады. Бір-бірне допты кезекпен беру арқылы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға жаттығады.
3.Доп ортаға. Жаттығушылар шеңбер бойымен тұрады. Диаметрі 12-14м . ойыншылардың біреуі ортаға тұрады. Ол допты басқаларына кезекпен беріп отырады. Соңғы ойыншы ортамен орын алмасады.
4.Шеңберден-шеңберге. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олардың саны тең. Команда әр-әр жерде орналасады. Олардың алдына 2м диаметрлі шеңбер сызылады. Команданың біріншісі шеңбер ішінде доппен бірге тұрады. Ол допты өз командасына береді. Олар кері бағытта команда соңына барып тұрады. Осылайша қайталана береді. Үш реттен кейін орын алмасады. Топтың бір-бірінен қашықтығы 5-6м.
5.Қозғалыста ойыншылар қос-қостан бөлініп бір-бірінен 7-8м қашықтықта тұрады. Алға жылжып, олар допты бір-біріне төмендетіп жіберіп, аяқпен тоқтатып отырады. Қозғалыс темпі біртіндеп арта бастайды.
Бастауыш ойыншыларда кездесетін қателердің көпшілігі допты қатты серпілту болып табылады. Бұл кемшілікті болдырмас үшін жаттығу кезінде әлсіз желдетілген доппен жаттығу керек.
Домаланған допты табанмен тоқтату. Бұл доп ойыншыға қарама қарсы кезде орындалады. Бұл қабылдаудың техникасы оншалықты күрделі емес. Тоқтатушы аяқ кішкене тізесі бүгіліп, жақындаған допқа қарсы тұрады. Допқа аяқ тиген кезде, тізе кішкене артқа жылжиды, бұл кезде доп жерге қысылады.
Оқыту барысында:
1.Доп әріптеске. Ойыншылар екі-екіден бөлініп, бір-бірінен 5м қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесі лақтырған допты табан арқылы тоқтатады. Осылайша қайталана береді.
2.Сигналмен. жаттығу қос қостан жасалады. Әріптестер бір біріне 6-7м қашықтықтықта орналасады. Біреуінде доп, екіншісінде оған теріс қарап тұрады, біріншісі оған допты тебеді. Доп жақындаған кезде дыбыс беріледі. Теріс тұрған ойыншы тез бұрылып допты табанымен тоқтатады, соңынан орын алмасады.
3.Үштік. Бір мезгілде үш ойыншы жаттығады. Екі ойыншы бір-бірінен 5-6 қадам қашықтықтықта кезекпен допты үшінші жаққа домалатады. Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш ойыншылар бұл кезде көбінесе тоқтатушы аяқты өте жоғары көтеріп жібереді. Қателіктерді болдырмас үшін жоғарыдағы жаттығуды көбірек жасау керек.
Ойын барысында көптеген ойыншылар допты табанның ішкі жағымен тоқтатады. Сонымен қатар табан арқылы. Бірінші жағдайда тірек аяқ доп тұсымен 40см алда орналасады.
Оқыту барысында:
1.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты лақтырады. Екіншісі аяқпен табанның ішкі жағымен немесе табанмен допты тоқтатады. Әріптестер ара қашықтығы 3-4 қадам. Әрқайсысы 10-15 доптан тоқтатады.
2.Серпілістен кейін. Допты, бастан жоғары тастау және серпілгеннен кейін ішкі табанмен немесе табанмен допты тоқтатады. Жаттығу 10-15 рет жасалады.
3.Тоқтат та бер. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол жағына лақтырады. Ол сол аяғының ішкі табанымен допты тоқтатады да кері қайтарады. Сонан соң оң аяғымен 10 реттен соң орын алмасады.
4.Жүгірумен. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы допты әріптесінің алдына лақтырады. Әріптесі ұмтылып, допты тоқтатадыда, соққы арқылы кері қайтарады. период бойынша орын алмасады.
5.Бұрылыс арқылы. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Олар кезекпен бір-біріне допты 45°-қа сонан соң 90°-қа лақтырады. Қарсы тұрған ойыншы бұрылып допты тоқтатады.
6.Жанына ұмтылыстан соң. Екі ойыншы бірінен 10-12 қадам қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесіне допты лақтырады. Ол ұмтылып допты тоқтатып, кері қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады.
7.Соққыдан соң. Екі ойыншы жаттығады. Олар бір-бірінен 20 қадам қашықтықта тұрады және бір-біріне допты бағыттайды. Серпілістен соң допты ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады.
Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бұл қателік көп кездеседі. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орындау керек.
Допты тоқтатқанда табанның сырқы жағымен де тоқтатады. Мұны көбіне тәжірибелі ойыншылар орындайды.
Оқыту барысында:
1.Имитация. Бұл допсыз қозғалыспен орындалады.
2.Допты лақтырып. Доп лақтырылған соң оң және сол аяқпен тоқтатылады.
3.Допты асыра. Екі-екіден ойналады. Әріптестер бір-бірінен 6м қашықтықта орналасады да допты лақтырады. Допты табанның сыртымен тоқтатады. Қашықтық біртіндеп алыстайды.
4.Бұрылыспен. Екі ойыншы жаттығады.Біреуі әріптестің сол жағына тастайды. Ол допқа ұмтылып допты оң аяғымен тоқтатады да кері қайтарады. Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш футболшыларға мұнда кездесетін қиындық - ұшып келе жатқан допты тоқтату болып табылады. Бұл жағдайда доп табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрінің ортасымен тоқтатылады. Бұл жағдац домалап келе жатқан допты тоқтататын қабылдауға ұқсас келеді. Өте жоғарыда ұшып келе жатқан допты да осы қабылдаулармен, бірақ секіріп тоқтатуға болады.
Оқыту барысында:
1.Ілінген доп. Бағанаға жерден 40см биіктікте болатындай етіп доп ілінеді. Ойыншы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға тырысады. Доп 10см биіктікке ілініп, аяқ өрімен тоқтатуды жаттығады.
2.Шам. допты алдына лақтырып, түскен кезде, аяқ өрімен және табан ішімен тоқтату.
3.Қисық траекториямен. Жаттығу жоғарыдағыдай. Ерекшеклігі, екі ойыншы бір-біріне допты қисық траекториямен лақтырады. Қашықтық 8 м.
4.Жоғарыға лақтыр. Аяқ өрінің ортасымен жонглер жасау.
5.Соққыдан соң. Екі ойыншы бір- бірінен 15-20 қадам қашықтықта тұрады. Бір-біріне доп лақтырады да тоқтату әрекетін жасайды.
6.Бұрылыспен соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек ойыншылар 45°-90°-қа бұрылып жасайды.
Мұнда кездесетін қателер ұшып келе жатқан допты тоқтатуда аяқты тез доппен соқыстыра алмау болып табылады. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі жасау керек.
Футбол біртіндептездетіліп бастайды. Осындай тездікте ойыншылар аяқты көтеріп допты тоқтата алмайды. Бұл жағдайда олар баспен де, санмен, ішпен де, кеудемен де тоқтата алады.
Оқыту барысында:
1.Екеулеп. Ойыншылар екіден бөлініп 4м қашықтықта тұрады. Олар допты бір біріне лақтырып,и тоқтатуға әрекет жасайды.
2.Траекторияны өзгертіп. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек доптың ұшу траекториясы өзгеріп отырады.
3.Допқа қарсы. Екі әріптес жаттығады. Олар бір-бірінен 10м қашықтықтықта орналасады. Бір-біріне доп лақтырады, кеудемен ұмтылыс жасап тоқтатады.
4.Қозғалыспен тоқтату. Жаттығушылар екеуден бөлінеді. Дыбыс бойынша олар алаңда алға, артқажүріп отырады. Біреуі допты лақтырады. Ал оны кеудемен тосып, аяққа түсіреді. Осылайша қайталай береді т.с.с.
5.Соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек мұнда доп қолмен емес аяқ соққысымен беріледі.
6. Серпілістен кейін. Ойыншылар екіден жаттығады. Олар жерден серпілген допты кеудемен тосу арқылы тоқтатады.
7.Допты көтеріп тебуде. Шабуылшы А және В, қорғаушы С және Д барлығы қақпа аймағына жақын орналасқан. А допты төбеден асырып В береді. Ол допты кеудемен тоқтатып, айып алаңына кіреді де , допты қақпаға соғады. С және Д бірінші әрекетсіз тұрады, кейін ойынға араласады.
8.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар алаңда үшбұрыш түзе орналасады. Екі ойыншыда доп бар. Олар допты 3-ші ойыншыға лақтырады. Ол кеудесімен тоқтатып отырады.
9. Бұрылыспен. Дәл жоғарыдағыдай орындалады. Тек допты тоқтатуда ойыншы 90-45°-қа бұрылыс жасайды.
2. Жаттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.
1. Жатттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.
2.Жас футболшылар жарысының жүйесі.
3.Балалармен, жастармен және жасөспірімдерге қойылатын талаптар.
Қазіргі футболда дриблинг өте кеңінен қолданылады. Дриблинг еркін позицияға шығу үшін қолданылады. Ал ендіру өрдің ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі бөлігімен беріледі.
1.Жай дриблинг. Допты түзу бойымен жай темппен әр қадам сайын аяқпен түртіп отырып беріледі.
2.Аяқпен кезектесе. Дәл жоғарыдағыдай. Тек аяқты кезектестіріп отырып беріледі.
3.Шеңбермен. алңда 5-6м шеңбер сызылады. Ойыншылар допты алып жүруде жаттығуды сағат тілімен - ішкі өрмен, сағат тіліне қарсы-сыртқы өрмену жасайды.
4.Коридормен. Алаңда 25 м ұзындықта коридор белгіленеді. Ені 1 м. Осыдан шықпай допты алып жүру.
5.Шеңбер ішінде. Алаңда 7 - 8 м диаметрлі шеңбер созылады. Оның ішіне тағы бір шеңбер. Екі шеңбердің арасы 1м. Ойыншы осы 1м арасынан шықпай, допты алып жүру керек. Жылдамдығы біртіндеп артылып отырады.
6.Басты көтер.Жаттығушылардан 20м қашықтықта бағана орнатылады. Дыбыс бойынша олар 5-6м интервалмен допты алға апарады.
7.Бағытын өзгерте. Алаңда бөлімше құрылады. Ойыншылар сигнал бойынша бір-біріне соқтықпай допты алып жүре бастайды, ол үшін ойыншылар үнемі бағыттарын өзгертіп отырулары керек.
Мұнда негізгі қате болып доп аяқтан қатты серпілуі және көзді доптан алмау. Мұны жою үшін 6-шы жаттығуды жасау керек.
Ойын барысында футболшылар жалған қозғалыстар да жасайды. Оның мақсаты- допты қарсыласынан сақтап қалу. Финт мағынасы футболда ерекше орын алады.
Бастауыш футболшыларға мұны үйретуде допсыз жасалатын жаттығулардан бастаған жөн.
Жай жүгірістен соң оңға (солға) ұмтылыс жасау.
Қатты жүгірістен соң бірден тоқтап ұмтылыс жасау.
Қозғалыс бағытын үнемі өзгерте отырып ағаштар арасымен жүру.
Ұмтылыс жасау, жанына құлау т.с.с.
Бағаналар арасымен жүру.
Квадратта жүгіру. Алаңда 4 метрлік квадрат сызылып оның ішіне 8-10 жаттығушы кіреді. Сигнал бойынша барлығы араласа бастайды. Жаттығу ұзақтығы 20-30 с.
Кеудемен жалған қозғалыс жасап үйретеді.
Бағана жанында. Екі ойыншы жаттығады. 2м диаметрлі шеңбер ортасына бағана қойылады. Ойыншының бірі аталған қозғалыс арқылы із кесушіден өтіп кетуге ұмтылады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Период бойынша орын алмасады.
Финт допты тебуге аяқпен алдамшы серпіліс бұл финтті қарсыласпен және қарсылассыз үйренуге болады (бағана, жалау, доп қажет). Футболшы допты алып келе жатып едергіге жақындағанда 2-3 м қалғанда допты оңға қарай тебу әрекетін жасай, өзі доптың қозғалысын тоқтатпай сол жаққа қарай алып кетеді, немесе керісінше.
Финт жалған тоқтату. Бұл қабылдау екеуден жасалады. Әріптестер 8 м қашықтықта тұрады. Біреуі допты жолдасына бағыттайды. Оған 1,5-2 м жетпей, ол бірден тоқтап, допты табанмен жерге тірейді. Ары қарай тез арада аяқты көтеріп қозғалысты жасай береді.
Финт допты таста. Жаттығу екеуден орындалады. Қарсыласына жақындаған ойыншы допты оның оң жағына жүгіртіп жіберіп, өзі сол оң жағынан өтеді.
Финт денесімен көрсету. Ойыншы орташа темппен допты қарсыласына әкеледі. Одан 2-2,5 м қашықтықта ол денесін бірден оңға бұрып, допты керісінше солға жібереді.
Финт доппен бірге өту. Бұл қарсыластан құтылуға тиімді. Қарсыласқа жақындай беріп, ойыншы аяқты көтеріп, кеудені сонда бұрады. Ал допты басқа аяқтың өрімен өткізіп жібереді.
Финт шетке қарай ұмтылу. Допты алып келе жатып қарсыласқа 2 м қалғанда сол аяқпен серпіле оңға алға қарай ұмтылып қарсыластың да солай қарай ұмтылған әрекетін байқағаннан кейін аяқ өрінің сыртқы жағымен қарсыластың жанынан допты алып өту, допты ары қарай алып жүруді жалғастыру.
3. Оқыту педагогикалық процесс. Қозғалыс әрекеттері оқыту пән ретінде.
1.Оқыту педагогикалық процесс.
2.Қозғалыс әрекеттері оқыту пән ретінде.
3.Оқыту процессінің құрылымы.
Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазіргі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халықтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік - жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінін жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір құрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой - осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиядалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене - күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігін арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz