Саяси жүйенің түсінігі және саяси тәртіп


Сабақ тақырыбы: Саяси жүйенің түсінігі және саяси тәртіп. Саяси жүйе - биліктің өмір сүруі және оның қоғамдағы туындысы
Пән атауы: Саясаттану және Әлеуметтану негіздері
Тобы: КТХ-305
Күні: 24. 10. 20
Сабақ типі; Теориялық
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген, топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары негізделген. Осының бәрі - сайып келгенде, реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырудың берік негізі. Алайда саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты қоғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деу сенімсіз болар еді. Бұл құбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік өмірдің терең процестерімен, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістерімен, психологиялық таптаурындармен, сонымен бірге қоғам өмірімен, әрбір адамның тұрмыс салтымен байланысты. Әрі бүгінгі таңда біздің бәрімізге қос ауыртпалық түскен тәрізді: экономика мен қоғам өткен мен болашақтың ортасында сияқты. Артқа қайырылар жол жоқ екенін біле отырып, біз шаруашылық жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, рухани өмірдің бүгінгі таңда өткеннің сарқыншағынан арыла алмай отырғанын мойындауға тиіспіз. Күнделікті тіршілігіміздегі күйкі күйімізді экономикалық жағдай үдетіп отыр. Мүның өзі қарапайым адам үшін ең алдымен, бағаның шексіз өсуінен, тұрмыс деңгейінің құлдырауынан, көптеген әлеуметтік проблемаларының шешілмеуінен көрініп отыр. Оның үстіне адамдарды саяси күрестердің үшқарылықтары да адастырып отыр. Кейде саяси жымысқы алдап-арбаудың қоғамдық санада өзіне орын тауып жататын кездері де бар. Бүгінгі таңда саяси салада қалыптасып жатқан жағдайды түсіну үшін баспасөздің беттерінде, партиялардың пікірталастарында, экономикалық топтарда, сондай-ақ қоғамның қалың қатпарларында талқыланып жататын идеялардың мазмұнына мұқият талдау жасау қажет. Саяси пікірлердің бүкіл күрделі жағдайының өзінде, ал олардың жиынтығы өте көп, қазіргі қоғамдық-саяси алуан түрліліктің екі полюсі ретінде социалистік және либералдық пікірлерді қарастырған жөн. Әрине бұл қарапайым баяндау, бірақ мұның өзі бар болмысты толық көруге мүмкіндік береді.
Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д. Истон мен Г. Алмонд. Д. Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік
талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г. Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.
Қазақстанда сайлау жүйесі
Атқарушы органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламенткеесеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті.
Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетілгеңдей республика Президентін, Мәжліс пен Сенат депуттаттарын, ауылдық әкімдерді, төте не жанама сайлау тәртібін айтамыз.
Сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлы сияқты екі түрі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі дегеніміз сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат арасындағы тепе-тендік қағидасына негізделеді. Тепе-тең сайлау жүйесінің әрекет етуі үшін бірнеше ірі аумақтық округтер және екіден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Мажоритарлы сайлау жүйесі артық басымдылық жәнесалыстырмалы басымдылық деген екі түрге бөлінеді. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бірінші және екінші қайта да¬уыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өтті деп, дауыс берушілердің 50 пайыздан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
Салыстырмалы басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тізіміне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды және сайлау өтті деп есептеледі.
Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қараған¬да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланып, сайлау өтті деп саналады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сай¬лау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықты мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz