Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.
Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін
тұтас сипаттайды Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және
фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер
қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер,
терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл
лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын,
сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ
сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер,
көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар.

Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және
жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді.
Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор.
Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта
қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен
ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып,
дамып, жаңарып отырады. .Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар:
а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады,

1. Қазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздср ана тілінің
сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда бол-ған. Әдстте сөз тудыру тәсілі
деп әрбір тілдің өзіне лайық қалыптақан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ
тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы
сөздердің басым көпшіілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп
шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а)
Морфологиялық немесе аффистік тәсіл, синтаксистік тәсіл.

2. Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік
құрамының толыгып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы
болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдсрден де ауысып алу
арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазак, халқының ертедс даму
тарихына коз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз бай-ланыста
болғандығын көреміз. Бұл жайында “Қазак тарих—” былай дсп жазган:
“Қазақстан жеріндегі халалыктардың Қытаймсн, Орта Азиямен, Волга
Булгариясымен және Киев Ру-сімен сауда байланысы өрістеген. Қазаксганнын,
әсіресе, батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Руспен өте мөте беркі
байланыс жасап тұрған . Осындай айырбас пен мэдени өзара байланыстар
Казақстан тайпалары мен халықтары мәдениетіне үлкен роль атқарған

Ел мен слдің арасындагы ежелгі достык, карым-қатынастың болгандығы ана
тіліміздің сөз байлыгының кұрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен
екінші халық ертеде тек мал- мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң
заттарды ғана ал-мастып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-біріне
аурып отырған. Әсіресе бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген.
Осыған байланысты тілшіздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, казақ
халқының басынан кешкен даму тарихым тығыз байланыстырып зерттеген жөн.

Историзм (тарихи сөз) — атап білдіретін заттары мен құбылыстары өмірде жоқ,
көнеріп қолданудан шығып қалған сөздер мен тұрақты сөз тіркестері. Историзм
лексиканын пассив қабатына жатады. Историзм көне замандарға да (адырна,
кіреуке, алдаспан, қыдыра жалды қыл құйрық, сұр жебе, бабай түктішашты
әзиз), таяуда өткен заманға да (саужой (сауатсыздыкты
жою), қаратаяқ (зиялы), шабарман, болыс) байланысты болуы мүмкін.
Историзм ғылыми әдебиеттерде терминдік мағынада, көркем
әдебиеттерде тарихи бейне, бояу жасау үшін қолданылады

Архаизм - көнерген сөздер. Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі
кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады. Архаизм көркем
әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалады. Әуезов Тіл және
әдебиет мәселесі деген мақаласында өзбек, татар, араб, Ира н
тілдерінен енген көне сөздерден қашудың жөні жоқ екенін ескертеді.
Мысалы, Жамбыл сөзінің шығу тегін білмегендіктен, Жамбыл ақынның есімін
таумен шатастырады. Ал өзбек тілінде Жамбыл - гүлдің аты, мартук атауы
- мартүк деген шөптің атынан шыққанын тілге тиек еткен.[1]

Лексика-сөзтудырушы архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ сөз жасау
құрамы өзгерген сөз. Стилистикада архаизмд ер төмендегі жағдайда
колданылады:
а) Сол дәуір тарихын әсірелеу үшін (әдетте тарихи романдарда);
ә) Сөйлеу кезінде сөзге салтанаттал ық, қобалжытарлықтай әсер беру үшін,
өленде, шешендік айтыстарда, (публщистикалық жанрларда қолданалады);
б) иронияда, сықақта, әжуалағанда күлкі шақыру (фельетон, памфлеттерде),
в) кейіпкерге сөздік сипаттама беру үшін (мысалы, діндарлық дәрежесі бар
кісіпер).
Лексика-фонетикалық архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ дыбыстық
құрамы өзгерген сөз (орыс. глад - голод, зерцало - зеркало, гистория -
история, пиит - поэт).
Лексикалық архаизмдер - қазіргі таңдағы тілде синонимі бар
көнерген сөз (қаз. уәзір - хатшы).
Семантикалық архаизмдер - қазіргі тілде сақталған, бірақ көнерген
мағынасында қолданылатын сөз.

Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени,
экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге
енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Мысалы,
атом, теледидар, космос, ракета, редактор, анализ, т.б. Неологизм тілдің
лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің
көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген
неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі
тілімізде жасалған неологизмнің көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп,
анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, антропогендік фактор, компьютерлік
жүйе, компьютер орталығы, т.б. АҚШ-та, Францияда, Жапония елдерінде
неологизмді зерттейтін арнайы орталықтар құрылып, ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізіп келеді.Неологизм екі түрлі жолмен жасалады.
1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен
байланысты. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, кино,театр,телевизор,
спутник, ракетчик, бригада, фермер т. б.
2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Фонетиканың зерттеу нысандары
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Сөз және мағына
Сөздік қор және сөздік құрам
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Ағылшын тілінің сөздік құрамы
Пәндер