АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау


Реферат
Дипломдық жобаның тақырыбы: «АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау»
Түсіндірме жазба 63 беттен, 22 суреттен, 10 кестеден және 1 қосымшадан тұрады.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕ, АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ, ВЕКСЕЛЬ, КАРТОЧКА, АҚПАРАТТЫҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫ, БАНКТІК ОПЕРАЦИЯ, ТӨЛЕМДЕР, МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ, ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЛМАСУ, АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
Жобаның мақсаты: Семей қалалық АТФ банкінің филиалының клиенттермен жұмыс істеуге арналған электронды құжаталмасуын жасау.
Дипломдық жобада банктік органдардың жұмысын автоматтандыруға арналған жаңа клиенттік программалық қамсыздандыру жасалды. Бұл программалық қамсыздандыру барлық стандарттарға сай.
Сонымен қатар дипломдық жобаны орындау барысында осы программалық жүйенің қауіпсіздік шаралары мен экономикалық тиімділігі есептелді. Программаның экономика жағынан өте тиімді, қолайлы екендігі дәлелденді.
Мазмұны
- Негізгі талаптар . . .
Кіріспе
Еліміздің банкілік жүйесін коммерциализациялау, қаржылық институттар арасындағы бәсекелестікті күшейту жаңа ақпараттық технологияларды қолданылуды талап етеді.
Қазіргі кезде банктерде негізінен автоматтандырылған банкілік жүйелер (АБЖ) қолданылады, олар басшылыққа, қызметкерлерге және аналитиктерге қолайлы болатын түрде нақты және толық ақпаратты қамтамасыз етеді.
90 - шы жылдардың басында, банктерді кешенді автоматтандыру өніміне сұраныстың артқан кезінде, қолданушылардың көпшілігі өздеріне болашақ банкілік жүйеніің қандай болатындығын әлсіз елестетті. Дәл сол кезде, қарапайым жүйелер пайда бола бастады, олардың құрылу концепциясы негізгі құрылымдық бірлікке сияқты қатаң түрде «проводкаға» бағытталды. Сервистік мүмкіндіктері бойынша жүйенің жұмысы жақсы болды, ал олардың дәйекілігі туралы айту мүмкін емес, өйткені олар МББЖ FOXPRO, dBase, Paradox немесе Btrieve негізінде қолданылуымен қатар «тізе үстінде» дайындалған болатын. Әрине, тапсырмаға осындай көз қараспен келу - өткізудің универсалды құралдары, тапсырманың салыстырмалы қарапайымдылығы (көптеген банктер жүйеден тек қана минимумды талап еткен), тапсырушының тапсырманың күрделеніп кетуіне дайын болмауы - бизнестің табысының шамасы келіп тұрған банкілердің өздері жүйелерді ойлап табуына әкелді.
Өкінішке орай, технологиялық жоспарда құрылымы бойынша артта қалып қалу өкениетті экономикалық қоғамға жоғары жылдамдықпен аттағалы тұрған кезде банкілік жүйедегі АТ дамуына үлкен кері әсерін тигізді. Бүгінде де, АТ мәнін ұққан әрбір адам, ал біздің мамандарды дайындау дәрежесі батыстықтармен бірдей болғанда, FOXPRO негізінде жасалған әлсіз жүйемен жұмыс істейтін және бірнеше есепті операцияларды қолмен орындайтын банктерді оңай таба алады.
Бірақ, банктердің санының артуымен, олардың арасындағы бәсекелестіктің артуымен программалық қамсыздандыруға деген қолданушылардың талап ету деңгейі де артты. «Проводканың» орнына біртіндеп «қызмет көрсету» немесе «банкілік өнім» ұғымдары келе бастады, автоматтандыруды басқарушылар, МББЖ - ның, жалпы дәйекті банкілік жүйені құрудың мүмкін болатын негізі екендігін түсінді. Қолданушылар өздерінің назарын нарыққа аудырды, ал ол уақытта нарықта үнсіздік болды. Нақтырақ, ескі әдістерді ұсынды және арықарай дамудың перспективтері тұманды болды. Осы кезеңді бастарынан кешірген банктер жаңа платформаның, концепциялардың негізінде «жарқын болашақ үшін» күреске шықты. Банктердің АТ менеджерлерінің ауыздарынан UNIX, «клиент-сервер», «үш буынды архитектура» сөздері шықты, осы кезден бастап банктер жаңа күшпен өздерінің өңдемелерін шығаруға кірісті. Талап етілген нәтижені алу көбінің қолынан келмеді. Неге? Бүгінгі таңда банкілік қызметті автоматтандыру үшін МББЖ негізінде жасалған ірі, кешенді түрде жасалған программалық қамсыздандырулар өздерінің басқармаларында толығымен тек қана бір жобамен айналысатын жүздеген аналитикерді, жобалаушыларды, программиасттерді, сынақтаушыларды ұстайды [1] .
Ақпаратты берудің және өңдеудің электронды жүйесін енгізу, банкілік қызметтің барлық бағытын қамтып, универсалды және жалпылама сипатқа ие болып отыр. Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар банк бөлімшелерінің жұмысын координаттауға, банк аралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың жұмыс орнындағы банкілік операцияларды автоматтандырудың, банкілік қызмет көрсетулердің ақпараттық технологияларының жаңа мүмкіндіктері банкілік қызметті талдаудың мәселелерін кешенді түрде шешуге, халықаралық, аймақаралық және аймақтық банкілік жүйелерді құруға және өңдеуге мүмкіндік береді.
Банктердің ақпараттық және басқа технологияларын автоматтандыру шешумен істес болып келеді. Банктердің бәсекелестік позициясына әсерін тигізетін тұтынушыларға қызмет көрсетуді автоматтаныру бойынша негізгі бағыт ұстап қалуларды азайту және қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Электронды техника мен технологияның жетістіктері қызмет көрсетудің принципиалды жаңа түрін ұсынды - қаржының жеткілікті массасында басқаруды автоматтандыру жүйесі. Бұл жүйе барлық банкілік шоттар туралы ақпаратты береді, ақшалай құралдардың қозғалысын реттеуге және болджауға мүмкіндік береді, ақшалай жұмыстардың еңбек сіңіргіштігін төмендетеді, қағазсыз технологияға күшуге мүмкіндік береді.
Қағазсыз технологияның оңтайлы аспектілері:
- қажетті мәліметтерді тез жіберу мүмкіндігі;
- сақтаудың бірегейлігі;
- жақсартылған қауіпсіздік;
- құжаттарды өңдеудің еңбек сыйымдылығының кұрт төмендеуі;
Банкілік қызметтің аналитикалық мәселелерін шешу қаржылық нәтиделерді анықтау қажеттілігімен, даму бағыттарын болжаумен, экономикалық негіздеудің және мақсатының бағалануымен іске асырылады. Аналитикалық есеп - қисаптарын автоматтандыру еліміздің практикасында жеке программалық өнімдерде іске асырылады және кеңінен тарала қойған жоқ.
Отандық нарықта БЖА класстары құрылды, олардың әр біреуінің өзінің тек қана шектеулі бір спектірдегі операцияларды орындайтын жаңа қалыптасып келе жатқан банктерінен бастап қолданушыларына дейін бар. БЖА - да қолданушыға қажетті функциялардың жиыны бар.
Нарықта БЖА - дың дамуның бірегей магистралды бағыты жоқ, ал жүйенің жаңа класстарының пайда болуы банкілік істің даму ерекшеліктерімен және интнгсивтілігімен анықталады.
Банкілік технологияны автоматтандырудың актуалды процестері 80- ші жылдардың аяғында 90-шы жылдаржың басында шыға бастады. Нақты түрде бұл банкілік реформалармен байланысты, яғни еліміздегі бар банктер мемлекеттік банктермен бірдей болып еркіндіктерін алған кезде, банкілік қызмет көрсету нарығында жаңа коммерциялық банктер пайда бола бастады. Осылайша, банкілік ақпараттың өңделуінің жүргізілуіне негіз болатын есептелінгенген сандар банкілердің қаржылық жағдайларын болжау және талдау үшін, қол жұмыстарын азайту үшін қажетті қызмет көрсетудің бүкіл спектірін көрсете алмады.
Компьютерлік банкілік платформа - белгілі - бір маманданған деңгейде банкілік істерді жүргізу әдістемелерін қосатын жаңа АТ базасында банкілік мәселелерді шешетін программалық - техникалық жабдықталуы. Елдік банктердің автоматтандыруға кеткен шығындары шет елдікіне қарағанда төмен, ол жалпы шығынның 10 - 15% құрайды. Банктердің автоматтандыру жүйелерін таңдау ережеге сай, келесідей қатынастарға байланысты: бағасы - дәйектілігі - өнімділігі. Бұл мәселе көптеген бөлімшелермен, тұтынушылармен, басқа банктермен мәліметтер алмастырудың жоғары жылдамдығын қолдау қажеттілігі туындаған кезде күрделенеді. Бұл байланыста банктер тек қана техникалық қамсыздандыруды емес, сонымен қатар АТ - ның жүйелі инфрақұрылымын жоспарлау керек.
Инфрақұрылымның 5 құраушысын бөле қарастыру керек:
- ақпараттық қамсыздандыру (АҚ) ;
- техникалық жабдықтау;
- программалық құралдар;
- байланыс және коммуникация жүйелері (ішкі және сыртқы) ;
- қауіпсіздік, қорғаныс және дәйектілік жүйелері;
Ақпараттық жабдықтаудың құрамы, оын ұйымдастыру есептерді құрастырумен анықталады. Кез келген банкпен шешілетін ең дәстүрлі тапсырмалар - операциялық (есепті - кассалық) қызмет. Бұндай жағдайда банкілік технология «Банкінің операциялық күні» (БОК) программалық өнімнің негізінде құрылады, ал енгізілетін есептер кешені кез келген уақыт мерзімінде банкілік қызметтің операциялық талдануын жүргізуге мүмкіндік береді. Банкілік қызметті кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін бір қатар программалық құралдар қажет және олардың барлығы интегрирленген болуы тиіс.
«Клиент - банк» жүйесі тұтынушыға банкпен қарым - қатынастағы барлық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Несиелеуді автоматтандыру тек қана төлемдердің өтуіне автоматты бақылауды қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар кез келген уақыттағы банк жағдайын болжауға мүмкіндік береді. Бұл функциялар комплектілеуші программалар шегінде ғана автоматтандырыла алады.
«Банкілік келісімдерді жүргізуге» ақпараттық банкілік құралдарды тиімді пайдаланылу сұрақтарын шешу бойынша көптеген аналитикалық мәселелер жатады.
БЖА - дың негізінде - жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ), мәліметтерді өңдеудің технологиялық модельдері - терминологиялық процестер, локальді және таратушы желілер, машиналық графика жүйелері, электронды пошта және т. с. с жатыр.
Банк қызметінің сапалы эволюциясы, олардың талаптары және қаржылық мүмкіндіктері АТ автоматтандыруға көз қарасты өзгертеді. Базалық құралдар БЖА - ң эксплуатациясын қамтамасыз ету үшін, программалық құралдардың қолданбалы бөліктерін өңдеу үшін қолданылады (операциялық жүйелер, МББЖ және т. б. жүйелі белгіленуі бар программалық құралдар) [2] .
БЖА - ны функциялаудың ерекшелігі - қысқартылған уақыт мерзімінде мәліметтердің үлкен көлемін өңдеу қажеттілігі болып табылады. Осындай кезде негізгі ауыртпашылық енгізу, оқу және мәліметтерді беру операцияларына түсіріледі. Сондықтан, базалық құралдар өздерінің өнімділіктерін жоғалтпай үлкен мәліметтер қорына кіретін рұқсатқа ие болуы керек.
Спектрде желілі функцияның базалық құралдарының бар болуы - қазіргі кездегі БЖА - дың ажырамас атрибуты болып табылады (көп деңгейлік қамтамасыз етіледі, әр түрлі программалық платформалады (DOC, «NetWare», Windows NT, UNIX және басқа) біріктіру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі) .
Банкілік қызметтің негізі қаржылық құжаттар болып табылатындығын ескере отырып, АБЖ қайта программалаусыз банкілік айналым құжаттарының техникалық сұлбаларына өзгерістерді енгізуге рұқсат етуі керек. Осымен қатар, параметрлеу түсінікті және жүйенің функционалды құрылымымен логикалық байланыста болуы керек. АБЖ - ң эксплуатациясы өңдеушілердің қатысуынсыз орындалуы керек.
1 Патенттік ізденіс
Тапсырма
Дипломдық жобалау барысында патнгттік-ақпараттық зерттеулер жүргізуге арналған
Дипломдық жоба тақырыбы - «АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау»
Ізденістің басталуы 01. 01. 2000 г. Аяқталуы 1. 06. 2005 г.
Жетілділіретін программалық қамсыздандырудың қысқаша сипаттамасы - Дербес компьютерлерді тасымалдап, құрастырып, жөндейтін АТФ банкінің Семей қалалық филиалының клиенттермен жұмыс істеуге арналған электронды құжат алмасуын жасау
Кесте 1. 1
Іздеу
нысаны
Официаль-ный бюллетнгь “Открытия, изоб-ретнгия” -М, ВНИИПИ; (1996-2000) .
Ресми бюллетнгь “Промышленная собственность”- Алматы: казпатнгт(1998-2005) ; Официаль-ный бюллетнгь “Изобретнгия” -М: НПС “Поиск”, (2000-2005) ;
Кесте 1. 1 жалғасы
Анықтама
Іздеу нысанын патнгттік және ғылыми-техникалық
әдебиеттер бойынша зерттеу туралы
Диплом жобасының тақырыбы -«АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау»
Іздеу тереңдігі: 2000 жылдан 2006 жылға дейін
Іздеу төмендегі диплом жобасын орындау барысында зерттелген материалдар бойынша жүргізілді
Кесте 1. 2 Зерттеу нысандары
Іздеу нысаны
(оның құрам-дық бөлшек-тері)
G01G1/00
G06F9/00, 9/40
www. kazpatent. kz
www. fips. ru
Ресми бюллетнгь “Промышленная собственность”
Алматы Казпатнгт (1998-2005)
Официальный бюл-летнгь “Открытия, изобретнгия” М. : ВНИИПИ (1996-2000) Официальный бюллетнгь
“Изобретнгия”. М. :НПО “Поиск” (2000-2005)
“Официальный бюллетнгь
Российского агентства по патнгтным и товарным зна-кам. “Изобрете-ния, полезные модели” М. : ФИПС (1998-2005)
Кесте 1. 3 Патнгттік зерттеулер жүргізу барысында зерттелген және ішіне аналогтар кіретін патнгттік құжаттар
Мемлекет, қорғау құжаттары-ның түрі және номері, сыныптау индекстері (ХПС, ҰПС, УОЖ)
Өтініш берушінің аталуы, мемлекет өтініш номері, басылымдылық күннің белгісі,
басылу күннің белгісі
Ресей
Патнгт
№ G 06 K 1/00, 1/12
Мемлекеттік Унитарлы кәсіп-орын “Техникалық жүйелердің мемле-кеттік ғылыми-зерттеу институты”
ө. №2000109537/09
приор. 18. 04. 2000
басыл. 28. 12. 2000
Кесте 1. 4 Патнгттік ізденіс және аналогтарды іздеу барысында зерттелген ғылыми-техникалық құжаттар
Іздеу нысаны (оның құрамдық бөлшек-тері)
Авторлар, ақпарат көздерінің атаулары
Басқа органдар-дың
атауы, шығарған ел
мекеме-нің атауы,
шығару жы-лы, номері,
беттері.
Техникалық шешімнің
мәні және оны жасау
мақсаты (өнертабыстың
пайдалы модельдың осы
басылымда берілген
сипаттамасы бойынша
Техникалық ше-шімді
жобала-натын техника
объектісінде
қолданумүмкін-дігі
не қолдан-бау себебі
www. firs. ru
www. kazpatent. kz
Қорытынды
Диплом жобасын орындау барысында жүргізілген
патнгттік зерттеулер бойынша
Диплом жобасының тақырыбы - АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Іздеу тереңдігі: 2000 жылдан 2006 жылға дейін
- Патнгттік зерттеулер жүргізу алдында қойылған мақсаттарға қол жетті ме? Жетпесе қандай себептерден?
- Мақсатқа қол жетті, ізденіске сай келетін ақпарат яғни аналогтар табылды.
2. Табылған (2 және 3 - кесте) аналогтардың қайсысы прогрессивтік болады?
- № 2189623 патнгті бойынша «АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау» және № 2178578 патнгті бойынша «A2/A2-D автоматты өлшеу жүйесi»
Табылған “2 және 3- кесте” аналогтарының қайсысын жобаланатын техника объектісінде қолдану пайдалы болады?!
- № 2189623 патнгті бойынша «Дербес компьютерді тексеруге, қамтамасыз етуге және тестiлеуге арналған программалық жүйе»
- Диплом жобасында жобаланылатын техника объектісіне ұқсас техника объектілерді сериялап шығаратын қандай еліміздегі және шет елдердегі фирмалар табылды?
Ғылыми-техникалық және патнгттік құжаттарды зерттеу кезінде өндірістік микроконтроллерды шығаратын Қазақстан фирмалары табылған жоқ.
Шетел фирмалары ішінде табылды:
- Мемлекеттік унитарлы кәсіпорын “Авиациялық жүйелердің мемлекеттік ғылыми- зерттеу институты”
- ашық түрдегі акционер қоғамы “Всеросийский тепло-технический научно- иследовательский институт”
- Жобаланатын программа бойынша өнертабысқа өтініш материалдарын өңдеу қажет пе?
Өтініш материалдарын өңдеу қажетті деп ойлаймын, себебі дипломдық жобада терең басылым процессі жаза Р-130 микроконтроллер (көмегімен үнемді де сенімді болады. )
2 Техникалық-экономикалық негіздеме
Осы дипломдық жобада банктік жүйенің автоматтандырылуы қарастырылды. Осыған сәйкес сол программалық қамсыздандыруға кеткен, жұмсалған техника бұйымдарының технологиялық және экономикалық параметрлері туралы ақпараттар коммерциялық құпия болғандықтан базалық нұсқа ретінде жасалынатын өлшеу жүйелерінің біреуін таңдау керек. Оптималды еңбек жағдайын құру кезінде орындалатын жұмыстардың қолайлылығын қанағаттандыратын, энергияны және оператор уақытын үнемдейтін жұмыс орнын дұрыс жоспарлау үлкен мәнге ие.
Кез-келген кәсіпорында ақпараттық-басқарушы жүйені құрудың маңызын арттыру үшін, оны құруға арналған еңбектік, материалдық және қаржылық шығындардың алдын-ала жоспарланғаны дұрыс. Бұл жағдайда банктің ақпараттық-басқарушы жүйесін құруға кеткен шығындар программисттің жұмысына және желіні жүктеуге кеткен машиналық уақыттың ақысына жұмсалған шығындардан тұрады.
Ш жалп =Ш пр + Ш маш (адам/сағ)
мұнда: Ш жалп - құруға кеткен жалпы шығындар,
Ш пр - программаны құрушының еңбек ақысына кеткен шығындар,
Ш маш - машиналық уақыт ақысына кеткен шығындар.
Сондықтан да жобаланушы бұйымның өзіндік құнын есептеу кезінде дәлме-дәл есептеу әдісі қолдануы керек.
Өндірісте калькуляциялаудың (дәлме-дәл есептеу) әртүрлі әдістерін қолданылады:
- тура
- есептеу-аналитикалық
- параметрлік
- комбинацияланған
- қайта бөлу
Бұлардың ішінде кеңінен таралғаны - есептеу-аналитикалық әдісі. Бұл әдіс калькуляция статьялары бойынша интерфейсті платаның өзіндік құнын есептеу үшін қолданылуы керек.
Бізге белгілі шығындар классификациясы бойынша калькуляция статьясының келесі құрамы қабылдануы керек:
- Материалдар
- Қайтарылмалы қалдық (алынып тасталынады)
- Сатып алынатын комплектеуші бұйымдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетулер
- Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысы (еңбек ақы қорынан алынатын сыйақыларды қоса есептегенде)
- Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақысы
- Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысынан әлеуметтік сақтандыруға кететін салымдар
- Өндірісті дайындауға және игеруге кететін шығындар
- Мақсатық қолданылымдағы құралдар мен құрылғылардың тозуы және арнайы шығындар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz