ИНДУСТРИАЛДЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ИНДУСТРИАЛДЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Шарбақта балық өсіру

Кейінгі жылдары тоған шаруашылығымен қатар индустралды балық шаруашылығы да дамуда. Оның дамуының қажеттілігін тудырып отырған негізінен тоған шаруашылыгымен елді тірі балықпен жеткілікті және мол ассортиментпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Индустриалды балық шаруашылығы мынадай принциптерге негізділген: қолайлы оптимальді жағдай тудыру арқылы балықтарды тығыз отырғызу; өсіріліп отырылған балықтарды теңестірілген қорек түрімен қоректендіру; өндірістік процестерді (балықтандыру, қоректендіру, іріктеу, оксигендеу, аулау) жоғары деңгейде автоматтандыру мен механикаландыру; балықтарды өсірудің жыл бойғы циклін енгізу.

ТЭС (жылу энергиялык станциясы) ; АЭС, металлургиялық зауыттардың тұтыныстан шығарып отырған сулары көлемінің ұлғая бастауынан және табиғи термальдік сулар көзі есебінен индустриалдік балық шаруашылығы кең етек жая бастады. Ікг өсірілетін балыққа жұмсалатын судың минимальді мөлшері қарастырылып, биологиялық жэне механикалық су тазалағышты балық өсіру қондырғылары енгізілуде. Бұған қызығушылық таза су тапшылығының артуынан, сол сияқты көптеген өсірілетін балықтарды ауа райы жағдайына қарамастан әр түрлі аймақтарда өсіруден туындауда.

Шарбақтық шаруашылықтар кез-келген су көзінде балық өсіруге мүмкіндік береді. Шарбақгық шаруашылықтардың тоғандықтан айырмашылығы жұмсалатын қаржының аздығы және судың механикалық жолмен берілмеуі, осының бәрі эксплуатациялық шығынды төмендетеді. ЖЭС (жылу энергиялық станциясы), ГРЭС (гидроэлектр станциясы), АЭ£ (атом электр станциясы) сияқты станциялардың су салқындатқыш қоймалары үстіне салынған шарбақтарда балық өсіру кең таралған.

Дел шарбағының құрылысы . Шарбақтық шаруашылықтар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде көптен бері қолданылып келе жатыр. Мұнда әр түрлі көлемді шарбақтарды қолдануға болады, көбнесе ұзындығы 1, 5 . . . 3, 0 м, ені 1, 0 . . . 1, 5 м жэне биіктігі 1 м шарбақтарды пайдаланады. Оларды капрон жіптен, дедерон, силон, перлон жэне басқа синтетикалық материалдан жасайды. Каркасын қатайтылған алюмений мен тат баспайтын болаттан жасайды.

Балық өсіру шарбақтарыныц типтері мен түрлері. Су сал-қындатқыш қоймалардағы шарбақтық шаруашылықтарды екіге бөледі; стационарлық жэне қалқыма (қозғалмалы) . Балықтарды шарбақтық шаруашылықтарда өсіруде кеңінен таралганы қалқы-малы шарбақтар. Бұл эдістің артықшылығы оларды зауыттарда суға орнататын комплекті тұғырымен даярлау мүмкіншілігі. Оларды пайдалану кезінде су салқындатқыш қоймалардағы шарбақтарды орта жағдайы нашар аймақтан темепературасы және оттекті режимі осы уақытта өсіріліп жатқан балықтардың физиологиялық жағдайына біршама сай келетін аймақтарға орын аустыруға қолайлы.

Станционарлық шарбақтарды темірбетонды қазықтарға бекі-теді. Олар суқойманың жагалаулық бөлігімен байланыста болады. Бұл ондағы балықгарды өсірудегі технологиялық циклдер бойынша күтуге жэне ауыр техникалық күштер мен Механизмдерді пайдала-нуға мүмкіндік береді. Қалқымалы, жылжымалы шарбақтық түзулер шарбақтар жиынтығынан тұрады. Шарбақтардың қалқыма-лығын пенопластан, металл және пластик бөшкелерден жасалған қалтқылар, сол сияқты диаметрі үлкен болып келген жеңіл құбырлар қамтамасыз етеді. Қалқығыш түзулерді 3 типке жіктейді: жеңіл, орташа жэне ауыр.

Шарбақ секцияларын орналастыру үшін суқойманы және орын тандау. Шарбақтардағы су алмасу суағысымен және судың желмен араласуынан, сол сияқты шарбақтардағы балықтардың белсенді қозғалысынан туындайды. Шарбақтардағы гидрохими-ялық және температуралық режим суқоймадағыдай. Шарбақтағы судың жақсы алмасуын қамтамасыз ету үшін, оны баяу ағысты жерге ораналастырады. Судың ағысы артқан сайын, балықтардың энергия жұмсауы аратады. Егер 4, см/с жылдамдықпен қозғалса, онда тұқының осы жылдықтары 320 мг Ог (кг-сағ) жұмсаса, ал 12 см/с жылдамдықта ол екі есеге артады. Шарбақгар орналасқан жердің төменгі тереңцігі 2, 5 м болуы керек.

Жаздық және қыстық шарбақтар. Салқындатқыш -суқоймалардағы шарбақтық шаруашылықтарда негізінен тұқы, өсімдік қоректі балықтарды, каналдық жэне карликтік жайынды, тиляпияны, бестерді, бекірені, бахтахты өсіреді. Жылдың жылы кезінде 6-8 ай бойы температура 23-29°С болғанда жылу сүйгіш балықтарды өсіреді, ал қыста су темепературасы 200С төменде-генде шарбақтарды балықтарды қыстатуға немесе бахтах жэне басқа салқын сүйгіш балықтарды өсіруге қолданады. Жылу сүйгіш балықтардан алынатын өнім 1 м 2 шарбақтан 6-8 айда 150-250 кг және салқын сүйгіштерден 25-50 кг.

Бассейнде балык өсіру

Бассейндік шаруашылықтар. Бассейндік шаруашылықтар дегеніміз - әр түрлі балық түрлері (тұқы, бахтах, жайындар, тилипия, т. б. ) мен эр жастағыларын отырғызылу тығыздыгы жиі, су агысы өте жақсы жэне құнарландырылган жеммен қоректендіру жұмыстарынан тұратын бассейндер жүйесін білдіреді.

Бассейндік шаруашылықтарды: 1) жылы сулық (ЖЭС, АЭС, ГРЭС жэне металлургиялық комбинаттан шыққан суларды пайдаланатын) ; 2) суық сулы табиғи су көздерін (өзен, көл, су қоймалар) деп екіге бөледі.

Бассейндік балық өсіру шаруашылықтарының шарбақтық шаруашылықтарға қарағанда артықшылығы басым. Бассейнді шаруашылықтарда балықтарды ұстау жағдайын өзгертуге: су аламасуы сипатын; балықтардың өсуіне қолайлы температура жэне гидрохимиялық режим жасауға, жыл бойы тауарлық өнімді өсіруге, одан басқа балық өсіру процестерін механикаландыру мен автоматтандыру; су тазалау және қайта айналымды сумен қамтамасыз ету жүйесін қолдануға; балықтардың өсуін толығымен бақылау мүмкіндіктері мол.

Бассейн ретінде металл, шыныталшықтарын, бетон немесе пластмаст заттарды қолдануға болады. Бассейндердің келесідей типтері бар: шеңбер, тік бұрышты, вертикальді (силосные) . Оларды ашық жерде немесе жабық ғимараттарға орналастыруға болады, жабық жёрде тұрғанда балықтарға жағдай жасау қолайлы. Әрбір бассейн түрінің өзіне тән жетістігі мен кемшілігі болады. Мысалы, шеңберлі бассейндер тік бұрыштыға қарағанда жақсы, себебі онда зат алмасудан қалған заттар мен қорек қалдықтары жиналатын өлі аймақ жоқ. Тік бұрышты бассейндердің артықшылығы жарамды көлемді тиімді пайдалану жэне силостық ыдыстарды қойғанда шектелген көлемдегі су мөлшерін арттыру. Силостық ыдыстардың биіктігі бірнеше метрге жетуі мүмкін. Оларды далада ашық жэне жабық ғимарттарда құруға болады. Олардың формасы цилиндр тэрізді болып келеді түбі конус тэрізді, оған барлық ластаушы заттар жинақталады. Жиналған тұнбаны және балықты шыгару, оның түбіндегі құбыр жолы арқылы іске асырылады. Силостық ыдыстарды болаттан, алюминий, шыныталшықтар, пластмасс-тардан жасайды жэне онда бахтах, тұқы, өсімдік қоректі балықтарды, тилипия, бекірелерді өсіруге болады.

Балықтарды бассейнде өсіргенде тығыз отырғызады және қарқынды қоректендіреді (1-кесте) . Тіршілік нәтижесі қалдық заттары су ағысымен ағызылып шығарылады. Балық өсірудің тиімділігі су алмасудың қарқындылығымен және су сапасымен айқындалады. Сумен қамтамасыз ету механикалық жолмен іске асырылатын болғандықтан су жинағыш құрылгылар, насостық станциялар, су беретін және су төгететін каналдар, сол сияқты балық өсіру бассейнінде пайдаланылған суды тазалайтын су тазалағыш қондырғылар болуы керек. Мұндай шаруашылықтарда айналымды су жүйесін құрған дұрыс болады.

Өнеркэсіпік суды 10 қайтара қолданатын шаруашылықтар бар, оларға келетін таза су жалпы су айналымының тек 10% қу_райды. Су айналымы кезінде ол бірден оттегімен қанығады, әр бір басс-ейннің өз алдына циркулациялық жүйесі болады.

Бассейндерде балықтарды өте жоғары тығыздықта өсіруге болады. Бірақ бүл кезде су сапасын бақылап отыру керек, себебі тіпті су жылдам алмасып отыратын ағысты жүйенің өзінде, су сапасы бассейннің бір басынан екінші басына дейінгі немесе су көзінен ортаңғы ағысына дейінгі аралықта төмендеуі мүмкін.

Балықтардың тығыздығы жоғары бассейндердегі судың берілуінің 5-10 минутқа тоқтауының өзі үлкен шығын береді. Сонымен бірге жоғары тығыздық балықтардың ауруға ұшырауы және олар стресс алуы мүмкіндігін арттыратынын есте ұстау керек. Бассейндік жүйені эксплуатацияға дұрыс пайдалану көбінесе балық өсірушінің біліктілігіне тікелей ба*йланысты.

Балықтардың максимальді көлемі мысалға, бахтахтың балық өсіру ыдысында өсуі бұл ыдыстың көлемімен шектелмейді, Донольдсон бахтағын көлемі 2x2x0, 5 м (бір бассейнге 40-60 дана) су деңгейі 0, 3 м жэне су алмасуы 10 минут болатын бассейндерде өсіргенде бахтахтың салмағы 3 жасында 3, 2-4, 3 кг жетуі мүмкін. Міне бұдан көретініміз кеңістік оларға шектеуші фактор бола алмайды. Бірақ бассейндік өсіруде отырғызу тығыздығын жоға-рылату арықылы кез-келген су көрсеткішін балықтың одан эрі өсуінің шектеуші факторы етіп көтеруге болады. Бассейндік шаруашылықтарда жылы суды пайдаланғанда 6-8 ай барысында 1 м 2 бассейннен 200 кг тұқы таурлық өнімін, 30-50 кг бекіре және 150 кг каналдық жайын, 500 кг клара жайынын және 150 кг тиляпия алуға болады. Судың температурасы 20° С төмендегенде бул шаруашылықтан 50 кг/м 2 тауарлык бахтах алуға болады. Табиғи су көзін пайдаланатын бахтахтық бассейндік шаруашылықтан 7-8 ай кезеңінде 100 кг/м 2 құбылмалы бахтах алуға болады.

Тұйык жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру

(ТЖСҚ немесе УЗВ)

Өнеркәсіптік балық шаруашылығының тиімді бір саласы гидроибонттарды тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғылы суқоймаларда өсіру.

Бүл технологияның жетістігі: балықтардың жылдам өсуі, тұқымдықтардың жетілуі мен өсіріліп отырған түрдің тұқымдық топтарының қалыптасуы үшін қолайлы жағдай туғызу; өндірісті толығымен бақылау және басқару; өндірістік үрдістердің сыртқы орта жағдайына байланыссыздығы; суды, жерді, энергияны үнем-деу; өндірісті толығымен механикаландыру мен автоматтандыру мүмкіншіліктері; өндірісті шоғырландыру; экологиялық таза өнімдер алу мен өндірістік үрдістер енгізу.

1 кг тауарлық өнім алу үшін қазіргі замандық қайта айналымды сулы жүйеде 50-100 л су, 0, 01м 2 жер және 5-10 кВт сағ. электр энергиясы жеткілікті, мүлың өзінде балық өнімділігі 800 - 1000 т/га болуы мүмкін. Шағын территориядағы қалдықтар жиынтығын қайта өңдеуге және екінші реттік өндірістер құруға (теплицалар, органикалық тыңайтқыштар жасау, т. б. ) мүмкіндік береді. ТЖСҚ -да (УЗВ) балықтарды өсіру тазаланыпбалық өсіру ыдысына қайта келген бір көлем суды бірнеше рет пайдалану арқылы іске асырылады. Сондықтан сутазалайтын блоктардың жұмысы қондыр-ғының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Суды жаңалайтын қондырғы жүйесі судағы қалқыған бөлшектерді және балықтар метоболитінен тазалайтын, температураны, газдық реж-имді және түддылықты қалыпты жагдайда ұстап тұратын болуы керек. Қолданылатын көпшілік тазалағыш эдістерді 4 топқа бөлуге болады: физикалық (тұндыру, сүзгілеу), химиялық (тотығу жэне органикалық ластануды кагулациялау), физикалық-химиялық (адс-орбция жэне ион алмасу) және биологиялық. ТЖСҚ-да бұл әдістер жекелей немесе комплекті түрде қолданылуы мүмкін. Қазіргі замандық кондырғыларда суды физикалық (механикалық) және биологиялық тазалау кең қолданылады. Суды жаңарту тұйық жүйелі қондырғыда тазалау бірнеше элементтен тұрады: қатты заттарды ұстайтын механикалық тазалау жолдарынан; еріген ластық заттарды тазалайтын биологиялық; суды қажетті кондици-яға жететін соңғы тазалау (терморегуляция, оксигендеу, майсыз-дандыру, рН-реттеу) .

Суды механикалық тазалау. Күнделікті метоболиттік өнімнен басқа (аммиак және еріген органикалық қосылыстар) балықтарды қоректендірген кезде суға желінбеген қоректер мен экскременттер түседі. Олар жартылай суда еріп, қалқыған бөлшекке айналады, негізінен басым көпшілігі су түбіне шөгеді де, егер олар уақытында алынбаса шіріп суды ластайды.

Қайта айнылымды судағы қалқыған бөлшектерді түндырады жэне сүзеді. Қалқыған бөлшектерді тұндыру эр түрлі типтегі тұндырғыштарда: вертикальді, горизонтальді, радиальді жэне жұқа қабатты су тұндыруға жинақтайтын қондырғыларда жүргізілдеді. Олардың негізгі кемшілігі көлемінің үлкен болуы және тазалау эффектісінің төмен (35-40 %) болуы. Сол сияқты су тұндыруда центрифуга немесе гидроциклон пайдаланылады. Оларды балық шаруашлыктық жүйелерде пайдаланғанда суды тек мөлдірлеп қана қоймай, сол сиякты азоттық қосылыстарды да біршама тазалай-тыны байқалды. Бірақ бұл қондырғылар қымбат және энергияны көп талап ететіндіктен шаруашылықта кең қолданыс таппады.

Механикалық тазалау қондырғысы ретінде ТЖСҚ-да эр түрлі құрылымды . сүзгілер кең қолданылады. Ең алдымен қиыршық тасты (гравийние), кұмды-қиыршық тасты (песчанно-гравийние), және жылдам кұмды сүзгілер пайдаланылған. Бірақ олардың эжептәуір кемшіліктері болды: төмен өткізгіштігі, шаюдың қиындығы жэне шаятын сушығыны. Қазіргі уақытта барабанды өзі жуатын және қалқып жүретін сүзгілер кең таралған.

Осындай барабанды сүзгілердің бірі НСФ-50 су тазалау көрсеткіші 50 м 3 /сағ. Оның жұмыс істеу принципі мынадай: ластанған су жалғағыш құбыршасы бойымен сүзгілік элемент арқылы камераға беріледі, одан сүзгілік камераға өтеді және жалғағыш құбырша арқылы шығарылады. Тұнба сүзілген су ағысымен камерадан шығарылып тасталады.

Бұндай конструкциялы сүзгінің артықшылығы шағын жэне үздіксіз жұмыс істейді, кемшілігі құрылғының күрделілігі, қосымша электржетектердің қажеттілігі.

Сүзілген бөлшектің ең кіші мелшері 150-200 мкм, тазалау эффектісі 85-90%.

Биологиялық тазалау. Тазалаудың кең тараған түрі, оның негізі қайта айналымды сулы құрылғыдағы суда еріген ластаушы заттарды микроорганизмдердің минералдауы, нитрификациясы мен деннитрификациясы көмегімен жою.

Балықтың белок аламасу процесінің соңғы өнімі - аммиак. Ол балықтың желбезегі жэне бүйрегі арқылы суға шыккан барлық азоттық қосылыстың 60-80% қу-райды. Аммиак негізігі ластаушы зат болып табылатындықтан, биологиялық тазалау жүйесі соған негізделген.

Тазалау процесі микроорганиздермен сол сияқты қалқыған микробты массамен жүзеге асырылады. Биологиялық тазалау қондырғысындағы негізгі микроорганизмдер тобы - автотрофтар мен гетеротрофты бактериялар түрі.

Гетеротрофтар балықтармен шыгарылган азотты органикалық компоненттер мен қорек қалдықтарын тотықтырады, оларды бейорганикалық қосылысқа айналдырады, олардың ең бастысы -су, көмірқышқыл газы (диоксид көмірсу) және аммиак. Сондықтан биологиялық тазалаудың бұл бірінші кезеңі «аммонификация» (минерализация) деген ат алған. Гетеротрофты бактериялармен органикалық қосылыстардан бейорганикаға айналғаннан кейін биологиялық тазалау келесі «нейтрификация» кезеңіне көшеді. Бұл аммонидің биолощялық жолмен нитритке (N02) дейін және одан эрі олардың (ИО 3 ) нитратқа дейін тотығуы. Нитрификация автотрофты бактериялармен жүзеге асады, гетеротрофтардан айырмашылығы дайын органикалық қосылысты қажет етпейді

Биосүзгі дегеніміз-бетінде бактериялы жабыны дамитын эр түрлі типті толтырғыш заттар (загрузка) бар ыдысты білдіреді. Биосүзгінің маңызды сипатамасы оның өнімділігін айкындайтын толтырғыштың меншіктік беттік ауданы (МБА) . Алғашкы конс-трукцияларда толықтырғыш ретінде көлемді заттармен (гравий, керамзит, моллюска бақалшақтары т. б. ) (МБА-20-100м 2 3 ) толтыр-ылса, кейін келе пленкалы жэне кассеталық (МБА -100-150м 2 3 ) толықтырғыштарды қолдана бастады. ал қазір меншіктік беттік ауданы МБА -350-1750м 2 3 (ұялы, майда түйіршікті, «биошары») арнайы пластик заттар қолданылады жэне жаңарып отыратын құмды (МБА -3000-4000м 2 3 ) Биосүзгілер пайдаланылады.

Кездесетін биосүзгілер түрін шартты түрде 3 топқа бөледі: батырылған, суландырылған (орашаемые), айналмалы (выращивающиеся) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік – экономикалық карталар
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Атомдық және суастылық қаруларға тыйым салу
Қазақстан Республикасындағы ормандар. Орман экономикалық ресурсы
Клиникалық белгілері және патогенезі
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Бекіре балықтары
Өндірісті техникалық дайындау жоспары
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz