Педагогикалық жобалаудың тарихы мен теориясы: Дьюи, Килпатрик және посткеңестік тәжірибе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
  1. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы
  2. Д. Дьюи мен В. Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.
  3. Жобалау - педагогикадағы демократиялық қатынас құралы ретінде.
  4. Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы.
  5. Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компоненті ендірілуі

Педагогикалық жобалау - қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі. Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.

Жобалап оқытудың артықшылықтары:логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады. Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.

1. Педагогикалық жобалаудың пайда болуы

Педагогикалық жобалаудың пайда болуы . Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я. А. Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».

Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж. Ж. Руссо баламен қарым - қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.

Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И. Г. Песталлоций да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл - ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.

Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф. Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А. Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.

2. Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетінәлеуметтік және білім саларында ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж. Дьюи, К. Поппер, Г. Саймон, В. Х. Килпатрик және т. б. бар. Атап айтқанда, Д. Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В. Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.

В. Килпатриктің айтуынша, кез - келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:

- Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;

- Мақсатқа бағытталған әрекет;

- Оқытуды - өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты - оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс-зерттеулердің әдіс - тәсілдерімен қаруландыру. В. Х. Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

1) өндірістік, немесе жасампаздық;

2) тұтынушылық;

3) интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

4) жоба-жаттығулар.

Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К. Роджерс, Э. Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.

3. Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым-қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С. И. Гессеннің айтуынша педагогикалық ортада «қоғамдық өмірдің сан алуан түрлеріндегі өзара әрекеттердің өркендеуіне», Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың «белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып өсуіне» қатты ықпал етті. Сөйтіп, жобалау әрекетін алдаңғы қатарлы педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік-білімдік кеңістіктегі демократиялық қарым - қатынас құралы ретінде пайдалана бастады.

Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.

4. Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел тәжірибесімен қатар жүрді деуге болады. Өткен ғасырдың басында - ақ С. Т. Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В. А. Герд практикалық жүмыстағы жобалау әдістерін, А. П. Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ - тәжірибелік жұмысында, Б. Е. Райков зерттеу жұмыстарында, К. П. Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу және әлеуметтік -педагогикалық жобалау педагогикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды.

1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді», деп көрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, т. б. көптеген елдер жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.

Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша - жай репродукциядан - зерттеуге, зерттеуден -мақсатты қайта құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық түзілім: танымға қызығушылық - таным әдістері - білім құрылымы негізінде өзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың жобалық амалы, жолдары қалыптасты.

Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық ойлау логикасы тұрғысынан А. С. Макаренко қолданды, ол нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу -тәрбие әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалап оқыту технологиясы (Д. Дьюи): теориясы мен жоғары мектеп педагогикасындағы қолданылуы
Әлеуметтік жобалаудың теориясы мен әдістемесі: мәні, әдістері және түрлері
Студенттердің әлеуметтік және мәдени құзыреттілігін кезеңдеп қалыптастыру мен жобалаудың педагогикалық негіздері
ТМД тарихы: қайта құру, посткеңестік даму және еуразиялық интеграция
Қоғамдық-әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы: теориялық негіздері және педагогикалық аспектілері
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу әдістері және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде мәліметтер қорын жобалаудың теориясы мен әдістемесі
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация: теориясы, зерттеу әдістері және тарату мәселелері
Мейрамхана фирмалық стилін жобалаудың көркемдік ерекшеліктері
Оқыту үдерісінің әдістемелік және дидактикалық жүйелері: Гербарт, Дьюи және қазіргі демократияшыл дидактика
Педагогикалық процестің теориясы мен практикас: ұғым тарихы, мәні және құрылымдық компоненттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz