Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 118 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні бойынша

№1 аралық бақылау сұрақтары.

1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты жұмысындағы ұлтық тарихқа стратегиялық көзқарас.

2. Қазақстан тарихының кезеңделуі. ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір, қазіргі заман.

3. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.

4. Қазақ жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің көшірілуі.

5. 1905-1907 жылдардағы І орыс революциясы және оның Қазақ өлкесіне әсері.

6. Ресейдің І-ІІ Мемлекеттік Думасының қызметіне қазақтардың қатысуы.

7. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қоғам өмірінде алатын орны.

8. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтың қызметтері мен шығармашылықтары.

9. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ даласы.

10. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

11. ХХ ғасыр басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

12. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

М. Х. Дулати.

13. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы Әбу Насыр Әл-Фараби.

14. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы Қожа Ахмет Иассауи.

15. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы М. Қашқари.

16. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы Ж. Баласағұни.

17. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстанға әсері. 18. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-және-Исламия», «Шуро-және-улемия» және т. б.

19. Бірінші Жалпықазақ съезі, «Алаш» партиясының құрылуы.

20. Қазан төңкерісі тұсындағы Қазақстан. Кеңес билігінің орнауы.

21. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарындағы Қазақ өлкесі.

22. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазревком міндеттері.

23. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) .

24. Қазақстандағы жер-су реформасы (1921-1922) .

25. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі. ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар.

26. Индустрияландыру саясаты. «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты.

27. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және көшпелі қоғамды отырықшылыққа күштеп көшіру.

28. 1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс.

29. 1920-1930 жылдардағы ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы.

30. Сталинизмнің орнығуы. (1937-1938жж) Жазалау шараларының күшеюі.

31. Қазақ КСР-інің құрылуы.

32. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.

33. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың партизан қозғалыстарына, майдандық операцияларға қатысуы.

34. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің көрсеткен ерліктері.

35. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым, мәдениет және халық ағарту.

36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953жж) .

37. Қазақстан территориясында ядролық полигондарды құру.

38. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: тыңайған жерлерді игерудің экономикалық, экологиялық, және әлеуметтік салдары.

39. Қазақстан «Хрущевтің жылымық» жылдарында.

40. 1960-1970 жж. КСРО -ғы ірі өнеркәсіптің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.

1. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

Бұл бағдарламаны жасау барысында авторлар ең алдымен, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары негізінде қалыптасқан стратегиялық міндеттерді, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» және т. б. маңызды құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы жетістіктер мен жаңалықтарды, пәнді ЖОО-ында оқытудағы көпжылдық тәжірибені және студенттік дәрісхана сұраныстарын, оқыту әдістемесінің үрдістері мен ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты білім алушылардың түсіну деңгейін ескерді. Типтік бағдарлама бөлімдерінің проблемалық материалдары студенттерге отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және тұтастай қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескерген бұл типтік бағдарламаның мазмұны бөлімдер мен тақырыптардан, тарих ғылымындағы Қазақстанның қазіргі заман тарихын проблемалық тұрғыдан қарастыруға негізделген бөліктерден тұрады.

Бұл типтік бағдарламаны құрастыру барысында авторлар, «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды:

  • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;
  • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;
  • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;
  • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;
  • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.

Пәнді оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;

  • әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз

Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;

  • қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
  • күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.

Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н. Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды.

ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс», -деп атап өтілген мақалада.

Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдениэкономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді. «Тарих ғалымдарының, саясаттанушылардың алдында Қазақстан тарихын шынайы баяндауды қалыптастыру бойынша күрделі мақсат-міндеттер тұр. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында: «Біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың басты мән-мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз егемен мемлекеттің өмірінде үшінші онжылдық басталды. Осы жылдар ішінде расында да ғасырларға тең жолдан өттік.

Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның өтпелі кезеңінің ерекшелігі неде еді, қалыптасқан мемлекет дегеніміз не, нақты тәуелсіздіктің негізгі белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап беру - тарихшылардың кәсіби қоғамдастығының міндеті», - деп атап өткен еді. Біздің орталықтың ұжымы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады», - деп түйдіндеді.

2. Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір, қазіргі заман.

Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:

  1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
  2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.

3. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.

4. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар. 5. ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.

6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған

ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры) . "Тарихқа дейінгі" ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез) . Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы) . Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х. Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы) . Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А. Г. Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер және Ж. Таймағамбетовтың басшылығымен зерттеген экспедиция нәтижелері. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері.

Мезолит (орта тас ғасыры) . Дәуір ерекшеліктері. Қазақстандағы мезолит дәуірінің ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің

археологиялық деректермен дәлелденуі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағалауларынан табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер. Неолит (жаңа тас ғасыры) . «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден өнім өңдіруші шаруашылық түрлерінің қалыптасуы. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қара үңгір тұрағы. Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. (В. Ф. Зайберттің зерттеулері) . Аңшылық. Неолит дәуірінде тас өңдеу технологиясының дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді үйренуі. Рулық құрылыстың тууы. Матриархаттық рулық қоғамның дамуы. Ер адамдар үстемдігінің артуы, матриархат орнына патриархаттың келуі. Неолит өнерінің көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.

Қола дәуірі (б. з. б. ХҮІІІ-ҮІІІ ғғ. ) . Дәуір ерекшеліктері . Қазақстан тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысындағы өзгерістер. Металлургия мен мал шаруашылығының дамуы. Малды бағып өсіру, жайылымдық жерлерді пайдалану, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы, тайпалык үстем топтың бөлініп шығуы. Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, кезеңдерге бөлінуі және мәдениеттері. Андронов мәдениеті алғаш табылған жері таралу аймақтары. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің даму кезеңдері Беғазы-Дәндібай мәдениеті. К. В. Сальниковтің кезеңдерге бөлуі.

Археологиялық ескерткіштер, тасқа салынған суреттер (петроглифтер) .

Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым т. б. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы. Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғары дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Дін. Жерлеу салты.

Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдары.

Сақтар (б. з. б. ҮІІ-ІІІ ғғ. ) . Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай көшу. Еуразия кеңістігінде сақ-скиф қауымдастығының орналасуы. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты жазба мәліметтер: «Тарих атасы» Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей, Ахаменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалар. Сақтардың тарихын оқып үйренудегі ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы «Авеста». Сақ одағындағы тайпалар және олардың орналасу ареалы: тиграхауда, парадарая сақтары, массагеттер, Батыс Қазақстан аймағын мекендеген сармат-савроматтар.

Ғұндар және үйсіндер. Ежелгі қытай тіліндегі тарихи еңбектер «Ши цзы», «Хоуханьшу». Ғұндар мен үйсіндердің тегі туралы мәселе. Ғұндардың саяси тарихы. Шаруашылығы. Қоғамдық құрылысы. Әскер өнері. Мәдениеті.

Үйсіндердің орналасқан жері . Шығу тегі туралы жазба мәліметтер.

Үйсін мемлекетінің құрылуы және территориялық аймағы. Үйсін мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы, жоғарғы билеушісінің титулы. Үйсін мемлекетінің астанасы. Тұрмысы. Мәдениеті. Үйсіндердің ғұн, қаңлы және қытайлармен ара-қатынасы. Үш бөлікке бөлінуі.

Қаңлылар. Қаңлылар туралы деректер . «Кангюй» терминінің тарихи деректерде алғаш айтылуы. Қаңлылардың орналасқан территориялық аймағы. Қаңлы мемлекетінің құрылуы, орталығы, қоғамдық-саяси, әлеуметтік құрылымы. Саяси тарихы. Қалалары мен қоныстары. Шаруашылығы. Қолөнері. Мәдениеті. Сауда. Басқа елдермен қарымқатынасы.

Қазақстан территориясындағы ертеортағасырлық мемлекеттер (ҮІХІІ ғғ. түрік кезеңі)

Түрік қағанаты (552-603 жж. ) . Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя.

Түркілердің шығу тегі туралы деректер мен зерттеулер. ІІІ-Ү ғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түркі ақсүйектерін құраған Ашин руы. «Түркі» этнонимі. Солтүстіктегі «Жылқылар патшалығы». Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары. Түркілер Жужань империясының құрамында. Бұмын қаған және Түркі қағанатының құрылуы.

Батыс Вэй патшалығымен жасырын одақтастық. Анахуаньға қарсы күрес. Шығыс саясаты.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж. ) . Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы. Жегуй және Түн-Жабғы қағандар тұсында қағанаттың күшеюі. Ішкі құрылымы: «он оқ бұдұн». Батыс Түрік қағанатының астанасы. Соғдылықтар Батыс Түркі қағанаты өмірінде. Дулу және нушиби тайпалары арасындағы күрес. Қытай шапқыншылығының Батыс-Түрік қағанатының құлауына әсері. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарыс және оның ыдырауы. Әулеттердің ауысуы.

Түргеш қағанаты (704-756 жж. ) . Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, қағанаттың уақытша құлдырауы. Қапағанның батысқа жорығы туралы Орхон жазбаларының мәліметтері. Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған кездегі Түргеш қағанаты.

ҚАЗАҚСТАН ОРТАҒАСЫРЛАРДА

Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде (ХІІІ ғ. )

Алтын Орда (1243 - ХҮ ғ. ортасы ) . Монғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметі, олардың түрлері. Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы. Шыңғыс ханның «Ұлы Жасағындағы» «Жасақ» және «Білік». Шыңғыс ханның билік құрған жылдары. Алғашқы жаулап алу соғыстары. Шыңғыс ханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғол әскері және Хоремшахтың армиясы Қазақстан жерінде алғаш кездесуі. 1218 ж. «Отырар оқиғасының» Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетуі. Хорезм шах мемлекетін талқандау Орта Азиянының жаулануы. Дешті Қыпшақты бағындыру. Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың жаулап алған елдерді ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол хандары құрған ұлыстар құрамында. Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының территориялық аймағы.

ХІҮ -ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер.

Орда Ежен ұлысын құраған Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері. Орда Ежен ұлысы, территориясы мен тайпалық құрамы. Ұлыстың алғашқы саяси орталығы. Саяси орталықтың Сыр бойына ауыстырылуы, оның себептері, салдары және маңызы. Сығанақ - астана. Сасы Бұқа, Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай хан (1344-1361) . Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Ұрыс ханның тұсында Ақ Орданың Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып жариялануы. Ақ Орданың Алтын Орда құрамына енуі. Барақ хан (1423-24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі. Ақ Орда тарихының Қазақстан тарихында алатын орны. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы

Қазақ хандығының құрылуы (1465-66 жж. ) . Қазақ хандығы құрылуы туралы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. М. Дулати “Тарихи Рашиди”. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы. ХҮ ғ ортасындағы Әбілхайыр Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс болуы. Жүніс хан. Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына жорығы. Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы - дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның кезеңдері. Бұрындық хан. ХҮ ғ. 90-шы жж. шиеліністі жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.

ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы.

Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы. 1697 жылғы

Галдан Бошоктың билік басына келуі. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның мәні. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы. Бухгольц экспедициясы ( Ямышевск бекінісі - 1 қазан 1715 ж., Омбы бекінісі - 20 мамыр 1716 ж. ), А. Бекович-Черкасскийдің, П. Северскийдің (Железинск бекінісі - 1717 ж. ), И. М. Лихаревтің (Өскемен бекінісі - 1720 ж. ) экспедициялары. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері. 1723 жылғы қыркүйектегі Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына жорығы. 1726 ж. Күздегі Әбілхайыр, Сәмеке ханжардың, Есім, Барақ сұлтандар басқарған қазақ жасақтарының Лобжы Назаров тайшы билейтін қалмақ ұлысына жорығы. Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерін Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберуі. Императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қоюы.

А. И. Тевкелевтің елшілігі. Әр түрлі саяси топтардың Тевкелев елшілігіне қатынасы. Кіші жүз (1731 ж. ) және Орта жүз (1734 ж. ) қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы. Ұлт-азаттық көтерілістер.

1816 жылғы Орта жүздегі хандық биліктің жойылуының себептері. 18101866 жж. Қоқан, Хиуа және Бұхар хандықтарының экспансиясы. 1820 ж. 2000 қазақ ауылын Мұхаммед Рақымның тонауы. 1822 ж. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» және Орта жүзде хан билікті әлсірету мақсатындағы патша үкіметінің шаралары. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. Орта Жүзді басқару орталығы. "1822 ж. Сібір қырғыздары туралы

Жарғыға" сәйкес территориялық-әкімшілік өзгерістер. Округтердің құрылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Тарихты оқыту әдістемесі
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тарих ғылымының принциптері
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Оқыту әдістерінің классификациясы
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz