Тіл білімі мен логика ілімі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тіл білімі мен логика ілімінің тығыз байланыстағы ғылымдар шоғыры екенін ғалымдар ертеде-ақ байқаған. Қазіргі күні оларды аңғартудың нақты белгі-өлшемдерін де тауып алғанбыз. Логикадағы ұғым мен байымдау тілдегі сөз бен сөйлемге ыңғайластырылып отырады. Әрине, бұларды бір-бірімен тепе-тең деп түсінуге бола қоймайды. Мәселен, кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркесімімен (күрделі сөз, оның түрлері және тұрақты тіркес) берілуінде танылады. Сонымен қатар тұлғасы бірдей сөздердің түрлі ұғымдарды белгілеп тұратын кездері де бар. Тілдегі омоним сөздерді осы қатарға жатқызуға болады. Болмаса сөз жеке затты ғана емес, біртектес заттардың тобын да атайды. Мәселен, кітап сөзі белгілі бір кітаптың ғана аты емес, сонымен бірге жалпы кітап атаулының атауы ретінде де жұмсалады. Осыдан барып сөздің жалпылаушы қызметіне көңіл бөлінеді. Мұндай жалпы, ортақ белгі ұғымға да тән. Сондықтан да «Ұғым дегеніміз - нәрселер тобының бәріне ортақ жалпы белгілерін бейнелендіретін ой», ал «Сөз - ұғымның тілдік қабығы» - деп саналады1. Ұғым көлем қатынастары тұрғысынан тепе-тең болып та сипатталады. Тепе-тең қатынасты бағыныштылық қатынаспен салыстыра қарағанда айқынырақ сезіледі. «Бағыныштылық қатынаста жалпылығы кемірек бір ұғым жалпылығы кеңірек екінші ұғымның көлеміне кіреді», ал тепе-теңдік қатынаста « . . . бір ұғымның көлемі екінші ұғымның көлеміне толық үйлес келеді»2.

Бағыныштылық қатынас Тепе-теңдік қатынас

Шеңберден байқағанымыздай, көлемі кең ұғым (қағаз) көлемі тар ұғымды немесе ұғымдарды (кітап, дәптер) ішіне алып тұрады. Демек, кітап/дәптер сынды бұйымдардың шығу тегі, түбі қағаз екендігі ескеріледі. Ал тепе-теңдік қатынаста мұндай бағыныштылық жоқ. Әр түрлі сөз немесе сөздер тіркесімімен берілетін ұғым бір ғана нәрсені ойға түсіреді: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті = Н. Ә. Назарбаев; Ұлы Отан соғысы = II дүниежүзілік соғыс = 1941-45 жыл. Мұнда қай сөз тіркесімдерін айтсаң да, ойға түсетіні бір ғана белгі - сол ұғымдарды білдірудегі нәтиже.

Сөз арқылы сәулеленетін ұғымның оң және теріс болып келетінін де теңдестік дәрежеде қабылдаған жөн. Әрине, мұнда ұғымның бірінің орнына екіншісі қызмет атқармайды, бірақ бір-біріне қайшылық мәнде тұруы арқылы қатарласа алады. Мәселен, түбір күйіндегі бар/жок, сөздерінің, түбір+қосымша күйіндегі білімді/білімсіз тұлғаларының, бірінің түбір күйінде (кел), енді бірінің қосымша немесе көмекшілердің үстемеленуі арқылы (келме/келген емес) болатын ұғымдардың бірде оң дәрежеде, бірде теріс дәрежеде сипатталатынын байқауға болады. Сонымен қатар, бірқатар ұғымдар тек оң дәрежеде ( оқымысты, бірақ оқымыссыз деп айтылмайды) немесе тек теріс дәрежеде (бейқам/қамсыз; беймаза/мазасыз, бірақ оң дәрежесін білдіретін тұлғада келмейді) келе береді. Сол сияқты тұлғасы жағынан оң болып келетін жауыз/жауыздық сөздері теріс ұғымды білдіреді де, тұлғасы жағынан теріс болып келетін тәуелсіз сөзі оң ұғымды білдіріп отыратынын ескеру керек.

Жеке сөздің байымдауды білдіретін кездері де бар. Оны ғалым Р. Әміров: «Сөйлемнің жеке сөзден немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана құралатыны бар: Жаз. Сүттен жарық түн. Бұл аталғандар - сөйлем. Өйткені олар сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып тұр. Сол арқылы осы лексикалық, синтаксистік құрамда да пікір білдіреді» - деп нақты түсіндіреді3. Мұндай тұжырым орыс тіл білімінен де байқалады: «Слова и словосочетания отличается от предложения тем, что в них нет ни утверждения, ни отрицания. Но если мы скажем дом отца , то пауза между словами, утвердительная интонация будут устаналивать уже другие отношения слов и будут выражать целостную мысль, а не только называть явления, предметы, вещи в их связи»4.

Сөйлемге келу логиканың екінші бір категориясы байымдауды талдауға әкеледі. Логикалық байымдау субъект-предикат-байланыс нәтижесінде жарыққа шығады. Оның тілдегі көрінісі - сөйлем. Сондықтан да «Пікір - қазіргі формальды логикада оның ақиқаттық (ақиқат, жалған) немесе модальдық (ықтимал, мүмкін, мүмкін емес, қажетті және т. б. ) бағаларына байланысты қарастырылатын белгілі бір тілдің сөйлемі, - деп түсіндіреді философ ғалымдар. - Кез келген пікір оның мазмұны болып табылатын қайсыбір ойды білдіреді»5. Логикалық пікір мен грамматикалық сөйлем бірлігі, негізінен, хабарлы сөйлем түрінен байқалады. Оған жоғарыдағы сөйлеуге қатысты талданған сөйлемдердің хабарлау түрін мысал етуге болады. Оның әрқайсысында пікірдің екі ұғымнан, субъект (S) пен предикаттан (Р) тұратынын танимыз. «S нәрсенің өзін бейнелесе, Р нәрсенің белгілерін белгілейді. Сонымен бірге пікірде S термині мен Р терминін байланыстырушы сөз - логикалық байланыс болады»6. Мұның тілдегі сәулесі - бастауыш-баяндауыш-байланыс. Ал ол жайын, яғни субъект-предикат қатынасының көріну жайын, қазақ тілші ғалымдары танытудай танытты. Әрі ол сөйлем өлшемі ретінде қажет те болды. Екінші жағынан, олардың қандай тәсіл арқылы болатындығы да шешімін тапты. Н. Сауранбаев пікірінше, Ағаш-отын мысалында « . . . екі сөздің бірі бастауыш, бірі баяндауыш болып келгенде, екеуінің арасы тыныспен ажыратылып, әр сөз бір демнің екі ағысымен бөлініп айтылады. Осымен байланысты субъект, предикаттық қатынастың көріну, айтылу тәсілінің бірі - интонация» болып саналады. Сонымен қатар бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғауы арқылы байланысады. «Олай болса, жақтасу - субъект, предикаттық қатынастың көріну тәсілінің бірі деуімізге болады»7. Ағаш-отын мысалынан байқағанымыздай, субъект-бастауыш пен предикат-баяндауыш нақты көріністе де, байланыс дегеніміз ойда сақталады. Ал жақтасуда ол нақты көрінеді: Мен жаздым. S - мен; Р - жазу; байланыс - м. Демек, «Жақтық, жіктік, тәуелдік жалғаулары сөз бен сөзді, әсіресе, бастауыш пен баяндауышты байланыстыра жалғайтын дәнекерлер»8.

Бастауыш-баяндауыштық қатынас - сөйлемнің құрылыстық (жай, құрмалас) және мақсаттық түрлеріне тән құбылыс. Онда, біріншіден, жай сөйлем бір ғана аталған қатынас түрінен, құрмалас сөйлем екі предикаттық ортаға бағынған қатынастан түзіледі. Екіншіден, сөйлемнің мақсаттық түрлерінің қай-қайсысы да пайымдаудың бірліктеріне тәуелді болады. Әдетте, пікір белгілі бір нәрселерді немесе олардың белгілеріне қатысты мәселелерді я қостайды, я жоққа шығарады. Мұндай құбылыс тілде болымды және болымсыз сөйлемдер арқылы түсіндіріледі. Хабардың шындық болмысқа қатысты саралануын көрсететін болымды, болымсыз сөйлем түрінің тілде қолданылу жағын да, атқарар қызметі мен берер мазмұн-мағынасы жағын да бірінен-бірі кем деп айта алмаймыз. Демек, бұлар бірінің орнын екіншісі баспаса да, бірі білдіретін қасиетті екіншісі де көтере алады. Бұл сөйлем түрлерінің, кең көлемде алғанда болымдылық-болымсыздық категорияларының, тілдің бар деңгейіне қатысты өрбитіндігі Т. Әбдіғалиева зерттеуінде шешімін тапты9. Ғалым еңбегінің үшінші, төртінші тарауы пікірді білдіретін сөйлем түрлеріне (жай, құрмалас) арналған. Мұны ғалымның «Қазақ тіліндегі екі құрамды жай хабарлы сөйлемдердің құрылымдық-мағыналық мәні болымдылық-болымсыздық категорияның мәніне сай келеді» және «Адам санасынан орын алған болымды, болымсыз түсінік, пайымдау, ой түйіні кем дегенде екі предикативтік түйіннен құрылған құрмалас сөйлем мазмұнына да қатысты» дегенінен анық байқауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Фарабидің энциклопедиясы
Ежелгі тіл білімі
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Логика және оның бөлімдері
Әл-Фараби іліміндегі этикалық, діни, философия сабақтастығы
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
. Әл-Фараби жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz