Прокуратура дамуының негізгі кезеңдері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Реферат тұрғысында

1. Прокуратура дамуының негізгі кезеңдері.

2. Егемен Қазақстанның прокуратурасы.

3. Қазақстан Республикасында прокуратураның құрылуы.

Қылмыспен қарсы күрес саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының ролі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан сан-салалы әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес келетін қылмыстық құқық нормаларын дер кезде осы өзгерістерге сәйкес әзірлеуде осығылым саласының міндеті. Өйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сөйкес орын алатын қылмыстардың саны, деңгейі, ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылда жыл арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев 1999 жылы мамыр айында облыс әкімдерінің республикалық жиынында ерекше мән беріп, ұлғайып келе жатқан ұйымдасқан жемқорлық қылмыстарына, экономика саласындағы қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу міндеттерін алға қойды.

Әр мемлекет өз билік нысанына қарамастан өмірдің әрбір саласына бірыңғай заңдылықты және бірыңғай тәртіпті еңгізіп қадағалайтын орган құруға мүдделі. Мемлекеттік және қоғамдық өмір мемлекетте (елде) қатаң, заңдарды нақты сақтайтын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін сенімді механизмнің болуын міндеттейді. Сондықтан да әрбір мемлекеттің саяси жүйесінің ажырамас атрибуты болып, прокуратура болып табылады. Прокуратура немесе басқа да сәйкес келетін мемлекеттік құқықтық институттардың ролі, мен орны әр мемлекетте әр түрлі болып келеді. Бір елдерде қылмыстық қудалау органдарының міндеттерін атқарса, екінші елдерде тек қана сотта мемлекеттік айыптауды ғана жүзеге асырады, ал үшінші елдерде қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Егер біз прокуратура қызметін анықтайтын болсақ, бұл Заңға профессионалды қызмет ету оның жоғарылығын бекіту, құқықтық нормаларды бекітілген тәртіпті қамтамасыз ету ережелері болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 1- бабында

былай делінген;

- Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік - құқықтық актілерінің дәп және бірыңғай қолданылуына, жедел - іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган

- Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзгеде құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай - ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Прокуратура 3 ғасыр бұрын 12 қаңтарда 1722 жылы Петр 1 Ресей императорының Жарлығымен құрылған болатын. Бұл орган Ресей империясындағы мемлекеттік билік институттарының мемлекеттік мүдделерді сақтайтын маңызды және керекті органына айналды. Қазақстан территориясында прокуратура органы 1922 жылы 13 шілдеде құрылған болатын. Көңес үкіметі ыдырағаннан кейін және Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі қалыптастырылған болатын. 1991 жылы 6 желтоқсанда мемлекетте Қазақстан Республикасының генералды прокурорына бағынатын прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі пайда болды. 1992 жылы 17 қаңтарда бірінші рет Қазақстан Республикасының прокуратура туралы заң қабылданған болатын. Бұл заңда прокуратура қызметінің құқықтық негіздері қалаңған болатын. Қазір қолданылатын прокуратура туралы заңы біздің ойымызша әлі дамытып, жетілдіруді қажет етеді. Бұл жұмыста прокуратура прокуратура даму концепциясы айқындалды. Прокуратура пайда болуының тарихы және оның құқықтық мәртебесі эволюциясы туралы жазылады, нақты салаларды қадағалаудың қағидаларын, өкілеттілігін функцияларымен міндеттерін ашып көрсетіледі. Бізбен прокуратура органының құқық қорғау функциясын толығырақ және Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген азаматтың құқықтарымен бостандықтарындағы ролін анықтауға талпындық.

Прокуратураның пайда болуы мен негізгі тарихы кезеңдері.

Прокуротура термині латынның “procuro” - қамтамасыз ететін, алуын аламын деген сөзінен бастау алады. Осы сөз дәуірден дәуірге рим құқығы арқылы жеткен. Сол кезеңнің өзінде Еуропа халықтарының заң түсінігінде қазіргі кездегі әділеттің қажетті элементтердің сақталған төмендегі түсініктердің өз орны болып мойындалған. Олар:

- қоғамның мүддесі атынан қылмысты жария ете отырып қудалау;

- белгілі жағдайларда оны лауазымды, тіпті құзіретті тұлғалардың жүргізуі;

- мемлекет басшысының, уәкілетті тұлғалардың жекелеген жағдайларда болса

сотқа көліп қатысуы.

Бірақ прокуратураның шыққан жері негізінен Франция болып есептелінеді, ал оның негізін қалаушы корольдік прокурорлары туралы ережені анықтап айқындаған, бірінші прокуратура ескерткішін орнатқан 4-ші Филип Красив. Әлемдік практикадағы осындай бірінші прокурор ретінде Париж Парламентіндегі алғашқы прокурор Гуиланме де ла Магдаленнені атауға болады. Қазақстан прокуратурасының дамуының екінші кезеңі 1933 жылдан 1992 жылдың 17 қаңтарына дейігі аралық. 1933 жылдан бастап КСРО-ның прокуратурасы КСРО жоғарғы сотының қарамағынан бөлініп, дербес мелекеттік орган болып құрылуы, ал 1992 жылы түңғыш рет Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заң заң қабылданды. Көрсетілген заң актісіне сәйкес прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне бағынады. Прокуратура Парламенттің қарауынан шығарылуы. ҚР бас прокурорын Парламент Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды. Бас прокурорды қызметінен босатуға Президент қана құқылы Прокурорлық қадағалауға қадағалаудың жаңа түрі, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын сақталуын, заңды тұлғалармен мен мемлекет мүдделерінің қорғалуын бақылау қосылды.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасы прокурорының статусы оның компоненттеріне: істі жүргізу саласына, қызмет ету ұстынына функционалдық маңызына, құзыретіне, өкілеттілігіне, жүзеге асырудың құқықтық құралдарына әйкес қайта құрылды. Қазақстан прокурорының міндеті ТМД мемлекеттеріндегідей мелекет дамуының әрқилы кезеңдеріне байланысты түрлі өзгерістерге ұшырап отырды.

Ол өзгерістердің мазмұны көбінесе елдегі мемлекет дамуының саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайларына байланысты болды. Ал, негізінен прокуратураның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында тұңғылықты айқындалған. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік жоспарын. жүзеге асыру мақсатында, деп атап көрсетті. М. 8. Қоғамов. . - 1994 жылдың 12 ақпанында, 1995 жылдың қазанында Республика президентінің шешімімен тергеу бөлімшелері прокуратура органдарына жатпайтындықтан, жаңа құқық қорғау органың (ҚРМТК) құрамына берілуі.

Сол мезеттен бастап Қазақстанда басқа ТМД мемлекеттердегідей емес. прокуратура өзінің қызметін қылымыстық процессте жаңа мазмұнда және кең. масштабта атқара бастады. Жаңа жүйе прокурорлық қадағаладың тергеу міндетінде кезендегі өз қызметін дұрыс және тиімді атқаруын қамтамасыз. Прокуратураның әлеуметтік - экономикалық саладағы заңдылықты қадағалауға қатысты қызметіне соңғы кезде шек келтірушілер табылып жүр. Заң тілімен айтқанда прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі -Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуына қадағалау деп аталады. Кеңестер Одағының кезіндегі прокуратура органдарында бұл саланы - жалпы қадағалау (қазірде де ішінара осылай атап жүрміз) деп атадық:

Еліміздің тарихы Кеңестер Одағымен тығыз байланысты болғандықтан да. Ресей прокуротурасы органдарының тарихымен тығыз байланысты. Ал Ресейде алғашқы прокуротура органдары 1722 жылы 12 қаңтарда Петр 1-нің бұйрығымен құрылған. бол кездегі құжатта заңға қадағалау жасауды басты назарға қойған. 1860 жылдары Ресейде сот реформасы болған кезде прокуратура заңдарды қадағалау құқығынан айрылған еді. Бұл негізінен дворяндар мен буржуазияның қолын байлаған органды құртуға деген құштарлығының нәтижесі болатын Заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асырудың орнына бақылаушы ведомстволардың функцияларын атқаруға келді. Прокуратура органдарының. Тікелей осылай араласуы бақылаушы органдардың заңды бұзуына жиі әкеліп соқты. Оның салқыны әлі күнге дейін сезілуде, яғни, бақылаушы органдар:

мемлекеттік функциясын адал атқарудың орнына, оны басқаша пайдалануға құмар өйткені прокуратура органдарына сеніп кеткен. Бүгінгі күнге қадағалаудың әдістері мен нысандарын жетілдіру қажет; соның нәтижесінде қадағалаудың мәнін дәл айқындау қажет Мемлекеттік бақылау Функциялары бар мемлекеттік органдар өз салаларында бақылауды орнатуға әлсіз. Сондықтан заңдылықтың орнауы барысында күшейту арқылы, яғни сол бақылау органдарының қызметіндегі заңдылықтардың қолданылуын қатаң қадағалаған жан. Қазақстан 1922 жылдан бері қарай дамудың түрлі сатыларынан өтті. Азаматтардың құқыларын қорғауда көп жұмыстар атқарды. Мысалы, 1998 жылы прокуратура органдарымен атқарушылық органдардың 1998 жылы 255 мың заңсыз. құқықтық актілерге өзгеріс енгізіліп, күші жойылған: 25, 5 мың адам түрлі жауапкершіліктерге тартылған. жергілікті басқару және өкімет органдарының заңсыз 3861 актісінің күшін жоюға наразылық келтірілген; мемлекеттік уәкілеттігі бар бақылаушы органдардың 2, 5 актісі күшін жойған.

Бүгінгі күні заңдардың қолданылуын (сақталуын) қадағалаудың қажеттігі және оны күшейтуі төмендегі ойлармен бекітіледі;

- өтпелі дәуірде нарық заңы нағыз заңдардың жүзеге асуына кесірін тигізуде, сөйтіп экономика саласының қылмыстануына әсер етуде, сондықтан да заң саласындағы қадағалауды тек қана сақтау емес. одан әрі күшейту керек:

- тексеруге уәкілетті органның лауазымды адамдары заңдарды бұзуды

жалғастырып келеді, сондықтан да прокуратураның қадағалау функциясын

күшейткен жөн:

-кономикадағы келеңсіздіктерді қадағалау функциясы арқылы жеңуге. Болады, сондықтан оның бағыттарын айқындауды жетілдіру қажет. Мысалы, салық. қатынастарындағы, мемлекеттік меншік, табиғи ресурстар, сыртқы сауда, жер:мәселесі, банктік қызмет саласындағы заңдылық және т, б; құқық қорғау органдары өзіне жүктелген міндеттерді өзқұзыреті шегінде текқана өздері атқаруы тиіс. Яғни, анықтама мен алдын ала тергеуді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура қызметі мен даму тарихы
Көкшетау қаласының прокуратурасы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
ҚР Конституциясының дамуының негізгі кезеңдері
Прокуратура органдарына қатысты мәселелер
Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
СОТ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Конституциялық құқығындағы шешілмеген проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz