Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану:институттар мен үрдістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КОНСПЕКТ
Тақырыбы:Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану:институттар мен үрдістер

Орындаған:Мажит М.Ж.
Тобы:ТМРП 20-18
Тексерген:Осимбаева И.С.

Алматы 2020
Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану:институттар мен үрдістер
Әлеуметтену -- жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы "ұрының баласы -- қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады" деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда "жеке адамның әлеуметтенуі" деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан -- адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан -- қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену -- қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туған) "статустық жиым" деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану: институттар, үрдістер
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Вильфредо Парето, Фердинанд Теннис және Георг Зиммельдің социологиялық ойлары
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әлеуметтану
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Социология ғылымының деңгейлер
Социология ғылым ретінде
Пәндер