Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. Әкімшілік құқықтың ұғымы деген не?

Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекеттік әкімшілік - құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті орган дары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік, мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершілігін арттыруда әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік - құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.

Қазіргі кезеңдері әкімшілік құқықтың негізгі проблемаларының бірі - өкілеттік орталық органдары менжергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарының құру проблемасы болып отыр. Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап қойылған. Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс - бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің Конституциялық негіздеріне қатер төндіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдардың ерекше маңызы бар. Қазіргі кезеңдегі ғылымда «әкімшілік құқық» терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулық әдебиеттерде әкімшілік құқық-тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ол жалпы түрде әкімшілік құқықты басқару құқығы деп айтуға болады делінген. Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшын тілінде adminis trative faw ) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару - өкім ету қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың реттейтін ұсақ саласы ретінде анықталған. Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды мына төмендегідей:

1. Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы.

2. Ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.

3. Әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін - өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.

Әкімшілік құқық мемлекеттің басқару саласындағы пайда болатын, дамитын және тоқталатын қоғамдық қатынастарды ғана реттеуге арналған. Барлық осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік басқару органдарының, яғни атқарушы органдардың атқарушылық - өкім етушілік қызметін жүзеге асыру процесімен байланысты. Әкімшілік құқық экономикалық, әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік - саяси құрылысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырып, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару
функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады. Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды. Оған тағы бір басқа тағайындалған құқықтық режимді сақтауды да, реттелетін басқарушылық қатынастар шеңберінде тараптардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды да қамтамасыз ететін құқық қорғау (юрисдикция) функциясы қосылады. Әкімшілік құқық - атқарушы билікті мемлекеттік басқару қызметін нақтылы жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалар дың жиынтығы болып табылады, Қазақстанның құқықтық жүйесінің саласы бола алады. Әкімшілік құқық реттеу функциясын жүзеге асыра отырып, басқару қатынастарына, оларға қатынасушылардың мінез - құлқына өз нормаларының реттеушілік ықпал жасайтын құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері болып табылады. Қазақстан құқығының қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді пайдаланады: тапсырма беру, тыйым салу, ерік беру.

1. Тапсырма беру - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс - қимыл жасауаға тікелей нақты түрде міндет жүктеу.

2. Тыйым салу - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу.

3. Ерік беру - құқықтық нормада қаралған жағдай осы не басқа іс - қимылды өзінің қалауы бойынша жасауға заңды түрде рұқсат ету.

Әкімшілік - құқықтық реттеудің ерекшеліктері ең алдымен мемлекеттік органдардың ерекше түрімен жүзеге асырылатын заңдық биліктік қызмет ретіндегі мемлекттік басқарудың өзгешелігімен айқындалады. Ал бұл ықпал ету әрқашанда басқарушылардың еркін басқарушының бірыңғай еркіне бағынуын болжайды. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік - құқықтық реттеудің ерекшеліктерін оны қатысушылары тепе - теңдікке негізделген қатынастарды реттеудің азаматтық - құқықтық әдісімен салыстыру арқылы айқындауға болады. Әкімшілік құқық нормаларының әрекеттілігі маңызды ерекшеліктермен ерекшеленеді, өзгешеленеді, олардың мәні мыналарға келіп тіреледі.

1. Әкімшілік - құқықтық реттеу механизміне өкілет ті басқару органының немесе лауазымды адамның шығарған міндетті тапсырмалары тән болып табылады. Оларға басқа тарап бағынуға міндетті.

2. Әкімшілік құқықтық реттеу қатынасқа қатысушылардың біреуінің біржақты ерік білдіруін болжайды.

Бұл ерік білдірушілік заңды түрдегі өктемдік сондықтан да оның шешуші маңызы бар. Әкімшілік - құқықтық қатынастар құқықтық қаты настардың бір түрі болып табылады. Әкімшілік - құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормалармен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік - құқықтар нормалармен тағайындалған және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері бар. Кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.

2. Әкімшілік құқықтың функциялары қандай?

Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері\r\n\r\n \r\n\r\nӘкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде әкімшілік құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет) . Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әлбетте, бұл жалпы құқықтық функция-әкімшілік-құқықтық нормалардың ең маңызды мазмұны, өйткені реттеу заң мағынасында қажетті мінез-құлық ережелерін белгілеуден көрініс табады. Мемлекеттік басқару аясындағы осы сияқты ережелерді белгілеу әкімшілік құқықтың атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі болып табылады. Басқарушылық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі мақсатты міндеттері және, соған сәйкес, өзінің көрінісінің әр түрлі нысандары болуы мүмкін. Осыны ескере отырып, әкімшілік құқықтың үш аса маңызды көріністері жөнінде айтуға болады.

3. Әкімшілік құқықтың жүйесі деген не?

Әкімшілік құқықтың жүйесі - бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми-ұйымдастырылған жиынтығы - біртұтас нормативті құрылым.

Әкімшілік құқық бойынша көптеген заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық жүйесінің мынадай анықтамасы беріледі: ҚР Әкімшілік құқығы -бір-бірімен тығыз байланысты жекелеген әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардан тұратын жүйе.

ҚР Әкімшілік құқығының жүйесі үш і бөлімнен тұрады:

- 1 бөлім - жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтін нормалар жүйесі; 1 бөлімге мыналар кіреді: ҚР Әкімшілік құқық курсына кіріспе, әкімшілік құқық субъектілері, мемлекеттік басқарудың әкімшілік - құқықтық нысандары мен әдістер, мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

- 2 бөлім - басқару саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 2 бөлімінде халық шаруашылығының негізгі салаларын: әлеуметтік-мәдени (өнер, білім, денсаулық сақтау және т. б. ), әкімшілік -саяси (қорғаныс, ішкі істер, қауіпсіздік және т. б. ) және әлеуметтік - экономика (сауда, қаржы, индустрия және т. б. ) салаларын басқаруды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұрады.

- 3 бөлім - әкімшілік - юрисдикция қызметі саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 3 бөлім мына жиынтықтардан тұрады: әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық, әкімшілік процесс; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілеттілігі бар органдар мен лауазымды тұлғалар және әкімшілік істердің қарастылығы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу.

ҚР Әкімшілік құқықғының бөлімі - бұл бірнеше әкімшілік - құқықтық институттарды қамтитын, яғни қоғамдық қатынастардың бір түрін реттейтін нормалар жүйесі.

Әкімшілік құқықты оқуды бастамастан бұрын, оның "басқару" сияқты кең тараған әлеуметтік құбылыспен байланыстылығын қарастыру қажет. Латын сөзінен шыққан администрация - әкімшілік - басқару терминінің қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін жасалынатын іс-әрекеттерді сипаттау үшін жан-жақты құрал болып табылатындығымен байланысты болып келеді. Кең мағынасында басқару қандайда біреуге немесе бір нәрсеге жетекшілік ету дегенді білдіреді. Дәл осындай түсінікте қазіргі уақытта да қолданылады. Бірақта дәл осындай ұйғарыммен шектеліп қана қоймай, оның мән-маңызын, мазмұнын, мақсат - міндетін ашып көрсету қажет.

4. Әкімшілік құқықтың қандай қайнар көздерін білесіз?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы
Әкімшілік құқық түсінігі
Әкімшілік құқықтың нормалары
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Әкімшілік құқықтың жүйесі
Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz