Қазақстандығы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 5. Қазақстандығы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: Ұлттық интиллегенцияның қиын тағдыры.
Мақсаты:Қазақстандығы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары туралы сипаттама беру.
Сабақтың мазмұны:
1. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі таптық-партиялық принципты ұстанудың негізгі залалдары.
2. Қазақ мүддесін қорғаушылар- С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың, Ж.Мыңбаевтың т.б ұстанымындағы теориялық мәселелер.
3. Алаш зиялыларына қарсы ұйымдастырылған саяси бет пернесі, оның зардаптары.

1.Саяси процестің өте маңызды субъектісі болып мемлекетпен бірге саяси партия да кіреді. Партия сөзі латын сөзінен алғанда партия partis - бөлім, топ - дегенді білдіреді. Қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер: 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағын айтады. Саяси партия түсінігінің маңызды әртүрлі жақтарын ерекшелеуге болады. Жалпы айтатың болсақ: саяси партия - бұл ұйым, адамдардың белгілі бір ерікті идеологиялық одағы, жаулап алуға бағытталған немесе өздерінің саяси бағдарламалары арқылы белгілі бір топ құру арқылы өкіметпен бір деңгейде әлеуметтік база құрады. Саяси партияның негізгі төрт белгісін анықтауға болады: 1) Партия идеологияны тасымалдаушы немесе әлем мен адамның көрінісі; 2) Партия - бұл ұйым, адамдардың ұзақ бірлестікте болуы; 3) Партия мақсаты - жаулап алу және өкіметтегі билікті жүзеге асыруы; 4) Әрбір партия өзіне халықтың сайлаған дауыстары арқылы қолдау алады.
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төртке бөледі: авангардтық партиялар, сайлаушылар партиясы, парламенттік партиялар, қауымдастық партиясы. Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеуге болады: 1) комунистік партиялар мен солшыл радикалды бағыттағы партиялар; 2) социал-демократиялық (немесесоциалистік, лейбористік) партиялар; 3) буржуазиялық-демократиялық партиялар; 4) консервативтік партиялар; 5) фашистік партиялар.
Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің мәні зор. Партиялық жүйе деп мемелкеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяс партиялар жиынтығын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екі партиялық (бипартизм) және бірпартиялық болып топтастырылады.
Көппартиялық деп мемекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл - адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің біріболып табылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.
Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда - консерваторлар мен лейбористер, Германияда - христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ олар шешуші рөл атқара алмайды.
Бірпартиялық жүйеде өзінен басқа бәсекелес партиялар болмайды. Ол авторитарлық және тоталитарлық қоғамға тән деп сипатталады. Тоталитаризм шарттарында басқарушы партия сол елде бұқаралық партия, мемлекеттік құрылымға айналып этатистикалық партияға айналады (этатизм(фр.) - мемлекет). Бір партиялы жүйеге бүгінгі таңда Қытайда, КХДР-да және Кубада бар.
Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конститутциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру.
Қазақстанда 1905 жылы желтоқсан айында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен делегаттар съезі шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Алайда бұл ұмтылыс еліміздің маңызды мәселелерін шеше алмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты Алаш партиясын құруға мәжбүр етті. 1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясының бағдарламасының жобасы басылып шықты. 1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды. Алаш партиясының басшылары мен мүшелері реперессияға ұшырады. Алайда осы партияның іс-әрекеті кейінгі кезеңдегі партияларға бірден-бір үлгі көрсетерлік дәрежеге көтерілді. Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды.
Еліміздегі алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселесі болып азаматтық, мемлекеттік тіл жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.
2002 жылы шілдеде "саяси партиялар туралы" заң қабылданды және 2008 жылы қарашада айтылған құжатқа түзетулер енгізіліп, бұл ҚР-дағы көптеген саяси партиялары статусын өзгертті. Осы заңға сәйкес әділет министрлігінің бекітуі бойынша партия 40 мыңнан артық емес мүшеден тұруы тиісті, ал әрбір аймақтың партиялық ұйымдарында 700 өкілден аз болмауы тиіс. Кәсіпшілік, нәсілдік, діни белгілеріне байланысты саяси партия құруға рұқсат етілмейді, сонымен қатар басқа мемлекеттердегі саяси партиялардың Қазақстанда қызмет жасауына тыйым салынған.
Елімізде партиялық қатынастардың белсенділігі байқалып жатыр, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық сфераларда саяси ұйымдардың маңыздылығы өсіп отыр. Мысалы, "Нұр Отан" саяси партиясының ең басты мақсаты қоғамның саяси өміріне белсенділікпен қатынасу, қоғамның саяси және экономикалық реформаларының жүзеге асуына көмектесу, азаматтардың саяси деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, елдегі тұрақтылықтың сақталуын қуаттау, ұлтаралық келісімді нығайту.
Бүгінгі күн ҚР-да 9 саяси партия тіркелген, атап айтқанда: "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы; "Ак жол"демократиялық партиясы; Қазақстан демократиялық партиясы; Қазақстан патриоттарының партиясы; "Ауыл" қазақстандық социал-демократиялық партиясы; "Руханият" партиясы. Қазақстан коммунистік партиясы; Қазақстан коммунистік халық партиясы; Жалпыұлттық социал - демократиялық партиясы. Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды. Партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар орнамаған. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.
Қазақстандағы көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар. Қазіргі қоғам өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатарлы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немес оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады. Барлық қадамдар елдің саяси жаңартылуы және Қазақстанның онан арғы демократияландырылуы үшін жүзеге асырылып жатыр, мемлекеттік тұрақтылықтың сақталуы үшін барлық шаралар жасалуда. Азаматтық қоғамға жылжудың жаңа кезеңіне арнайы мемлекеттік шарттар жасалып жатыр, саяси жүйеде халық көпшіліктерінің көзқарастары қорғалатын маңызды құрылғылар ойластырылуда.

2. Қазақстан Республикасының өз тəуелсіздігін алуы, қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халықтың отандық тарихқа деген қызығушылығын оятты. Тоталитарлық жүйеде идеологиялық басылымдар оқиғаның шын көрінісіне жаңа көзқарас білдіруге жол бермегендіктен, республиканың шынайы тарихын көрсету мүмкін болмады. Сондықтан отандық тарих ғылымында сталиндік жүйе ұлтшыл,
халық жауы деп айыптаған мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін, қоғамдық- саяси көзқарасын қайта зерттеу қажет. Тарих ғылымындағы заманауи өзгерістер тарихтағы тұлға роліне жаңаша қарауға септігін тигізуде. Қазақстан тарихын зерттеуге жаңа көзқараспен қарау, өлкенің əлеуметтік, экономикалық, мəдени дамуына орасан зор үлес қосқан республика басшыларының өмірімен жəне қызметімен тереңірек танысу бізге тарихи үрдістің динамикасын біршама толығырақ көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет жəне қоғам қайраткері, саяси репрессия құрбаны -- Жанайдар Сəдуақасов 1922 - 1937 жж. аралығында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің жауапты хатшысы, Қазақ АКСР Қаржы Халық Комиссарының орынбасары, Əділет Халық Комиссары жəне Республика прокуроры, Қазақ өлкелік комитетінің мəдениет-насихат бөлімінің меңгерушісі, Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары жəне т.б жауапты қызметтерді атқарды. Жауапты қызметтерде ол республиканың мəдениетін дамыту, білім беру орындарын ашу, сауатсыздықпен күрес жүргізу, аштық зардаптарымен күресу, ел ішіндегі заңдылықты сақтау жəне нығайту, əйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен қатар республиканың өнеркəсіп саласын дамыту сияқты мəселелермен айналысты. Оның қоғамдық-саяси қызметі ұзақ жылдар бойы Кеңес өкіметін орнатуды, коммунистік идеяны жақтаушы ретінде партиялық тұрғыдан ғана бағаланып, партияның көрнекті қайраткері, революционер ретінде қарастырылды. Бұл кеңестік тарихтың негізгі принципі болғандықтан, енді Ж.Сəдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметін Қазақстан тарихының жаңа талаптары мен көзқарастарына сəйкес қайта қарастыру, объективті баға беру қажеттілігі туды. Сондықтан, Ж.Сəдуақасовтың өмірі мен қызметі ол өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи процестермен жəне саяси оқиғалармен сабақтастыра отырып, жаңаша зерттеуді қажет етеді.
Ж.Сəдуақасов 1898 жылы Омбы губерниясының Ақмола уезіне қарасты Сарысу болысындағы Төссаз (қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен елді мекені) деген жерде дүниеге келді. Əкесі -- Сəдуақас Жағалбайлы руынан шыққан, ел арасына беделді, құрметті адамдардың бірі болды. 1912 жылға дейін Ж.Сəдуақасов ауыл молдасынан хат таниды. 1912 жылы күзде баласының оқуға деген ынтасы мен зеректігін байқаған əкесі Сəдуақас Жанайдарды туысы Əділдің балаларымен бірге ертіп, Ақмолаға оқуға апарып, нағашысы Мүсəпірдің (Ақбайпақ, Мəшһүр) үйіне орналастырады [1 - 3]. Кейбір деректер бойынша, Мүсəпір мемлекет қайраткері Абдолла Асылбековтың əкесі екен.
Сəдуақас баласының діни білім алғанын қалайды. Алайда, əкесі кеткеннен кейін, Жанайдар діни мектепке емес, бір сыныптық приход мектебіне түседі. Ол мектепті бір жылдан кейін тəмамдап, 1913 жылы қыркүйектен бастап, оқуын Ақмоладағы Жоғары бастауыш училищесінде жалғастырады. Аталған училищені 1916 жылдың мамыр айына дейін оқып, осы жылы жазда туған ауылына оралады. Ол Ақмолада оқып жүргенде Бірлік жастар ұйымының мүшесі болып, елде жəне қоғамда болып жатқан өзгерістермен танысып, əр мəселеге қатысты өзінің өмірлік ұстанымдарын айқындай бастайды. Оның жаңа идеяларға толы көзқарасын қалыптастырып, əр түрлі саяси оқиғалардан тыс қалмауына достары əрі жерлестері С.Сейфуллин, Бəйсейіт жəне Дінмұхамед Əділевтер, А.Асылбеков жəне т.б кейін мемлекет жəне қоғам қайраткері болған азаматтар ықпал етеді. Ақмолаға келген сəтінен бастап аталған достарымен арадағы тығыз достық қарым-қатынас Ж.Сəдуақасовтың күрделі саяси кезеңде шынығып, кейін күрескерлік қабілетін халқына қызмет етуге жұмсауға септігін тигізеді. Ақпан революциясы басталған кезде Ж.Сəдуақасов туған ауылында болады. Ол оқуын Омбы қаласында жалғастыруды көздейді. Білімін ұштауды армандаған ол əкесінің салт-дəстүр бойынша үйлендірген жарынан да бастартып, үйінен қашып шығып, Ақмола қаласына келеді. Ол революцияның алғашқы күндерінен бастап, оқушы кезінде Ақмола уездік Қазақ комитетінде болыстық жəне ауылдық комитеттерді ұйымдастыру жөніндегі инспектор болып қызмет атқарады. Содан кейін, 1917 жылы қыркүйек айында Омбыға келіп ересектерге арналған гимназияға түседі [4, П.17].
Ж.Сəдуақасовтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуында оның Омбыдағы кезеңінің алатын орны ерекше. Ж.Сəдуақасов 1914 жылдан бастап, Омбыда қазақ жастары құрған Бірлік ұйымының мүшесі болады. Ұйымда қазақтың оқыған, білімді азаматтары баяндамалар жасап, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізеді. Бұл азаматтар қазақ халқын патшалық отарлық езгіден құтқаруды, өз ұлтының азаттығын көксейді. 1917 жылы 1 - 4 қазан аралығында Бірліктің кеңейтілген жиналысы өтеді. Оған Ақмоладан Жас қазақ, Көкшетаудан Жас ұран, Спаскіден Жас дəурен жəне басқа жастар ұйымдарынан шамамен 100-ге жуық өкілдер қатысады. Жиылыс қаулы қабылдап, ұйымның басшылық органын сайлайды. Жиналыстың төрағалығына жəне Бірліктің үні Балапан журналының редакторлығына М.Жұмабаев сайланады [5; 47, 48].
1918 жылы желтоқсан айында Омбы қаласына Қиыр Шығыстан Ж.Сəдуақасовтың Ақмолаға келіп білім алуына ықпал еткен ағайыны Д.Əділев келіп, оның үйіне тоқтайды. Ж.Сəдуақасов Д.Əділевпен бірлесе отырып, сол кезде түрмеде отырған Ф.А.Березовскийдің отбасымен байланысу арқылы астыртын жұмыстар жүргізе бастайды. Ол 1918 жылы 22 желтоқсанда ол Д.Əділовпен бірге дайындалып жатқан көтеріліске қатысу үшін, жинақ пунктіне барады. Алайда, көтеріліс басшылары қамауға алынғандықтан, ол əрекеттері сəтсіз аяқталады [4; П. 19].
Большевиктердің Колчакқа қарсы ұйымдастырған осы көтерілісі туралы С.Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешу тарихи романы құнды деректер береді. 1918 жылдың желтоқсан айында, Колчактың озбырлығы шегіне жеткен тұста, Омбыдағы жасырын большевиктердің комитеті көтеріліс жасамақ болады. Алғашқыда Колчакпен бірлескен, бірақ кейін Колчактан зорлық көрген эсер басшылары мен Колчак əскерінің бірқатар бөлігі большевик жасақтарына қосылып, көтеріліске қатыспақ болады. Большевиктер өз жоспарын түнде бір отрядпен түрмені алып, қамаудағы тұтқындарды босатып, ал сол сəтте екінші отрядпен телефонның орталық станциясын алу арқылы жүзеге асырмақ болады. Сонымен қоса қаланың ортасындағы орыс-казактың атты полкын алуды, лагердегі қызыл əскер, Австрия, Германия тұтқындарын босатуды жəне Колчакқа қарасты əскерді бір-бірімен хабарластырмай, қапыда қолға түсіруді жоспарлайды. 22 желтоқсанда большевиктер түрмені басып алып, тұтқындарды босатады, орыс-казактың атты полкын алады. Алайда орталық телефон станциясы большевиктерге қосылған эсерлердің осалдығынан алынбай қалады. Большевиктердің бұл іс-қимылы туралы тыңшылары арқылы хабардар болған Колчак əскері большевиктердің басшыларын тұтқынға алады. Ал большевиктердің басқа отрядтары өз бетімен əрекет етіп жатады. Кейбір отрядтары штабтан бұйрық болмаған соң, тек жиналып, хабар күтіп отырады. Бұлардың ішінде Ж.Сəдуақасов пен Д.Əділов та болады. Олар штабтың бұйрығын күтіп отырғанда Колчактың əскери қару-жарақпен қаруланған қалың əскері атыс бастайды. Темір жолдың бірқатар жұмыскерлері жақтаған большевиктер санының аздығынан жəне нақты іс-қимыл жасай алмағандықтан, шегіне атысып, жеңілуге мəжбүр болады [2, 481].
Бұл көтеріліс туралы С.Сейфуллин былай деп баяндайды: ...Омбыдағы қазақтан большевиктермен сөздес болған, қатынасқан, Əйтпенұлы үйінде жатқан тек Жанайдар Сəдуақасұлы болған. Омбыда болған белгілі жазушы большевик Березовскийдің үйімен байланыс қылған. Жəне жасырынып жатқан Дінмұхамет қатынасып, сөздес болған. Бірақ не керек, мақсат орындалмаған. Төңкеріс бола алмаған. Омбы қаласы біраз алабұртып қойған [2; 292].
Омбы қаласын чехтар жаулап алғаннан кейін де, Ж.Сəдуақасов Омбы қаласындағы оқуын жалғастыра береді. Алайда оған материалдық көмек беріп, жəрдемдесіп тұрған С.Сейфуллин, А.Асылбеков сияқты достары қамауға алынып, Ж.Сəдуақасовтың тіршілік етуге қаражаты болмай, көп қиындықтарға тап болады. Сондықтан ол қосымша жұмыс іздеп, көп қиындықтардан кейін Губерниялық жер басқармасының халыққа білім беру бөлімінің іс жүргізушісі қызметіне орналасып, онда 1919 жылдың шілде айына дейін жұмыс істейді [4, П. 18 - 19]. Жүзеге аспаған көтерілістен кейін Ж.Сəдуақасовқа атыс болған күні сен большевиктерге оқ тасыпсың деп жала жауып, қудалап, Жер басқармасындағы қызметінен шығармақ болады. Ж.Сəдуақасов қудалауда жүрсе де, түрмеден қашып шыққан Новиков деген большевикті өзі жатқан М.Əйтпеновтің үйіне жасырады [2, 292].
1919 жылы қазақ жастарын бір ту астына ұйымдастыру мақсатымен, Омбы қаласында Қазақ өлкесінің барлық ұйымдарының біріккен Жалпы жастар съезі өтеді. Съезге Ақмола, Семей жəне Қостанай губернияларының жастары қатысады. Онда қазақ жастарының пікірлері екіге бөлініп, Ж.Сəдуақасов, А.Асылбеков, Ə.Досов бастаған топ Кеңес өкіметінің саясатын қолдайтынын айтып,
Демократтар советін құрады. Бірлік ұйымының аты өзгертіліп, ол Жас қазақ деп аталады. Ж.Сəдуақасовтың Омбыдағы өмірі жақсы суреттелген С.Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешу романында былай деп жазылған: ...Бір күні Омбыда оқып жүрген балалардан мынандай жеделхат алдық: Ақмола. Сейфоллаұлына. Омбыда оқып жүрген жастардың Бірлік атты ұйымының беті
Алашордашыл болып, оқып жүрген біраз жастар Бірліктен бөлініп, ұйым жасап, Демократ совет ашты. Советтің басқармасына мынандай адамдар сайланды: Жанайдар Сəдуақасов, Таутан Арыстанбекұлы, Əбілқайыр Досұлы делінген [2, 126].
Қазан революциясынан кейін екі бағытқа бөлініп кеткен ұйым мүшелері бастапқы кезеңде өзара жалпы демократиялық платформа негізінде біріккені, ал олардың көзқарасында ағартушылық, ұлт- азаттық мүдденің үстемдік алғаны да тарихи шындық болатын жəне оған өмірлік себептер де жетерлік еді. Жоғарыда аталған жастар съезінде Ж.Сəдуақасов үлкен белсенділік көрсетіп, мінбеге бірнеше рет шығып сөйлейді, өзінің Кеңес өкіметіне қатысты ой-пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол жастар съезіне қатыса жүріп, Ақмола Жұмысшылар, солдаттар мен шаруа депутаттары кеңесінен (əрі қарай Совдеп) қару-жарақ алуға келгендерге көмектеседі [1; 111]. Большевиктердің кедейлерге теңдік, еркіндік беріп, қоғамда əділдік орнатамыз, халықтың əл-ауқатын көтеріп, отаршыл езгіден құтқарамыз, қанаушы тапты жоямыз деген ұраны Ж.Сəдуақасов сияқты еркіндік аңсаған жастың көкейіне қона кетеді. ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар білімге, өнерге ынтықтырып, теңдікке, бостандыққа құлшындырған көзі ашық қазақ жастарын бірден алға жетелейді, патшаның езгісіне, отаршылдық саясатқа қарсы қажырлы күреске шақырады. Осы кезеңде Ж.Сəдуақасов Омбыда оқып жүрген қазақ жастарының көрнекті жетекшілерінің, алғыр ұйымдастырушыларының біріне айналады. Ол большевиктер идеясы жүзеге асқан жағдайда, қараңғы қазақ даласына сəулелі болашақ келеді деп сенді. Осы кезеңде қоғамда болып жатқан саяси оқиғалардың белсенді қатысушысы Ж.Сəдуақасов тапқыр əрі қайратты жігіт болып қалыптасады.
Осы съезден кейін Ж.Сəдуақасов Омбы қаласында қалып, гимназиядағы оқуымен қатар, бір мезгілде демократтық кеңестің мүше хатшысы қызметін атқарады. Кейін жоғарыда аталған губерниялық Жер басқармасының халыққа білім беру бөлімінің іс жүргізушісі қызметіне орналасады. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу тарихи романында сол кезде Омбыда оқитын Ж.Сəдуақасовты ерекше құрметпен атап көрсетеді. Жазушы Ж.Сəдуақасовты қиын-қыстау шақтарда Колчак бұғауындағы тұтқындарды ауыр азаптан құтқарған өжет те ержүрек, тапқыр күрескер ретінде суреттейді. С.Сейфуллин Ж.Сəдуақасовтың күрмеуі қиын жағдайларды оңтайлы əрі тез шеше білген, ерік-жігері мол, сындарлы сəтте достарының жанынан табылып, əрқашан көмегін аямаған, адал азаматтығын жоғары бағалайды. Ақмолада алғашқы Совдеп құлап, Колчактың озбырлығы асқынып тұрған уақытта, Ақмола қаласынан тұтқындалған С.Сейфуллин, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ж.Нүркиндер Омбы қаласына əкелініп, азап вагонында қиналып жатқанда, Ж.Сəдуақасов олармен байланыс орнатып, түрмедегі бауырларына дем беретін, жеңіске сенім арттыратын хат-хабар жіберіп, олардың рухын, еңсесін көтеріп отырады. Мұның бұлтартпас дəлелі оның С.Сейфуллинге жазған хаты болып табылады. Колчактың қылышынан қан тамып тұрған қатал шақта, Ж.Сəдуақасов Ресейдегі саяси жағдайды дұрыс болжап, Ақмола абақтысындағыларға: ...Вахтча Укметов болен туберкулезом. Хирурги отказываются лечить. Улькенбек Сабитов выздоравливает. Благополучно приехал. Днче. Жанайдар, -- деп хат жазады. Бұл орысша жазылған хаттың қазақша нұсқасы келесідей: Уақытша үкімет баласы науқас: құрт ауруы. Тəуіптер жаза алмаймыз дейді. Үлкенбек Сабит баласы сауығып келеді. Аман-есен келдік. Дінше. Жанайдар. Бұл жұмбақтап жазылған хаттың шешуі былай болады: Ақтардың Уақытша үкіметі нашарлауға айналды. Күші азайды, жұрт теріс қарай бастады. Большевиктер Кеңесі -- Кеңес үкіметі оңалып, күшейе бастады, -- деп Жа- найдар қол қойған. Ал хаттың соңында Чита жақтағы атаман Семеновке қарсы майданнан аман-есен қайтып келдім, -- деп Дінмұхамед қол қойған. Осылайша, 19 жасар жас Ж.Сəдуақасов қоғамдағы саяси ахуалды дұрыс болжап, оны жұмбақтап, астарлап жеткізу арқылы өзінің болашақта көреген саясаткер, білгір дипломат болатынын аңғартып, С.Сейфуллиннің тарихи романының жағымды кейіпкеріне айналады. Ж.Сəдуақасовтың адал достығы, қамқорлығы туралы С.Сейфуллин өзінің романында: Түрмеде, таршылықта, əрбір жылы хабар тұтқынға үлкен күш, қуат береді. Достың достығы, қастың қастығы, адамның адамшылық жəне түрлі хайуандық мінездері тар жол, тайғақ кешуде ғана анық білінеді екен..., -- деп жазған [2; 227].
Ж.Сəдуақасов қамауда отырған достарына тамақ та жеткізіп тұрады. Оған С.Сейфуллиннің келесі естелік жолдары дəлел бола алады: ...Біраз сөйлесіп, Құрманғали қайтып кетті. Ертеңінде Жанайдарды ертіп əкелді. Тағы да қуанысып, кенеліп қалдық. Тағы бірақ əңгімелестік. Аш кісіге алдымен керек нəрсе тамақ қой. Бұлар нан мен май əкеп кенелтті. Май мен нан астың атасы ғой [4, 292]. Шынайы достықты аса құрмет тұтып, бағалай білген С.Сейфуллин таршылықта біреудің істеген болмашы достығы көзге қандай көрінетінін өзі таршылықта болмаған кісінің білмейтінін жəне айтсаң да дəл өзіңдей түсінбейтінін айтады. Бұл -- өмірде ұмытылмайтын іс! Мұндай достық, таршылықтағы жанға таудай қайрат, өлшеусіз шаттық береді! -- деп жазады [2, 293].
Осы қауіпті кезеңде Омбыдағы оқушылардың Демократтық советін құрып, большевиктерге қосылған жастардың арасынан Ə.Досов Көкшетаудағы өз еліне, ал Т.Арыстанбеков Қостанай уезіндегі өз еліне кетіп қалады. Омбыда тек сөзі мен ісіне берік, азаматтық қасиетті алдыңғы орынға қоятын Ж.Сəдуақасов қана қалады [2; 331].
Ж.Сəдуақасов осы кезеңде өзі де бой тасалап жүрсе де, 1919 жылы ақпан айында азап вагонымен Омбыға əкелінген достарына көмек беру мақсатымен, С.Сейфуллин мен Б.Серікбаевқа астыртын төлқұжат дайындап, абақтыдан қашуға көмектеседі. Бұл туралы С.Сейфуллин былай деп жазған: ...Рұқсат алып, конвоймен Жұмабай, Катченко үшеуміз лагерден қалаға барып-келіп жүріп, екі билет таптық. Бірін Жанайдар Сəдуақасұлы тауып берді. Мен конвоймен Мұқандікіне барып, Жанайдардан əлгі 1917 жылғы оқып жүрген еңбекші жастары ашқан Демократ советтерінің (Оқушылардың демократтық Кеңесі) штемпл мөрлерін алдым. Желім, өткір бəкі, сия-қарындаш, қағаз-қалам, сия тапқызып алдым. Жанайдар тауып берген құжат-куəлік қағаз Омбы оязы Сілеті болысының қазағы Дүйсенбі Əсиұлы дегендікі екен. Жасы 26-да. Басқа түс-белгілері жоқ. Бұл қағаз менің жасыма туралау келді [2; 333].
Колчактың қашып ұсталған тұтқын тергеусіз атылады деген ызбарлы жарлығына қарамастан, лагерден қашып шыққан С.Сейфуллин ең алдымен Ж.Сəдуақасов тұратын Мұқан Əйтпеновтың үйіне келеді. Ол Ж.Сəдуақасовпен бірге отырып, алдағы жүріс-тұрысының жоспарын ақылдасады. Жүріс жоспары екі түрлі болады. Құрылған екінші жоспар бойынша Ж.Сəдуақасов Əбдрахман Бəйділдаұлына, Əбілқайыр Досұлына, Дінмұхамет Əділұлына хат жазбақ болады. Үй иесі М.Əйтпеновтен жолға қаражат алған Сəкенді Жанайдар атшана жегіп, вокзалға шығарып салады. Ол досын халқы көп жерге тұрғызбай, билетті өзі сатып алып, поездға тыстан мінгізіп жібермек болады. Сəкен Жанайдар көп күтіп қалатын болғандықтан жəне онымен сөйлесіп жүргенін біреу байқап қалар деп, оны үйіне қайтарады [2; 340 - 342].
Бұл фактілер Ж.Сəдуақасовтың өте қайраттылығын, достыққа адалдығын, табандылығын көрсетеді. Осы жылдары ұлт зиялыларының көзқарасында халық мүддесін көздейтін əр түрлі жол қалыптасады. Ж.Сəдуақасов, С.Сейфуллин жəне тағы басқалар бастаған белсенді жастар Кеңес өкіметінің саясатын қолдаса, Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты Алашорда жақтаушылары ұлттық Алаш Автономиясын құруды, ал М.Шоқай діни идеяға негізделген Түркістан мемлекетін құруды армандайды. Бұл идеялар қазақ зиялыларын түрлі ағымдарға бөледі. Болашағы бұлдыр көшпенділіктен бастартуға, Кеңес өкіметін қолдауға шақырған топтың алдыңғы қатарында жүрген Ж.Сəдуақасовтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасып, нығая түсуі де осы кезеңге тұспа-тұс келеді.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының қай-қайсысы болмасын, туған елін тұйыққа тіреген отаршыл езгіден, ел аспанын бүркей жапқан сауатсыздықтан, білімсіздіктен құтқарып, елдігін сақтап қалудың, өркениетті елдер қатарына қосудың ең дұрыс жолы -- оқу-ағарту істерін жолға қою, елін ғылым-білімді игеруге жұмылдыру, барлық күшті соған жұмсау деп түсінеді жəне туған халқын осы мақсатқа бағдарлайды. Екі ғасырдың сындарлы тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары екі түрлі жолды таңдай отырып, ортақ мүддеге қол жеткізуді армандайды. Осы арман- мақсаттарға жету үшін қоғамдық-саяси ұйымдар құрады. Осындай жауапты кезеңде саяси күрес сахнасына шыққан, сол заманға сай біліммен қаруланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
1937-1938 жж Қазақстандағы жаппай репрециялау шаралары және оның салдары: ұлттық интелегенцияның қиын тағдыры құжаттары
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Пәндер